Құрметті біздің аналар!
Таир: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейрім мен нұр тамар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Алишер: Шырқатып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Арнаумен бастап берсін тойдың басын
Өнерпаз балаларды қарсы алайық!
Қазақ биі. ( ұлдар билейді) Таир:Уа,халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Ана жолын жалғамақ,
Ер ұрпағын қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Арулар шықсын ортаға!
Қыздар «Қыз сыны» муз. шығады. Алишер:Сайыстың кезеңдерін бағалайтын,
Қыздардың өнерлерін саралайтын
Әділ-қазылар алқасымен таныс болайық!