Үйретуші өзіндік жұмысы — оқытушының жаңа тақырыпты түсіндіру арқылы оқушының жасайтын өзіндік жұмысы. Бұл оқушының жаңа тақырыпты қаншалықты түсініп отырғаны жөнінде мəлімет бере алады. Мұндағы басты мақсат — тексеру емес, үйрету.
Жаттығу өзіндік жұмысы белгілі бір заңдарға, заттардың қасиеттеріне, ережелерге сүйенетін бір типті тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Бұл тапсырмаларды орындауда түрлі оқу құралдары, тірек материалдар пайдаланылады. Үлгерімі нашар оқушы үшін бұл өте қолайлы.
Бекітуші өзіндік жұмыс оқушының логикалық ойлауын жəне түрлі ережелер мен заңдарды мəселелі жағдайларға тиімді қолдану қабілетін дағдыландырады. Бұл оқушының оқу материалын қаншалықты игергендігін көрсетеді. Тақырып бойынша қосымша дайындалудың қажеттілігін немесе білімінің жеткілікті екендігін анықтайды.
Қайталау өзіндік жұмысы (жалпы немесе тақырып бойынша) оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіріп бастар алдында жүргізіледі. Оқытушы бағдарламаға сəйкес жаңа материалды түсіндіру кезінде студенттің алған біліміндегі олқылықты, өзінен жіберілген кемшілікті анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |