Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет4/14
Дата05.06.2017
өлшемі3,06 Mb.
#18043
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 14. Тас дәуірі (палеолит)

Сабақтың мақсаты.

  • Білімділік: Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас дөуіріндегі Қазакстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.

  • Дамытушылық: Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  • Тәрбиелік: Ежелгі мәдениетті сақтап-қорғауға, адамгершілікке, еңбеккорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: биология, геогафия, математика

Сабақтың көрнекілігі:

1. «Ежелгі Қазақстан» картасы.

2. «Тас дәуірінің кезеңдері» деп аталатын кесте.

3. Тас дәуірінің күралдарының суреттері.



Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

Өткен сабақтағы сабақ жоспары бойынша бірнеше оқушыдан үйге берілген тапсырманың мазмұнын сұрап шығамын. Одан кейін үйге берілген «Жүмыс дәптеріндегі» тапсырманы жалпы сыныптан әр партаны аралап жүріп, тексеремін. Одан кейін алдын ала дайындаған қағаз қиындыларына әр нұсқаға жеке-жеке жазып келген 3-4 жаңа сөздермен таратып беріп, оның жауабын берілген уақыттан соң жинап алып, тексеріп шығамын.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Ерте тас дәуірі (Палеолит).

2.Тас кұралдары.

3. Тас дәуіріндегі Қазақстанның табиғаты.

4. Орта тас дәуірі.

5. Жаңа тас дәуірі.

6. Неолит жаңалықтары.

Адам баласының алғаш қолданған еңбек құралдары тастан жасалған. Еңбек құралдарын тастан жасау, оны қолдану дәуірі өте ұзаққа созылған. Сондықтан адамзат тарихының осы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі үшке бөлінеді деп темендегі кестенің көмегімен тас дөуірінің кезеңдерімен таныстырамын.



Тас дәуірінің кезеңдері.

ТАС ДӘУІРІ

ПАЛЕОЛИТ (б.з.б. 2 млн 500-12 мыңжылдыктар)

МЕЗОЛИТ (б.з.б.12-5мыңжылдықтар)

НЕОЛИТ (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар)

----------► 1. Ерте палеолит ( б.з.б. 2 млн 500-140 мыңжылдықтар)

----------► 2. Ортаңғы палеолит (б.з.б. 140-40мыңжылдықтар)

----------► 3. Соңғы палеолит (б.з.б. 40-12мыңжылдықтар)

Одан кейін тас дәуірінің кұралдарын суреттердің көмегімен таныстырып өтемін. Окушылар дәптерлеріне алғашқы адамдардың пайдаланған еңбек құралдарын жазып алады:

тескіш, кескіш (чоппер), қырғыш, чоппинг, қол шапқы, пышақ, найза, болос.

Оқушыларға Казақстанның ерте кезеңдегі табиғат жағдайы мен қазіргі табиғатын салыстыртамын. Оқушылар дәптерлерін екіге бөліп, осы тәртіппен екі бағанды салыстырмалы түрде толтырып шығады.



Ежелгі Қазақстан табиғаты

Қазіргі Қазакстан табиғаты







Сабакты түсіндіру барысында төмендегі негізге сүйенемін.

Мезолиттегі өзгерістер:

  • Мұздың еріп, табиғаттың өзгеруі,

  • Ірі жан-жануарлардың құрып кетуі,

  • Жебелі садақтың, бумерангтың, кақпан мен тұзақтың пайда болуы,

  • Балық аулаудың көбеюі қайықтың пайда болуына түрткі болды,

  • Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашкы белгілері пайда бола бастады,

  • Тас өңдеудің жетіле түсуі,

  • Еуразия, Қиыр Шығыс, Америка құрлығының адам мекенінің игілігіне айнала бастауы.

Неолит дәуірінің жаңалықтары:

  • Тас өңдеу әдістері жетіліп, жоғарғы дәрежеге жетті,

  • Ыдыс жасауды үйренді,

  • Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады,

  • Егіншілікпен айналыса бастады,

  • Кен өндірісінің негізгі белгілері пайда болды. Мезолит пен неолит дәуіріндегі жетістіктерді тактаға ілінген тас дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің суреті аркылы сипаттап шығамын. Картадан оқушыларға тас дәуірінің ескерткіштері шоғырланған аймақтарды көрсетемін.

Осылайша жаңа тақырыпты осындай тірек кесте, сөздер арқылы түсіндіріп былай корытындылаймын: Тас дәуірі біз көріп отырғандай адамзат дамуының ең ұзакка созылған дәуірі. Мұз басу дәуірі Қазақстан аумағына жетпегенмен, мұздың еруі Қазақстанның табиғатына әсер етті. Мезолит дәуірі палеолит пен неолит кезеңі арасындағы жалғастырушы көпір болса, ал неолит кезеңіндегі жеткен жетістіктерінің маңызының зор болғандығы соншалық, тарихта оны ғалымдар «неолит төңкерісі» деп атады.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 14-параграфты оқу. Параграфтың соңындағы сұрак-тапсырмаларға ауызша дайындалып келу.


5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 15. Қола дәуірінің қоныстары

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дөуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.

  • Дамытушылық: Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, кола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артыкшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын аныктай білу кабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің аркасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін үғыну.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік:

1.«Ежелгі Қазақстан» картасы.

2. Жергілікті өлкетану мұражайындағы қола дәуірінің ескерткіштері.

3. Тас бетіне түрлі суреттер салынған қола дәуірі адамдарының рухани мәдениеті туралы түсінік беретін суреттері.



Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақ-тапсырмалардың көмегімен бірнеше оқушыдан жеке-жеке сұрап шығамын.

1. Ежелгі тас дәуірінде қоршаған орта, табиғат кандай болды?

2. Орта тас дәуірінде қандай аң аулайтын құралдар шықты?

3. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?

4. Мезолит аңшылары кандай жетістіктерге жетті?

5. Жаңа тас дәуірінде қандай ірі жаңалықтар болды?



Жаңа такырыптың жоспары:

1. Қола дәуірі.

2. Қола дәуірінің ерекшелігі.

3. Қола дәуірі (мық) мәдениеті.

4. Ескерткіштері.

Тас дәуірінен кейінгі ірі дәуір қола дәуірі деп аталады Ол б.з.б. II—I мыңжылдықты камтиды. Одан кейін коланың мыстан айырмашылығын ашып көрсетемін. Қола мыс пен калайының қосындысы. Бұдан кейінгі уақыттарда адамдардың негізгі шаруашылык құрал саймандары негізінен қоладан жасала бастағанын, оны игеруді адамдар калай үйренгені жөнінде кызықты етіп әңгімелеп беруге болады. Еуразияның далалы аймақтарында қоланы игеру ісі ерекше қарқынмен дамыды. Қола дәуірінде рулық қатынастар біржола ыдырап, арнайы шаруашылықпен айналысатын тайпалық бірлестіктер пайда болды. Одан кейін кола дәуіріндегі ерекшелігін мына кесте түрінде ашып көрсетемін.



Қола дәуірінің ерекшелігі

Андрон (мық) мәдениеті тақырыпшасын окушыларға кезек-кезек оқытамын, ал қалған окушылар оның мазмұнын түсіндіреді. Оқушылардың Андрон мәдениеті туралы түсінігін еске жаксы сақтауы үшін мына төмендегі тірек сызбаны пайдаланамыз.

  • Мық

  • Орталык Қазақстан

  • Бұғылы

  • Ачинск

Андрон мәдениеті

  • Кент арий, тур, қиян

  • 150-жуьщ қабір 30-ға жуық коныс

  • егіншілік

  • мал шаруашылығы

Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның солтүстік, орталық және батысынан табылған. Солардың негізгілері Алексеевка, Ұралысай, Тастыбүлак, Тамғалы, Петровка, Бесбай, Алғабас, Беласар, Бұғылы, Қанай, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. Оқушыларға қосымша мәлімет ретінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы әңгімелеп айтып беремін.

А. X. Маргулан. Бегазы-Дандыбаевская кулътура Қентрального Казахстана. Алма-Ата, 1979; Ғұлама тұлга, тағдыр, тагылым(ӘлкейМаргрлан туралы естелік мақалалар). Павлодар, 2004.

Жаңа тақырыпты меңгерудің келесі сатысы сабакта өткен жаңа сөздер бойынша жұмыс: алдын ала үйден дайындап жазып әкелген теселі егіншілік, Андрон мәдениеті, петроглифтер деген сөздер жазылған плакатты тактаға іледі. Тақырыпты окушылар калай меңгергендігін тексеру үшін төмендегі сұрактарды коямын. Оқушылар сұрактың жауабын жылдам беруі тиіс.

1. Қола дәуірі кай кезеңді камтиды?

2. Қола калай алынады?

3. Қола дәуірінің үш ерекшелігін айтып беріңдер

4. Қола дәуірінің ірі мәдениеті неліктен Андрон немесе мық мәдениеті деп аталады?

5. Қола дәуірінде Қазақстан тұрғындарын қалай атаған?

6. Қола дәуірінің ескерткіштері ең көп шоғырланған өңір?

7. Қазак жерін кола дөуірінде мекендеген тайпалар қан-дай тілдік топқа жаткан?

9. Ңола дәуірінде егіншіліктің қандай түрі пайда болды?

10. Қола дөуірінің ескерткіші Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашкан көрнекті ғалымды ата. Оқушыларды бағалау.



Үйге тапсырма. 15-параграфты оқып, соңындағы сұрак-тапсырмалар бойынша дайындалып келу. Қола дәуірінің еңбек кұралдарының суретін өздерінің ойынша салып келіп, әңгімелеп айтып беру.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 16. Сақтар

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Ежелгі Қазакстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы туралы деректермен таныстыру.

  • Дамытушылық: Сақтардың кәсібі және шаруашылық жағдайымен танысу, қола дәуірі тайпаларымен салыстыра отырып, ортақ белгілерін, айырмашылығын тани білуге, картамен жүмыс істеуге үйрету, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік. Сактарды ержүрек халык ретінде сипаттай отырып, сақтардың дүниежүзілік өркениетке коскан үлесін анықтау, оқушыларды отаншылдыкқа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: география, математика

Көрнекілік:

1. «Сак дәуірі» картасы.

2. Плакатқа сызылған «Сак тайпалары» кестесі.

3. Сактардың өмірі мен түрмысы бейнеленген суреттер.

4. Сактар өнер туындыларының суреті.

Сабақтпың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

Үйге берілген тапсырманы мұғалім сыныпты 4 нұскаға бөліп, әр нұсқаға үй тапсырмасы бойынша бір-бір тапсырманы жазбаша түрде береді.

1-нұска. Қола дәуірінің кезеңдері, кола қалай алынды? Мыстан артықшылығы қандай?

2-нұсқа. Қола дәуірінің негізгі үш ерекшелігін атап жазып шығыңдар.

3-нұсқа. «Андрон мәдениеті» деп неге аталады? Ол кезеңде Қазакстан аумағын кандай тайпалар мекендеген?

4-нұсқа. Қола дәуірінің ең ірі ескерткіштерін тізіп шығыңдар.

Окушылардың жауап парағын жинап алып, олардың есте сактау кабілетін, тарихи дәуірлердің айырмашылығы мен ортақ белгілерін таба білу дағдыларын дамыту үшін төмендегі диаграмманы сынып болып бірлесе толтырып шығады. Тақтада ілінген диаграмманы толтыруға койылатын талап: оқушылар «Тас дәуірі» және «Қола дәуірі» деген екі шеңбердің ішіне өзіндік ерекшеліктерін барынша көбірек тауып толтырып шығуы тиіс, ал ортадағы төрт бұрыштың ішіне екі дәуірге тән ортақ белгілерін жазып шығады.

ТАС ҚОЛА ДӘУІРІ

Осылайша өткен сабақтарды бір-бірімен байланыстыра отырып үй тапсырмасын тексеріп шығып, жаңа тақырыпқа көшемін



Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Сақтар - ежелгі Қазақстан тұрғындары.

2. Сақ одағына кірген тайпалар.

3. Сақтар туралы көне деректер.

4. Сақтардың материалдык және рухани медениеті.

5. Сақтардың шаруашылығы.

Сақтардың тарихын оқыту барысында мына міндеттерді басшылыққа аламын.

Сақ тайпалық одағының кұрылуы, географиялық, хронологиялық кеңістігі, саяси жағдайы, шаруашылығы, жер иелену ерекшеліктері туралы жүйелі баяндау қажет. Мысалы: б.з.б. I мыңжылдыкта Жетісудан жөне Түркістаннан Қара теңіз бойына, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі аймақты «сақ» атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеген. Оқушыларға сақ тайпаларының жайлаған аумағын картадан көрсетемін. Бұл дәуір тарихи әдебиеттерде «ерте темір дәуірі», «ерте көшпелілер дәуірі», «сақ дәуірі» деп аталады. Сақтардың кұрамына көптеген тайпалар кірді. Олардың нақты санын айту мүмкін емес. Сақтар тарихта көптеген атаулармен белгілі болғандығын айтып, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіріп шығамын.


Кесте№1

Деректерде

Қалай атады?

Ирандықтарда

Сақтар

Еуропада

Скифтер

Грек деректерінде

даилар, массагеттер, исседондар т.б.

Парсы деректерінде

Хаомоварга, тиграхауда, парадарайа

Сақтар туралы бізге көптеген деректер жеткен. Оны нақты мысал ретінде қосымша әдебиеттерден кызықты мәліметтер келтіре отырып, оқушылар жаксы есте сактау үшін төмендегі сызбаны пайдаланады.

Сактар туралы

  • Грек тарихшысы Геродоттың

  • Грек саяхатшысы Аристейдің

  • Парсының Бехистун жартасында

  • Накши Рустемдегі тасқа кашалған жазуларда

  • Персепольдегі таска қашалған жазуларда

  • Грек авторы Фукидидтің зерттеулерінде

Одан әрі «Сақтардың өмір салты, шаруашылығы және тұрмысы» мен «Көшпелі мал

шаруашытылығы» такырыпшаларын окушыларға кезек-кезек окытып, ал калған оқушыларға оның мазмұнын айтып беруді тапсырамын. Мұнда сақтардың мал шаруашылығының түрлері мен табиғи-географиялық ортаның оған әсері ашып көрсетемін Осылайша жаңа тақырыпты меңгеріп шыққаннан соң, олардың жаңа тақырыпты қалай түсінгенін тексеру мақсатында төмендегі сұрақтарды беріп тақырыпты бекітемін.



Бекіту сұрақтары:

1. Сақтардың өмір сүрген баспанасы.

2. Сақтар өлген адамды қалай жерлеген?

3. Сактар неге табынды?

4. Сақ елінде басты Құдай не болды?

5. Сақтар ұлы аруақтарға арнап кандай малды құрбандыкка шалды?

6. Сақ заманының тұрмыстық заттары, ыдыстары мен бүйымдары қандай стильмен өрнектелді?

7. Сақтардың негізгі шаруашылығы не болды?

8. Көшпелі мал шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында тарады?

9. Отырықшы шаруашылық Қазақстанның қай аймағында тарады?

10. Қазақстанның оңтүстік аймағында отырықшы мал шаруашылығының дамуы неліктен мүмкін болды?

Қорытынды: Скиф-сақтар Шығыс Еуропа, Батыс және Орталық Азия кеңістігіне тараған жаркын мәдениетті туғызды. Сонымен катар сақтар заманыңда әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қоса білген жауынгер де батыр халық болғанын біз сендермен келесі сабақтарда оқып білетін боламыз.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 16- параграфты окып, такырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу. «Жүмыс дәптеріндегі» 2-3 тапсырманы орындау.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §17. Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін

күресі.
Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: Сак қоғамындағы басқару ісі, коғамдык қүрылысының ерекшелігі мен сақтардың өз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғыстары кезеңіндегі басты тарихи тұлғалар мен олардын ерліктері туралы білім беру.

  • Дамытушылық: Оқушылардың сактар туралы білімдерін одан әрі жетілдіріп, ойлау, картаны косымша көмек кұралы ретінде пайдалана білу қабілеттерін, аңыз деректері негізінде сақтар туралы, тарихи оқиғалардың тарихи шеңбері мен кеңістігі туралы білімдерін жетілдіру.

  • Тәрбиелік: Отаншылдыққа, мемлекетті және тәуелсіздікті сүюге, ұлтжандылыққа тарихи тұлғалардың ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интеракивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік:

1. Карта.

2. Сақтардың жаугершілігін бейнелейтін суреттер.

3. Сақтардың саяси тарихына катысты хронологиялык кесте.



Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

Алдымен «Жұмыс дөптері» бойынша берілген тапсырмаларды жаппай тексеріп шығудан бастаймын. 1-2 окушы үй тапсырмасының дұрыс жауабын оқытамын, ал қалған оқушылар көршісімен дәптерлерін алмасып, бір-бірлерінін катесін тексереді.

Өткен сабақты еске түсіріп, жаңа сабақты айтуда оқушыларға көмек ретінде тақтаға төмендегі «Сактар» деген тірек сөзді жазамын, оқушылар оны кезек-кезек бір-бірлеп айтып, оны толтырып отырады.

САҚТАР
















Осы тақтада жазылған тірек сөздердің көмегімен енді окушыларға үй тапсырмасын мазмұндап беру тапсырылады.

Үй тапсырмасын былай корытындылаймын: Сақтар ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі өркениеттің жоғары дәрежесіне жеткен тайпасы болды. Олар негізін салған мәдени, шаруашылықтағы жаңашылдықты кейін кұрылған тайпалық одактар мен мемлекеттер жалғастырды. Сол заманнан бері казақ даласында көшпелі мал шаруашылығы мен отырыкшы қалалық тұрмыс әдемі үйлесім тапты. Сақтар өз заманыңда отанын, жерін басқа жатжерлік шапкыншылардан қорғауда ірі-ірі шайкастарды басынан кешірді. Бүгін біз осы сақтардың көршілермен қарым-катынасы, саяси тарихы туралы мағлұмат аламыз деп жаңа тақырыпқа көшемін.



Жаңа тақырыптың жоспар:.

1. Сактардағы басқару ісі.

2. Сактар туралы аңыздар.

3. Сак патшасы Томирис.

4. Сактардың жатжерлік жаулап алушыларға қарсы күресі.

5. Парсылардың сақ жеріне жорығы.

6. Сак жауынгері Шырактың ерлігі.

7. Сактардың басқа елдердегі ірі шайқастарға қатысуы.

Сақтардың қоғамдық тіршілігінде халык жиналысы маңызды рөл атқарды. Оған бүкіл ер азаматтар катысқан. Ер адамдардың орны оның ру-тайпасының деңгейіне карай анықталды. Себебі, сак тайпалары да өркелкі еді. Олардың ішінде билікті ұстаған патша әулеттері де, катардағы көшпелі немесе егінші тайпалар да болды. Одан кейін сақтарда билеуші әулеттің пайда болуы туралы аңыз-әңгімені оқушыларға әдемілеп айтып беремін.

Сақтар көптеген әлемдік тарихи окиғаларға катысқан. Олар Ираннан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықтағы барлық елдерді бағындырған, жеңілмейтін парсы патшасы Кирді жеңіп, Ахеменид әулетінің басқа да билеушілерімен шайкасқан. Сактар мен парсылар арасындағы шайқас ұзақ жылдарға созылды. Сақтардың біраз бөлігі парсылармен соғыс одағын қүрып, Египетке жорық жасайды. Сонымен қатар тарихта сақтардың парсылармен бірігіп, гректермен шайкасканы бізге белгілі. Көшпелілердің салты, жауынгерлік дәстүрлері сол заманда өзге халықтардан үстем болды. Бұл дәстүрлер әлі де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Қазақтардың арғы ата-бабалары да өз отаны үшін қасық қаны қалғанша күресіп, отқа түсіп ерлігімен данқы шыққан. Бұл ерлік дәстүр атадан балаға мұра ретінде калып отырды деп, сақтардың ерлігін, батырлығын сипаттайтын оқулықтағы аңызды оқушыларға өздері оқып меңгеруді тапсырамын. Ол үшін сыныпты №1, №2, №3, №4 нөмірленген бірнеше топқа бөлемін, олардың міндеті аңыздарды оқып-түсініп, 2-3 сұрақ құрастырады, ол сұрақтар бір-бірін кайталамауы тиіс..

Осылайша тақырыпты меңгеріп шыққан оқушылардың білімін бекіту үшін өткен сабактағы хронологиялық кестемен жұмысты кайталай отырып, жалғастырады.

Болған окиға мерзімі Тарихи оқиралар

Б.з.б. VIII-VII ғасырлар - Ежелгі Ассирия мен Мидия өркениеттерімен қатынасы

Б.з.б. VI ғасырдың ортасы - Ахеменид (Иран) өулетімен карым -қатынасы

Б з.б. 530. жыл - Парсы патшасы Кирдің сактарға жасаған жорығы


Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары -Сақтардың өз жерлерін грек-македондықтардан корғауы

Б.з.б. 540, 530, 519 жылдар- Ахеменид өулеттерінін сак жеріне жорығы

Б.з.б 519-518 жылдар - Парсы патшасы Дарийдің сақтарға жойқын жорығы
Оқушылар хронологияльқ кестені кейінгі сабактарда пайдалану үшін артық бос жолдарды сызып калдырады.

Қосымша дерек ретінде сак патшасы Томирис (Түмар), Зарина туралы аңыздарды, ғылыми-көпшілік әдебиеттерден әңгімелеп айтып беремін.Бұл окушыларды кызыктыра түседі.



Қосымша дерек ретінде ұсынылатын әдебиет: ЯннисМилиадис. Истории из Геродота. М., 1983. 60

Жаңа такырыпты бекіту үшін окушыларға төмендегі сұрақтарды қояды.



Сұрақтар тізімі:

1. Аңыз бойынша сактардың ата-бабасы кімдер?

2. Аңыз бойынша сақтардың үш әулетінің қайсысы тұңғыш патша ұрпағы атанды?

3. Сақ коғамында абыздардың киген киімінің түсі.

4. Кирдің колынан қаза тапкан Томиристің ұлы.

5. «Сен қанға тоймаушы едің, енді той» деген сөз кімдікі?

6. Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары сак-скиф жеріне грек-македондыктарды бастап келген қолбасшы.

7. Грек-македон әскерінің Үндістанға жорығына қатыскан массагет тайпасының ауыр қару-жарақты атты әскері калай аталады?



8. Парсы патшасы I Кир кай өзеннің бойына қала тұрғызды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 17-параграфты тақырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалардың көмегімен жауаптар дайындау аркылы меңгеріп шығу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет