Сабақтың тақырыбы: ЭКСПО болашақтың бастауы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ЭКСПО–ның шығу тарихы туралы түсінік беру.Бүкіл дүниежүзілік көрменің біздер білмейтін қырларымен-сырларын оқушыларға жеткізу.
Оқушылардың ой-танымдық қабілетін арттыру.Ұлы табыстар мен жаңа инновациялар туралы түсіндіру.Еліміздің ЭКСПО-ға қатысуының маңыздылығы жөнінде және жетістікке жетудің жолы.Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін үлкен мерей,зор мақтаныш екендігін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бейнероликтер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. ЭКСПО турал кіріспе сөз.
ІІІ.ЭКСПО-ның даму тарихы жайлы
ІV. ЭКСПО туралы тақпақ
V.ЭКСПО туралы ән, ЭКСПО тарихы жайлы бейнероликтер.
Барысы: Құрметті оқушылар мен ұстаздар бүгінгі «ЭКСПО болашақтың бастауы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер !
«ЕХРО» –дүниежүзілік көрмелер, онда дүниежүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді. «ЕХРО»-ға қатысу туралы шешім үкіметтер тарапында қабылданады, ал оған қатысушылардың саны 195 құрайды. «ЕХРО»-ға қатысушылар саны 40–45 млн адамды құрайды. Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдылығы өте артты, тіпті, көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. бастап көрмелердің әмбебап, халықаралық және мамандандырылған үш түрін өткізуде реттеуші орган болып келеді. Осы көрмелер 3 айдан 6 айға дейін созылады Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады.Бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл көрме оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін, сонымен қатар техникалық және технологиялық жетістіктерді халыққа таныстыру үшін ұйымдастырылады.Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді.
ЕХРО дәуірі үш кезеңге бөлінді:Индустриялық дәуір, мәдени алмасу дәуірі, ұлттық брендинг дәуірі.
1.Индустрияландыру дәуірі (1851-1938) жылдар аралығында өтті
2.Мәдени алмасу дәуірі (1939-1987) жылдар аралығы
3.Ұлттық бренинг (1988 жылдан қазіргі уақыт)
1-жүргізуші: ЭКСПО көрмесі–индустриализация, техникалық және технологиялық жетістіктерінің символына айналды.Бүкіләлемдік көрмелер–болашаққа қадам жасаудың тамаша мүмкіндігі. Көрмелер қалалардың өздері және аймақ үшін алып экономикалық әлеует болатын: жаңа технологиялар, құрал-жабдықтар, көлікпен тасымалдау жүйелері және қызмет көрсету, қала құрылысы және сәулет салаларындағы алдыңғы қатарлы өнер табыстар. Бұлардың барлығы қала тарихында осында өткен Бүкіләлемдік көрме туралы өшпес із қалдырады.
2-жүргізуші: Нұртілеу осы бағанадан бері ЭКСПО деп қайта-қайта айтып жатырсың. Осы ЭКСПО сөзі өзі қайдан шыққан.Сол жөнінде айтып бересің бе?
1-жүргізуші: Негізі, ЭКСПО сөзі «экспонат» деген сөзден шыққан. Оны қазақшаға аударатын болсақ, «жәдігер» деген мағына білдіреді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, дүние жүзіндегі барлық халықтың әр түрлі саладағы жеткен жетістіктері мен жәдігерлерін ұсынатын алаң. Аталмыш алаңда ЭКСПО-ның таңдалып отырған тақырыбына қарай адамзаттың қол жеткізген жетістіктері баршаның назарына ұсынылады. Келген адамдар көрмеге тек білім алып, ғылыми сабақ алу үшін емес, жаңа ғажайып заттарды көруге және көңіл көтеруге үлкен ықыласпен келеді.
2-жүргізуші: Ия, менің де сенің сөзіңе қосар шамалы пікірім бар. ЕХРО (ЭКСПО) сөзі ағылшынның Exроsition (көрме) сөзінен қысқартылып алынған деп айта алар едім.
1-жүргізуші: Енді бүкіләлемдік ЭКСПО көрмелерінің қалыптасуы мен даму тарихы жөнінде сөз етейік. ЭСКПО-ны II Елизаветаның бабасы ойлап тапқан деп аталады
1-оқушы: №1 дерек. ЭСКПО-ны II Елизаветаның бабасы ойлап тапқан
ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның қазіргі ханымының арғы тегі ханзада Альберт есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 162 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат - Хрустальді сарай салуды ұсынған Джозеф Пакстон есімді бақшы жеңіске жеткен. Әттеген-ай, викториандық дәуірді дүр сілкіндірген қазіргі күнге дейін сақталмаған. 1936 ол өртеніп кеткен. Аталмыш алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген заттардың барлығын көруге болатын. Бірақ құрал-жабдықтар бөлімі ең үлкен әсер қалдырған: бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, американдық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке (Goodyear атауы барлық автоәуесқойларына таныс шығар!), қойылтылған сүт, консервіленген азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «веналық» деп аталатын орындықтар және басқа да заттар. Көрмеден түскен пайда комақты болған - шамамен 186 000 фунт стерлинг. Осы ақша бірнеше мұражайларының құрылысына, солардың ішінде, әйгілі Виктория мен Альберттің мұражайының бой көтеруіне жұмсалған.
Фотосуретте: Лондон, 1851 жыл.
2-оқушы: №2 дерек. Наполеон да ЭКСПО-ны қалаған
Шараның табысты болғаны соншалықты, оны қайталауға шешім қабылдады. 1855 жылы Наполеон III көрмені Парижде өткізуге бұйрық берді. 1862 жылы форум Лондонда қайтадан өтті. 1867 жылы 15 мамыр мен 15 қараша аралығында Парижде Бүкіл дүниежүзілік көрме өтті, оған 5 млн аса адам келген.Францияның астанасы ұзақ уақытқа басты көрме орталығы болды. 1889 жылы Эйфель мұнарасы Париж көрмесінің ескерткіші болды.Дәл сол Парижде адамдар алғашқы рет көгалшапқыш, кір жуу машинасы, сөйлейтін қуыршақ, алты атқыш (револьвер) және мұнаймен қозғалатын алғашқы көлік құралдарының бірі–автокөлік сияқты «инновациялық» өнертабыстарды тамашалаған болатын.
Суретте: Париж, 1855 жыл.
3-оқушы:№3 дерек. Монархтар көрмені жақсы көріп қалды
Екі жыл өткеннен кейін француздар тағы да көрме өткізуді және оны Екінші әмбебап деп атаған. Басты идеясы ғылыми-техникалық революцияның дамуын көрсету емес, елдер арасындағы ынтымақтастықты ретке келтіру еді.1857 жылы жұртшылыққа алғашқы рет сүңгу және өртке қарсы костюмдер, гидравликалық жеделсаты, сусындарды бөліп құюға арналған құрал-жабдықтар және басқа заттар ұсынылды. Дәл осы көрме көптеген монархтардың назарын аудартты.Францияның астанасында автриялық император I Франц Иосиф, өзінің канцлері Бисмаркпен бірге келген пруссиялық король I Вильгельм және ресейлік патша II Александр кездескен. ЭСКПО-ға барлығы 15 миллион адам келген.
Суреттемеде: Париж, 1857 жыл.
4-оқушы: №4 дерек. ЭКСПО мен апаттар
3 жылдан соң Австрия Венада техникалық жетістіктердің көрмесін өткізуге ниет білдіретіндігі жөнінде мәлімдеді. Павильондар үшін 12 гектар жер бөлініп, Өнеркәсіп Сарайы салынды. Алғашқы рет 1873 жылғы ЭСКПО-да халықаралық ғалымдар форумы жиналды. Венада барлығы 12 конгресс пен конференциялар өтті. Көрмеге алғашқы рет Жапония қатысты. Бірақ барлығы ойдағыдай өткен жоқ. Дәл ЭКСПО-ны өткізу кезінде Дунайда су тасқыны, тырысқақ індеті және қор биржасында апат орын алды.
Фотосуретте: Вена, 1873 жыл.
5-оқушы: №5 дерек. Телефон және қызанақ кетчупы
1874 жылы ЭКСПО көрмелеріне ақыры Америка қосылды (Филадельфия қаласы). Алғашқы рет көрме бір ғимаратта емес, бірнеше павильондарда өтті. Олар бесеу болды: басты павильон, өнер павильоны, құрал-жабдықтар залы, бағбандық сарайы және ауыл шаруашылық залы. Бұған қоса Америка Штаттары, шет мемлекеттер мен жеке меншік компанияларға арналған 200-ге жуық павильондар да болды.Дәл сол Филадельфияда алғашқы рет Александр Грэм Беллдің телефоны, Томас Альва Эдисонның телеграфы, Ремингтонның жазу машинасы және «Хайнц» қызынақ кетчупы көрермендер назарына ұсынылды!
Фотосуретте: Филадельфия, 1874 жыл.
6-оқушы: №6 дерек. Көрмелердің Халықаралық Бюросының құрылуы (КХБ)
1928 жылы, Ұлы тоқыраудың нағыз қызған кезінде, Парижде Көрмелердің Халықаралық Бюросы құрылды. Осы ұйымның қызметкерлері ЭКСПО-ның лайықты деңгейде өтуін және XIX ғасырдың өзінде қол жеткізілген жоғарғы биіктіктің ешқашан төмендемеуін қадағалайды. Көрмелердің халықаралық бюросы ЭКСПО-ның тек инновациялық технология алаңы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдениеттер мен пікірсайыстың орны болуы.Қазіргі таңда КХБ мүшелігінде 167 мемлекет бар. КХБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.
7-оқушы: Колониалдық империялар мен әсіресе ұлтшылдық дәріптейтін елдер арасындағы бақталастық салдарынан 1914 жылы әлемдік деңгейдегі алғашқы әскери қақтығыстар басталды. Керемет дәуірдің рухы, бейбітшілік пен татулыққа ұмтылыс бірінші әлемдік соғыс траншеяларының құрбанына айналды. Бүкіләлемдік көрмелер қауіп пен үрейден жасырынатын орынға айналды. Көрмелер колониалдық жүйенің қаруына айналды. 1937 жылғы Париж көрмесі, замануи өнердің салтанатына айналды: Рауль Дюфи «Электр Феясы» панносын ұсынып, Роббер Делоне авиация павильонын рәсімдеді. 1904 жылы Сан-Луисте келушілер алғаш рет мұз салынған шәйдің, ыстық бұршақтың, орама балмұздақтың дәмін татып, жаңа туған сәбилерге арналған инкубаторларды тамашалауға мүмкіндік алды. 1939 жылы Нью-Йоркте бірінші рет телевидение бағытында RCA жетістіктері мен тұңғыш су турбинасы ұсынылды.
2-жүргізуші: ЭКСПО жайлы барлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Енді 1851-1930 жылдар аралығында деректерді мына бейнесюжеттен көрелік.
Бейне сюжет : 1851-1930 жылдар аралығы.
2-жүргізуші. Ия, қаншама ірі мемлекеттер өз елдерінде ЭКСПО көрмесін өткізді. Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді. 1928ж Париж қаласында көрме қызметін реттеу үшін Халықаралық көрме Бюросы (ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол ең ежелгі және өкілдік халықаралық құрылым (оның құрамында 168 мемлекет бар).
1-жүргізуші: Қазақстан 1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) мүшесі болып табылады және 2005 жылдан бастап EXPO-ға қатысады.
2-жүргізуші: Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері (International Registered Exhibition) жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді, мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді. Халықаралық мамандырылған көрмелер (International Recognised Exhibition) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады. Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады.
1-жүргізуші: Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс
Әзірше Бүкіләлемдік көрмелерде көрсетілген ең танымал деген 10 жаңалықты есімізге түсірейік:
Телефон аппараты. Тұңғыш телефон аппараты 1876 жылы Филадельфиядағы Бүкіләлемдік көрмені таңқалдырған дүниеге айналды.
Фонограф. 1878 жылы Париждегі Бүкіләлемдік көрме кезінде фонографты (дыбысты жазуға және жаңғыртуға арналған құрылғы) таныстырғаннан кейін, оны ойлап тапқан Томас Эдисон үлкен танымалдыққа ие болды.
Айналаны шолу дөңгелегі.Тұңғыш айналаны шолу дөңгелегі 1893 жылы Чикагода өткен Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Ағылшын тілінде айналаны шолу дөңгелегі осы күнге шейін ferris wheel, яғни «Феррис дөңгелегі» деген атпен аталып келеді;
Сыдырма ілгек. Алғашқы сыдырма ілгек аяқ киімге арналған болатын. Оны 1893 жылы Чикагодағы Бүкіләлемдік көрмеде Уитком Лео Джадсон көрсетті.Тек 20 жылдан кейін ғана сыдырма ілгек үлкен танымалдыққа ие болды;
Рентген аппараты. Жұртшылыққа рентген сәулелерінің қасиеттері 1901 жылы Буффалодағы Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды.Рентген аппараты медицинада кең қолданысқа ие болды.
Балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан. Балмұздаққа арналған жеуге болатын стақан 1904 жылы Сент-Луистегі Бүкіләлемдік көрме кезінде таныстырылды. Бұған дейін балмұздақты тек қағаздан жасалған стақанда сататын.Алғашқыда вафлялық стақандар қолдан жасалынатын, тек 1921 жылы ғана балмұздақ қауызын жасауға арналған машина пайда болды;
Нейлон.Кез келген матаны берік әрі созылғыш ететін жаңа синтетикалық материал – нейлонның таныстырылымы 1939 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік көрмеде өтті. Қазіргі күні нейлон киім өндірісінде ғана емес, сонымен бірге, төлке, пленка және жұқа жабындарды дайындауда қолданылады;
Телехабар тарату. 1939 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік көрменің көрермендерін тікелей эфирде телехабар тарату қатты таңдандырды – ол кездің өзінде телевизор әлі таңсық дүние болатын.
Ұялы телефон.Тұңғыш ұялы телефонның алғашқы нұсқасы және ұялы байланыс технологиясы 1970 жылы Жапонияның Осака қаласындағы Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды.
Сенсорлық экран. Саусақтың басқанын сезетін экран алғашқы рет жұртшылыққа 1982 жылы Ноксвилдегі Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. 30 жылдан кейін бұл өнертабыс өте танымал бола бастады.
2-жүргізуші: Бізге қазір қарапайым болып кеткен осы заттардың барлығы кезінде ЭКСПО көрмесінде көрсетіліп.қалың жұрт таңқалған нәрселер екен.
1-жүргізуші: Сіздер ЭКСПО сөзіне жазылған тақпақты естідіңдер ме? Егер естімеген болсаңдар тыңдап көрелік.
Эллада аңызының өрнегі ме,
Эпостық жырым шықты төрге, міне.
Эскортпен тамашалы таң қалдырып,
ЭКСПО жарқыл қағып келді еліме !
Көрмесін ғажайыптың көрді Астана,
Келешек қуат көзін берді астана.
Керім деп таңдай қақты небір жампоз,
Көтерді зеңгір көкке елді Астана !
Сарыарқа сайын төсі дүбірлеген,
Самала жарық көзін бір ілмеген.
Самғаған Париждегі ән Әміре,
Сұлуым Балқадиша күлімдеген.
Пейілі қазағымның осындайда,
Пайымы кемелдікке қосылмай ма ?
Парасат биігінен тіл қатқанда
Парағы жаңа дәуір ашылмай ма !
Ордама алғыс-алқа таға келдің,
Осынша қуанышты ала келдің.
Оңғартқан озық ойын оразада
Отаным назарында бар әлемнің !
\
8-оқушы: №7 дерек. Ұлы тоқырау кезіндегі ЭКСПО
Чикаго қаласы ЭКСПО-ны 1933-1934 жж. қабылдады. 20-жылы бұл мафиозиге байлынысты жаман атаққа ие болатын. Бірақ 1929 жылдың 28 қазанында «қара сейсенбі» орын алды: қор нарығы күйреп, көрмені өткізуді бірнеше жылға кейінге қалдыруға тура келді. Чикагодағы ЭКСПО-ны өткізу толықтай жеке қорлардың есебінен қаржыландырылды. Көрме сондай сәтті өтті – оған 39 миллион адам келді – бұл шығындалған қаражатты қайтарып қоймай, сонымен бірге табыс табуға да мүмкіндік туғызды. Ең маңызды жетістіктер авиациямен байланысты болды. Сонымен бірге қонақтардың арасында аспалы жол мен жарық шоуы орасан зор ықыласқа ие болды. Бельгия әлемдегі ең алғашқы луна-саябақты ұсынды.Дәл осындай луна-саябақ Уолт Диснейді Калифорнияда соған ұқсасын жасауға шабыттандырды. Германия әуеге үлкен нацистік сватикасы бар дирижабльді көтерді.Өте үрейлі уақыт келе жатты және техникалық жетістіктердің көбісі өлтіру құралына айналды.
Суреттемеде: Чикаго қаласы, 1933-1934 жылдар.
9-оқушы: №8 дерек. Ядролық заман
Әлем Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірте-бірте есін жия бастады. Және алғашқы "бейбіт" көрме тек 1958 жылы Брюссельде өтті. Көрменің басты тақырыбы мынандай болды: «Прогресс пен адамзат». Брюссельде, адамдар алғашқы рет серік, атомдық электростацияның үлгісін, жаңа қозғалтқыштар мен болашақ компьютерлердің ізашарларын көрді. Брюссельге 41 миллионнан аса адам келді.
Фотосуретте: Брюссель, 1958 жыл.
10-оқушы: №9 дерек. Алғашқы компьютерлер
1962 жылы Сиэтлдегі Бүкіләлемдік көрме тақырыбы – «Ғарыш дәуіріндегі адам» болды.
IBM компаниясы өзінің алғашқы компьютерлерін көрсетті.Келушілерді үлкен қабырға теледидары, электрондық кітапхана, су электр бөгеті және қазір бізге үйреншікті болып қалған көптеген жетістіктер таң қалдырды.
Фотосуретте: Сиэтл, 1962 жыл.
11-оқушы: Екінші дүниежүзілік соғыс адам баласын біраз тоздыртты, сондықтан әлемге жаңартылу мүдделігі қажет болды. Прогресс пен бейбіт кезеңге өту БҰҰ құру мен Бүкіләлемдік көрмелерден өз жолын тапты. Алайда мамыржай үміт пен ізгі ниет қайталана күнделікті өмірдің күйзелісіне айналды: қырғиқабақ соғыс, екі полярлы әлем, ядролық дәуір.Бүкіләлемдік көрмелер, жаңаша әмбебап мәселелерді тұтас қамтитын сипатқа түсті. Көрмелер көңіл көтеру мен демалыстың амағына кенелді, мысалы Монреальдағы «Ла Ронд» паркі, Осакадағы «EXPOland».
12-оқушы: №10 дерек. IMAX 60-жылдары пайда болды
Бастапқыда ЭСКПО-67 Мәскеуде өтеді деп жоспарланды, бірақ 1962 жылы кенеттен өз сұранымын қайтарып алды. Қорытындысында ЭКСПО басқа кұрлыққа-Монреальға ауыстырылды. 1967 жылғы АҚШ-тың Монреаль қаласындағы нысанға келген адамдарға ғарыш кемелері ұсынылды.Франция Жак-Ив Кусто экспедицияларының олжаларын қалың жұртшылыққа көрсетсе, Кеңес Одағы Юрий Гагариннің Жерді айналып шыққан ғарыш капсуласын әкелді.Бір қызығы, дәл сол Монреальда алғашқы рет қазіргі кезде біздің кинотеатрларымызда кең таралған IMAX жүйесі көрсетілді.Оған 50 миллионнан астам адам келген. Сол жылдары Канаданың халқы небәрі 20 млн болатын.
Фотосуретте: Монреаль, 1967 жыл.
13-оқушы: №11 дерек. Жапония суырылып алға шықты
1970 жылғы Осакадағы EXPO көрмесінде Жапония өзін жаңаша әлемдік держава ретінде жариялады. Оқиғаның негізгі тақырыбы, көрменің символы–Күн мұнарасы орнатылған Фестивальдер алаңы болды. АҚШ нысанында көрермендер алдына «Аполлон-12» ғарыш кемесінің астронавтары әкелген ай тасы ұсынылды.Сол жерде ғалымдар 500 000 есе күшейтілетін электрондық микроскобын және 500 км/сағ. дейінгі жылдамдықпен жүре алатын электромагниттік таянышы бар пойыздардың үлгілерін ұсынды.
Фотосуретте: Осака, 1970 жыл.
«а» оқушы: 2 мамырдан 30 қыркүйекке дейін Лиссабонда (Португалия) «Мұхит — болашақтың мұрасы» тақырыбында EXPO-1998 көрмесі өтті. Шамамен 155 ел мен ұйымдар көрсетілді, 132 күнде көрмеге шамамен 11 млн адам келді. EXPO-1998 арналған аймақ 5 км-ге созылды. Көрменің жаңалығы Швейцариялық «Swatch» сағат кәсіпорыны болды, олар магниттеуден кейін өткізіп тұратын турникеттердегі кіру билетінің қызметін атқаратын кіріктірме чипі бар арнайы қол сағатар шығарды. Көрмені өткізу барысында павильондардың екі түрі болды: тақырыптық және аймақтық.
14-оқушы: №12 дерек. Даулы ЭКСПО
2000 жылы Ганноверде ең көп дау туғызған көрме өтті. 1990 жылы бұл қала небәрі бір дауыс басымдылығымен Торонтоны жеңген болатын. Алайда Германияның көптеген тұрғындары өз жерінде көрменің өтуіне қарсы болып, дүркін-дүркін наразылық шерулерін ұйымдастырды. Жоспарланған 40 млн. қонақтардың орнына көрмеге небәрі 18 млн. адам келді. Алайда ЭКСПО ел экономикасына пайдасын тигізді. Көрме үшін жаңа темір жол станциясы, қала жолдарының жаңа желісі салынды, трамвай желісі кеңейтілді, әуежайдың үшінші терминалы салынды. Осы ЭКСПО-ның басқаларынан өзгешелігі ғылымның қазіргі жетістіктерінен гөрі, болашақ үшін шешімдерді іздеу мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуінде болды. Мысалы, Венесуэла, қайта қолданысқа түскен материалдан тұрғызылған павильонын ұсынды.
Суретте: Ганновер, 2000 жыл.
1-жүргізуші: 2000 жыл, Германия, «Адам – табиғат – техника – жаңа әлемнің тууы».
1 маусымнан 31 қазанға дейін Германияда «EXPO-2000» көрмесі өтті. ЭКСПО ел экономикасына пайдасын тигізді. Көрме үшін жаңа темір жол станциясы, қала жолдарының жаңа желісі салынды, трамвай желісі кеңейтілді, әуежайдың үшінші терминалы салынды. Осы ЭКСПО-ның басқаларынан өзгешелігі ғылымның қазіргі жетістіктерінен гөрі, болашақ үшін шешімдерді іздеу мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуінде болды.
2-жүргізуші: 25 наурыздан 25 қыркүйекке дейін Жапониядағы Аичи префектурасында (Нагоя қаласының шығыс бөлігі) EXPO-2005 көрмесі өтті, онда 100-ден астам ел ұсынылды. Көрменің негізгі әрекет етуші тұлғалары – айналаны тазалаумен айналысқан, келушілерге ақпарат берген және балалармен ойнаған сансыз роботтар. Көрме 185 күнге созылды. Онда 121 елдің экспозициялары көрсетілді, және көрермен саны 15 млн-нан кем болған жоқ.
1-жүргізуші: 2008 жылдың 14 маусымынан 14 қыркүйегіне дейін Испанияның ең елеулі қалаларының бірі «Су және тұрақты даму» ұранымен болған Бүкіл дүниежүзілік көрмені қабылдады. Үш ай ішінде бәрінің назары су тақырыбында болды.
2-жүргізуші: 2010 жылы 184 күн бойы – 11 мамырдан 31 қазанға дейін – Қытай Халық Республикасындағы Шанхайда Бүкіл дүниежүзілік көрме өтті. Көрменің тақырыбы - “Жақсы қала – жақсы өмір”. 198 ел мен 27 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 70 млн. жуық адам келді.
Мұғалім: 2012 жылдың 12 мамырынан 12 тамызына дейін Оңтүстік Кореялық Ёсу қаласы "Тірі мұхит және жағалау" деген ұранмен Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.
Мұғалім: Халықаралық «Экспо-2015» көрмесі Миланда (Италия) 2015 жылдың 1 мамырынан сол жылдың 31 қазанына дейін өтті. Экспо-2015»-тегі сансыз экспозициялар, мыңдаған қызықты оқиғалар, мәдени шаралар мен кездесулер, спектакльдер мен концерттер азық-түліктерді өндірудегі дәстүрлер мен жаңалықтарға арналды. Көрмелік павильондар үшін Миланның солтүстік-батысындағы 1 млн. шаршы метрден асатын алып аймақ тағайындалды. Басты экспозиция Fiera Milano көрмелік орталығы болды.
15-оқушы: №15 дерек. ЭКСПО-2017
Бір жыл бұрын Қазақстан Астанада ЭКСПО-2017 өткізу құқығына ие болды. Біз осы құқық үшін бельгиялық Льежбен күрес жүргіздік. Біздің көрмеміздің тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Қазіргі таңда ғаламшар алдында қорлары жыл сайын азайып жатқан энергиялық ресурстарды үнемді қолдану мәселесі тұр. Көрме 173,4 га аумақта орналасады,соның 25 гектары көрменің өзіне тиесілі болса, 148,4 гектары инфрақұрылымдық нысандарға берілген (үйлер, қонақ-үйлер, мейрамханалар және басқалары). ЭКСПО-2017 93 күнге немесе 3 айға созылды, маусым мен қыркүйек аралығында өтті. Көрмеге 100 аса мемлекет қатысады деп болжам жасалуда. Астанаға 3 айдың ішінде 3 млн адам келді. Бұл ТМД елдерінде ғана емес, сонымен бірге Орта Азия аймағында өтетін тап сондай алғашқы көрме болды. Көрмені өткізу Қазақстанның «жасыл» технологияларын дамытуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар жалпы ел экономикасы мен инфрақұрылымын жақсартуға, туристік саланың дамуына септігін тигізеді. ЭКСПО-ны өткізгеннен кейін көрме қалашығы жеке инфрақұрылымы бар тұрғын-үй орамына айналады, ал көрме павильондарында кеңселер, конгресс-орталықтар, мұражайлар және басқа да қалалық және республикалық маңызы бар нысандар салынады. Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу орталығы өз есігін жас ғалымдар, зерттеушілер мен студенттерге айқара ашады.
Суреттемеде: 2017 жылы өтетін ЭКСПО павильондарының жобасы.
Журналист: Бағанадан бері ЭКСПО туралы біраз мағлұматтар алдық.Енді осы ЭКСПО 2017 «Болашақ энергиясы» көрмесіне барып, сол көрмедегі болып жатқан жаңалықтарды өз көздерімен көрген кісілер өз ортамызда.Анар апай, Ерболат ағай, Пакизат апай, оқушылардан Руслан, Қуаныш. Анар апай сіз көрмеден қандай әсер алдыңыз, сол туралы бізге шамалы айтып өтсеңіз.
Мұғалім сөзі: Қорытынды: 1851 жылы Лондонда басталған ЭКСПО көрмесі арасына 4 жыл, 7 жыл, 5 жыл, 6 жыл және 2-3 жылдар аралығанда болып тұрды. Осы ең ұзақ жыл 1939-1958 жылдар аралығы 19 жыл ұзақтығында, оның өзіндік себебі бар.ЭКСПО көрмесін ең көп өткізген АҚШ-19 рет,Франция-9 рет,Бельгия-6 рет, Жапония, Испания, Италия-4реттен,Англия, Австрия-3 реттен, Канада, Оңтүстік Корея, Филадекльфия -2 реттен, Португалия, Бразилия, Қытай Халық Республикасы, Қазақстан-1 реттен өткізген. Қазақстан төрт рет ЭКСПО Бүкіләлемдік әмбебап көрмесінде өз павильонын орнатты. EXPO-2005 жаңа технологиялардың қоршаған ортаға деген ықыласпен қарым-қатынаста бола алатындығын көрсетуді үндеді.
Бұл көрмеде Қазақстан Республикасы өзінің тарихында алғаш рет ЭКСПО-ға қатысты.
2008 жылдың 14 маусымынан 14 қыркүйегіне дейін Испанияның ең елеулі қалаларының бірі «Су және тұрақты даму» ұранымен болған Бүкіл дүниежүзілік көрмесінде Сарагостағы EXPO-2008 қорытындысы бойынша, қатысушы 104 елдің арасында, "С" санаты бойынша Қазақстанның павильоны сыртқы және ішкі безендіру бойынша үшінші орын қола жүлдеге лайық болды.
2-жүргізуші: ЭКСПО жайлы тақпақты тыңдаған болсақ, енді ЭКСПО жайлы ән тыңдайық
Ән: ЭКСПО-2017
Жүргізуші: Бүгінгі «ЭКСПО болашақтың бастауы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет ! Келесі кездеcкенше.
.
Достарыңызбен бөлісу: |