Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру



бет8/11
Дата27.11.2019
өлшемі187,3 Kb.
#52446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-34саб 6-сынып-1



Өзін-өзі тану сабақ жоспары

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .02.19ж № 22 сабақ



Тақырып: Мен және қоршаған әлем

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жан-жануарларды жақсы көру; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтыңмақсаты: Қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен риясыз қызмет етуді үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: табиғаттағы сұлулық иесі жан-жануарларды жақсы көруді үйрету;

Дамытушылық: адамдарға риясыз қызмет етуге баулу;

Тәрбиелік: жанашырлыққа тәрбиелеу.




Сабақбарысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5 - «Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. «Жайлауға, Ата, Әжемізге барамыз!»

Ресурс

АТҚ,


кітап,

Үй тапсырмасын тексеру.

«Табиғаттың адамзат өміріндегі орны мен рөлі» туралы айналадағы адамдармен жүргізген сауалнамасын оқып, зерттеу жұмысы- ның қорытындысын оқиды.



Дәйексөз. Ш.Айтматов:

«Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану

арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың

бір пұшпағы ретінде сезіне біледі»

- Ақының сөзін қалай түсінесің?

- Өзіңді табиғаттың қандай құбылысына теңей аласың?

- Табиғатқа қарай отырып өзіңнің жан дүниеңді рухани байыта аласың ба?




Әңгiмелеу

Есею Серік Үсенұлы

  • Айдардың қырға баруының мәні неде?

  • Ейсен Айдарға қандай кеңестер берді?

  • Айдар көкесімен еріп кетерде қозысын қимауының себебін қалай түсінесіңдер?

  • Қоршаған ортаға қызмет ету адам бойында қандай қасиеттердің артуына ықпал етеді? Қалайша?

  • Баланың ақбас қозыға деген қамқорлығынан жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрінеді?

  • Өзің қоршаған әлем дегенді қалай түсінесің және оны қалай қабылдайсың?

  • Өзің отбасыңнан алыстар шығып көрдің бе? Әңгімелеп бер.




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жағдаяттардың шешімін табыңдар.

А) Айдын қаладан келген жақын туысы Айқынға ауылдың көркем табиғатын көрсетпек болып өзен жағасына ертіп барды. Айдынның анасы Айгүл: «Ұзап кетпеңдер», - деп ескерткен болатын. Бірақ Айдын анасының ескертпесін тарс есінен шығарып алды. Айқын мен Айдынның кешіккенінен алаңдап, Айгүл өзі оларды өзен жағасына іздеп барды. Сонда ғана анасының ескертпесі есіне түскен Айдын анасына әлденені түсіндіре бастады. Айдын анасына не туралы айтты? ..............

Ә) Сыныптастарыңмен табиғат аясына шығып, таза ауамен тыныстадыңдар. Асыр салып ойнадыңдар. Көркем табиғаттың ғажап сұлулығына таңқалып тамсандыңдар. Кенет бір сыныптасың жайқалып өсіп тұрған көк шөпті жұла бастады. Сенің әрекетің ..............
2-тапсырма: Төмендегі өлең жолын оқып, табиғат пен қоршаған әлем туралы өзара пікір алмасу жүргізу.

Табиғат әсемдік төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын. Ж.Жабаев.


  • Сенің өміріңде табиғаттың алатын орны қандай? .....




Топпен ән айту.

Үшқоңыр

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Әкемнің ізі қалған жайлауында. Рахым нұры тұнған жерім.

Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп, Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Арқарың жайылатын аймағында. Жүрегімде мәңгі есімің.
Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,

Бабалар тұлпарының дүбірі бар.

Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан,

Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,

Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай.

Жуасы, қарақаты, бүлдіргені,

Әкемнің шекер қосқан талқанындай.

Көрінер сонадайдан анық маған,

Шыңында қырандары қалықтаған.

Самғаған қыранына құмар қылып,

Өсірген ұландарын алып далам.






Үй тапсырмасы.

  1. Келесі сабақ: «Туған өлкем жайлы сыр шертемін» тақырыбына коллаж, сурет салып, презентация жасауға да болады, бейнефильм жасап келу,




Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.







Өзін – өзі тану сабақ жоспары

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .03.19 ж № 23 сабақ



Тақырып: Қоғам игілігі үшін еңбек

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі; барлығынан жақсылық көру; өз-өзіне адал болу; шыншылдық;

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»


Сабақтыңмақсаты: оқушыларға қоғамда адамзатқа риясыз қызмет ету туралы түсінік беріп ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - адами қарым – қатынастағы ой, сөз, істің бірлігінің орны мен маңызы туралы түсіндіру;

Дамытушылық: - барлығынан жақсылықты көруге, өз-өзіне адал болуға ықпал ету;

Тәрбиелік: - шыншылдыққа тәрбиелеу.




Сабақбарысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «5 - Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. «Жайлауға, Ата, Әжемізге барамыз!»

Ресурс АТҚ, кітап

Үй тапсырмасын тексеру.

«Туған өлкем жайлы сыр шертемін» тақырыбына коллаж, сурет салып, жасап келген презентациясын, бейнефильмін қорау.




Дәйексөз

Ең әуелі өз-өзіңе адал бол. Өзіңді өзгерте алмасаң, ешқашан қоғамға әсер ете алмайсың. Ұлы бітімгердің бәрі - білікті, адал, сыпайы адамдар.

  • Өзіңе адал болу дегенді қалай түсінесің?

  • Өзіңді өзгертуді неден бастар едің?

  • Бойыңдағы ең бірінші нені өзгертер едің?




Әңгімелесу Мырзатай Жолдасбеков

Кемеңгер немесе Елбасы туралы тебіреніс

  • Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың игілікті іс атқаруының мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • «Президентті қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, қолдайтын да – өзінің туған халқы» деген сөзді қалай түсінесің?

  • Елбасының: «мен халқымның тәуекелдігіне сендім» деген сөзінентнені аңғаруға болады?

  • Қоғамға риясыз қызмет ету адам бойындағы қандай құндылықтардың дамуына ықпал етеді? Неліктен?

  • Ел мен жерге қызмет ету үшін адам бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар? Әңгімелеп бер.




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Қызмет еттім халқыма» деген сөзді басшылыққа алып, қоғам үшін игілікті еңбек етіп жүрген тұлғалар жайлы эссе жазу.

2-тапсырма: Н.Ә.Назарбаевтің қанатты сөздерін оқып, өмірден мысал келтіру арқылы ел мен жерге қызмет ету туралы ойларыңды ортаға салыңдар.

  • Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иісі өзің екеніңді ұмытпа! Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.

  • Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

3-тапсырма: Төмендегі мәтінді оқып, зиялы адамға мінездеме беріп, портретін жасаңдар.

Елге қызмет ету – парыз Болат Шайманұлы

Меніңше зиялылық ұғымы ұлтқа деген көзқарасына орай бағалануы тиіс деп ойлаймын. Ол оң немесе теріс болуы мүмкін Пиғылы оң – зиялы, пиғылы теріс – зиянды. Әрбір пиғылы оң зиялы өз Отанына абырой әкеледі. Бұл жерде ғылыми атағы бар доктор, академиктерді ғана зиялы деп танып, оқымаған, университет бітірмеген, бірақ көпті көр ген, өмірден түйгені мол адамды зиялы емес десек, қателесеміз. Мәселен, менің пайымдауымша, зиялылықтың шыңы – Абай. Оның академиктік атағы жоқ. Оған кезінде сен осы қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, жағдайын ойла деп ешкім айтқан жоқ. Ол өзі іштей қабылдаған аса зор жауапкершілік міндетін, өз ұлтының алдындағы перзенттік парызын адал орындау үшін қадамдар жасады. Бұл жолда қаншама кедергі- лерге ұшыраса да рухы түспеді. Осы ретте, «Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғыр ын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады» деген В.Гюго сөзі еріксіз ойға оралады.




Топпен ән айту.

Сенім Ринат Зайытов

Сездірмей жүрген, Жылуын берер,

Тек өзім білген, Шапағат төгер,

Бір сенім бар, Махаббатым адаспай келер.

Жоғалмас мүлдем. Асқардай биік,

Сол сенім барда Армандар жиып,

Асығам алға Мен өтемін

Ақ тілегім, биікке самға. Өмірді сүйіп.

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы,

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін

Жүрегіммен сенемін.




Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Қызмет етем халқыма» тақырыбында әңгіме жазып келу.






Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.





Өзін – өзі тану сабақ жоспары

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .03.19 ж № 24 сабақ



Тақырып: Қоғам игілігі үшін еңбек

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»


Сабақтыңмақсаты: оқушыларға қоғамға қызмет ету сүйіспеншілік құндылығымен орындалса , оның шынайы екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету ;

Дамытушылық: - кешірімді бола білу қасиетін дамыту;

Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «5 - Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат»





Үй тапсырмасын тексеру.

«Қызмет етем халқыма» тақырыбында жазып келген әңгімелерін оқиды.




Дәйексөз

«Халлықтың сенімін бір жоғалтқан адам бар сый – құрметінен де айырылады»

  • Халықтың сенімінен айрылу дегенді қалай түсінесің?

  • Халықтың алдындағы сыйың, құрметің қандай?

Өзіңді сыйлымын деп ойлайсың ба? Неге?

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырды қуалар.




Әңгiмелеу

Ата ақылы Әкім Ысқақ

  • Атасының бойындағы изгі қасиеттер қалай пайда болған деп ойлайсыңдар?

  • Автор атасының ақыл-кеңесін өмірде пайдаланып келеді ме? Қалайша?

  • Абай атамыздың «Бір бала – атасынан өте туады, бір бала – атасына жете туады» деген қалай түсінесің?

  • Авордың орнында болсаң атаңмен не туралы әңгімелесер едің?

  • Адамды қандай ізгі қасиеттер «толық адам» деңгейіне жетелейді? Әңгімелеп бер.




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Абайдың «Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады» деген сөзін басшылыққа алып, қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген кез келген саланың мамандары туралы эссе жазу.
2-тапсырма: Төмендегі қанатты сөздерді оқып, адамның қоғам игілігі үшін қзметі жөнінде ой-тұжырымдарды ортаға салу.

... «Адамның міндеті – ақылға сыйымды қызмет атқару»

... «Адамның қызметі биік идеямен рухтанбаса, жеміссіз де, түкке тұрғысыз»

... «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт керек. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек»

... «Адам атаулыны ісіне қарап бағалау керек»

... «Ұлы істер бірден істелінбейді»
3-тапсырма: Мәтінді оқып, кейіпкерлердің мінезі мен іс-әрекеттеріндегі ерекшеліктеріне назар аударыңдар. Әнет бабаның «Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл» - деген сөзін талқылау.

Төле би Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп қалған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жайлы әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады. –Балам, мынаны сындырып көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. – Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба: - Бұдан не түсіндің балам? – дейді. Сонда Төле бала: - Түсіндім, баба, бұл мысалыңызды мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. – Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті.




Топпен ән айту.

Арман қала – Астана

Ағылып Атыраудан, Алатаудан,

Көш қонды Қараөткелге таласа ауған.

Жайнайды Астана ару алқасыындай,

Ғажайып ғимараттар жаңа салған.

Сарыарқа сауырында,

Ерке Есіл бауырында

Келеді бой көтеріп арман қала.

Арман қала! , Асыл дала!

Жаңа Астана! Әз Астана! Астана!

Төріне туған жердің туын тігіп,

Ерекше ел еңсесі бүгін биік.

Астана – Ақ Ордасы қазағымның,

Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.

Көз тоймас келбетіңе – қайран көркем!

Астанам – жаңа қала жайған өркен.

Астанам – жүрегі елдің, жүрегі елдің,

Соғатын сәтіменен бүгін де, ертең!




Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: «Табиғат баға жетпес сый» жобасының төртінші кезеңіне бейнеролик, фотоколлаж, презентация әзірлеу.






Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет