Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:
Оқушыларға түбір сөз және туынды сөз туралы түсінік беру,түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа сөздің туынды сөз деп аталатынын меңгерту.
2.Дамытушылығы:Әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойлауын,сөздік қорын дамыту.Шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
3.Тәрбиелігі:Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып,ынтымастыққа,елін-жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,топтық жұмыс
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
А)Психологиялық дайындық
Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық,
Қонақтарға ізетпен.
II.Үй тапсырмасын тексеру
18-жаттығу.Әр сызбаға сай сөз тауып жазу
III.Өткенді қайталау.
Сұрақтарға жауап беру.
-Сөз құрамы нешеге бөлінеді?
-Түбір дегеніміз не?
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегенміз не?
IV.Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
-Балалар,халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
-Халық ауыз әдебиеті дегеніміз ауыздан ауызға ауызша тарап,біздің дәуірімізге жеткен шығармалар, яғни біздің атадан балаға дейін жалғасып келе жатқан асыл мұрамыз.
-Ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер:жұмбақ,мақал-мәтел,ертегі,шешендік сөз,жаңылтпаш т.б.
-Бүгін біз осы ауыз әдебиеті еліне саяхатқа шығамыз.Әр елдің бізге дайындаған тапсырмаларын орындап,өз білімімізді көрсетеміз.
1-ші аялдамамыз халық ауыз әдебиетінің орталығы «Асыл қазына» елі.Ендеше «Асыл қазына» елінің дайындаған тапсырмасын орындайық.
Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып айт.
жұмыс,дос,сый, -лық,
талап,қызмет, -шы, -ші
дойбы,ас -кер,
-тық
жұмыс - жұмысшы, жұмыскер
дос - достық
сый - сыйлық
талап - талапкер
дойбы - дойбышы
қызмет - қызметші,қызметкер
ас - астық
Екі бағандағы сөздерді салыстыру.
Ереже қорытып шығару
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.
Мысалы:ерлік,әнші
IV. Оқулықпен жұмыс.
«Жұмбақтар елі» аялдамасы
Жұмбақ
Қабат-қабат қаттама,
Ақылын болса аттама (кітап)
Оқулықтың 120-бетіндегі 20-жаттығуды орындау.Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазу.
Топтық жұмыс
Түбір сөз Туынды сөз
өнер іскер
ертең ертеңгі
жарыс көңілді
іс балапан
жаз егін
ә) «Мақал-мәтелдер елі» аялдамасы
21-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.Туынды сөздерді тауып,сөз құрамына талдау.
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
V.Сергіту сәті
Ойын «Сөз ойла,тез ойла!»
VI.Дәптермен жұмыс
а) «Жаңылтпаштар елі» аялдамасы
23-жаттығу.Жаңылтпашты оқып,жатқа айт.
Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
Жұмыскер,жұмысты
ә) «Ертегілер елі» аялдамасы
Топтық жұмыс
24-жаттығу.Берілген сөздердің кейбірімен заттың атын білдіретін,кейбірінен заттың сынын білдіретін сөздер жасау.
Б) «Шешендік сөздер елі» аялдамасы
25-жаттығу.Қай гүлге қай көбелек қонғанда жаңа сөз жасалатынын анықта.
VII.Үйге: 22-жаттығу.Туынды сөздердің астын сызу.Ереже жаттау.
VIII.Бағалау.
IX.Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға сабақты бекітуге арналған сұрақтар қою.
Достарыңызбен бөлісу: |