А) Адамдарға деген адагершілік , сүйіспен- шілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі;
Ә) Ырыс, несібені, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.
Б) Бүкіл адам баласы.
В) Адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Изгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес.
Г) Таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестігі.
2 – топ: Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға мінездеме беріп, оның портретін жасаңдар.
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ізгілік, беделді, зеректі, адам тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты, өзін-өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу.
3 – топ: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 32 – қарасөзінен берілген үзінділер бойынша ойларын ортаға салу. Бұл сөздердің қазіргі таңда қаншалықты өзіңе қатысы бар деп ойлайсың?
....ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
4 – топ: Қазақтың ақыны, ойшылы Шәкәрімнің «Бар ғылым- ның түп атасы – таза ақыл мен ойлау» деген ойын талқылау.
Ақиқатпен қарулансаңыз , кім болса мейлі сол айтсын, әркімге бір жалтақтап, көзсіз ере бермейсіз, таразы да, қазы да өз бойыңызда, барлығы да әшкере болып тұрмай ма! Хош әуелі кез- келген істің басы – оның ақиқатын, ретін білмектікте екені даусыз. Олай болғанда ше, адам емдеудің ретін біліп алмай, дәрігер ем жасамақ па, болмаса кез келген адам ретін білместен ұшақ айдай ма, немесе зәулім үй тұрғызама, немесе қандайда бір техниканы жөндемек пе. Жоқ әлде жалаң ойыңа ғана сүйеніп, қиынның-қиыны адамдардың сан қилы қатынастарын реттемек пе?! Әрине жоқ. Мың жерден ақылды болсаң да, қандай да бір зат немесе құбылыстың ақиқатын танытар хақ білім алмасаң , оған тіпті маңайлауға да болмайды! Аса қауіпті! Міндетті түрде бүлдіресің! Бұл баз біреудің жеке қалауы емес – бұлжымас жаратылыс заңдылығының талабы.
6. Топпен ән айту.
Жас ұландар әні Сөзі: Серік Ақсұңқарұлы
Әні: Есжан Әміров
7. Үйге тапсырма
Келесі сабақ: «Ақиқат жайлы мен не ойлаймын?» өз ойларыңды жазып келу.
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге
Ақиқат, аөиқат, ақиқат бар жерде.
Ақиқат, аөиқат, ақиқат бүкіл әлемде.
Ақиқат – қателіктегі ақиқат, жіберген қателігіңді мойындап оны ешқашан қайталамау; - жақсы іс-әрекеттегі ақиқат, дандайсымай, өзіңді жоғары санамай, міндетсінбей ол сенің істеуің керек іс деп біліп адами қалпыңда қалу.
Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп: №75 гимназиясыКүні: 11.09.18ж № 2 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ақиқатты іздеу жолында Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әдепті болу. Мұғалім: Сейденова Адиса Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірдегі орнын дұрыс әрекетте болғанда ғана табатынын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: - Өмірде басқалар туралы жаман ойламауға үйрету;
Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау;
Тәрбиелік: - өсек айтпауға, әдепті болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: дәйексөз,
стикер қағазы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап. Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхақа » барамыз.
Балалар арасында айна үшін туған үлкен даудың себебі неде деп ойлайсыңдар?
Аңыз неліктен «Ақиқат айнасы» деп аталынған?
Сенің пайымдауың бойынша ақиқат деген не? Мысал келтір.
Өзіңнің күнделікті өміріңде осындай ақиқат айнасы керек пе? Неліктен?
Өзің ақиқат айнасынан нені көргің келеді?
Ақиқатқа апарар жол қандай деп ойлайсыңдар?
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:
1-топ: 12-13 беттегі Ақиқат туралы жазылған өлең жолдарын оқып, ақиқат жайлы түген ойларыңды сыныптастарыңмен бөліс.
2-топ: Төменде берілген Ақиқат жайлы қанатты сөздердегі негізгі ойды анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларыңмен бөліс.
... «Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша сүйіспеншілікті қорғайды»? М.Ганди
... «Ақиқат жол-жөнекей жұлып ала салатын гүл емес, ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты». Гераклит
... «Ақиқатты көрем десең,
Бас көзімен қарама.
Жүрегіңнің аш көзін,
Жанның сырын арала» Шәкәрім
3-топ: 13-14 беттегі Жағдаятты оқып, өз шешімдерің мен өз тұжырымдарыңды айтыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.
Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхат»
2.Үй тапсырмасын сұрау.
«Табиғат – баға жетпес сый» жобасының жоспарын түзіп келу
Дәйексөз
«Ойға алғанның бәрін адамның ынта-жігерімен жүзеге асыруға болады» Халық даналығы
Әңгімелеу Жүсіпбек Айтмауытов
Неге арналсаң, соны істе
«Неге арналсаң, соны істе» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Өмірден нақты мысал келтір.
«Өз орнындағы адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ» деген тұжырыммен келісесің бе?
Өз мүмкіндіктері мен қабілетінің арқасында жетістікке жеткен кімдерді білесің? Әңгімелеп бер.
Өз бойыңдағы мүмкіндіктерді ашуға көмектескен жағдай болды ма? Өзіңді басқа қырыңнан қалай танисың?
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Қанатты сөздерді оқып ой-тұжырымыңды айт;
... Адам - таңғажайып құбылыс! Оның жан дүниесі, ақыл-ойы, жан-жақты талант қабілеті – құдіреттілік табиғаты, мүлдем беймәлім, әрі ешқашанда танып- білу мүмкін емес.
2 – тапсырма: «Қабілет» әңгімесін оқып, кестені толтыру. 18-бет.
Мәтін бойынша
Менің пікірім
Өмірмен байланысты мысал
Қабілет
Парасат
Даналық
Қорытынды: Адам алдына нақты мақсат қоя білуі керек. Мақсаты айқын адам оған қол жеткізуге талпынады. Мақсатқа жетуге талпыныс – адамды сенімді, жігерлі, күшті етеді.
Үйге тапсырма
Келесі сабақ:«Адамның мүмкіндіктері шексіз» тақырыбына эссе жазып келу.