Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Атамекен ауылының орта мектебі
Физикадан сабақтан тыс жұмыс
Тақырыбы:
8-9 сыныптар арасында
Сабақты өткізген: Мәннан Ержан
2014 оқу жылы
Сабақтың мақсаты: «Тапқырлар мен білгірлер сайысы»
8-9 сыныптар арасында
-
Білімділік: Оқушының пән бойынша алған білімдерін тиянақтап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.
-
Дамытушылық:Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. қазақтың салт-дәстүрлері мен мақал-мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.
-
Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.
Шараның түрі: Жарыс
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сызу, информатика , музыка,
Көрнекіліктер: плакаттар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сайыс кезеңдері:
I. Әр топ өзін өзі таныстыру (ұран, эмблема)
II. Сырлы сауалдар (талас сұрақтар)
III. Физикалық шамалар мен бірліктер
IV Мақал-мәтелдер (сәйкестіру)
V. Сергіту сәті
VI. Есептеп көр ерінбей
VII. Тәжірибелік сайыс
VIII. Қорытынды
-
Таныстыру
1 . «Қайсар» тобы:
Армысыздар ағайын
Бармысыздар бауырлар
Ағайын тілін табайын
Жеңілдер сұрақ ауырлар
Есенсіздер ме ұстаздар
Ойыңызда мықты ұстам бар
Құрметке ие үлкендер
Батаңды бізге үлкен бер
Ұраны:математик физикпіз
шетінен ойлы жүйрікпіз
жеңіс үшін қайсар алға
қарсыластан қалма
-
«Қайтпас» тобы:
Құттықтаймыз шын жүректен баршаңызды
әндетейік жырлайық ұлы күнді
апталықтың мезеті жақсылыққа
тола берсін демекпіз асыл нұрға
қасиетті аяулы ұлағатты
бас иеміз құрметті ұстаздарға
Ұраны:көңілден әнді тербейміз
Біліммен өсіп гүлдейміз
Біз ешқашан осал емеспіз
Намысты қолдан бермейміз
II. «Сырлы сауалдар» бағыты
-
Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?
(Жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ)
-
Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметер
-
Еркін түсу үдеу неге тең ?- 9,8м/с2
-
Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?
(Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.)
-
Еденге аққан суды құрғату үшін неліктен оны еденге жағады?
(Кебу бетін кеңіту кебу жылдамдығын арттырады.)
-
Мұз қандай жағдайда жылтқыш болуы мүмкін.
(Басқа дененің температурасы мұздың температурасынан төмен болғанда)
-
Не үшін адамдар қоланы темірден бұрын қолданған?
(Қоланың балқу температурасы темірден төмен)
-
Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
-
Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
-
«Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
-
Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма? (тебіледі)
-
Әлемде не бар болса соның бәрі қалай аталады? (Материя)
-
Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалары аралығына ену құбылысы :(Диффузия)
-
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама
Жауабы: (Энергия)
-
Алма түсіп басына
Басына емес қасына
Тартылыс заңын таптым деп
Кетті ғалым асыға (И. Ньютон)
I II. Физикалық шамалар мен бірліктер
Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,
Физикалық құбылысты табыңыз – дей келе сайысымыздың бесінші бағыты мақал мәтелдерді сәйкестіру кезеңіне кезек берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |