Сабақтың мақсаты:Білімділігі: оқушыларға туған елі, жері туралы білімдерін кеңейту. Олеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Оқушыларды ақын өмірімен, шығармалары және өлеңдерімен таныстыру. Балаларға өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, мәнерлеп айту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.Түрлі тапсырмалар орындау барысында іскерлік, танымдық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі:Өз елін, жерін қорғауға, Отанын, тілін сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: М.Мақатаев суреті, автор кітаптары,ойындар, ел рәміздері, сюжетті суреттер. Сабақтың барысы: I . Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық. Бір, екі, үш Сынып іші тып-тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз 1-арал « Не оқып, не үйрендік?» II. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Жақан Смақовтың «Отан» туралы өлеңін жаттау. 2. Отан, тіл, ел, туған жер туралы мақал-мәтелдер жаттау. 2-арал « Сен білесің бе?» 1.Жақан Смақов кім? ( балалар әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жазушы) 2. Жақан Смақов қандай өлеңдер жазған? (Сылдырмақ, Сәбилерге сәлемдеме, Ақ бұзау) 3.Жақан Смақов қайда туған? (Жезқазған облысы, Жаңақара ауданындағы, Ынталы деген жерде туған) 4.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Елтаңба, Гимн, Ту) 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков) 6.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов ,Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков) Автор туралы мәлімет Жақан Смақов Жезқазған облысы, Жаңақара ауданындағы Ынталы деген жерде туған.Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті тұлғасы. 3- арал «Біліп ал да, ұғып ал» III. Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту Топтастыру «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер? ( Мөп-мөлдір аспан, қауызын ашқан гүл, асқар тау)
Ойқозғау. Отан, туғанжер, ел, тілтуралықандаймақал-мәтелдербілесіңдер? Ақын - жазушылардан кімдерді білесіңдер? Автор туралы мәлімет беру. Мұқағали Мақатаев 1936 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған. Мұқағали Мақатаев қазақтың ақиық ақыны, Қара өлеңнің Құлгері атанған. Мұқағали пояэзиясы түрлі тақырыптарға бөлінеді: ана туралы, табиғат лирикасы, махабат лирикасы, туған жер, Отан, соғыс тақырыбы. Оқулықпен жұмыс а)Мақал- мәтелдерді түсініп оқып, мәнін түсіндіру және жаттап ал. 1.Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық. 2. Отан оттан да ыстық
ә) Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін оқу, мазмұнын түсіндіру. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған. Жаным менің, кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған. Отан, Отан, Бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.. Қасиетті қазақ тілінің мәртебесіне тоқталу. - 1989 жылы Қырқүйектің 22-сі күні «ҚР тілдері туралы Заңы» қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл статусына ие болды. - 1997 жылы Тіл Заңы қайта талқыланып, 7 шілдеде ҚР тілдер туралы Заңы қабылданды. Ой дамыту. 1.Өлеңді қандай дауыспен оқу керек деп ойлайсың? Дәптермен жұмыс Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық Әдемі етіп жазайық. Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тап . Оларды дәптеріңе жазып ал. Ағынды өзен қасиетті тіл асқар тау құдіретті үн Жеке жұмыс Өткен сабақта оқылған мәтін мен осы өлеңді салыстыру: Ақындар Отанды неге теңейді? Екі өлеңдегі ұқсастықтар: Екі өлеңдегі ерекшеліктері: Жақан Смақов Гүлге, аспанға теңеді. Мұқағали Мақатаев Қасиетті тіл, туған жер, қасиетті тіл, құдіретті үн 4- арал «Ізденушілер» Топпен жұмыс 1 топ « Астана» 2 топ « Алматы» 3 топ «Ақтау» 4 топ «Шымкент»