Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың көпжақтар, элементтері, түрлері, бүйір бетінің ауданы



бет1/2
Дата28.11.2019
өлшемі300,31 Kb.
#52646
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
11 каз геометрия

Сабақтың тақырыбы:

«Көпжақтар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың көпжақтар, элементтері, түрлері, бүйір бетінің ауданы,

толық бетінің ауданы, көлемдері туралы білімдерін дамыту, әртүрлі әдіс-

тәсілдерді қолдану;

Дамытушылық: көпжақтар туралы білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;



Күтілетін нәтиже:

Танымдылық: есептерді шешудің тәсілерін таңдау және құру; логикалық

ойлауды қалыптастыру, қорытынды жасау.

Коммуникативтік: ортақ шешім табуға, әртүрлі ой- пікірлерді ескеру;

Жеке тұлғалық: жаңа заман талабына сай ғылым мен қоғамдық іс- шарада

дүниетанымын дамыту.

Кажет құрал –жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, көпжақтар, компьютер, проектор,

презентация.

Сабақтың өту барысы:


  1. Тақырыпты анықтау, ұйымдастыру

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Оқыту мотивациясын құру сәті

  4. Білімнің маңыздылығы

  5. Есептер шығару

  6. Сергіту сәті- 1мин

  7. Рефлексия- 2мин.

Сабақтың барысы:



  1. Сыныпты қарсы алу, сәлемдесу; «Шаттық шеңбері» - 2 мин.

Мақсаты: ҰБТ- ны жақсы тапсыруға өз тілектерін айту.

Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын,

ҰБТ-да жолың болып,



Болашағың жарқын болсын!

  1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау – «Көпжақтар» тақырыбына «Кроссворд шешу»

Егер сендер мына кроссвордты дұрыс шешсеңдер, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы айқындалады.Бүгінгі сабағымыз басқа сабақтардан өте ерекше болмақ.

К

 

 

 

 













Ө

 

 

 

 

 










П

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж

 

 

 

 

 

 

 




А

 

 

 

 

 

 







Қ

 

 

 

 

 

 

 




Т

 

 

 

 

 

 







А

 

 

 

 

 

 







Р

 

 

 

 

 










Cұрақтары:

  1. Барлық қырлары тең тікбұрышты параллелепипед – куб.

  2. У=2х+1 қандай функция- өспелі.

  3. Жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер- параллель

  4. Стереометрияның негізгі фигураларының бірі- жазықтық.

  5. Дұрыс пирамиданың бүйір жағынан түсірілген биіктік- апофема.

  6. Нүктенің арақашықтығын сақтайтын кеңістіктегі түрлендіру- қозғалыс.

  7. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем- теорема.

  8. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем- аксиома.

  9. Шеңбердің центрінен оның кез-келген нүктесіне дейінгі қашықтық- радиус.

Крассвордты шешу арқылы оқушылар сабақтың мақсатын өздері айқындайды.

- Бүгінгі сабағымызды өткізу үшін сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын анықтап алдық.



«Фронтальды сұрақтар» қою:

«Призма» тақырыбына арналған сұрақтар:

  1. Призманың қандай анықтамасын білесіңдер?

  2. Призманың түрлері қандай?

  3. Призманың элементтерін атаңдар.

  4. Призманың диагональдық қимасы қалай өтеді?

  5. Дұрыс призма деп қандай призманы айтамыз?

  6. Призманың бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданы қалай есептеледі?

«Пирамида» тақырыбына арналған сұрақтар:

  1. Пирамиданың қандай анықтамасын білесіңдер?

  2. Пирамиданың түрлері қандай?

  3. Пирамиданың элементтерін атаңдар.

  4. Пирамиданың диагональдық қимасы қалай өтеді?

  5. Дұрыс пирамида деп қандай пирамиданыны айтамыз?

  6. Пирамидадан қиық пирамиданы қалай алуға болады?

«Дұрыс көпжақтар» тақырыбына арналған сұрақтар:

  1. Қанжай көпжақ «дұрыс көпжақ» деп аталады?

  2. Дұрыс көпжақтың түрлерін атаңдар.

Енді үй жүмысын тексерейік. Ол үшін «Сәйкестендіру» тапсырмасын орындайық.

- «Сәйкестендіру» жұмысы орындалып болған соң тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі. Әр оқушы өз жұмысын тексереді. Дұрыс не қате екенін қызыл, жасыл, сары түсті қағаздарды көтеру арқылы анықтаймыз.







Әр оқушы өзін бағалайды.
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет