Ұсақ
(200 г дейін)
Ірі
(1,5 кг-нан жоғары)
Орташа
(1-1,5кг дейін)
Оларға балықтың аспаздық пайдаланылуы, өңдеу әрекеті кезінде пайда болатын тамақтық (қоректік) және техникалық қалдықтар аспаздық өңдеу кезіндегі шығын деп аталады. Ұсақ балықты тұтас күйінде, орташасын ірі формадағы кесектерге не сүбеге бөлшектейді, ал ірілерін жалпақтайды.
Тамақтану кәсіпорнына түсірілген не түсетін балықтарды әртүрлі өнеркәсіптік әдістермен өңделген күйде (бөлшектенген, іші тазартылған басымен, іші тазартылған бассыз, сол сияқты арнайы бөлшектенген шала фабрикат) түсіріледі.
Түсірілген балықтарды аспаздық өңдеу әдісіне қарай үш топқа: қабыршақты, қабыршақсыз және бекіре текті деп бөлінеді.
Балықтарды механикалық-аспаздық өңдеу кезінде жеуге жарамайтын бөліктерін алып тастайды. Кәсіпорынның мөлшеріне қарай балықты дайындау немесе ет балық цехтарында өңдейді.
Ет пен балықты өңдейтін цехта олардың әрқайсысына арналған жабдықтар мен құралдар пайдаланылады. Себебі балықтың өзіне тән иісі болады.
Дайындау цехы балықты ЖІБІТУ (ЕРІТУ) ЫЛҒАЛДАУ ЖУУ НАУАЛАРЫ
Ш АЛА ФАБРИКАТТАРДЫ ТУРАУ БӨЛШЕКТЕУ ҮСТЕЛДЕРІ ТОҢАЗЫТҚЫШ ШКАФТАРЫ ЕТ ТУРАҒЫШПЕН жабдықталады. Тірі балықтарды сақтау үшін цехта науа, аквариум және міндетті түрде таразы болуы қжет. Балықтарды тазарту үшін механикалық балық тазалағыш қолданылады. Цехта аспаз пышақтары, қол қырғыштары, елек, балық қазандары, суырма табалар, науалар, шелектер, таңбаланған тақтайшалар болады.
Цех жабдықтары балықты өңдеу технологиясы әрекеттеріне сәйкес реттелініп орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |