Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс – әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкінділітерін ашу; Дамытушылық



Дата15.09.2017
өлшемі98,46 Kb.
#33108
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс – әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкінділітерін ашу;

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, байқату, олардың ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылардың ата – ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезігуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, гүлдер,Жалмауыз апай.
Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінде саналы оқушы болып, білім бастауы, бар ғылымның атасы «Әліппені» аяқтап отыр. Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Қош бол, құтты әліппем!» ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер!
Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық! 
1-жүргізуші - Батыржан: Ассалаумағалейкум, уа халайық! 
1.2-жүргізуші Нұрсауле: Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар. 
Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз. 
Ғылым, білім жолына 
Енді қайық саламыз. 
1-жүргізуші - Батыржан

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,


Мұндай күй болған сірә баршаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
1 «Ә» сынып оқушыларын ортамызға.
Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады.

І бөлім. 1-жүргізуші - Батыржан:

Осы біздер қандаймыз?



Аружан Б 1– оқушы:

Мың бұралған бишіміз


Азамат 2 – оқушы:

Біз қызықпыз, қызықпыз. 


Сәл еркелеу бұзықпыз.
Аружан А.3- оқушы:

Біз шеберміз 


Ақылдымыз

Ерболат 4- оқушы:

Үлкенге ізеттіміз 


Кішіге қамқоршымыз
Алтынай 5- оқушы:

Көп оқимыз 


Терең оқимыз

Ерсұлтан 6- оқушы:

Өнерліміз



Аяжан 7- оқушы:

Жанып тұрған шырақпыз 


Толқынды су бұлақпыз

Нұрасыл 8- оқушы:

Елімізді өркендетін 


Жаннұр 9- оқушы:

Қазақ тілін көркемдететін



Бейбарыс10- оқушы:

Бабаларға тағзым ететін 


Айжан 11- оқушы:

Аналарға бас иетін.



Рамазан 12- оқушы:

Елтаңбасымен еңселі 


Аршын 13- оқушы:

Туымен тұғырлы 


Әнұранмен айбатты

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!» 


4-оқушы:

Бейбарыс 10- оқушы:

-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. 
Айжан 11- оқушы:

-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын. 


Рамазан 12- оқушы:

-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік. 


2.2-жүргізуші: Нұрсауле

-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын: 


Іші толы әріпке, 
Білімдегі жарық не? 
Оқушылар хормен: 
Болашаққа жол ашар, 
Ол -сүйікті Әліппе, 
Ол-сүйікті Әліппе! 
1-жүргізуші - Батыржан

Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық! 


Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе 
Музыка фоны қосылады: күн күркіреп, найзағай соғады сол кезде бір оқушы сахнаның аржағынан жүгіріп келіп
Бейбарыс оқушы: мұғалім, мұғалім көмектесіңіз ана жақта жалмауыз кемпір әліппе мен ана тіліні ұстап алып, жібермей жатыр.
Мұғалім: Мәссаған олай болса, мінеки сен мына шақыруды бер де біздің кешімізге қонаққа шақыр. (осы кезде оқушы жүгіріп сахнаның ар жағына кетеді, бала кетіп қалғанда қайтадан күн күркіреп, найзағай соққан кезде сахнаға түрі қорқынышты жалмауыз кемпір шығады, оқушылар қорқандарынан көздерін қатты жұмып, ашпай тұрып алады)
Жалмауыз кемпір: Әй оңбағандар, сұмырайлар сендер неге мені шақырмайсындар, қәне ашындар көздерінді , ашындар әйтпесе бастарына найзағай түсірем.
Жаннұр оқушы: Жалмауыз апай сіз соңдай әдемісіз, көйлегіңіз қандай әдемі.(жалмауыз кемпір майысып, рас па , шын айтасынба деп сұрайды)
Жалмауыз: Қарайгөр өздерін алдамандар мен бәрібір де әліппе мен ана тіліні жібермеймін.
Нұрсауле

Жүргізушілер: Сіз ашуланбаныз ана жерге жайғасып, біздің оқушылардың өнерлері мен білімдерін тамашалаңыз. Негізі сізге әдейі орын дайындағанбыз.


1-жүргізуші - Батыржан

Әліппенің тойында


Әркім құштар ойынға
Әріптер сыр ашады
Қыздар биге басады.
Қазақша би. Қыздар тобы

Жалмауыз: жарайды билерін өте ұнады олай болса әліппелерінді жіберейін.

(осы кезде әліппе келіп кешті жалғастырады)

Әліппе ортаға шығады:Сауле
-Армысыңдар жас достар! 
Армысыңдар, ата-ана! 
Болашаққа жол бастар, 
Әліппең келді ортаға. 
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген. 
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден. 
Таудай болса талабың, 
Айтары көп әріптің 
Қуанышы баланың 
Қуанышы ананың 
Жақсы білім көрімдік, 
Болсын бізге халайық. 
Не үйретіп, не білдік, 
Қане, ортаға салайық! 

Балалар сендердің білімдеріңді тексергім келеді . Менің бірнеше тапсырмаларым ба.



Әліппе сабағынан тапсырмам: қазақ әліпбиінде неше әріп бар? Жаубы:42

Математика сабағынан тапсырмам: Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды. Екі қыз неше пирамида құрастырды? Жаубы:5

Дүниетану сабағынан тапсырмам: Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді? Жаубы:көктем

Ағылшын тілі сабағынан: Ағылшынша 10-ға дейін сана.

Енді мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келеді


Нурсауле : Ән «Менің атым Әліппе» . Орындайтын Байжукенов Батыржан
3.2-жүргізуші: Нұрсауле

-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық. Осы сөздерге арналған тақпақтар тыңдайық: 


Жаннұр 9- оқушы: О

Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан ауылың.

Нұрасыл 8- оқушы: Т

Отан – тарих, Отан – тіл,
Жазған елің, ер халқың,
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Рамазан 12- оқушы

Отан

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!




Бейбарыс Н

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл.

Аружан Б 1– оқушы: А

О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болсын екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.



Аяжан 7- оқушы: Н

Әкем –анам жасыл бағым жайнаған,

Сол бағыңда асыр салып ойнағам

Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің

Бар тілегі тек сіздерге арналған

Рауан 14- оқушы: А

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 


Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ... 

1-жүргізуші - Батыржан

-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп. 


-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді. 
-Біз мектепке не үшін келеміз? 
-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз 
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. 
Тамырланып , сан тарапқа тараған. 
Жүректерге жаққан білім шырағын , 
Мектебіме арналады бұл әнім! 

ӘН: «Мектебім» (хормен) 



Азамат 2 – оқушы: Ә

Әке, шеше, атын сен, 


Бізге үйреттің Әліппе 
Бізге жақын нағыз сен, 
Сенен білдік әріпті 
Алтынай 5- оқушы: Л
Ізгілікті ойға тоқитын, 
Шәкірт боп үздік оқитын. 
Әліппе атты кемемен, 
Кеземін Білім мұхитын. 
Ерсұлтан 6- оқушы: І
Барлық әріп бағалы, 
Айттық әділ бағаны. 
Әріпсіз сөз болмайды, 
Буын онсыз толмайды. 
Адам барлық әріпті, 
Ардақтайды, қолдайды. 

Аршын 13- оқушы: П
Алфавиттің А тұрады басында, 
Әрқашанда Ә тұрады қасында. 
Байқадың ба Б тұрады үшінші, 
Ал, осының сыры неде түсінші.? 
Ерболат 4- оқушы: П

А деген ол-аналар ғой ардақты, 


Ә деген ол-әкелер ғой салмақты. 
Б деген ол-балалар ғой әдемі, 
Біздің елде үшеуі де кәделі 
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында. 

Айжан 11- оқушы: Е

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы
1-жүргізуші - Батыржан
-Рахмет, достарым! 
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады. 
-Қане, әліппеге Қош айтайық! 

Ән: «Әліппе»

Оқушылар хормен: 


-Бізге білім салып берген, 
Қош бол, құтты Әліппем, 
Қош бол, құтты Әліппем! 
Сәуле: Әліппе сөйлейді: 
Білімінің көп қой саласы, 
Әліппе соған жолбасшы. 
Ғылымның қиын жалғасын, 
Басқа кітаптан табарсың! 
-Қош болыңдар, балалар! 

Балалар хормен: 
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ! 
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ! 
Батыржан Жүргізушілер: Жалмауыз апай енді біздің кешіміз сәтті өтү үшін біздің ана тілімізді жіберіңізші, өтінеміз (осы кезде оқушылар 3рет өтінеміз деп айтады)
Жалмауыз: жо-жо-жоқ сендер әді де маған өнерлерінді толық көрсетпей жүрсіндер
Ән « Жаса, Қазақстан» орындайтын Елбесинов Аршын
Жалмауыз :Балалар сендер қандай өнерлісіндер мені де алындаршы 1ші сыныпқа, менде оқығым келеді.
Батыржан Жүргізушілер: Олай болса дәп қазір жібер ана тілімізді

4.2-жүргізуші: Нұрсауле

 -Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына Ана тілі келеді. 


-Қарсы алайық, танысайық .(осы кезде жақсы музыка фоны арқылы ана тілі шығады)

Шұғыла- Ана тілі сөйлейді: 
Туған елдің тілімін, 
Ақылы мен танымымын. 
Түсіндірер бәріне, 
Ана тілі пәнімін. 
Ана тілің-арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте. 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте! 
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер. 
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер: 
1. Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 
2. Тақтада жазып, жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған (бор) 
3. Үйреткен білімді, 
42 білімді (алфавит) 
4. Алты түрлі түсі бар, 
Сурет салар ісі бар (қарындаш) 
Ана тілі :

Балалар. енді қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.


1. Оң қолымда 5 алма,
Сол қолымда 5 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?

2. 5 алманың үшеуін,


Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?

3. Сымда 5 үйрек отыр еді, екеуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады?

-Рахмет, балалар, жарайсыңдар! 
5.2-жүргізуші: Нұрсауле

Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз. 


1-жүргізуші - Батыржан

Би ұлдар тобы



Нұрсауле: Ән «Мектебім» хор

Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Қымбатты шәкірттерім!

Сіздердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті қадамдарың құтты болсын.


Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар деп атамыздан бата сұраймыз .

Тасболатов Нурасылдың атасынан бата сұрау.

Осы мен мерекелік кешіміз аяқталды. Ендігі сөз кезегі мектеп диреторы Раймбекова Ж.М.Оқушыларға арнап алғыс хат, кітаптар тарату.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет