Сабақтың көрнекілігі: а түрлі сызбалар Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру


Қорытынды Қандай айналу денелерін білесіңдер? Үйге тапсырма беру



бет11/60
Дата27.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#41001
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60

Қорытынды

Қандай айналу денелерін білесіңдер?



Үйге тапсырма беру:

Қайталау

Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Көлем туралы жалпы мағлұматтар. Кавальери принципі.

Мақсаты:


  • Көлемнің негізгі қасиеттерімен таныстыру.Кавальери принципімен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

  • Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  • Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Көлемнің негізгі қасиеттері:

1.Әрбір фигураның теріс емес санмен өрнектелетін көлемі бар болады.

2. Тең фигуралардың көлемдері де тең

3.Егер фигура ортақ нүктелері жоқ бірнеше бөлікке бөлшектенсе, онда оның көлемі бөліктердің көлемдерінің қосындысына тең болады.

4. Көлемдердің өлшем бірлігі ретінде қырының ұзындығы е-ге тең кубтың көлемі алынады, ол е3 деп белгіленеді.

Теорема. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі оның үш өлшемінің көбейтіндісіне тең.

V═авс, мұндағы а, в, с –тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері.

Қыры а болатын кубтың көлемі а3-қа тең, мұндағы а – кубтың қыры.

Кавальери принципі: бізге F1 және F2 фигуралары мен α жазықтығы берілсін. Егер α жазықтығына параллель әрбір жазықтық фигуралардың бірін қиып өткенде екіншісін де қиып өтсе және берілген фигураларда пайда болған қималардың аудандары тең болса, онда берілген фигуралардың көлемдері тең болады.
4.Есептер шығару
9, №10, №11

5.Бекіту


  1. Көлемнің негізгі қасиеттері атаңдар.

  2. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы?

3) Кавальери принципін тұжырымда

6. Үй тапсырмасы: 8.1-8.2. тақырып. Сұрақ 1-3. №12-13

Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_11___


Тақырыбы: Призманың көлемі.

Мақсаты:


  • Призманың көлемі формуласымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

  • Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  • Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:түрлі сызбалар

Оқыту әдісі: тірек-сызбамен жұмыс

Оқыту технологиясы: деңгейлік, сарамандық оқыту.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.
2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй есебінің орындалуын тексеружәне шығару жолын талдау.

Өткен тақырыпты қайталау:


  1. Көлемнің негізгі қасиеттері атаңдар.

  2. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы?

3) Кавальери принципін тұжырымда
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Анықтама. Призманың көлденең қимасы деп призма мен оның табанына параллель жазықтықтың қиылысуы аталады.

Үшбұрышты призманың көлденең кимасының қасиеті:



17-теорема . Үшбұрышты призманың көлденең қималарының бәрі де оның табанына тең.

Призманың көлденең кималары аудандарының қасиеті:



18-теорема. Призманың барлық көлденең қималарының аудандары тең.

19- теорема. Призманың көлемі оның табаны мен биіктігінің көбеітіндісіне тең.
V═ Sтаб∙Н, мұндағы S-призма табанының ауданы, ал Н-призманың биіктігі
4.Есептер шығару

14, №15, №16



5.Бекіту

Призманың көлденең қимасы деген не?

Үшбұрышты призманың көлденең кимасының қасиетін тұжырымда

Призманың көлденең кималары аудандарының қасиетін тұжырымда

Призманың көлемінің формуласы?
6. Үй тапсырмасы: 8.3. тақырып. Сұрақ 4-5. №17-18

Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_11___


Тақырыбы: Призманың көлемі.

Мақсаты:


  • Призманың көлемінің формуласын қолданып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

  • Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  • Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Бекіту сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:түрлі сызбалар

Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс

Оқыту технологиясы: деңгейлік, сарамандық оқыту.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй есебінің орындалуын тексеру және шығару жолын талдау.

Өткен тақырыпты қайталау:

Призманың көлденең қимасы деген не?

Үшбұрышты призманың көлденең кимасының қасиетін тұжырымда

Призманың көлденең кималары аудандарының қасиетін тұжырымда

Призманың көлемінің формуласы?
3.Есептер шығару

Тақтада есептер шығару: №19, №20, №21

Өздіктерінен есептер шығару: №22
5.Бекіту

Диагональдық қималары тең екі дұрыс төртбұрышты пирамиданың аудандары туралы не айтуға болады?


6. Үй тапсырмасы: 8.3. тақырып. Сұрақ 4-5. №23-24

Сабақ №___

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Пирамиданың көлемі.

Мақсаты:

  • Пирамиданың көлемі формуласымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

  • Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  • Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

  • Типі: Жаңа сабақ.

  • Сабақтың көрнекілігі:түрлі сызбалар

  • Оқыту әдісі: тірек-сызбамен жұмыс

  • Оқыту технологиясы: деңгейлік, сарамандық оқыту.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй есебінің орындалуын тексеружәне шығару жолын талдау.



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

31-анықтама. Пирамиданың көлденең қимасы деп пирамида мен оның табанына парллель жазықтықтың қиылысуы аталады.

20-теорема. Табаны мен төбесінің арасында жатқан қима үшбұрышты пирамиданың табанына ұқсас үшбұрыш болады. Егер пирамиданың биіктігі Н және төбесінен көлденең қима жазықтығына дейінгі қашықтық d-ға тең болса, онда көлденең қиманың ауданы табанының ауданын шамасына көбейткенге тең.

21-теорема. Егер екі пирамиданың табандарының аудандары бірдей және биіктіктері тең болса, онда олардың көлемдері де тең болады.

22- теорема. Үшбұрышты пирамиданың көлемі оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең.

23- теорема. Кез келген пирамиданың көлемі оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең.

V═ Sтаб∙Н

  1. Қиық пирамиданың көлемінің формуласы

V═ Н(S1 ++S2)

4.Есептер шығару
Тақтада есептер шығару: №27, №28

Өздіктерінен есептер шығару: №29

5.Бекіту

Пирамиданың көлемінің формуласы?

Қиық пирамиданың көлемінің формуласы?


Каталог: uploads -> doc -> 0cf3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf3 -> Сабақ жоспары сабақ: Дүниетану
0cf3 -> Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
0cf3 -> Сабақ жоспары. Көңілді старт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет