Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын дұрыс айтуға үйрету. Білімін, тілі дамыт


Сабақтың тақырыбы: Батырдың мінезі



бет2/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,88 Mb.
#5858
түріСабақ
1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Батырдың мінезі

Сабақтың мақсаты: 1. Оқу дағдаларын қалыптастыру.

2. Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.

3. Ұйымшылдыққа, білімділікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) өлеңді жатқа сұрау ә) үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Ұлы Отан соғысы кезінде туған ерлікке қатысты сөздерді оқыту, жаттату.

  • Батыл болмай, батыр болмайсың.

  • Өжет адам өлімді жеңеді.

  • Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.

  • Қорқақ қол бастамайды.

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – Батырдың мінезі

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Бауыржан Момышұлы 1910-1983. Гвардии полковник Бауыржан Момышұлы тек біздің елде ғана емес, ол басқа да мемлекеттерде де танымал. Ол тек қазақша ғана емес орыс тілінде де шығарма туындыларын жазған. 1990 жылдары

Б. Момышұлына Совет Одағының Батыры деген атақ берілді

2. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу

- Мәтіндегі оқиға кімдер арасында құралған?

- Осы әңгіме бойынша қандай сурет салар едің?

Бауыржан Момышұлын сипаттайды.
Бауыржан Момышұлы

тәуекелші қатал батыл өжет

3. Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

4. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап, тізбектей.

5. Дәптермен жұмыс.

Мәтіннен нақыл сөздерді теріп жазу.

- Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.

6. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.

Сабақтың тақырыбы: Мәншүк

Сабақтың мақсаты: 1. Оқу дағдаларын қалыптастыру.

2. Сөздік қорын молайту, ой-өрісін дамыту.

3. Ұйымшылдыққа, білімділікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) әңгімені оқыту ә) мазмұнын айтқызу б) үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – Мәншүк
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Мәншүк Мәметова – пулеметші. Ол – Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз.

2. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу

- Қызу ұрыстың жүріп жатқанын өлеңнің қай жолдарында байқауға болады?

- Мәншүктің пулеметші екенін неден аңғардыңдар?

- Ақын сөздерін пайдаланып, Мәншүкті сипаттайды.



Мәншүк



Өлім қаупінен жасымаған

Бойында күш-жігері тасыған

Ұшқын өрттей лапылдаған

Жауына қаһар тігіп қатуланған


3. Сергіту сәті. Қане былай, былай қарайық,

Құстай қанат қағайық,

Бір, екі, бір,екі,

Жаттығайық біркелкі.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

4. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап, тізбектей.

5. Дәптермен жұмыс.

Сөздік жаздыру: Қаһар – ашу, ыза.

Қатуланған- ашуланған, кектенген.

Жасымаған- көңілі босамаған.

Қауіп- қорғаныш, қатер.

6. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттау
Сабақтың тақырыбы: Әлия
Сабақтың мақсаты: 1. Оқу дағдаларын қалыптастыру, әңгімелей білуге үйрету.

2. Сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.

3. Батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) өлеңді жатқа сұрау

ә) үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – өлеңді мәнерлеп,түсініп оқуға дағдылану.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.

2. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау.

Өлең бойынша сұрақтарға жауап алу

- Өлең не туралы айтылған?

- Өлеңге сай дауыс ырғағын таңдап ал.

- Өлеңді өз бетінше әндетіп айтып көр.
3. Сергіту сәті. Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

4. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап, тізбектей.

5. Дәптермен жұмыс.

Сөздік жаздыру: Мәрмәр - жылтыр тас.
6. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Алып бала

Сабақтың мақсаты: 1. Оқу дағдаларын қалыптастыру. Түсінгендерін қысқа

әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.

2. Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

3. Білімділікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) өлеңді жатқа сұрау ә) үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

«Балық» ойыны. Нақыл сөздегі көп нүктенін орнына қажетті сөздерді қояды. Ол сөздерді балақтың денесіне жазады. Басына кім бұрын жетеді жеңіс соныкі.

  • Еліңді сүйсең - ерлік істейсің

  • Батыр адам өлімді жеңеді.

  • Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.

  • Қорқақ қол бастамайды.

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға дағдылану

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу

- Мәтін кім туралы әңгімеленген?

- Ол қандай ерлік көрсетті?

- Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталған?

2. Суретпен жұмыс.

Мәтінге сүйеніп жауап береді.

  • Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?

  • Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсың?

3. Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

4. Оқушыларға оқыту:

Мәтінді екі бөлікке бөліп оқиды.

  1. Өгіздің өлімі.

2. Ауыл адамдарының таңғалуы.

Іштей, дауыстап, тізбектей оқыту.

5. Дәптермен жұмыс.

Сөздік жаздыру: Оқыра тиіп-сона тәрізді жәнжік шағып.

Құзар жар-биік жар.

6. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.
Сабақтың тақырыбы: Батылдық

Сабақтың мақсаты: 1. Оқу дағдаларын қалыптастыру.

2. Тіл байлығын дамыту.

3. Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) әңгімені оқыту ә) мазмұнын айтқызу б) үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақал-мәтелдерді түсініп оқу.

  • Батырлық білекте емес, жүректе.

  • Айлалы батыр алдырмас.

- Мақал-мәтелдер не туралы айтылған?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – мәтінмен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі


«Балуан Шолақ романы бар



Сәбит Мұқанов


1900-1973


Көрнекті жазушы


Солтүстік Қазақстан облысында туған

2. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу

- Балуан Шолақтың шын есімі кім екен?

- Ол неліктен «батыл бала» «батыр бала» деп атанған?
3. Сергіту сәті.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

4. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап, тізбектей.
5. Дәптермен жұмыс.

Сөздік: Құрық- басында ілмек арқаны бар сырық ағаш.

Жәукемдеп- құртып.
6. Суретпен жұмыс:

- Суретте нені көріп отырсыңдар?

- Мәтінге сүйеніп «алып баланың» күшігі туралы әңгімеле.

7. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.

Сабақтың тақырыбы: Гиннес кітабына кірген қазақ
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Тоұтар Әубәкіров туралы мәлімет бере

отырып, өз ой- пікірлерін білдіруге үйрету,

2. Тіл байлығын дамыту.

3. Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) әңгімені оқыту

ә) мазмұнын айтқызу

б) үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Сен Гиннес рекордтар кітабы дегенді естідіңдер ме?

Гиннес кітабы-алғаш рекорд жасаған адамдардың есімі кіретін кітап.

Рекорд- еңбекте, спортта қол жеткен ең жоғарғы табыс.

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – мәтінмен танысу
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу

- Гиннес кітабына кірген қазақ кім?

- Ол қандай ерлік көрсетті?

- Сынақшы ұшқыш және ғарышкер ұшқыш дегенді қалай түсінесің?

2. Сергіту сәті. Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Қарлығашқа ұқсап па,

Ұшып, ұшып алайық.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

3. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап, тізбектей.
4. Дәптермен жұмыс.

Сөздік жаздыру:
5. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.
Сабақтың тақырыбы: Бекзат
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өз ой- пікірлерін білдіруге үйрету,

2. Ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) әңгімені оқыту

ә) мазмұнын айтқызу

б) үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – мәтінмен танысу
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі

Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды.

2. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу

  • Мәтінде кім туралы әңгімеленеді?

  • Тағы қандай спорт жеңімпаздарын білесіңдер?

  • Бекзаттың қимылын суреттеген жерлерін тауып оқы.

3.Сергіту сәті. 5- болсын бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер, білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

4. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап, тізбектей.
5. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.


Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Бөлімді қайталау, өткенді еске түсіру.

2. Тілін,сөзік қорын дамыту.

3. Үлкендерді сыйлауға, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Өлеңді жатқа сұрау

ә) Үй тапсырмасын қорытындылау
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Қандай бөлімді өттік?

- Онда не туралы айтылады?
IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– өткенді қайталау.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Бөлімде өткенді еске түсіру

- Бөлімде қандай ақындардың шығармаларымен таныстық?

Жазушылар

Шығармалары

С. Сейфуллин

Т. Жұртбай

М.Әуезов

Ш. Мұртаза

Н Ғабдулин

Біржан

.....

....

....

....

- Бұл ақындар көбіне не туралы жырлап, айтып кетті?

2. Сергіту сәті. Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.
3. Тест жұмысын ұйымдастыру.

4.Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

- Сабақта не істедік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Жалқау мысық» Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру.

2. Білімін,есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау

б) психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн?

Амансың ба көк аспан?

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуанамын !

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– мазмұндама жазамыз.

Тақырыбы: Жалқау мысық

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мазмұндаманы оқып, талдау.

Жалқау мысық

Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімде, ол сондай тынымсыз еді. Ол доп, оралған жіппен ойнайтын. Ал қазір оны орнынан тұрғыза алмайсын.

Күндіз түні пештің түбінде ұйықтап жатады. Сөйтіп мысығым жалқау болып кетті.

2. Сұрақтарға жауап алу.

- Мәтін не туралы?

- Мысық неше жыл болды олар мен бірге тұрғанына?

- Ол алғашында қандай еді?

- Мысық қандай болды?
3. Тірек сөздер мен сөз тіркестері:

Сүйкімді, сондай тынымсыз, алғаш асырап алған кезімде, пештің түбінде, жалқау болып кетті.

Жоспары:

1. Сүйкімді мысық.

2. Ойынға құмарлық.

3. Ұнамсыз қылық.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға мазмұндату.(3 – 4 оқушы.)

2. Дәптермен жұмыс.

Мазмұндаманы жазу. 2 – 3 оқушыға мазмұндаманы оқыту.

3. Қорыту.

- Сабақта не істедік?

VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау.

Туған өлке табиғатын қастерлейік

Сабақтың тақырыбы: Алатау

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

2. Сөздік қорын арттырып, сөйлеу тілін дамыту.

3.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) әңгімені оқыту ә) мазмұнын айтқызу б) үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Сөзжұмбақ шештіру:




Т

а

У







А

ғ

а

ш







Б

ұ

л

а

қ







И










н

а

й

з

а

Ғ

а

Й







б

ұ

р

ш

А

қ




ж

а

р

қ

а

н

а

Т




IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – өлеңмен таныстыру.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі
«Ленинградтық өренім» өлеңдері бар

Жамбыл Жабаев

1846-1945

Жамбыл облысында

Халық ақыны


2. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу

-Өлеңдегі ақынның ойын және сөзін пайдаланып сызбаны толтырады.


Берілген сөздер

Осы сөзге қатысты көркем сөздер

Таудан аққан су

Өрік, алма, алмұрт

Арыстан,қасқыр, түлкі, борсық, жолбарыс

Балық

Дариядай сол таулардан тулап тасып

Бір татсаң, аызыңнан дәмі кетпейді.

Түнде жортады

Шоршып

3. Суретпен жұмыс:

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

4. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап, тізбектей.

5. Дәптермен жұмыс. Сөздік жаздыру:

6. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқу.

Сабақтың тақырыбы: Дельфин

Сабақтың мақсаты: 1. Оқу дағдаларын қалыптастыру.

2. Тіл байлығын дамыту.

3. Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) өлеңді мәнерлеп оқыту ә) үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

  1. Өлең жолдарын оқып, ол кімнің өлеңдері екенін естеріне түсіру.

  2. Мақал мәтелді түсініп оқу.

  3. Жаңылтпашты жаңылмай оқуға дағдылану.

  4. Судың пайдасы туралы ойларын қорытып әңгімелейді.

Сусыз

Сумен

Суды

Өмір жоқ

Тіршілік өсіп-өнеді.

Суды қастерлеу керек.

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – мәтінмен таныстыру.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу

  • Әңгіме не туралы?

  • Әңгімеден дельфин туралы не білдіңдер?

  • Дельфин неге « Пингвин» атты кемеге жақындамай қойды?

Тыйым сөздерді жаттау.

  1. Құдыққа түкірме. 3. Түнде суға барма.

  2. Кірдің суын өзенгі төкпе. 4. Адамға су шашпа.

2. Сергіту сәті. Қане былай, былай қарайық,

Құстай қанат қағайық,

Бір, екі, бір,екі,

Жаттығайық біркелкі.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

3. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап, тізбектей.

4. Суретпен жұмыс:

- Суретте нелерді көріп тұрсыңдар?

  • Кемені көрген дельцин не істеді?

  • Неге олай етті деп ойлайсың?

  • Мәтінді әңгімеле және өзің сурет салып көр?

5. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы:

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.
Сабақтың тақырыбы: Бұлбұл мен тоқылдақ

Сабақтың мақсаты: 1. Мысалды мәнерлеп оқу дағдаларын қалыптастыру.

2. Тіл байлығын дамыту.

3. Білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) әңгімені оқыту ә) мазмұнын айтқызу б) үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Жұмбақтарды оқып шешуін табады.

Орманда жоғары. Орманда сайрайды,

Ағашқа қонады. Сайраудан талмайды. (бұлбұл)

Тұмсығын балға етіа,

Тарсылдатып соғады.(тоқылдақ)

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты-«Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалмен таныстыру.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Білетіндерін еске түсіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет