|
Сабақтың мақсаты: білімдік: дамыған орта ғасырдағы қала өмірі, мырзалар,қала халқының тұрмысы
|
Дата | 19.02.2017 | өлшемі | 13,51 Kb. | | #10853 | түрі | Сабақ |
| - Сыныбы:7
- Күні:
- Тақырыбы: §19. Еуропадағы қала өмірі.
- Сабақтың мақсаты:
- білімдік: дамыған орта ғасырдағы қала өмірі,
- мырзалар,қала халқының тұрмысы,
- жікке бөлінуі жайында түсіндіру
- дамытушылық: тақырып мазмұнын ашатын сұрақтар
- қою арқылы оқушының ойын дамыту,
- толықтыру
- тәрбиелік: оқушыларды мәдениетке,адамгершілікке,
- әділетті болуға тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: аралас сабақ
- Сабақтың әдісі: ауызша баяндау,сұрақ-жауап,әңгімелеу
- Сабақтың жабдығы: тірек сызбалары,карта,карточка,
- суреттер
-
- 1.Ұйымдастыру
- 2.Үй тапсырмасын пысықтау.
- 1 тапсырма.
- “Кім жылдам?” сұрақтарға тез жауап беру
- а) 11ғасырға қарай Батыс және Орталық Еуропада
- шаруалар қандай жерлерді пайдаланды?
- ә) Ауыл-шаруашылығы техникасы қандай болды?
- б) Шаруашылықта қандай өзгерістер болды және еңбек
- құралдары неден жасалды?
- в) ”Ісмерлер”- деген кімдер?
- г) Қолөнершілер қандай жерлерге барып қоныстанды?
- ғ) Қолөнершілер поместьелерден неге қашты?
- д) Жәрмеңке дегеніміз не?
- е) Айырбастаушылар деген кімдер?
- ж)Шығыс елдерімен сауданың қандай түрлері жүргізілді?1111
- №3 карточка
- Қалалар қалай пайда болды?
- 2тапсырма.
- Карточкамен жұмыс,сұрақтарға жауап беру.
- 3тапсырма.
- Венн диаграммасы,қорытындылау
- Тақырыбы: Еуропадағы қала өмірі.
- Жаңа сабаққты пысықтау:
- 1тапсырма:оқулықпен жұмыс
-
- Тарихи диктант,көп нүктенің орнына сөздерді тауып қою.
- 1.Феодалдардың -. .-.-.-.- мен тонаушылығы қалаларда -.-.-.-.- мен
- сауданың дамуына кедергі жасады.
- 2. Дуалдармен қоршалған -.-.-.- жер қала халқы үшін-.-.-.-. жасады.
- 3. Қаладағы-.-.-.- жер-.-.-.-. алаңы болды.
- 4. Қалаларда -.-.-.-.- көтерілісі жиіледі.
- 5. Қала дуалдарының алдында өңделген-.-.-.- жерлер-.-.-.-.болды
- .-.-.-.табын-табын мал жайылып жүрді.
- 2тапсырма:
- Ретке келтіріп,дұрыс жауабын табу.
- 1.Феодал 1.Сауда
- 2.Баж 2.Жер
- 3.Қолөнер 3.Мырза
- 4.Егістік 4.Салық
- 5.Шіркеу 5.Ратуша
- 6.Кеңес үйі 6.Собор
- 7.Кедей 7. 5-6мың
- 8.Халық 8жұмысшы
- 9.Кең жер 9.Бағалы әшекей
- 10.Байлар 10.Базар алаңы
- 3тапсырма: Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- 1.Қала халқы қолөнер мен саудадан басқа немен айналысты?
- а)ауыл-шаруа/н ә)әскери іспен б)көше тазалаумен
- 2.Қалада аурулар не себепті тарады?
- а)қала/ң ластығынан ә)адам/ң көптігінен б)тазалықтың
- жоқтығынан
- 3.Қала кімнің жерінде бой көтерді?
- а)корольдің ә)шаруаның б)феодалдың
- 4.Қолөнер мен сауданың дамуына кедергі болған не?
- а)тонаушылық ә)салық б)ауыр жұмыс
- 5.Қалалар не себепті көп қабатты етіп салынды?
- а)жер халық үшін тар ә)егіншілікпен айналысу үшін
- б)қала жоспары бойынша
- 6.Қала тұрғындары алаңға не салды?
- а)шіркеу ә)ратуша б)базар
- 7.Кедейлер байларға қарсы күресті не үшін ұйымдастырды?
- а)қысым көрсеткені үшін ә)қара жұмысқа салғаны үшін
- б)күш көрсеткені үшін
- 8.Қала тұрғындары көп уақытқа дейін неден қол үзбеді?
- а)бұйымдар жасаудан ә)ауыл-шаруашылы/н б)саудадан
- 9.Төлем түрі
- а)жұмыс ә)шаруашылық б)салық
- 10.Брюгге қандай мағынаны білдіреді?
- а)дуал ә)көпір б)қала
- Өзін-өзі тексеру сұрақтарының жауаптары:
- 1. А
- 2. А
- 3. Б
- 4. А
- 5. А
- 6. Ә
- 7. А
- 8. Ә
- 9. Б
- 10. Ә
- “Светофор “ –ойыны.
- Шарты:сөйлем дұрыс болса, “жасыл” дұрыс емес болса, “қызыл” жалаушаны көтереміз.
- 1.Мырза саудагерлердің дүкендеріндегі,шеберханаларындағы ұнаған заттарын күшпен тартып алды.
- 2.Қазіргі заманмен салыстырғанда ортағасырлық қалалардың халқының саны өте көп болған.
- 3.Дуалдармен қоршалған жер қала халқы үшін тар болды.
- 4.Батыс Еуропа қалаларында көшелер кең,әрі таза болатын.
- 5.Бірін-бірі сығылыстырыла салынған құрылыс жайлардың арасында бай адамдардың биік үйлері көрініп тұратын.
- 6.Қала халқының негізгі кәсібі ауыл-шаруашылығы болды.
- 7. Салынған үйлердің үстіңгі қабаты ,астыңғы қабатынан шығыңқылау болды.
- 8.Қаланың бас шіркеуі-ратуша.
- 9.Қаланың дуалдарының алдында егістік жер мен бау-бақша болды.
- 10.Кедейлер өздеріне қысым көрсеткен қала байларына күрес жүргізіп отырды.
- Тікелей жауап,сұраққа тез жауап беру
- 1.Феодалдың жерінде бой көтерген не?
- 2.Алғашқы жылдар кімдердіақы төлеуден босатты?
- 3.Қалалар немен қоршалды?
- 4.Қала көшелері қандай болды?
- 5.Кедейлер қандай жұмыстарды жасады?
- 6.Қала кедейлері кімдерден құралды?
- 7.Дуалдардың алдында не болды?
- 8.Қалалық кеңес үйі
- 9.Қалалардағы халық саны
- 10.Бас шіркеу қалай аталады?
- Үйге тапсырма: 19 тақырыпты оқу.
- а)сұрақтарға жауап беру.
- ә)Еуропадағы қалалар туралы мәнжазба дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|