Сабақтың мақсаты а Білімділік: Оқушыларға тұрақты сөз тіркестерінің



Дата28.06.2017
өлшемі11.76 Kb.
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Тұрақты тіркестер
  • Пәні қазақ тілі
  • Сабақтың мақсаты
  • а) Білімділік: Оқушыларға тұрақты сөз тіркестерінің
  • біртұтас тілдік құбылыс екенін түсіндіру;
  • ә) Дамытушылық: Тұрақты тіркесті сөздік қорларына енгізіп, тіл байлықтарын дамыту;
  • б) Тәрбиелік: Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу мен жазу дағдысына енгізуге тәрбиелеу;
  • Сабақтың әдісі: СТО элементтері, сұрақ-жауап, ізденіс
  • Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
  • Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану.
  • Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, әдістеме, дидактикалық материалдар, грамматикалық ойындар, І. Кеңесбаев «Фразеологиялық сөздік» кітабы, таблица.
  • Сабақтың барысы
  • Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
  • ә) зейіндерін сабаққа аудару.
  • Жаңа сабақ
  • Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар.
  • Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін
  • Тұрақты тіркестер
  • Таза дәптер, әдемі киім, әдепті оқушы, баланың ісі, үздік оқушы, жақсы адам,кең бөлме, ашық есік, т.б.
  • Тайға таңба басқандай (анық), жүрек жұтқан(батыр), тіс жармау(үндемеу), бармағын тістеу(өкіну), мұрнын көкке көтеру(менменсу),
  • Бетінен оты шығу(ұялу), қолы ашық(жомарт),т.б.
  • Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.
  • 2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағынаны білдіреді.
  • 3. Құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады.
  • 1.Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз
  • 2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.
  • 3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.

Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай(қиын)

  • Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай(қиын)
  • Көзі ашық(оқыған), көкірегі ояу(сапалы) азаматтар елге қызмет етеді.
  • Бірінші сөйлемдегі «оқу инемен құдық қазғандай» деген тұрақты тіркестер тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
  • Екінші сөйлемдегі «көзі ашық», «көкірегі ояу» деген тұрақты тіркестер де тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бірыңғай баяндауыш қызметін атқарады.
  • Мағыналас
  • сөздерді табу
  • (Синонимдік тұрақты тіркестер)
  • 1.Үріп ауызға салғандай, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар.
  • 2.Ит арқасы қиянда, ит өлген жер.
  • 3.Зәре-құты қалмау, көзі шарасынан шығу.
  • 4.Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу.
  • 5.Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
  • 6. Қоян жүрек, су жүрек.
  • Қарама-қарсы мағынадағы сыңарын табу
  • (Антонимдік тұрақты тіркес)
  • 1.Бетінен оты шығу Ат ізін салмау
  • 2.Ат ізін құрғатпау Беті шімірікпеу
  • 3.Ит өлген жер Көңілі тасу
  • 4.Құлақ аспау Таяқ тастам жер
  • 6.Көңілі басылу Құлақ қою
  • Кітаппен, дәптермен жұмыс
  • 111-жаттығу. 1.Төмендегі тұрақты тіркестерді жаттап алу.
  • 2.Қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табу.
  • 3.Тұрақты тіркестердің мағыналарын балама сөздермен ашу(ауызша).
  • 113-жаттығу. 1.Мәтінді оқу, ат қою.
  • 2.Тұрақты тіркестерді теріп жазу.
  • 3.Мәтіндегі тұрақ ты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазу.
  • 4.Тұрақ ты тіркестерді қолдана отырып, шағын мәтін құрап жазу(шығармашылық жұмыс).
  • Мысалдар
  • Эвфемизм
  • Дисфемизм
  • Тұрақты тіркес
  • 1.Жүрек жұтқан
  • 2.Өсекші
  • 3.Ит өлген
  • 4.Соқыр
  • 5.Аяғының сылтымасы бар
  • 6.Жерге кіре жаздады7.Бармағын тістеу
  • 7.Бармағын тістеу
  • 8.Аузы жеңіл
  • 9.Топас
  • 10.Құлаққа ұрған танадай
  • 11.Сөзуар
  • 12.Саңырау
  • 13.Кірерге тесік таппау
  • 15.Қолы ашық
  • Сабақты қорыту
  • Нені білдім?
  • Нені білгім келеді?

112-жаттығу.Әдеби кейіпкерге фразеологиялық тіркестерді пайдаланып, мінездеме жазу.

  • 112-жаттығу.Әдеби кейіпкерге фразеологиялық тіркестерді пайдаланып, мінездеме жазу.
  • Бағалау
  • Үйге тапсырма

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет