Сабақтың мақсаты: «Аяз би» ертегісінің мазмұнына тоқталу. Міндеттері: Білімділік



Дата09.06.2017
өлшемі102,63 Kb.
#18234
түріСабақ
08.10.15 ж

Қазақ әдебиеті 5 «В» сыныбы

«Ауызша сабақ-1» технологиялық картасы (5 сынып)


Сабақтың мақсаты: «Аяз би» ертегісінің мазмұнына тоқталу.



Міндеттері:

Білімділік: оқушылар «Аяз би» ертегісі туралы түсінік алады, мазмұнын және құрылымын талдайды.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойыны кеңейеді, сөйлеу мәдениеті артып сөздік қорлары молайады, шығармашылық қабілеттерін ұштайды.

Тәрбиелік: : оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиеленеді.


Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: қабырға картасы, ООМ.

Сабақтың барысы:


Сабақтың құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

(63 %)


1 кезең.

Ұйымдастыру кезеңі


  1. Оқушылармен амандасу

  2. Карта бойынша жұмыс ретін түсіндіру

  3. Көшбасшыға сөз беріледі

  4. Сыныптың пайызын шығарамын

.


ООМ

А

Б

В

С

Д

Е






























































































Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру

кезеңі

Үй тапсырмасының орындалысын тексеріп өту:

Сұрақтар:

1.Ертегідегі ханның аты кім? Мадан хан.

2.Мадан ханның неше уәзірі болды? қырық

3.Уәзірлер не үшін Жаманды адамның жаманы деп шешті?

4.Хан уәзірлерімен келісіп, Жаманның әйелін алу үшін Жаманды қайда жұмсайды?

5.Уәзірлер не үшін құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?

6.Хан Жаманды қайда көшіріп жібереді?

7.Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді?

8.Барсакелместегі «інжілі қой» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?

9.Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қалай білді?

Екінші ойыншыға:

10.Барсакелместегі «інжілі үйрек» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?

11.Жаман гаухар тастың ішінде құрт бар екенін қалай білді?

Үшінші ойыншыға:

12.Барсакелместегі «дәудің інжілі қара арғымағы » ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?

13.Жаман ханның наубайдың баласы екенін қалай білді?

14.«Е, шырағым, жасым сексенге келгенде біреудің қанын жүктеп не қылайын? Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен білетін едім». Осы сөз кімнің сөзі?

15.Ертегіде Жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда кеоген адам қалай бейнеленген?

Екінші ойыншыға:

16.Ханның әкесінің аты кім еді?

17.Жаман неліктен ханға шынын айтпаған еді?

18.Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып, дардың жібін қиып, көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені? (Мен үшін күнәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал , дегені еді).

19.Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары мен бай балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланатын? («Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, я тіпті қайрақ таба алмай жүрмін бе ?

20.Хан шаңыраққа қарап , ойланып жатып, қырық уәзіріне қандай жүмбақ жасырады? (жау шапты, ел бүлінді, апат соқты)

21.Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді?(Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мына жауды мұқатайын деп, қылышымды суырып алып қуып кеттім. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын)

22.Жаманды шақыруға хан бір адамды жібереді. Жіберген жігітті барып, үйден сығалап қараса, төрде төсек үстінде Жаман жатыр. Ал Жаманның әйелі оы уақытта не істеп отыр еді?(әйел төрдегі айнаға қарап, өз көркіне таңғалып отыр екн).

23.Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына не шегелеп қойды? (жыртық тоны мен жаман тымағын)

24.Шегелеулі тымағы мен тонына қарап, Жаман не деп өз көңілін басатын? (« Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл)

25.« Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?




2 мин


2 кезең

Қабылдауды ұйымдастыру. Есте сақтау.

Тірек сөздермен жұмыс

Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады



1. Мадан
2. Уәзір
3. Жаман
4. Шеңгел
5. Қырғауыл
6. Қара қоға
7. Сауысқан

Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады.



7 сөз-30 сек

14 сөз-1 мин-15 сек

21 сөз-2 мин -30 сек


Келесі кезең.

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады. (6 минут)


Мәтінді оқу жылдамдығы

1 параққа 4 мин.



3 кезең

Түсінудің алғашқы тексерілуі.

Қарама-қарсы сұрақтар:

1.«Е, шырағым, жасым сексенге келгенде біреудің қанын жүктеп не қылайын? Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен білетін едім». Осы сөз кімнің сөзі?

2.Ертегіде Жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда кеоген адам қалай бейнеленген?

Екінші ойыншыға:

3.Ханның әкесінің аты кім еді?

4.Жаман неліктен ханға шынын айтпаған еді?

5.Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып, дардың жібін қиып, көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені? (Мен үшін күнәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал , дегені еді).

6.Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары мен бай балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланатын? («Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, я тіпті қайрақ таба алмай жүрмін бе ?

7.Хан шаңыраққа қарап , ойланып жатып, қырық уәзіріне қандай жүмбақ жасырады? (жау шапты, ел бүлінді, апат соқты)

8.Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді?(Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мына жауды мұқатайын деп, қылышымды суырып алып қуып кеттім. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын)

9.Жаманды шақыруға хан бір адамды жібереді. Жіберген жігітті барып, үйден сығалап қараса, төрде төсек үстінде Жаман жатыр. Ал Жаманның әйелі оы уақытта не істеп отыр еді?(әйел төрдегі айнаға қарап, өз көркіне таңғалып отыр екн).

10.Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына не шегелеп қойды? (жыртық тоны мен жаман тымағын)

11.Шегелеулі тымағы мен тонына қарап, Жаман не деп өз көңілін басатын? (« Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл)

12.« Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

13.Бірсыпыра жұрт «Жаманның сөзіне сөзіне құлақ асып осы тастан айырылайық»десті-

14.Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің, деді Уәзір-

15.Болды, адамның жаманы керек болса,мен боламын.Ханға мені алып барыңыз,сіздердің жұмысыңыз бітеді, дейді.Уәзір-

16.Ханның отыз уәзірі болды.-

17.Ертең ортаға алып,тамаша етеміз , деп Жаманды ас үйге жіберген Мадан хан еді.+

18.Жоқ,тақсыр,кешегі күні, «Жаман кісі керек» дегенде ат артына салып келген Жаман едім ,бүгін таққа отырмаймын, деді Жаман.

19.Мен жаман-жақсы болсам да ,уйіңізге келген қонақ едім,-деді Уәлі бай-

20.Уәлі дейтін байдың Меңді дейтін қызы болды+

21.—Сіздің тасыңыз,рас қасиетті тас екен, –деді Жаман+

22.-Е,шырағым,жасымсексенге келгенде,біреудің қанын не қылайын –деді шешесі +







4 кезең.

Алғашқы бекітуді ұйымдастыру

Сын тұрғысынан сұрақтар

Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

1.Бірсыпыра жұрт «Жаманның сөзіне сөзіне құлақ асып осы тастан айырылайық»десті-

2.Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің, деді Уәзір-

3.Болды, адамның жаманы керек болса,мен боламын.Ханға мені алып барыңыз,сіздердің жұмысыңыз бітеді, дейді.Уәзір-

4.Ханның отыз уәзірі болды.-

5.Ертең ортаға алып,тамаша етеміз , деп Жаманды ас үйге жіберген Мадан хан еді.+

6.Жоқ,тақсыр,кешегі күні, «Жаман кісі керек» дегенде ат артына салып келген Жаман едім ,бүгін таққа отырмаймын, деді Жаман.

7.Мен жаман-жақсы болсам да ,уйіңізге келген қонақ едім,-деді Уәлі бай-

8.Уәлі дейтін байдың Меңді дейтін қызы болды+

9.—Сіздің тасыңыз,рас қасиетті тас екен, –деді Жаман+

10.-Е,шырағым,жасымсексенге келгенде,біреудің қанын не қылайын –деді шешесі +

11. Жоқ, қате айтасың ,мен жеті атамнан бері ханмын деді хан+

12.-Тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білдің ?-деді хан+

13-Уа ата ,мына таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды?-депсұрады хан.+

14-Бір жиырма жыл болған шығар, -деді шал+

15.-Бұл таудың етегін қырау шалғалы неше болды ?-деп сұрады хан.+

16.Он бес жыл болды+

17. Ата өзіңіз нешеусіз ? -деді хан+

16.Ой шырағым-ай ,жатқанда екеуміз,тұрғанда төртеуміз.+

17.Хан :Уәзірлерімнің күнәсін кешірдім-+

18. -Ол шал жұрттан асқан дана еді.+

19. -Ойбай тақсыр ,арланбаймыз+

20. «Аяз би» әділ болды.+



Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.

Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.


Оқушылардың жауабына қарай тағы да «+», «-» таңбасы қойылады.

5 кезең.

Бекітуді

алғашқы

ұйымдастыру

ТСҚ Сөздік қорды орындау:

Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды.



5 минут уақыт өткен соң, оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады.

Талдау және қорытындылау

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын білдіреді. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды.

ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы

5 балдық шкаламен бағаланады.



Үйге тапсырма

Өткен сабақты қайталау

Барлық оқушыға көтермелеу, мадақтау сөздері айтылып, әркім өзінің еңбегіне лайық бағасын алады.

«47 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП»



КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ

__________________________________________________________


САБАҚ ЖОСПАРЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «Аяз би» (Ертегі мазмұны)
БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА

«Ауызша сабақ-1» технологиялық картасы
Қазақ әдебиеті

5 «В» сынып



08.10.2015ж

Пән мұғалімі Базарова Гульфия Сагадиевна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет