Өзін-өзі тану сабақ жоспары
№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.19 ж № 25 сабақ
Тақырып: Дәуірлерді жалғастырушы желі
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсыны көру, қарапайымдылық.
Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»
Сабақтыңмақсаты: барлығынан жақсыны көре білу арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: - Ойдың, сөздің және істің бірлігі туралы түсінік беру;
Дамытушылық: - Барлығынан жақсыны көре білуге баулу;
Тәрбиелік: - Қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
|
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. «5 – Т» ережесін сақтау
Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат»
|
|
Үй тапсырмасын тексеру.
«Табиғат баға жетпес сый» жобасының төртінші кезеңіне бейнеролик, фотоколлаж, презентация
|
|
Дәйексөз
Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де,
болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі
кезеңге көз жіберуіміз керек
Бүгінің мен ертеңіңді көру үшін кеше күнге үңіл дегенді қалай түсінесің?
|
|
Әңгімелеу
Түркістан
Рухани астанамыз Түркістан қаласы туралы қандай ой түйдіңдер?
Түркістан қаласының адамзат өміріндегі алатын орны мен қасиеті туралы не ойлайсыңдар?
Мағжан ақынның «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?
Түркістан қаласының басқа қалалардан ерекшелігі оның тарихының терең де қасиетті қала болғанынан ба? Мысал келтір.
«Түркістанды рухани астанаға айналдыру» идеясына көзқарастарың қалай? Әңгімелеп бер.
|
|
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Түркістан қаласы жайлы ақпаратты ортаға салып, сыныптастарыңмен бөліс. Әңгіме жүргізу.
2-тапсырма: Ахмет Ясауи кесенесін кімнің салдырғаны жайлы дұрыс жауабыңды бер:
Шыңғыс хан
Жошы хан
Абылай хан
Ақсақ темір
|
|
Топпен ән айту
Отырардағы той
Той басталды Отырарда Қ-СЫ: Туған елім-ай,
Сырдың сұлу бойында. Өскен жерім, асқар белім,
Кеудесінде оты жанған Сенсің әнім менің,
Қызылқұмның бойында. Сәнім менің.
Аңыздарда аты қалған, Алақандай аялаған,
Талай ақын толғаған - Арманым да өзіңсің,
Осындай той Отырардан Ақ тілегін аямаған,
Басқа жерде болмаған! Ардағым да өзіңсің.
Сендегі жас, кәрінің де,
Отырардың күні бүгін Қуанышы мол болсын.
Қайта туды жаңғырып. Шәуілдірдің әр үйінде,
Жырлап жатыр ұлылығын Дәл осындай той болсын.
Барлық аймақ, атырап.
Әнмен бірге Зіл қара жер қозғалғандай
Күймен бірге толғанам. Палуандар алысқан.
Осындай той Отырардан Қызғалдақтай қыздар қандай
Басқа жерде болмаған! Көз тартады алыстан!
Сол қыздарға оты бар жан
Жүрек отын жалғаған.
Осындай той Отырардан
Басқа жерде болмаған!
|
|
Үй тапсырмасы
Келесі сабақ: «Түркістан» қаласы жайлы фотоальбом, коллаж, макет жасап келу.
|
|
Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде.
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.
|
|
№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.19 ж № 26- сабақ
Тақырып: Дәуірлерді жалғастырушы желі
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: жомарттық; аянбай қызмет ету; ізгілік Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»
Сабақтыңмақсаты: қоршаған ортаға қамқорлық жасау сүйіспеншілік құндылығының үлесінде екендігін түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: - Туған жерге сүйіспеншілікпен қарау керектігін түсіндіру;
Дамытушылық: - адамдарға риясыз қызмет етуге баулу;
Тәрбиелік: - жомарттыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
|
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. «5 - Т» ережесін сақтау
Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат»
|
|
Үй тапсырмасын тексеру.
«Түркістан» қаласы жайлы жасап келген фотоальбом, коллаж, макеттерін қорғайды..
|
|
Дәйексөз.
Ш.Айтматов: «Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне біледі»
- Өзіңді табиғаттың қандай құбылысына теңей аласың?
- Табиғатқа қарай отырып өзіңнің жан дүниеңді рухани
байыта аласың ба?
|
|
Әңгiмелеу
Өнер сатып ем (ертегі)
Ісмердің игілікті ісінің мәні неде деп ойлайсыңдар?
Мәтіндегі «Мен саған өнер сатқан едім» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Ісмердің сонша өнерлі бола тұра қарапайым өмір сүруі оның бойындағы ізгі қасиеттен бе? Әлде басқа себебі бар ма?
«Жігітке жеті өнер де аз» деген ойдың астарына үңіліп көрдің бе? Мысал келтір.
Ер сатып алушының орнында болсаң, қандай әрекетке барар едің? Әңгімелеп бер.
|
|
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Өлеңді оқып, астарынан не түсіндіңдер? Тапсырманы дәптерде орында.
Бабаларым, рахмет сендерге! М.Мақатаев
Бабаларым,
Рақмет сендерге!
Бабаларым болмасын деп көр-кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым,
Рақмет сендерге!
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың ашпай кеткен сырларын,
Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.
Құлазыған сенің құла түздерің
Не білмеген, не көрмеген , ізгі елім
Жазылмаған тарихымның жолдарын
Ауызекі аңызынан іздедім.
Мен білмеймін,
Басыңа әлде орнап бақ,
Шаһар салып, жасадың ба жәннат-бақ.
... Әлдеқалай тасқа түскен таңбаңа
Табынамын, тарихымдай ардақтап.
Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау-тастағы іздерің.
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын
Домбыраңның пернесінен іздедім.
Іздедім де, сәттерімде түңілген
Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем.
Жүгінгем де, қайта туғам, тірілгем;
Тарихымды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым, сенің Ана тіліңмен!
2-тапсырма: Төмендегі сұрақтар бойынша еліміздегі қала мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісі туралы сауалнама жүргізіп, талқылаңдар.
Астананың басқа қалалардан басты ерекшелігі неде?
Өз туған өлкең немесе ауылыңның тарихы туралы баяндап бер.
Ежелгі, ескі қалалар туралы білетін ақпаратты сыныптастарыңмен бөліс.
3-тапсырма: «Алтын адам тарихы» туралы мәтінді оқып, туған өлкеңнің мәдени мұрасы жайлы ойларыңды талқыла. Алматы облысындағы Есік қорғанынан 1970 жылы «Алтын адам» табылды. Архиологиялық олжаны тарих ғылымының докторы Кемел Ақышев басқа ғалымдармен кеңесе отырып, бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келген. «Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл ең әуелі ішінде жатқан адамның, сонан соң елінің дәулетін көрсетеді, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металургияның қыр-сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін куәландырады.
|
|
Топпен ән Жазира жерім Сөзі Х.Әбібаевтікі,
әні Б.Жұманиязовтікі
Туған жерім – гүл-көктем тұнып жатқан,
Байтақ елім – бақытым, ашық аспан.
Дария-дәурен жанымды жырға бөлеп,
Анамыздай аялап нұрын шашқан.
Қайырмасы:
Кең далам, кең далам, тірегім,
Саяңда, саяңда түледім.
Сенімен, сенімен, туған жер,
Жастықтың жалыны, жазира тілегім.
|
|
Үй тапсырмасы
Келесі сабақ: «Досыма хат», ойыңда жүрген тұжырымыңды жаз.
|
|
Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.
|
|
Өзін – өзі тану сабақ жоспары
№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.19 ж № 27- сабақ
Тақырып: Жүрек қалауымен
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсыны көру, жақсыдан жаманды ажырата білу.
Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»
Сабақтыңмақсаты: барлығынан жақсыны көре білу арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: - Ойдың, сөздің және істің бірлігі туралы түсінік беру;
Дамытушылық: - Барлығынан жақсыны көре білуге баулу;
Тәрбиелік: - жақсыдан жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.
|
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. «5 - Т» ережесін сақтау
Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат»
|
|
Үй тапсырмасын тексеру.
«Досыма хат» оқып, ойымен бөліседі.
|
|
Дәйексөз.
Жүрегіңнің сүңгі де түбін көзде,
Содан тапқан шын асыл тастай көрме. Абай
Жүректің түбі дегенді қалай түсінесің?
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
|
|
Әңгімелесу
Ұлыма хат Немат келімбетов
Жәнібектің игілікті іс істеуінің мәні неде деп ойлайсыңдар?
«Біздер аз күнде-ақ бір-бірімізді көптен бері білетін адамдардай жақындасып кеттік» деген ойдан не түсіндіңдер?
Адамдар бір-бірімен риясыз араласуы үшін олардың бойларында қандай қасиеттер болуы керек екен?
Жәнібектің бойындағы өнерге деген құрмет пен сүйіспеншілік қандай ізгі қасиеттен туындаған?
Өзің осындай оқиғаға тап болсаң не істейсің?
|
|
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: «Жетестің Төле биге баруы» мәтінін оқып, түйінді ойды іріктеп, жалпыадамзаттық құндылықтарды айт.
2-тапсырма: Жомарттық, мейірімділік, қайырымдылық туралы эссе жазу.
3-тапсырма: Сырбай Мәуленовтың «Жүрек туралы» өлеңін оқып, «сүйіспеншілік», «достық» ұғымдары туралы өз ойыңды жаз.
Құстай бір қанат қағарсың Кеудені жарып шарқ ұрып,
Кеудеде тұрсың ұялап. Кең дүниеге шығардай.
Талмаурап әлсіз соғасың Соғасың кейде алқынып
Біреуден көрсең қиянат. Орныңда тулап тұра алмай
Күзетте кірпік ілмейсің Торығып кейде сенделіп
Сен үшін күндіз-түн бірдей. Ойлайсың қауіп-күдікті,
Жаңарып иә кірлейсің Махаббат, достық дем беріп,
Тұрасың бірақ, сыр бермей. Қуасың нәзік үмітті.
|
|
Топпен ән Дуние керуен (Жігіттер тобы)
Өтетін сейілмен,
Ей, дүние базарсың.
Пенделік пейілден,
Жүрегім тазарсын.
Қайырмасы: Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,
Өмірдің қызығы біреуге арман екен.
Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!
Қуаныш, қайғының, Амал қыл фәниде,
Бәрі де бітеді. Иманның жолында.
Бұл дүние таусылса, Бәрі де, бәрі де,
Шын дүние күтеді. Алланың қолында.
|
|
Үй тапсырмасы
Келесі сабақ: Өзіңнің жасаған қайырымдылығың жайлы әңгіме жазып келу.
|
|
Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде.
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.
|
|
Өзін-өзі тану сабақ жоспары
№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.19 ж № 28- сабақ
Тақырып: Жүрек қалауымен
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Ұқыптылық, батылдық , өз-өзіне сенімді болу, уәдеге берік болу.
Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»
Сабақтың мақсаты: Ойдың, сөздің , істің бірлігінен құралса өміріңіз дұрыс жолда екендігін ұғындыру.
Міндеттері:
Білімділік: - Жетістікке жету үшін өз-өзіне сенімді болу керек екендігін үйрету;
Дамытушылық: - уәдеге берік болуға баулу;
Тәрбиелік: - Ұқыптылыққа , батылдыққа тәрбиелеу.
|
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. «5 - Т» ережесін сақтау
Тыныштық сәтi. «Орманға саяхат»
|
|
Үй тапсырмасын тексеру
Өзіңнің жасаған қайырымдылығың жайлы әңгіме жазып келу.
|
|
Дәйексөз.
|
|
Әңгімелесу
Жан сөзі Мағжан Жұмабаев
Өмір - теңіз,жоқ оның түбі, шеті,
Сылық-сылық күлген сиқырлы толқын беті.
Осы өмірге кіргелі көп күн болды,
Енді бір ай – толады жиырма жеті.
Мен жоқ едім, бар қылып анам тапты,
Содан бері Күн талай шықты, батты.
Ес білгелі алыстым өмірменен
Өмір – теңіз толқыны тым көп қақты.
Мен туғалы ағарып көп таң атты,
Қараңғылық жер бетін талай жапты.
Ес білгелі алыстым жүрекпенен
Ырық бермеді, қаңғыды, ол не тапты?
Ессіз жүрек тулады, бермеді ырық
Ақыл сорлы ермеді қалды тұрып.
Ессіз жүрек, бөгелші бір азырақ
Отыз тұрғой үңіліп, арты қырық.
Әміріңді екі қылмай орындадым,
Есімде отқа, суға ұрынғаным.
Өтті жылдар жапанда жалғыз қаппын,
Өмірімді осынша улап, не қылғаның.
Өлеңдегі астарлы ой мен құнарлы сөз тіркестерінен қандай ізгі қасиеттерді байқадыңдар?
Адамның жаны сұлу болу үшін оның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
|
|
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Абайдың «Ақыл, жүрек, қайратты бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деген өлең жолдарын басшылыққа алып, ақпарат көздерінен мысалдар келтіріп, әңгімелеп беріңдер.
2-тапсырма: Төмендегі қайырымдылыққа қатысты түйінді ой-тұжырымдарды оқып, оларды біріктіретін ортақ ойларды табыңдар.
«Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені құр алақан қайтару одан да аз»
«Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да, қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»
3-тапсырма: «Жүрек қалауы» сөзжұмбағын шеш.
Көлденеңінен
|
Тігінен
|
5.Адамның өзгелерге адамгершілік танытып, өнеге ететін жақсы іс-қимылдары
6. Мейірімді, қайырымды, кішіпейіл адамның бойындағы көркем қасиет
7. Жаны жомарт, қайырымды, қолы ашықадамның ізгі қасиеті.
|
1. Қайырымды адамдардың көмекті қажет етушілерге нақты жәрдемі
2. Адамның бауырларына, ағайын-туыстарына адалдық сезімі
3. Адамды жақсылыққа жетелейтін ізгі ниет
4. Адам жанының нәзіктігі, мейірімділігі, көңілінің тазалығы
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |