Қазақстан тарихынан 5 сыныпқа арналған ашық-жарыс сабақ Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымыз!
Сабақтың мақсаты: Ғылым, білімге жетелейтін XXI-ші ғасыр идеалы білімді жас ұрпақ қалыптастыру.
Дамытушылық: Қазақ тілі Қазақстан тарихы пәндеріне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік, зияттылық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін, жерін сүюге адамгершілікке тәрбиелеу
Жоспары:
I.Сан ғасырлар тарихынан кешегі
II.Туған жердің шежіресі өседі
III.Менің елім Қазақстан-Отаным
Болашағы бізбен бірге өседі.-дей отырып:
Армысыздар, қадірменді ұзтаздар, оқушылар! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойы жететін білім моделінен, өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз»-деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Білім мен ғылым бәсекесі туындаған XXI ғасырдың, тәуелсіз егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер!
Барлығымыз орнымыздан тұрып, ӘНҰРАНДЫ айтамыз
Сайысымызда білімі мен тапқырлылығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстырар болсақ, 5 А сыныбы «Қыран» және 5 Ә сыныбы «Барыс» тобы.
Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашан да үміткер бол жеңіске!
Бақытты болашықтың қамы үшін, барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін!
Оқушыларға өз әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырсақ:
Ал енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық. Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
1 кезең «Бәйге» (Оқушылар сұрақтарға жауап береді)
2 кезең «Ділмар» ( Берілген тақырыптар бойынша әңгіме құрау)
3 кезең « Көкпар» ( Берілген сұрақтарға жауап беру)
4 кезең « Суреттер сөйлейді» ( Суреттерге қарай отырып жауап беру)
1кезең Бәйге бойынша оқушыларға өткен тақырыптардан 2-топқа 10-10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі. Қорытынды бойыншы алда келе жатқан команда айтылады.
«Қыран» тобына:
1. Ономастика нені зерттейді?
А)Заттай деректерді В)Жазба деректерді С)Елтаңбалар тарихы Д)Атаулар тарихыЕ)Адам қаңқасын зерттейді
2.Томирис патшайым шамамен қай жылдар аралығында өмір сүрді?
А)Б.з.б. 500-550 жж В)Б.з.б. 500-570 жж С)Б.з.б. 500-580жж Д) Б.з.б. 570-580 жж Е) Б.з.б. 570-520жж
3. Есік қорғанынан «Алтын киімді адамды» тапқан археолог ғалым
А)Ә.Марғұлан В)М.Герасимов С)Х.Алпысбаев
Д)К.Ақышев Е) М.Массон
4.Ғұндар мекендеген аймақ:
А)Б.з.б. IV-Iғ Оңтүстік Азияда В)Б.з.б. IV-Iiғ Шығыс Азияда С)Б.з.б. IV-IIIғ Орталық Азияда Д)Б.з.б. IV-Viғ Шығыс Еуропа Е) Б.з.б. IIIғ Оңтүстік Қазақстан
5.Алғаш «түрік» атауы қытай деректерінде қай жылдан кездеседі?
А)539жыл В)540жыл С)541жыл Д)542жыл Е) 543жыл
6.Шыңғыс хан басқарған моңғолдың қалың қолы қай жылы Жетісу жеріне басып кірді?
А)1215жылы В)1216жылы С)1217жылы Д)1218жылы Е)1219жылы
7. Қай ханның тұсында қазақтардың саны 1 миллионға жетті?
А)Керей В)Жәнібек С)Бұрындық Д)Қасым Е) Хақназар
8.Абылайдың билік құрған жылдары:
А) 1771-1781жж В)1770-1780жж С)1771-1783жж Д)1771-1786жж Е) 1771-1791жж
9. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы болған жыл:
А)1718жыл В)1719жыл С)1720жыл Д)1751жыл Е)1723жыл
10.Жоңғар шапқыншылығы кезінде туған ән?
А)Қарағым В)Елім-айС)Заман-ай Д)Жерім-ай Е)Елге сәлем
« Барыс» тобына:
1.Тың игеру жылдары Қазақстанға көшіп келген басқа ұлт өкілдерінің саны:
А)1млн В)2млн С) 3млн Д) 3,5млн Е) 4 млн
2. « Алтын киімді адам» безендірілген алтын әшекейлердің саны:
А)1мыңғы жуық В)2мыңға жуық С)3мыңға жуық Д)4мыңғы жуық Е) 5мыңғы жуық
3.Қазақстанның Ресей империясына бодан болуы қай жылдан басталады?
А)1729ж В)1730ж С)1731ж Д)1732ж Е) 1733ж
4.Кенесары Қасымұлы қай жылдары болған көтеріліске басшылық етті?
А) 1783-1797жж В) 1837-1847жж С) 1836-1838жж Д) 1856-1857жж Е) 1916ж
5. Тарихтағы ең көне жазу үлгісі:
А)Руна жазуы В)Түрік Жазуы С)Финикия жазуы Д)Шумер-сына жазуы Е)Талас жазуы
6.Түркі халықтарының саяси және рухани орталығы:
А)Алматы В)Ақтөбе С)Қызылорда Д)Түркістан Е)Семей
7.Орта Азия халықтарының Аристотелден кейінгі екінші ұстаз:
А)Ж.Баласағұн В)М.Қашқари С)Әл-Фараби Д)Йассауи Е)Иугеники
8. Көне замандардан бері жинақталған аса құнды жазба құжаттар, қолжазбалар сақталатын орын:
А)Кітапхана В)Қойма С)Мұрағат Д)Мұражай Е)Музей
9.Қазақстан Республикасы қанша облыстан тұрады?
А)12 В) 13 С) 14 Д) 15 Е) 16
10.Этнос дегеніміз не?
А)Өз елінен тыс өмір сүретін топ
В) Белгілі бір аумақта тұратын тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт
С) Бір елден екінші елге көшіп келген топ
Д) Бірнеше ұлттардан тұратын адамдар
Е)Бір жерде тұратын әр түрлі ұлттар
Алған балдарын есептеп, айтып отыру керек.
2-кезең «Ділмар»
Оқушыларға 10 тақырып ұсынылады, оны әр топтан 3баладан шығып сұраққа жауап беру керек. Мұнда оқушының тіл байлығын, тапқырлығын, ой қарын, білімділігін байқаймыз. Ойлануға 3 мин уақыт береміз.
«Мөде-Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы»
«Ертедегі түріктер»
« Абай Құнанбаев»
«Қазақ батырлары»
«Әбу Насыр әл-Фараби»
«Ыбырай Алтынсарин»
«Шоқан Уәлиханов»
«Еділ патша»
«Ұлы Жібек жолы»
«Тұмар патшайым»
Ал оқушылар ойланып алғанша, сіздермен бірге оқушының орындауында Қосалқы күйін ұсынамыз.
Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған «Көзімнің қарасы» өленімен, Барыс тобының оқушылары орындайды.
3-кезең «Көкпар»
Сайысымыздың келесі бөлімі «Көкпар» деп аталады. Сайыскерлерге жасырын сандар беріледі. Бұл сандардын астарында сұрақтар жасырылған. Сандарды таңдау топтардың өз еркінде. Тез ойланып жауап беру керек. Әр толық жауапқа 3 ұпайдан қойылады.
Ресейге қосылар алдындағы Қазақстанның жағдайы қандай еді? Оған кімдер қауіп төндірді?
|
Әбілмансұрдың өмірі туралы әңгімелеп бер?
|
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды және көтерілістің мақсаты қандай еді?
|
Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметі жайлы айтып бер
|
Қазақ батырларынан кімді білесін және олардың ерліктері жайлы айт
|
Сәулет өнері дегеніміз не? Оған не жатады?
|
Кенесары Қасымұлы бастаған отаршылдыққа қарсы күрес қай жылдары және оған қанша көтерілісшілер қатысты?
|
Абылай хан не себепті «Сабалақ» атанды?
|
Кіші жүз Ресей құрамына қай жылы, кімнің бастауымен кірді?
|
Жауаптары:
18ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның өлімінен кейін елдің бірлігі әлсіреді. Оның ұлы Қайып хан елдің басын құрай алмай, Қазақ хандығы бірнеше бөліктерге бөлініп кетті.Қазақ мемлекеті үшін әсіресе жоңғарлар аса қауіпті еді. Қазақтар үнемі жоңғар шапқыншылығына ұшырап отырды. Қауып қатер тек жоңғар тарапынан ғана емес, сондай-аққалмақтар, башқұрттар, казак-орыстар дақазақтарға ұдайы шабуыл жасап тұрды.
Абылай хан 1711-81жылдар аралығында өмір сүрді. 1743жылы Абылай Орта жүздің сұлтаны болып сайланды.1771жылы үш жүздің ұлы ханы болып жарияланды. Абылай хан-қолбасшы, мемлекет қайраткері. Абылай ханның басты мақсаты-қазақ халқының басын қосып, жерін сыртқы жаулардан азат ету еді.Ол үш жүздің басын қосып, «Ақтабан шұбырынды» жылдарында айырылған жерлерін қайтарып алуға күш салды. Абылайдың Орта Азия хандықтарымен жүргізген соғыстары сәтті аяқталды. Түркістан, Сайрам, Шымкент және басқа қалаларды жаудан босатып, қазақтарға қайтарды. Ташкент Абылайға алым төлеп тұратын болды.XVIIIғасырдың 40-жылдарының ортасында Абылай жоңғар билеушілерінің арасындағы талас-тартысты пайдаланып, оларды барынша әлсіретуге тырысты. Соның арқасында бұрын жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін қайтарып алды. 1735-55жылдары жоңғарларға қарсы жеңісті шабуылдарын үдете түсті.1765-1770жылдары Абылай ханкөптен есесі кетіп жүрген қырғыз ұлысына қарсы шабуыл жасап, Нарынқолдан Қордайға тартылған қазіргі шекарасын бекітті.1771жылы Еділ қалмақтарын тәубасына келтірді
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс 1783-1797жылдар арлығында болды.Көтерілістің мақсаты-Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы болды. Патша үкіметі қазақтардың Жайық пен Еділ, Есіл мен Тобыл сияқты өзендер жағасына, Каспий теңізінің солтүстік жағалауына көшіп-қонуға тиім болды.Көтеріліс 14 жылға созылса да, жеңіліспен аяқталды. Себебі. Көтеріліс ұйымдаспаған түрде болды және қару-қарақтың теңсіздігі. Қазақтарда қарапайым қылыш, найза, екі ауызды мылтықтар болса, Ал патша үкіметінде винтовкалар т.б. қарулар болды.
Шоқан Уәлиханов 1835-1865 жылдар аралығында өмір сүрді. Оның ғылыми қызметі Кадет корпусын бітіріп, корнет атағын алудан басталды. Одан кейін Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде адъютант болып қызмет атқарды.Шоқан 20 жасында экспедиция құрамында алғаш рет Іле Алатауына, Жоңғар қақпасына,Тарбағатайға саяхат жасайды. Бұл саяхатта Шоқан қазақ,қырғыз халықтарының тарихы мен тұрмысы, діні мен салт-дәстүрі туралы материал жинап, мақалалар жазады. Шоқан 1856 жылы экспедиция құрамында Ыстықкөлдің картасын жасауға қатысады. Тянь-Шань тауының биік шыңына дейін жетіп, сол жердің табиғатын, көне ескерткіштерін зерттейді. Шоқан қырғыз халқының «Манас» жырын жазып алып, оны орыс тіліне аударған.Уәлиханов Құлжаға барып, Қытай мен Ресей арасындағы сауда және шекарадағы даулы мәселелерді шешу ісіне қатысты. Құлжада үш айдай болып, Батыс Қытайда болған Қашқар көтерілісін бақылайды. Жоңғар тарихымен танысады. Осы сапардың нәтижесінде 20 жасар Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Жоңғария очерктері», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар»атты ғылыми еңбектер жазады.
Қазақ батырлары.Халық батыл, ержүрек, тапқыр, қажырлы да қайратты адамға батыр деген атақ берген.Сын сағатта Отанын, жерін жаудан азат етуге, ел намысын қорғауға қазақ халқының атақты батырлар шықты. Азаттық соғысынң алдыңғы шебінде Қанжығылы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Малайсары, Наурызбай, Райымбек және басқа да батырлар шайқасты.
Сәулет өнеріҚазақстанда орта ғасырларда ақ дамыды. Қалалар мен қоныстарда кесенелер, мешіттер мен моншалар салынды. Оларды жасаған шебер күйдірілген және шикі кірпішті пайдаланған. Кесене ішінде құлпатас қойылған. Төбесі күмбізбен жабылып, есігі шығысқа қаратылған. Сол заманның бізге жеткен куәгерлері-Айша бибі мен Бабаджа қатын, Қархан кесенесі, Қожа Ахмет Йасауи, Арыстан Баб ескерткіштері жатады.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс 1837-1847 жылдар аралығында болды. Көтерілістің мақсаты-патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы болды. Көтеріліске үш жүздің қазақтары қатысып, бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Кенесары жауынгерлерінің саны күннен-күнге артып, әскер саны 20мың адамға жетті.Күріске түрлі ұлт өкілдері: қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, поляктар және басқалар да қатысты. Кенесары әскерді жүздік, мыңдықтарға бөліп, қатаң тәртіп орнатты.
Абылайдың бала кезінде ауылына жоңғарлар шабуыл жасап, адамдарын қырып кетеді. Оны күтуші тығып, аман алып қалады. Ол кезде қаза тапқан хан ұрпағының біреу тірі қалса, кейін кек алады деп, іздеп жүрген өлтіретін әдет болады деп есептеген. Сондықтан жетім қалған Абылай тегін жасырып, «Сабалақ» деген атпен атақты Төле бидің түйесін бағады. Соның тәрбиесінде өседі.
Жан-жақты анталаған жаулармен күрестен әлсіреген қазақтар елді аман сақтап қалу үшін Ресей империясымен одақтасуға тырысты. 1730жылы Әбілқайыр кіші жүз қазақтарын Ресейдің қоластына алуын сұрап, Ресейге елшілік жібереді. 1731жылы 19 ақпанда Ресей мемлекетінің патшасы Анна Иоанновна кіші жүзді Ресей империясының қоластына алу туралы Жарлық грамотаға қол қойды. Солай, кіші жүзді Ресей империясы бодандығын қабылдау жүзеге асырылды. Бұл Ресей империясының қазақ жерін отарлауының басы еді.
«Өнер сайысы»
XXI ғасырдың оқушылары тек білімді ғана емес сонымен қатар өте талантты да, олай болса оқушылар шығармашылығын ұсынамыз.
Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған «Желсіз түнде жарық-ай» әнімен Қыран тобының оқушысы Абдилла Дінисламды қарсы алыңыздар.
Ал енді мың бұралған бишілерімізді қарсы алайық!Жасмин Амина
Абай Құнанбаевтың қара сөздерімен ортада Қыран тобының оқушылары: Чондыбаева Гүлім және Құдайбергенова Айнель
4-кезең «Суреттер сөйлейді» Бірінші екі топқа екі түрлі тақырыпқа байланысты суреттер, одан соң схемалар беріледі оқушылар суретте кім бейнеленіп тұрғанын, және онда нені айтқысы келіп тұрғанын баяндайды. Ойланбай тез жауап беру керек.
Хан кім??? Әбілхайыр-Наурызбай, Қасым-Наурызбек,Тәуке-Дінислам, Абылай-Ғалымжан
Мемлекет басшысы-мемлекеттің ең жоғарғы лауазым иесі.
Бас қолбасшы-елдегі барлық кердің бас қолбасшысы. Әскерлерді қашан және қандай жаулаушылық соғыстарға аттанатының, олардың алдағы іс-әрекеттерін қамдап отырады.
Билеуші-ел басқару ісіндегі барлық заңдар мен жарлықтарды шығырып отырған.
Батыр- соғыста айлакерлігімен, тапқыштығымен жаңа жерлерге қол жеткізіп отырған.
Дипломат –тек қана соғыс арқылы ғана емес тиімді дипломатиялық жолдар арқылы да елдермен байланыс жасап отырған
Мемлекет қайраткері-ханның билеу тактикасына байланысты елдегі тыныштық немесе әрдайым соғыстың болуы ол билеушге байланысты. Халқы оны мақтап тұтып елдің гүлденуіне өз үлесін қосты деп мадақтауы.
Би кім??? Төле-Ә.Нұрдәулет, Әйтеке-П.Айбек, Қазбек-Ж.Олжас
Би-көсем. Ол көпті көрген көкірегі ояу, болашақты болжайтын, көрк-көре көсем болған адам.
Би-шешен, от ауызды, орақ тілді сөз зергері.
Би-батыр. Қолына қару алып, жауға шабушы ғана емес, қаһарлы хан, сұлтандардың алдында да именбей әділ сөзін айта алушы.
Би-ақын, үш бидің әрбір сөзі төгіліп тұрған жыр емес пе
Би-заңгер, барлық даулы мәселелерді айыптаушы, ақтаушы, төбе би қызметтерін атқара алуды.
Би-елші, мәмілегер, олар тек ел ішіндегі ғана емес, мемлекетаралық мәселелерді шешуге білек сыбанып барған.
Би-тәрбиеші, кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбиелік ұлағаты мол өнегелі сөздерін қалдырушы.
Би-саясаткер, қоғам қайраткері. Ол ел мен ел арасындағы қоғамдық мәні зор мәселелерді шеше білген, ханның кеңесшісі.
Ал енді осымен сайысымыз аяқталды, оқушылардың 4 кезең бойынша алған бағаларын қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Осымен Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымыз!» атты ашық-жарыс аяқтаймыз. Барлық қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!!!
Достарыңызбен бөлісу: |