Сабақтың тақырыбы. Достық.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және қазақша атауларымен таныстыру;
ә ) Өткен тақырыптарды сұрай отырып,өз достары жайында әңгімелету.
б ) Жаңа достармен қалай танысу керектігін түсіндіріп,үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, аударма, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы суреттер,көрнекілік.
«Достық» туралы қанатты сөздер:
1.Досы көпті жау алмайды.
2.Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Саламатсыздар ма балалар? Отырыңдар.
* Кезекшімен сұхбат?
- Сыныпта кім кезекші?
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын тексеру 3-тапсырма 20 – бет.
Балалар бүгін аптаның қай күні?
Қазір қай мезгіл, айы, нешесі?
III.Жаңа сабақ.
1 ) Сөздікпен жұмыс.
Достық – дружба
Қайда тұрады? – где живет?
2) 1-тапсырма.Өлеңді оқушыларға оқып, орысшаға аударма жасап,түсіндіріп беру.
Достық
Ортақ мекен – Жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
(Е.Елубаев)
3) 2- тапсырма бойынша «Кел, танысайық!» ойынын ойнату.
Тақта алдына екі оқушы шығарылады.Аттарын сұрап,танысу.
- Сәлем! Кел,танысайық! Менің атым – Санжар.
- Сәлем.Менің атым – Айбек.
-Айбек неше жастасың?
-Менжетідемін.Өзің ше, Санжар?
- Мен сегіз жастамын.Сенің досың бар ма?
-Ия, бар.Ол Атырауда тұрады.
-Қай мектепте оқиды?
- Ол №3 мектеп –гимназияда оқиды.
-Айбек, танысқаныма қуаныштымын.Сау бол!
-Мен де қуаныштымын.Сау бол!
4) Қазақша сөйлеп үйренеміз.Оқушыларды қазақша сөйлеп үйренуге,әңгімеге тарту.
«Кім қайда тұрады?»
Оқулықта берілген мәтінді оқушыларға оқытып, соған ұқсастырып, оқушылардың өз
достары жайында сұрап,әңгіме айтқызу.
-Сенің досың бар ма?
-Аты кім?
-Жасы нешеде?
-Қай қалада тұрады?- сұрақтарын қойып, қазақша сөйлеуге қызығушылықтарын ояту.
IV.Сергіту сәті.
5) Жазба жұмысы.
4-тапсырмадағы үлгі бойынша айтып,жазу.Суреттегі балаларға ат қойып,қай қалада
тұратынын жазу.
6) Тақтаға плакат ілінеді. «Кім нешінші партада отыр?»
Мына бағана ашық
|
бірінші
|
екінші
|
үшінші
|
төртінші
|
болады оқушылардың
|
|
|
|
|
аттары жапсырма
|
|
|
|
|
қағазбен жазылған
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сұрақтың дұрыс жауабын табу.Сыныптағы 5 оқушының аты жазылған жапсырма
қағазды стикермен нешінші партада отыратындығын дәл тауып, қатарына жапсыру
керек.Бұл оқушыларды тез ойлап,шапшаң қозғалуына,есте сақтай білу қабілеттеріне
жақсы әсер береді.Тез әрі шапшаң тапқан оқушыға «мақтау» сөз айтылып,бағаланады.
V.Жаңа сабақты бекіту.
-Бүгінгі тақырып қандай?
-Достық деген не?
Сұрақтарына жауап ала отырып,жаңа сабақты бекіту.
VI.Үйге тапсырма беру.
7) 6-тапсырма 24-бет.Өз достары жайында жазу.
VII.Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |