- Сабақтың тақырыбы:
- Қайталау.
- Білімді тиянақтау.
-
- (92 бет)
- САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
- Білімділік: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару, кестелік қосу және азайтуды тиянақтау; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру.
- Дамытушылық: Есепті әр түрлі тәсілмен шығарып, шешулерін салыстыру, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері әр түрлі өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру дағдыларын, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
- Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы.
- Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
-
- Көрнекілік: Геометриялық фигуралар, шаршы суреті, таратпа материалдар, ертегілер кейіпкерлері. Қосудың қасиеттері кестесі.
- ЖОСПАР:
-
- І. Ұйымдастыру кезеңі
- ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
- ІІІ. Жаңа сабақ
- ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
- Ү. Қорытындылау, бағалау
- ҮІ. Үйге тапсырма
- САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
- Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
- ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
- Психологиялық дайындық.
- Армысың асыл күн! Армысың асыл жер Армысың көк аспан Армысың жан досым Жылуыма жылу қос міне менің қолым!
- Бір, екі, үш Отырамыз тып - тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз.
- - Балалар бұл қандай ертегі? «Бауырсақ» - Балалар ертегі қалай басталатын еді....... Ендеше бауырсаққа аюдан қашып кетуіне көмектесейік. Аюдың тапсырмасы: «Санды тап» ойыны.
- -Мен бір сан ойладым, егер одан 20 - ны азайтсақ, нәтижесі 50 болады.
- Мен қандай сан ойладым?
- - Мен бір сан ойладым, егер одан 10 - ды азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
- - Мен бір сан ойладым, егер одан 40 - ты азайтсақ, нәтижесі 20 болады. Мен қандай сан ойладым?
- - Мен бір сан ойладым, егер одан 8 - ді азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
- ЖАҢА САБАҚ.
- Жақсы балалар сендер бұл тапсырманы тамаша орындап шықтыңдар. (Қоян шығады) - Балалар ертегіде қоян бауырсақты жеймін дейді.
- Егер біз қоянның тапсырмасын орындасақ ,бауырсаққа көмектесеміз. Қоян тапсырмасы:
- Барлығы – 32 оқушы.
- Келді – 10 қыз және 20 ұл бала
- Келмегені - ? оқушы.
- І-тәсіл. 32-(10+20)=2 (о)
- ІІ-тәсіл. (32-10)-20=2 (о)
- ІІІ-тәсіл. (32-20)-10=2 (о) –
- келмегені
- Ж: 2 оқушы келмей қалды.
- 1 - тапсырма
- Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
- Қасқыр тапсырмасы:
- 2 - тапсырма Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
-
- Барлығы – 16 оқ.
- Қобыз – 2 оқ.
- Сырнайда – 4 оқ.
- Қалғаны домбыра - ? оқушы
- І-тәсіл. 16-(2+4)=10 (о)
- ІІ-тәсіл. (16-2)-4=10 (о)
- ІІІ-тәсіл. (16-4)-2=10 (о) – домбыра
- Ж: 10 оқушы домбыра тартты.
-
- - Жарайсыңдар сендер бұл тапсырманы да мүлтіксіз орындадыңдар.
- (Тақтаға келесі бауырсақтың алдынан қасқыр шығады.)
СЕРГІТУ СӘТІ - Құс сияқты қалықтап,
- Ұшып-ұшып алайық!
- Балалар бұл ертегідегі түлкі бауырсақты алдап соқты.
- Ендеше бауырсаққа көмектесеміз бе? Түлкі тапсырмасы: «Кім жылдам»ойыны
- 3 - тапсырма. Теңдіктер тура болатындай етіп жақшаларды қою.
-
- 13+6-2=17 17-2+3=18 19-9+2=12 16-2+2=12
- 17-2+3=12 15-1+1=13
- жақсы сендерге бауырсақ шексіз ризашылығын білдіреді.
- Бауырсақ сендерге алма ағашын сыйлады. Бұл жай алма ағашы емес екен, мұнда алмаларды жинай отырып екі таңбалы сандардың құрамын табу керек.
- 5- тапсырма Екі таңбалы сандардың құрамын пысықтау.
- 6 - тапсырма
- 9+5=14 - 5 =
- 19+5=24 - 5 =
- 29+5=34 - 5 =
-
-
- Сабақты қорыту:
- Біз не білдік? Талқылау
- Шығармашылық тапсырма
- Ойлан, тап:
- Азамат «3», Ержан «4», Тоқтар «5» деген бағалар алды.
-
- Үйге тапсырма: 4 –тапсырма.
- 93 бет.
- КӨҢІЛ БӨЛГЕНДЕРІҢІЗГЕ
- РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |