Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру



бет15/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,23 Mb.
#6006
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

Көрнекіліктер:

Туған тілім – анам тілі - өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Осы өлең жолдарын оқушыға оқытып,қайталама қос сөздерді таптыру.

Жаңа сабақты меңгерту барысында «Кім жылдам?» ойынын пайдалану(үш оқушыны тақтаға шығарып жарыстыру).


тіп-тік

қап-


сүп-

қып-


жалт-жұлт

сарт-


тарс-

сатыр-


Тәп-тәуір

-сары


-шикі

-қысқа


Кітаппен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар беру.

88-жаттығуды ауызша орындату.

І деңгей.91-жаттығу.Қос сөздерді қатыстырып,сөйлем құраңдар.

ІІ деңгей. 89-жаттығу.Суретке қарап,мәтін құраңдар,заттарға сипаттама бергенде қос сөздерді пайдаланыңдар,сол қос сөздердің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

ІІІ деңгей. 90-жаттығу. Қайталама қос сөздермен мағыналық жағынан байланысатын сөздерді тауып,сөз тіркесі етіп жазыңдар.

Перфокартамен жұмыс

Мысалы

Түбір

Туынды сөз

Біріккен сөз

Қос сөз

ет

ет-мет


малшы

биыл


аппақ













«Өз-өздеріңді тексеріңдер» деген тақырыпта тақтаға тест сұрақтары ілінеді.

1.Дұрыс жазылған сөзді табыңдар.

а) Аманкелді ә) Амангельді б) Амангелді

2. ... біріккен сөз деп аталады.

а) көп түбірлі сөз ә) екі түбірлі сөз б) сөз тіркесі

3.Біріккен сөзді құрайтын түбірлер ... жазылады.

а) дефис арқылы ә) бірігіп б) бөлек

4.Кіріккен сөзді тап.

а) түйеқұс ә) биыл б) Ертіс

5.Бір сөздің қайталануымен жасалған қос сөздер.

а) бала-шаға,ата-ана ә) ата-баба,үп-үлкен б) қырқа-қырқа,терлей-терлей

6.Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер.

а) қып-қызыл,быт-шыт ә) сап-сары,үлкен-кіші б) үп-үлукен,жап-жасыл

7.Дұрыс жазылған қос сөзді белгілеңдер.

а) будақ-будақ ә) ар ұят б) қалт құлт

8.Дұрыс жазылған сөзді табыңдар.

а) жымжырт ә) көк құтан б) сеңгір-сеңгір

Қима қағазбен жұмыс

( Нашар оқитын оқушылармен жұмыс)



Мақал


Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.

№1



Бірге жазылады

Дефис


арқылы

жазылады

Тамшыдан тама-тама дария

болар

№2


Отбасы толған жансың,



Бір-біріңе меймансың

№3


Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ-сылқ күледі.

(бұлақ)

Жұмбақ


№4

Қима қағаздағы жұмбақ пен мақалдарды оқыта отырып ішінен қос сөздерді таптыру.



Қорытындылау. 1.Біріккен сөз дегеніміз не? 2.Қос сөз дегеніміз не? 3.Қайталама қос дегеніміз не?

Бағалау.

Үйге тапсырма.92-жаттығу. Өзіңнің туған жеріңнің табиғатын суреттеп жаз.
6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен Қосымша
Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту,жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту;

тәрбиелік – ана тілін қадірлеуге,білімділікке,сауаттылыққа тәрбиелеу; дамытушылық – фонетика,лексика тараулары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,дұрыс сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап,тақырыпқа арналған кеспе карточкалармен жұмыс грамматикалық ойын,жаттығу жұмыстары,сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: сызба,суреттер,кеспе карточкалар.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу;ә) сыныптың тазалығы мен оқушының сабаққа дайындығына назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. а) Сөздер қандай жолмен жасалады? ә) Сөз тұлғасы дегеніміз не?

б) 68-жаттығуды оқып,сөздерді құрамына қарай ажырат.



ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру. а) Тақырыптың аты жазылып,сабақтың мақсаты түсіндіріледі.ә) Өткен сабақтағы «Сөз тұлғасы» туралы алған білімдеріне сүйене отырып,оқушылардың өзі қосымша сөзіне анықтымы береді.б) Төмендегі өлең жолдарын жаздырып,түбір сөздер мен қосымша жалғанған сөздерді табады.

Сені іздедім,кездескен адамдардан,

Бұлақтардан,бақтардан,алаңдардан.

Шырақтардан,оттардан,жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

(Мұқағали Мақатаев. «Поэзия»)


в) Қосымшаның неліктен жалғанатынын ұғу үшін өлең жолдарындағы қосымшаларды өшіріп,дауыстап оқытылады.Қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыратынын оқушының өзі айтады.

г) Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні қаріа (мақал)

Мақалды оқытып,жұрнақты тапқызу,жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертетінін немесе түрлендіретінін оқушының өзіне айтқызу.

ғ) Қосымшалардың түбірге жалғануында қандай дыбыстық заңдылықтар бар екеніне оқушы назарын аударту.

Оқулықтан 69-жаттығуды орындату.

а) Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талда.

ә) Түбір мен қосымшадағы дауысты дыбысты салыстыр.

б) түбір мен қосымшадағы дауыссыз дыбыстардың үндесуін байқа.

Сатылай кешенді талдау жүргізу,сөз құрамына қарай талдату.




Ана

1.Бұл сөз бір құрамнан тұр : ана

2.Тұлғасына қарай (ана) негізгі түбір

Себебі сөздің мағына беретін негізгі

бөлігі.
3.Құрылысына қарай – дара.Себебі бір ғана

негізгі түбірден тұр.



Ана сөзіндіегі а дыбысына фонетикалық талдау жасайды.

«Сыңарын тап» ойыны.

1.Аңдамай сөйлеген ...

2.Ойнап сөйлесең де ...

3.Бал тамған тілден ...

4.Көп сөз - ...

5.Бар жақсылықтың басы - ...

6.Ащы тіл ...

(таяқтан өтуір,ойлап сөйле,у да тамар,көмір,ауырмай өледі,тіл.)

Ойынд жүргізу арқылы дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды таныту.

Бекіту кезеңігде сызбаны қолдана отырып қорытындылау.


Сөз бөлшектерден тұрады.

Түбір


Қосымша

Негізгі


түбір

Туынды

түбір


Жұрнақ

Жалғау

Сөз


тудырушы

Сөз

түрлендіруші



1.Көптік

2.Септік


3.Тәуелдік

4.Жіктік



Үйге тапсырма.

а) 72-жаттығу.Төмендегі сөздерге қосымшалар жалғап,сөйлем құрап жазыңдар.

ә) «Түбір мен қосымша» тақырыбын қайталау.


6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың сын есімді қалай меңгергенін тексеру

(оларды құрамына және мағынасына қарай ажыраты білуін),сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу; б) халқымыздың ұллтық салт-дәстүрлерін,ұлттық өнерді бағалай білуге баулу;ұлеағатты сөздердің мәнін түсіндіре отырып шешендік өнерге,алғырлыққа,тез ойлауға,жүйелі сөйлеуге дағдыландыру;шығармашылық ізденістерін арттыруғаықпал жасау.



Тәрбиелік: тұрмыстағы қатысатын нәрселер арқылы өмір құбылыстарын танып білуге,ұлттық өнегені бойына сіңіріп,туған халқының өнерін сүйіп өсуге,әсемдік,әдемілік сипаттарды тануға тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық:сан есім туралы оқушылардың өздеріне ой қорытындысын жасату,оқушылардың сөз байлығын,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: 1-сабақ – біріккен сабақ; 2-сабақ зерттеу сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:теледидар,магнитофон ,кодоскоп,табақ,домбыра,карточка, тоғызқұмалақ,таблицалық плакат.

Пәнаралық бйланыс: әдебиет,математика,табиғаттану.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй жұмысын тексеру,яғни өткен сабақпен байланыстыру.

- Сендер балалар,сын есіммен және сым есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінетінін есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар,етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар болатынын және сын есімнің мағыналық түрлері сапалық,қатыстық сын есім болатынын толық меңгердіңдер деп ойлаймын.

1.Жаңа сабақ бастамас бұрын сын есімді қорытындылау мақсатында үйге берілген 155-жаттығуды ауызша орындайық.

Оқушыларға мәнерлеп оқытып, «Әділетсіздік» деп неліктен аталғанын дәлелдету.Сөйлемдегі сапалық,қатыстық сын есімдерді ажыраттыру.

2.Магнитофоннан қашқын қылмыскер туралы хабарландыру оқып,балалардың көңілін аудару.

- Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар, барлық мектеп қызметкерлеріне,барлық мектеп оқушыларына хабарландыру.

Кеше сағат 11-лерде,І кезектегі сабақ кезінде бір оқушының қымбат күртешесі жоғалды,қашқын ұстатпай кетті.Қылмыскердің кескіні жасырын камераға түсіріліп қалған.Кескіні кейін газетке жарияланады.

Ол – орта бойлы,дембелше,топ-толық,жуан бел,қысық көзді,мұрны шолақтау,шошайған құлақты,быртиған саусақты,тар маңдайлы,жалпақ табанды,мығым келген жас жігіт.(тыңдап болғаннан кейін тақтаға және дәптерлеріне қылмыскердің портреті жазылады).

орта бойлы

дембелше

топ-толық

қысық көзді жас жігіт

быртиған саусақты

тар маңдайлы

жалпақ табанды

жуан бел
3.Карточкамен жұмыс.

Тақтада мынадай алты сын есім жазулы тұрады



Мейірімді

Қатал

Сабырлы

Жеңілтек

Сыпайы

Дөрекі

6 сын есімге 6 карточка дайындалады да,мазмұны сызбадағы көрсетілген мінездің қайсысына тура келетінін айтады.

1-карточка.Қабағы түйілген,сұсты,өзінің айтқанын ғана орындатады,қатал талап қояды.

2-карточка.Жылы сөйлейді,жылы сөзді,қабағы ашық,барлық адамға өзінің шуағын шашады,ақкөңіл.

3-карточка.Сөзінде,уәдесінде тұрмайды,жұмысын аяғына дейін жеткізіп орындай алмайды,тұрақсыз,заржақ.

4-карточка.Көп сөйлемейді,жұмысын асықпай тиянақты орындайды,салмақты,қорғасындай ауыр мінезді.

5-карточка.Төбелескіш,ауыр сөздер айтады,артық сөйлейді,менмен,тек қана өзін сүйеді,қызылкөз алаяқ.

6-карточка.Қатты сөйлемейді,үлкенді сыйлайды,құрметтейді,кішіге қамқор,ақжүрек,нәзік мінезді.

(Емтихандағы секілді тақтаның алдына шығып бір-бірлеп карточкаларды суырады да,сзбаның ішіндегі қай есімге сәйкес екенін,сызбадағы сын есімнің қай сын есім екенін айтады).

Жаңа сабақтың эпиграфы

Тақтада Бір мен екі алмаңдар,



Үшке алданып қалмаңдар

Кілең төрттік алғандар

Бесті ғана армандар деген шумақтан кейін жаңа сбақтың тақырыбы жазулы тұрады.
Сан есім.Сан есім туралы түсінік.

Мысалы:Алпыс бестен асқанда,жетпіске қадам басқанда (Жамбыл).Атадан алтау,анадан төртеу,жалғыздық көрер жерім жоқ (Абай).Кейде сан есімдер зат есімсіз де жасала береді.

Тоқсаннан әрі кетті,жүзге де асты,есімсіз де жасала береді.Тоқсаннан әрә кетті,жүзге де асты.

Сандық – мөлшерлік ұғымды білдіретін этнолингвистикалық атаулар да бар:егіз,сыңар,сүйем,қозы көш жер,ит өлген жер,ет,асым,пұт,қабақ,батпан,т.б.

Бейнетаспадан көрініс.Теледидардан көрсету.Енді балалар,кодоскоп арқылы берілген мақал-мәтелдерді оқып,көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қояйық.

а) Білекті ... жығар,білімді ... жығар.

ә) ... кісі бір жақ,қыңыр кісі бір жақ.

б) ... ала болса,ауыздағы кетеді

... түгел болса,төбедегі келеді.

в) ... сомың болғанша ... досың болсын.

г) ... бөлек отауды елдестірген – ынтымақ.

«Жаңылтпаштар» тақырыбына диктант жаздыру.

а) Үш кіші ішік піштім.

Бес үлкен ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?

ә) оралдан оралған олардан



Омаржан оқ көріп,

Оң бөрік,тон беріп,тон алған.

Жұмбақ жарысы.Сыныпты екі топқа бөлемін де,жұмбақ жарыстырамын.

1.Таңертең төрт аяқты.

Түсте екі аяқты.

Кешке үш аяқты.

(адамның сәбилік,жастық,кәрілік шағы)

2.Бір көлде он екіден қаз ойнайды.

Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды.

Келгенде жақындасып,қожаңдасып

Бір-біріналмасына еш қоймайды.

( дойбы)


Жеңген командаға домбыра ұсынамын.Олар домбыраның құрылысын айтады.

Сонымен бірге балалар,сан есімдер біздердің той-думандарымыздың,ойындарымыздың арасында да кездеседі.

Абай атамыз «Туғанда дүние есігі ашады өлең,өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші біздің күнделікті тұрмысымызда,той-думандарымызда айтылып жүрген өлеңдердің де тақырыптары: мысалы «Жиырма бкс», «Екі жирен», «Бір бала», «Жетісу», «16 қыз», «Бір келіншек»,т.б.

Математикалық есеп.Адам жасын шығару.

Ойын есеп.Қожанасырдың есебі: Бірде мұғалім көбейту тақырыбына Қожанасырды тақтаға шығарыпты. Тақтадағы таблицаға жақындыған Қожанасыр 1-ден 10-ға дейін ғана санау біледі. Көбейту кестесіне жақындаған Қожанасыр өзінің 10-ға дейінгі санын қойып шығыпты.

9*1=9


9*2=18 Бір саны жетпей қалған соң Қожанасыр мен дұрыс жазбаған болармын деп әлгі сандарды кері қарай

9*3=27 қойып шығыпты.Сосын жұмысын көрсеткен Қожанасырға мұғалім «5» қойыпты.

9*4=36

9*5=45


9*6=54

9*7=63


9*8=72

9*9=81


Оқушылардың өз ойымен айтылған жұмбақ есептерді шешу. Ұлы адамдар сөздерінен санға байланысты дәйек сөздер. 2004(мешін) жылына байланыстырып мәтін құрау. Сабақты қорытындылау мақсатында.

«Қазыбектің тапқырлығы» әңгімесін оқушыларға айтып беремін.

Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.Төсекте жатқан Бұқар жырау: - Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады.Қазыбек,сен айтып берші! – деген.Сонда Қазыбектің берген жауабы: Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.Төот дегеніңіз – төрде төсек тартып жптқан жаман.Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған кісі жаман.Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.Тоғыз дегеніңіз – толғанғаныңыз.Он дегеніңіз - өткеніңіз,о дүниеге жеткеніңіз.

Ақындарымыздың осы секілді етіп өздеіңе де арнап әнімен жазған санамағы бар.Соны бәріміз қосылып айтайық.



6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталау.Қатемен жұмыс

Сбақтың мақсаты: білімділік –оқушыларды зат есімнің жасалуын,сөйлемдегі қызметімен,теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы қайталау

дамытушылық –

зат есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту,өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру,топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру,шығармашылық белсенділігін арттыру;



тәрбиелік – зат есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып,оқушыны отаншылдыққа,

адалдыққа тәрбиелеу,топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке,жолдастық көмек көрсетуге баулу.



Сабақ әдісі: топпен жұмыс,сайыс сабақ,жаттығу және талдау,сұрақ-жауап,ой сергіту ойындары.

Қосымша материалдар : Абайдың портреті,дидактикалық топтамалар;зат есімге қатысты Венн диаграммасы;тірек сөздер таблицасы;түрлі сюжетті суреттер;тест сұрақтары.


І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қатемен жұмыс

Сабақ барысы

Жүргізуші (оқушы). «Қайталау – оқу анасы»,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы.

Құрметті білім алушы әріптестер,бүгін сабағымызда халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы қонақта.Біздің тобымыздың аттары ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі бес асыл іске қатысты екені бұрынан белгілі.

Жарысқа кіріспес бұрын әр топ өзін таныстыру қажет.Ал сайысты бастайық!

Әр топтың сынып бөлмесі ішінде белгіленген орынға бөлініп отырады.Топтың аттары жазылған белгі партаға қойылады.

Әр топ жетекшісі өздерінің тобын төмендегі шумақтар арқылы таныстырды.

1. «Талап» тобы 2. «Еңбек» тобы 3. «Терең ой» тобы 4. «Қанағат» тобы

Талабың болса тайсалма, Еңбек етсең ерінбей, Терең ой сенің қанатың, Қанағат – асыл қасиет,

Өзіңді өзің байқа да, Еңбегің қалмас көрінбей. От болып ылғи жанатын. Адал жүректі ақниет.

Талаптансаң жеңесің Зор табысқа кенелтер Білімділік пен іскерлік, Қанағатшыл бол әр қашан

Қиындықты қашанда. Құлшына еткен еңбек қой. Сені іздеп те табатын. Пайдасы тиер сан рет.

Үй тапсырмасына қатысты жұмыстар төмендегідей болды.Топ басшысы өз тобындағы бір оқушысына тестік тапсырманы орындаудытапсырады. Тестік тапсырмалар әр топқа бір-бірден берілді.

«Талап» тобына.Ашық буынды сөздерді табыңыз. а) Орман ә) Мектеп б) Алша в) Дәптер г) Жаңбыр

«Еңбек» тобына.Қос сөзді табыңыз. а) Бесжылдық ә) Әп-әдемі б) Қара көк в) Қос құдық г) Әдемілеу

«Терең ой» тобына. Біріккен сөзді табыңыз.а) Механикалық ә)Итмұрын б)Шаруашылық в)Ұзынды-қысқалы г)Демеуші

«Қанағат» тобына.Тіркес сөзді табыңыз. а) Қой бағу ә)Қой мойын б) Күй аты в) Ойынды қой г) Балалар келеді

Әр топтан жауап берген оқушылардың жауабы топ жетекшілеріндегі бағалау жауап парағына түсіріледі.

Үй тапсырмасыын жоғарыдағы жұмыс бойынша топ жетекшілері арқылы қорытып шығамын.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Венн диаграммасы бойынша зат есім туралы ұғыммен таныстыру.










2.Диаграммадағы сегіз бөлікке тән сөздер бойынша жұмысты ауызша жүргізу.

1.Есімі,жасы,мамандығы,кәсібі.

2.Республика,облыс,аудан,ауыл,көше.

3.Мал,құс,аң,жәндік.

4.Гүл,ағаш,жеміс-жидек.

5.Өзен,тау,көл,орман.

6.Зауыт,фабрика,мектеп,дүкен,фирма.

7.Кітап,газет,журнал,күй,ән.

8.Арман,сезім,қалау,ой,тілек.

1. Тірек сөздер арқылы жұмыс.Төмендегі плакатқа жазылған сөздер бойынша үш сөйлем жазып,затесім болатын сөздерді белгілеу.


Күз.Күн.Түсті.

Жапырақ.Суық

2.Сурет бойынша жұмыс /Әр суреттің мағынасына қарай зат есімдерді қатыстыра отырып,шағын әңгіме жазу/.

3.Сергіту ойынын ұйымдастыру.

а) Бір үйде екі шеше,егіз қыз және әже немересімен тұрады.Барлығы неше адам?

ә) Сен,мен және біз.Барлығы неше кісі?

б) Сөз құрастырудан жарыс. «Қоңырау» сөзіне әріп қайталамай үш минутта 10 сөз құрастыру.Оң,ау,қоңыр,ауыр,ақ,қау,ару,уық,қуық,уақ,қор,қару,ора,қора.


4. «Кім жылдам»? ойны



1

2

3

6

3

ө

р

л

3

4

н

а

ы

т

5

е

д

қ

і

3 4 5 6 8 9 10 12 15 12 18 12 18 12 9 24 30 9

ө н е р а л д ы – қ ы з ы л т і л






1

2

3

4

5

о

а

ө

ң

6

й

п

л

ң

7

н

с

е




5 6 7 10 12 14 15 16 18 21 14 21 20 24 21

о й н а п с ө й л е с е ң д е


5 6 7 10 12 14 15 16 18 21

о й л а п с ө й л е

5. 118-жаттығуды шарты бойынша орындату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет