Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру



бет5/11
Дата27.11.2019
өлшемі187,3 Kb.
#52446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-34саб 6-сынып-1


Өзiн-өзi тану сабақ жоспары

75 мектеп гимназиясы Мерзiмі: .18ж. № 12 сабақ



Сабақ тақырыбы: Ақкөңілділік туралы

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылық көру, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтың мақсаты: Сөз бен істің бірлігі тек ақиқатта екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігін дағдыландыруға үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға, жақсыдан жаманды ажырата білуге ықпал ету;

Тәрбиелік: - уәдеде тұруға, шыншылдыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»




2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Мейірімді болайықшы бауырлар!» Серік Қалиев

Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Болашаққа қол ұстасып барайық.

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын. Ақиқаттың ауылын іздеп табайық

Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз

Кешірімді болайықшы, ағайын! Кішіпейіл болайықшы , халайық!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп

Көк пен жерді сел етседе дауылдар Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Пейілдерді пенделікпен тарылпай Өзімізге қалайтұғын нәрсені

Мейірімді болайықшы бауырлар! Тілейікші өзгеге де болса деп.

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!






3.Дәйексөз.

«Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» нақыл сөз

  • Неге көп жасағаннан сұрама деп айтылып тұр, мағынасын түсіндір?

  • Көпті көрген деген кім?

  • Көпті көрген адамның бойында қандай қасиеттер бар?




4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Ғазизаның балалары Мәдіхат Төрежанов

  • Неліктен ағайынды бауырлар кінәні өз мойнына алуға тырысты?

  • Бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Бауырмалдық пен мейірімділік қандай ізгі қасиеттердің негізінде туындайды?

  • Өзгеге деген ізгі ниеттерің мен жылы лебіздеріңді қалай білдіресіңдер?

  • Өзгелердің қамқорлығына бөленіп, мейірімін сезінгенде қандай күйде боласыңдар?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Өлең жолдарын оқып, жақсылық жайлы пікіріңді білдір.

Жақсылық туралы жыр Ф.Оңғарсынова

Ей жарық күн нұрыңды шаш далама Қорқыныш пен үрей жүр кеуделерде

Шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға. Қу бәрін де - соңына бұрылмасын!

Ызғар сіңген жеріме шуақ керек, Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,

Мұқтаж оған ауыл да, астана да. Қонақтасын ырыс пен табыс күнім.

Сәулеңменен себеле үміт демін, Ұл –қыздары көтерсін қол ұстасып

Жер бетінен жылыссын күдіктерім. Қазағымның елдік пен намыс туын.

Адамдардың сатқындық, сұмдығынан Жарқырасын шуақ боп алғаш үміт,

Қалжыраған жерімді жібіт менің. Жүректерді жүректерді жалғастырып

Күңгірттенбей, көтерсін шыңым басын, Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –

Қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын. Ынтымақтан туындар бар жақсылық!
2-тапсырма: «Әдеп» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап бер.


  • Арман не себептен қысылып келе жатыр?

  • Қоршаған ортаға, айналаға немқұрайлық танытудың соңы не болмақ?

Адамзат баласының өзіне, өзгелерге жасаған жақсылығынан кейінгі ұрпақ өнеге-үлгі, ғибрат алады. Қоршаған ортаға, айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап, қолыңнан келгенше көмек көрсете алу – адамдықтың белгісі. Жүзінде нұр ойнаған, пейілі кең, жылы жүректі адам әрқашан жақсылыққа жол таба біледі. Кешірімділік, сыпайылық, сезімталдық жақсы адамға ғана жолдас болады. Ізеттілік пен инабаттылық та жақсы адамға тән қасиет. Жақсы ниетпен айтылған бір ауыз сөз жүрегіңді тебірентіп, жаныңды жадыратады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген даналық сөздің мәнісі де осында.




  1. Топпен ән айту

«Мейірімді болайықшы бауырлар!» Сөзі: Серік Қалиев

Әні: Құрмаш Маханов






7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Өмір жайлы» Ринат Зайытов, жаттап келу.






8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде .







Өзiн-өзi тану сабақ жоспары

75 мектеп гимназиясы Мерзiмі: .18ж. № 13 сабақ



Сабақ тақырыбы: Адамдық борышың

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтың мақсаты: Еңбектің жемісін сүйіспеншілікпен жасағанда көретіндігі жайлы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - кешірімшіл болуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - еңбекқорлыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»




2.Үй тапсырмасын тексеру.

Өмір жайлы Ринат Зайытов

Бірде жанып шоқтай, бірде сөнеміз. Өтеді өтпелі замандар,

Бірде құлдай мұңның, бірде төгеміз. Бәріңнің де бір-бір налың бар.

Бүгін досты ертең дұшпан көреміз. Жүректің айнасын кірлетпей,

Өзгереміз осы, күнде неге біз?! Адал болайықшы, адамдар!

Жақынымыз өссе, ұната алмаймыз.

Қолдан келсе, жардан құлатардаймыз.

Тәкаппар болуды тура таңдаймыз.

Жылытамыз, бірақ жұбата алмаймыз.





3.Дәйексөз.

Ар-ұждан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе,

ізгі іс-әрекетіңе байланысты. Әл-Фараби

  • Өмірдегі қадіріңді қалай жинайсың?

  • Өзіңе-өзің адалдық таныта аласың ба?

  • Өзіңді сыйлау дегенді қалай түсінесің?




4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Қара құлын Сайын Мұратбеков

  • Неліктен бала анасының сөзінен ұялды?

  • Болған оқиғадан бала өзіне қандай өмірлік сабақ алды?

  • Абай атамыздың «Пайда ойлама – ар ойла» деген сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Адамның бойындағы қандай қасиеттері оны абырой биігіне көтеріп, дұрыс әрекетке жетелейді?

  • Кейіпкердің орнында болсаңдар қандай әрекет жасар едіңдер?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Тұжырымдардың мән-мағынасын түсіндіріңдер.

... «Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза» М.Әуезов

... «Ар-ұжданым – менің өмірім, екеуінің тамыры бір. Арымнан айырылсам , өмірімнің де біткені» У.Шекспир

... «Өмірімде ар-ұжданды жоғары бағалағандықтан да, тәуелсіз әрі қайсар жан болған шығармын» М.Моцарт


2-тапсырма: Жағдаяттарды оқып, сұрақтарға жауап беру.

Әкесіінің әлденені есептеп отырғанын көрген Асан, бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына келгенін жасауға кірісті. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады. Келесі күні анасы ас үйдегі үстөлдің үстінен бір қағаз тауып алды. Ондағы жазу мынау екен;

«Анасының ұлы Асанға қарызы:


  • Дүкеннен сөмке тасығаны үшін – 50 теңге,

  • Хаттарды поштаға салғаны үшін – 30 теңге,

  • Жақсы бала болғаны үшін – 150 теңге,

  • Гүлдерге су құйғаны үшін – 50 теңге,

  • Барлығы – 280 теңге».

  • Асанның бұл әрекетін қалай бағалар едіңдер?

Анасы үстөлдің үстіне 280 теңгені қалдырып кетеді. Кешке Асан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда ақшаның жанында тағы да бір қағаз жатқан еді. Онда былай деп жазылыпты;

«Асанның анасына қарызы:



  • Үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін – ештеңе,

  • 10 ішінде ішіп-жегені үшін – ештеңе,

  • Ауырған кезде күтіп-баптағаным үшін - ештеңе,

  • Жақсы ана болғаны үшін - ештеңе,

  • Барлығы – ештеңе».

  • Қағазды оқыған Асан қандай күйде болды деп ойлайсыңдар?

  • Бұл жағдаяттан өздерің қандай сабақ алдыңдар?


3-тапсырма: «Ақылды болсаң, арыңды сақта» тақырыбына эссе жазу.
Арлылық адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Арлы кісі – ұят, иба, намыс, қанағат, әдеп, шүкірлік секілді бірқатар игі қасиеттерді бойына жинақтай білген мол парасат егесі. Қазақ халқы – талайлды тағдырында сан түрлі қиындықтарды бастан кешсе де, арына дақ түсірмеген текті халық. Ата-бабамыз тағдыр сынына өткір көзбен қараған. Ел ішінде кең тараған «Мал сақтама, ар сақта», «Ердің құны бір ділдә, абыройы мың ділдә», «Ар иманның жолдасы», «Ақылың болса арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта» деген нақыл сөздер соның белгісі.



  1. Топпен ән айту «Өмір жайлы» Ринат Зайытов




7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Өмірім өз қолымда» тақырыбына эссе жаз.






8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.






Өзiн-өзi тану сабақ жоспары

75 мектеп гимназиясы Мерзiмі: .18ж. № 14 сабақ



Сабақ тақырыбы: Ар-ұждан және абырой туралы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әділеттілік, ұқыптылық.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып:6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының еңбектегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалардың еңбегі туралы жаман ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - әрбір еңбекте өз-өзіне сенімді болуға жетелеу;

Тәрбиелік: - әділеттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»




2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Өмірім өз қолымда» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.




3.Дәйексөз.





4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Бір билеттің кесірі Құрманбай Толыбаев

  • Жолаушы қария неліктен билетінің табылмағанына қатты абыржыды?

  • Абырой дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді» деген нақылдың мәнін түсіндіріңдер?

  • Өмірде адам абыройға қалай қол жеткізеді?

  • Күнделікті өмірде абыройларыңа нұқсан келмеу үшін қаншалықты қадағалап жүрсіңдер?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, абыройлы адамға мінездеме беріп портретін жасаңдар:

... ар-ұят, намыс, ізгілік, адалдық, әділдік, шыншылдық, бедел, ізеттілік, азаматтық, көрегендік, көпшілдік, қадір-қасиет.


2-тапсырма: Жағдаяттарды жалғастырыңдар:

Сен аялдамада тұрсың. Адам көп. Автобус келіп тоқтады, адамдардың барлығы мінуге асықты. Сен де. Есік алдында қысым пайда болды. Сен автобустың ішіне кіріп үлгердің, сол сәтте сенің дәл артыңдағы адамның аяғы тайып, құлайды. Сенің әрекетің ......


Сенің көршіңнің отбасында емізулі бала бар. Сәбидің әкесі іс сапарда, анасы қатты науқастанып жатыр. Саған дүкенге барып, баланың арнайы тағамын әкеліп беруді өтінді. Алайда саған шұғыл түрде сабаққа бару керек, күрделі бақылау жұмысын тапсыру қажет. Сенің әрекетің ....
Сен базардан тіс пастасын сатып алдың. Сатушы шатасып үлкен қораптың ішінен 100 мл пастаны саған ұсынды. Алайда сен 75 мл пастаға ақша төлеген едің. Сенің әрекетің ....
Абырой адам бойындағы ең асыл құндылықтың бірі, ар-ұят, бедел, құрмет, қадір-қасиет ұғымдарының жиынтығы, адамның кісілік келбет і, адамгершілік тірегі. Абырой – ар-намыстың тазалығы, адамгершілік, еңбек, шығармашылық қызмет арқылы көпшілік тарапынан сый-құрметке ие ететін адамның қоғамдағы бейнесін білдіретін ұғым. Абырой қанша уақыт тірнектеліп жиналғаныменен, бір сәтте, шалыс басқан қадамнан оған кесір келуі мүмкін. Сондықтан абыройыңа нұқсан келтірмеу үшін адам өзін-өзі үнемі қадағалауы қажет. Қазақ баласы үшін абыройынан айрылудан асқан жаза жоқ. Халық «Абыройыңды жасыңнан сақта» деп ұдайы ескертеді. Елдің абыройын қорғаған, күрескерлердіқұрметпен ардақтайды, олардың өнегелерін жыр-аңыз етіп, мұрат тұтады.




  1. Топпен ән айту

«Сен маған сүюді үйреттің» Ә: Ербол Байырбеков

С: Ақмарал Леубаева

Сен маған сүюді үйреттің, Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Ұмытып кеткен едім. Уайымшыл бір мұң едім.

Басымды июді үйреттің, Иіскеп қысқанды үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ... Құшақсыз бір гүл едім.

Шынайы күлуді үйреттің, Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім. Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің, Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім. Ұстазсыз мектеп едім.

Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім.






7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Перзент парызы» Жарылқасын Дәулет сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.






8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде .









Өзiн-өзi тану сабақ жоспары

75 мектеп гимназиясы Мерзiмі: .18ж. № 15 сабақ



Сабақ тақырыбы: Адамдық борышың

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: байсалдылық, ызақорлық, сараңдық, өзін-өзі алдамау.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып:6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтың мақсаты: Сөз бен істің бірлігі тек ақиқатта екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігін дағдыландыруға үйрету;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға, жақсыдан жаманды ажырата білуге ықпал ету;

Тәрбиелік: - уәдеде тұруға, шыншылдыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»




2.Үй тапсырмасын тексеру.

Перзент парызы Жарылқасын Дәулет

Қандай шаттық сыйласам екен, Қайырмасы:

Әлем нұрын жинасам ба екен? Шашылайын шұғылаң болып

Ұл-қыздарың жаныңда, Шырқа көңіл бүгін ән болып.

Ай-күн алақаныңда, Аман есен жүрсеңдер екен,

Алтын тойың қанат қағуда. Бет түзейтін құбылам болып.


Ұл өсірдім сендерге қарап, Ақ қыраудай шашыңды көрем,

Қыз өсірдім тұлымын тарап. Басын иген ғасырды көрем.

Менің ғазиз мекенім, Бәрі сенің жеңісің,

Сенен үлгі етемін Бәрі сенің жемісің.

Қартаюдың өнер екенін. Ұрпағыңа бақыт кеңісін.





3.Дәйексөз. Нельсон Мандела

Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.

  • Борышың деп нені түсінесің?

  • Ата-ананың алдындағы борышың не?

  • Отан алдындағы борышың не?




4. Әңгiмелеу (сұхбат).

Серттессең – сөзіңе сен Мұхтар Құрманалин

  • Әділбек ағасының сөзінен өзіне қандай сабақ алды?

  • Уәдеде тұру адам үшін қаншалықты маңызды екен?

  • Адамдық борыш дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сертке адал болу адам бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттерді арттырады? Қалайша?

  • ­Өздерің берген сертке қаншалықты адалсыңдар? Әңгімелеп беріңдер?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Нақыл сөзді «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді, ең алдымен, отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес» төмендегі әәдіспен талқылаймыз:

- Көзқарас

- Себеп


- Мысал

- Қорытындылау.



2-тапсырма: «Менің азаматтық борышым» тақырыбына эссе жазу.
3-тапсырма: Б.Момышұлы ой-тұжырымын оқып, сұраққа жауап беру.

  • Қандай адамды бақытты деп айтуға болады?

  • Адам бойындағы қандай құндыылықтар оны бақытқа жеткізеді?

Адамдық борыш – адамның өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің мен кісілігіңнің молдығын білдіреді. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюі- не үлкен әсер етеді. Таза ісімен, адал еңбегімен және әрекетімен көрінетін адамдар болады, олар өзінің ең басты өмір сүру қағидасы өз халқына еңбек ету деп есептейді.






  1. Топпен ән айту

Перзент парызы Жарылқасын Дәулет

Қандай шаттық сыйласам екен, Қайырмасы:

Әлем нұрын жинасам ба екен? Шашылайын шұғылаң болып

Ұл-қыздарың жаныңда, Шырқа көңіл бүгін ән болып.

Ай-күн алақаныңда, Аман есен жүрсеңдер екен,

Алтын тойың қанат қағуда. Бет түзейтін құбылам болып.


Ұл өсірдім сендерге қарап, Ақ қыраудай шашыңды көрем,

Қыз өсірдім тұлымын тарап. Басын иген ғасырды көрем.

Менің ғазиз мекенім, Бәрі сенің жеңісің,

Сенен үлгі етемін Бәрі сенің жемісің.

Қартаюдың өнер екенін. Ұрпағыңа бақыт кеңісін.





7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің азаматтық борышым» тақырыбына эссе жазу.






8.Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіл әлемде .







Өзiн-өзi тану сабақ жоспары

75 мектеп гимназиясы Мерзiмі: .18ж. № 16 сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет