Сабақтың көрнекілігі: а түрлі сызбалар Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру



бет10/60
Дата27.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#41001
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60

Есептер шығару
Тақтаға есеп шығару: №39, №40, №41
Өздіктерінен: №42
Қорытынды

Қиық конус деп қандай конусты атайды?

Қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы?

Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласы ?


Үйге тапсырма беру: §6, т 6.5, №, сұрақ 1-7, №343, №44

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Сфера мен шардың қасиеттері. Шармен сфераның жазықтықпен қимасы.

Мақсаты:

  1. Сфера мен шардың қасиеттерімен, шармен сфераның жазықтықпен қималарымен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Қиық конус деп қандай конусты атайды?

Қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы?

Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласы ?


Жаңа тақырып

Шар деп берілгент нүктеден берілген қашықтықтан артық емес қашықтықта жататын кеңістіктің барлық нүктелерінен тұратын денені атайды. Бұл нүкте шардың центрі деп, ал берілген ара қашықтық шардың радиусы деп аталады.

Шардың шекарасы шардың беті немесе сфера деп аталады. Шар бетінің екі нүктесін қосатын және шардың центрінен өтетін кесінді диаметр деп аталады. Кез келген диаметрдің ұштары шардың диаметрлік қарама-қарсы нүктелері деп аталады.

Шар да айналу денесі. Ол жарты дөңгелекті ось ретінде диаметрден айналдырғанда шығады.

Шарды жазықтықпен қиғандағы кез келген қимасы дөңгелек болады. Бұл дөңгелектің центрі шардың центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.

Шардың центрінен өтетін жазықтық диаметрлік жазықтық деп аталады.

Шардың диаметрлік жазықтықпен қиғандағы қимасы – үлкен дөңгелек деп, ал сфераның қимасы үлкен шеңбер деп аталады.


Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №16, №17
Өздіктерінен: №18

Қорытынды

Шар (шардың беті немесе сфера) деген не?

Шардың радиусы, шардың диаметрі деген не?

Шардың қандай нүктелері диаметрлік қарама –қарсы нүктелер деп аталады?

Шардың жазықтықпен қиылысуынан қандай фигура шығады?

Қандай жазықтық шардың диаметрлік жазықтығы деп аталады? Үлкен дөңгелек деген не?


Үйге тапсырма беру: §7, т 7.1-7.2, , сұрақ 1-8, №19

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Сферға жанама жазықтықтар.

Мақсаты:

  1. Сферға жанама жазықтықтармен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Шардың жазықтықпен қиылысуынан қандай фигура шығады?

Қандай жазықтық шардың диаметрлік жазықтығы деп аталады? Үлкен дөңгелек деген не?
Жаңа тақырып
Сфераның А нүктесінен өтетін және А нүктесіне жүргізілген радиусқа перпендикуляр жазықтық жанама жазықтық тдеп аталады. А нүктесі жанасу нүктесі деп аталады.

Жанама жазықтықтың сферамен бір ғана ортақ нүктесі – жанасу нүктесі болады.

Сфераға жанама жазықтықта жататын және жанасу нүктесі арқылы өтетін түзу осы нүктеде сфераға жүргізілген жанама деп аталады.
Есептер шығару
Тақтаға есеп шығару: №20, №21
Өздіктерінен: №22

Қорытынды
Қандай жазықтық сфераға жанама жазықтық деп аталады?

Жанама жазықтықтың сферамен неше ортақ нүктесі болады?

Қандай түзу сфераға жанама деп аталады?
Үйге тапсырма беру: §7, т 7.3, , сұрақ 9-11, №23, №24

Сабақ №__ Күні:______

Сынып:_11___

Тақырыбы: Дөңгелектің, сфера мен шардың бөліктері.

Мақсаты:


  1. Дөңгелектің, сфера мен шардың бөліктерімен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Қандай жазықтық сфераға жанама жазықтық деп аталады?

Жанама жазықтықтың сферамен неше ортақ нүктесі болады?

Қандай түзу сфераға жанама деп аталады?


Жаңа тақырып
Шардың жазықтықпен қиып түсірген бөлігін шар сегменті деп атайды.

Шар сегменті:



  1. Сегменттік бет деп аталатын сфераның бөлігімен;

  2. Шар сегментінің табаны деп аталатын дөңгелекпен шектелген

  3. Сферані жазықтықпен қиып түсірілген бөлігін сфералық сегмент, ал сфера мен жазықтықтың қиылысу шеңберін сфералық сегменттің табаны деп атайды.

  4. Шар сегментінің және сфералық сегменттің биіктігі деп сегменттің табаныныа перпендикуляр радиустың шар сегментіне тиісті кесіндісін атайды.

  5. Шар белдігі (қабаты) деп оның параллель екі қимасының арасындағы сфера бөлігін атайды.

  6. Шар қабатының биіктігі деп бір табанының нүктесінен екінші табанының жазықтығына түсірілген перпендикулярды айтады.

Есептер шығару

Тақтаға есеп шығару: №25, №26
Өздіктерінен: №27

Қорытынды

  1. Қандай фигура «шар сегменті» деп аталады? Шар сегментінің қандай элементтерін білесіңдер?

  2. Қандай фигура «шар секторы» деп аталады?

  3. Қандай көпжақ «шарға іштей сызылған» деп аталады?


Үйге тапсырма беру: §7, т 7.4, , сұрақ 12-13, №28

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған көпжақтар.

Мақсаты:

  1. Іштей және сырттай сызылған көпжақтармен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:
Жаңа тақырып
Егер көпжақтың барлық төбелері шардың бетінде жататын болса, онда оны шарға іштей сызылған көпжақ деп атайды.

Егер көпжақтың барлық жақтары шардың бетін жанайтын болса, онда оны шарға сырттай сызылған көпжақ деп атайды.


Есептер шығару


Тақтаға есеп шығару: №29, №30. №31
Өздіктерінен: №32


Қорытынды
Қандай көпжақ шарға іштей сызылған көпжақ деп аталады?

Қандай көпжақ шарға сырттай сызылған көпжақ деп аталады?


Үйге тапсырма беру: §7, т 7.5, , сұрақ 14, №33, №34

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Шар бетінің және олардың бөліктерінің аудандары.

Мақсаты:

  1. Шар бетінің және олардың бөліктерінің аудандарымен таныстыру және оларды пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Қандай көпжақ шарға іштей сызылған көпжақ деп аталады?

Қандай көпжақ шарға сырттай сызылған көпжақ деп аталады?
Жаңа тақырып
Радиусы R сфераның ауданы мына формуламен есептеп шығарады:

S=4πR2

Шар секторының бетінің сфералық бөлігінің ауданы мына формуламен есептеп шығарылады:

S=4πRН,


мұндағы Н-сегменттің биіктігі

Есептер шығару
Тақтаға есеп шығару: №35, №36, №37
Өздіктерінен: №37

Қорытынды
Сфераның ауданын қандай формуламен есептеп шығарады?
Үйге тапсырма беру: §7, т 7.6, , сұрақ 15, №38, №39

Сабақ №____

Күні:______

Сынып:_11___


Тақырыбы: Бақылау жұмысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың айналу денелері тарауы бойынша алған білім, біліктілік, дағдысын тексеру.

Дамытушылық: Алған білімдерін жинақтау және тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу, үй тапсырамасын тексеру.



1 нұсқа

2 нұсқа

1.Конус табанының диаметрі d, осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы α. Конустың бүйір бетінің ауданын және көлемін табыңдар.


2. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы оның табанының ауданынан үш есе үлкен. Цилиндрдің биіктігінің табан радиусына қатынасын табыңдар.
3.Дұрыс төртбұрышты призманың табан қабырғасы 4 см, биіктігі 2 см. Призманы сырттай шар сызылған. Шар бетінің ауданын және шардың көлемін табыңдар.

1. Конустың жасаушысы а, осьтік қимасының төбесіндегі бұрышы α. Конустың бүйір бетінің ауданын және көлемін табыңдар.


2. Шар центрінен 12 см қашықтықта қима жүргізілген. Қима дөңгелегінің радиусы 5 см. Пайда ботлған шар сегментінің сфералық бөлігінің ауданын табыңдар.
3.Тіктөртбұрыштың қабырғалары 4 см және 5 см. Тіктөртбұрышты оның кіші қабырғасынан айналдырғанда пайда болатын дененің бетінің ауданын табыңдар.




Үй жұмысы.

Тақырып 5-7, Қайталау


Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Есептер шығару.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың айналу денелері тарауы бойынша алған білім, біліктілік, дағдыларын пайдаланып есептер шығару.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Бақылау жұмысын талдау

1).Бақылау жұмысында қиындық туғызған есептерді талдау

2). Қатемен жұмыс жасау
Есептер шығару

1) Конустың остік қимасы тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыш, гипотенузасы 12 см болса, конустың толық бетінің ауданын табыңыз.



A)37 B)38 C)40 D)36(+1)  E)41
2) Конустың осьтік қимасы тең бүйірлі үшбұрыш, қабырғалары 16 және бұрышы 1200 болса, толық бетінің ауданын табыңыз.

A)64(3+2) B)185 C)186 D)191 E)200

3) Қиық конустың табандарының аудандары 25 және 64, осьтік қимасының ауданы 52 болса, толық бетінің ауданын табыңыз.



A)150 B)154 C)149 D)148 E) 151

4) Цилиндрдің осіне параллель қимасы одан см қашықтықта. Егер қиманың ауданы 8 см2 және табанынан 600 доға қиса, онда цилиндрдің толық бетін табыңыз.

A)40 B)54 C)55 D)24 E)42

5) Шардың центірінен 12 см қашықтықтағы жазықтықпен қимасының ауданы 25 болса, шардың бетінінің ауданын табыңыз.

A)675 B)674 C)676 D)679 E)671


6) Жазықтық сфераны қияды. Қиылысу сызығындағы нүктеден жүргізілген шардың диаметрінің ұзындығы 4 және ол жазықтықпен 450 жасаса, қиылысу сызығының ұзындығын табыңыз.

A)9 B)10 C)5 D)4 E)3


Каталог: uploads -> doc -> 0cf3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf3 -> Сабақ жоспары сабақ: Дүниетану
0cf3 -> Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
0cf3 -> Сабақ жоспары. Көңілді старт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет