Сабақтың мазмұны Ресустар



бет1/9
Дата20.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#56147
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ

75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: 3.09.2018ж. №1 сабақ Сабақтың тақырыбы: Бұл әлемге келген соң Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қарапайымдылық. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу;

Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды партаның үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.


Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашып, күлімсіреңіз. Рахмет!
2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

- Сағыныш дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?

- Өздерің бір жасқа есейгендеріңді қалай түсінесіңдер?

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ -жауап


3. Дәйексөз

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп... Абай

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесің?

  • Сен кімнің ұрпағысың?

Дәйексөзді талдап, өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Қайтқанда («Абай жолы» романынан үзінді)

  • Аналары Абайды қалай қарсы алды?

  • Абай өзінің наным-сенімдерге көзқарасын қалай байқатты?

  • Абайдың аналарымен қарым-қатынасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қалай түсінуге болады?

  • Абайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  • Өзіңнің анаңмен қандай жағымды оқиғалар болды? Айтып бер.

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап



5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Ұлы ойшыл Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып , адамның өмірдегі орны жайлы пікірімізді ортаға саламыз.

Әсемпаз болма әрнеге, Қайрат пен ақыл жол табар

Өнерпаз болсаң арқалан. Қашқанға да, қуғанға.

Сен де – бір кірпіш дүниеге, Әділет, шақпат кімде бар,

Кетігін тап та, бар қалан! Сол жарасар туғанға.
2– тапсырма: Ұлы ойшыл Абайдың Табиғат туралы жазған өлеңін оқып, адам мен табиғаттың үйлесімділігі жайлы айтып бер.
3-тапсырма: Адамдар арасындағы ізгі қарым-қатынас жайлы эссе жазу.

Қорытынды: Адам ө з-өзіне өмірдің мәні туралы сұрақ қоймайды, ол сұрақты өмірдің өзі туғызады. Сондықтан адам өмірдің мәнін түрлі қырынан өз өмірінен танып білуге ұмтылады. Әр адамның өзі де, өмірі де қайталанбайды. Егер де біз өмірдің мәнін ар-ұжданымыз арқылы түсініп, содан таймай әрекет тетін болсақ, онда ұлағатты өмір сүреміз. Егер адам өмірдің мәнін ұзақ және күрделі ізденістен соң тапқан болса, қол жеткізген жетістікпен тоқталып қалмай оны ары қарай біліммен, ғылыммен ұштастырса онда өмірдің жаңа көкжиектері ашыла бастайды. Өм ірдің мәнін тапқан адам тепе-теңдікті сақтап, одан әрі ізденуі қажет. Өмірде кездескен кедергілерге ой-толғау жүргізсе ол айналасына үлгі болады. Егер өмір адамгершілік құндылықтарына негізделсе , онда оның қуанышы мол болады. Бір-біріне деген мейірімділігі, ізгі ниеттері, сыйластығы, жанашырлығы ізгі қарым-қатынас туғызады.





6. Топпен ән айту

Өміріңе немқұрайлы қарама Сөзі: Серік Сейітман . Әні: Сәкен Дәрібаев Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама, Дәулетіңмен тұрсаң - дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан кисең де жақұттан, Өміріңе немқұрайлы қарама , Шақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, ( Қанша азап көрсеңдағы бауырым ) Өміріңе немқұрайлы қарама. 2-рет:

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара, Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама. Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың, Өміріңе немқұрайлы қарама. Айдын көлге айналса да көз жасың.





7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Өмір – өзен» Ринат Зайытовтың өлеңін жаттап келу






8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.



Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.

75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: 10.09.18ж. №2 сабақ Сабақтың тақырыбы: Бұл әлемге келген соң Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, зиянды әдеттерден аулақ болу, әділеттілік. Пән мұғалімі: Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет ақылдылардың құралы туралы түсінік беру.

Міндеттері: Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету ;

Дамытушылық: - зиянды әдеттерден аулақ болуға, өсек айтпауға шақыру; Тәрбиелік: - әділеттілікке тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Өмір – өзен» Ринат Зайытовтың өлеңін жатқа айту.




3. Дәйексөз

«Ақылды адам қателессе, өз басынан көреді.

Ақылсыз қателессе, жолдасынан көреді» (Мақал)

  • Дәйексөзді қалай түсінесің?

  • Айтылған сөздерді, жадыңда сақтап, өміріңе пайдалан.

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.



4. Әңгімелеу

Тағылым Бақытжан Майтанов

  • Жазушы Мұхтар Әуезов әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы қандай деректер қалдырған?

  • Абайдың өмірге деген көзқарасының, мақсат-мұратының, мінез-құлқының қалыптасуына кімдер ықпал етті?

  • Дулат ақынның бата беруіне Абайдың қандай қасиеттері себеп болды?

  • Абайдың бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар?

  • Өмірде даналыққа жету үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап



5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Мұхтар Әуезовтың «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнеге білетіндігінен... Көп- шілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» деген ойын басшылыққа алып ой-толғау жазу.

2-тапсырма: Өлеңдегі өмірге байланысты сөздерді теріп мағынасын түсіндір;

Өмір – өзен, сылқ-сылқ күлер сылдырар,

Қайда ағады оның жөнін кім сұрар ?

Аққан сумен біз ағармыз кетерміз,

Ағынға ермей, жағасында кім тұрар.

Өмір - көпір, от үстінде салынған

Діңгектері зәндем отқа малынған

Қорқу білме, аяқтарың таймасын

Ойнап қана от шарпу көрме жалыннан




6. Топпен ән айту

Ойлан балам С: Шөмішбай Сариев.

Ә: Кеңес Дүйсекеев.

Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді. Қайырмасы:

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары, Ойлан, балам!

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі. Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған

Ойлан, балам, алда үміт, арманың, Ойлан, балам!

Алда сенің нұрлы күнің, таңдарың.

Қайта оралмас жас шағымның көзіндей,

Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың.

Ойлан балам, елің-жерің, салтың бар,

Мұратына жетер адам талпынған.

Таудай биік азаматы болсаң да,

Биікпін деп айтпа, балам, халқыңнан!



(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды



7. Үй тапсырмасы.

1. «Қазақ елінің дара тұлғалары» жайлы жазып келу.







8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.



Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.

75 мектеп-гимназиясы Мерзімі:17.09.18ж №3 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ар-ұждан үні Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке толы болса ол адамның жан дүниесі сұлу.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету ;

Дамытушылық: - кешірімді болуға, кеңшілік танытуға баулу;

Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,

түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру.

« Қазақтың дара тұлғалары» жайлы жазып келген жұмыстарын қорғау.




3. Дәйексөз

«Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы»

  • Арлы деп кімді айтамыз?

  • Айналаңда сен үшін кім ардақты?

«Ұлдың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге»

  • Неге ұлдың ұяты әкеге, ал қыздың ұяты шешеге деп айтылады?

  • Сені үйде көбірек кім тәлімге жетелейді? Неліктен?

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.



4. Әңгімелеу Ахат Шәкәрімұлы

Менің әкем, халық ұлы – Шәкәрім

  • Абайдың көксеген қандай арманы бар еді?

  • Шәкәрім Абайға берген уәдесін орындау үшін не істеді?

  • Ең жақсы адам деп қандай адамды айтуға болады?

  • Адамның рухани баюына қандай қасиеттер себеп болады?

  • Шәкәрім бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар? Неліктен

Мәтінді оқушылар оқып,сұрақ –жауап.

5. Шығармашылық жұмыс

1 – тарсырма: Сұрақтарға жауап жаз:

  • Ар-ұждан дегеніміз не?

  • Адам өмірінің мәні неде?

  • Ең жақсы адам кім?

  • Адамның адамгершілігі уақыт ағымына қарай өзгере ме?

  • Адамның адами қасиеті жаңара ма, әлде ол туа біте ме?



6. Топпен ән айту

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.



(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды



7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: « Ар-ұждан» тақырыбында өз өміріңнен мысал келтіріп шағын әңгіме жазу.






8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.



Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.

75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: 24.09.18ж № 4 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ар-ұждан үні Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: Ызақорлық; сараңдық; жалқаулықты қадағалай білу, өзін-өзі алдамау; шыдамдылық, байсалдылық. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Ішкі әлемнің тыныштығын сақтау көркем мінезділіктің негізі туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - Ызақорлық; сараңдық; жалқаулықты қадағалай білуді үйрету ;

Дамытушылық: - өзін-өзі алдамауға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - шыдамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Орманға саяхат».
2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Ар-ұждан» тақырыбында шағын әңгіме жазу.




3. Дәйексөз

« Арды ұялтатын іс қылмас » Абай

  • Ар дегеніміз не сен үшін?

  • Өзіңді сыйлайсың ба?

  • Көпшіліктің алдында немесе досыңның алдында ұялған кезің болды ма?

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.



4. Әңгімелеу Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шын бақыттың айнасы

  • Шәкәрім өмірдің қандай «бақтары» туралы ой толғады?

  • «Шын бақ айнасынан» қандай ақиқатқа көз жеткіздіңдер?

  • Ар-ұжданға сай өмір сүрудің маңызы қандай?

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап



5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Ойы, сөзі, іс-әрекетінің бірлігімен үлгі болатын адам жайлы мысал келтііріңдер.
2 – тапсырма: «Өзіңнен ұяла жүрсең сені ешкімде ұялта алмайды» тақырыбына эссе жазу.
3 – тапсырма: Жағдаятты шешу:

Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып; «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелергетсенетіндерде бар шығар?» - деді.

Бір оқушы орнынан тұрып:

-. Әрине, - деп жауап қайтарады.

-. Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, - деді.

-. Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұстала ма, ал біреуге риясыз көмектескенде оған деген жанашырлығыңызды шығарып, үстөлдің үстіне қоя аласыз ба? – деді. Барлығы ойланып қалды...

- Мәтіндегі мұғалімнің сұрағына сіздер қалай түсіндірер едіңдер?

- Адамның ар-ұжданы ылғи ккөзге көріне ме? Оның көріністері нелер деп ойлайсыңдар?





6. Топпен ән айту

Мейірімді көздер – ай! С: Шона Смаханұлы

Жері жоқ шолмаған, Түбіне сыр тұнған,

Ғарышқа самғаған, Жүрекке бұлқынған,

Қыранның көзіндей, Сарқылмас нұр құйған

Қырағы көздер-ай! Тұңғиық көздер-ай!

Сыр сәуле төгілген, Тұп-тұнық бұлақтай,

Даналық көрінген Жайнаған шырақтай,

Елім деп егілген Жаныңның жыршысы –

Ақылды көздер-ай! Мейірімді көздер-ай!


(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды



7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің ұстазым» тақырыбына эссе жазу






8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде,

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіл әлемде.



Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет