Саны: №-75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.19 ж. № 29 сабақСабақтың тақырыбы: Шығармашылық қанатында Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,мәдени мұраны құрметтеу,қоршаған ортаны қорғау,бірлік.
Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны
Ресурс
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың жасампаздық,келешек туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - оқушыларды ізгі істерге баулып, шығармашылық қа, жетелеп, белсенділіктерін арттыру, Дамытушылық: - оқушылардың жаңа бастама, жақсы істер, ел болашағы жөнінде ұғымдарын дамыту.
Табиғаттың тылсым күштері адамды қалай шабыттандырады?
Шабыттанған адам қандай шығармашылық істерді атқара алады?
Өздеріңнің шабыттанған кездерің болды ма?
5.Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Қанатты сөздерді оқып, негізгі ойын анықтаңдар:
«Адамзатқа тән ерекше бір жақсы қасиет – өзің қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету»
«Өнер - адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі»
«Көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді».
«Шабыт деген – ғаламат көрінген істің оп-оңай орындалуы. Ондайда сызу да, жазу да, ою да, әлденені жасай салу да – әсерлі, әдемі».
«Басқаларды әсерлендіру үшін алдымен өзің қатты толғануың керек»
2 – тапсырма «Табиғат – жаратылыс пернесі» өлеңін оқып, өз шығармашылық іс-әрекеттеріңді көрсетіңдер.
О, далам менің байтағым, О, далам, менің байтағым,
Далам деп өлең айтамын. Далам деп өлең айтамын. барам
Ұлың боп ойлап барам да, Солған Ай боп барам барам да
Құлын боп ойнап қайтамын. Толған Ай болып қайтамын.
Шабыт! Ол – адамға қанат беретін ұлы күш. Әртістерге шабыт беретін көрермендердің шапалағы. Ал ғалымға шабыт береген не? Оған небір ұйқысыз түндер, көптеген мехнат тарттырған айлар, жылдар кетеді. Шын оқымыстыға бұның бәрі азап өмір емес. Бұл – оған творчестволық өмір, ізденіс өмірі. Арманды тудырады. Арманға жету тілегі адамды әрқашан да шабыттандырады. Шаршаған көңілге жігер береді. Қажыған денеге күш қосады.
6.Топпен ән айту
Ауылым Жабайыл Бейсенов
7.Үй тапсырмасы.
1. Келесі сабақ: «Мені шабыттандырады» тақырыбына эссе жазып келу.
8.Соңғы тыныштық сәті:
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар
Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде, Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.
Саны: №-75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.19 ж. № 30 сабақ Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық қанатында Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, уәдеде тұру.
Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»
Сабақтың мазмұны
Ресус
Сабақтың мақсаты: Адам боп қалу шынайылықты қажет ететіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға түсініктерін қалыптастыру;
... Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық. Абай.
Онан басқа деп нені айтады?
4. Әңгімелеу:
Шебер мен бала
Ертекшінің бойына жан берген қандай тылсым күш болды деп ойлайсыңдар?
Шебер неліктен сыбызғының үнін сиқырға теңеді?
Көздің жауын алатын өнер туындыларының ғажап сұлулығының астарында не жатыр?
Таңғажайып сұлулыққа тамсанған сәтте қандай әсерге бөленесіңдер?
5.Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Кестедегі ұғым мен анықтамаларды сәйкестендір.
1) Адамның белгілі бір іске деген қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
2) Адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі.
3) Қандай да бір іс-әрекеттің табысты жүзеге асуына жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуы.
4) Адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі.
5) Адамның бір іс-әрекетті орындауда көрінетін жеке қасиеті.
2-тапсырма: Өз түсініктеріңдегі шынайы сұлу адамның кісілік келбетін ашып, оған мінездеме жазыңдар.
Менің өзіме разы болмай отырған бір жерім бар. Ол – домбыра тартуды білмеймін. Домбыра тарта білу мәдениеттің, өнердің бір түрі ғой. Мынадай шет жерде, майдан даласында, окопта, жер үйде отырғаныңда домбыра саған серік емес пе? Домбыраға қосып ән салсаң, әрі тыынығар едің, әрі көңіл көтерер едің. Қазақтың халық әндерін шалқыта, ретіне келтіре айтып ән салсаң, сонау алыстағы, ұлан-байтақ жеріңе, Қазақстаныңа барып сайраңдап қайтқандай болар едің деймін. Ия, досым , домбыра үйрену керек. Осы әңгімеден соң, домбыра үйренермін-ау деп ойлаймын.
6.Топпен ән айтуЕлім менің Сөзі: Н. Ә.Назарбаев
Арайлап таңым, асқақтап тауым, Әні: Б. Тілеуханов.
Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер жаса, қазағым менің. Қ-СЫ:Елім менің аңсаған,
Қазақстаным - жасыл орманым, Тас бұғаудан босаған.
Қуанышымды жасыра алмадым. Құтты болсын отауың,
Аңсаған бабам, аңсаған елім Берік болсын босағаң.
Бостандық еді ау, асыл арманым.
Бабамның қаны , анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке, бірлік - қамалдың басы, Қ-СЫ:Ұрпақ үшін, ел үшін,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам. Атамекен жер үшін
Күйінсін жауың, сүйінсін досың, Берекең мен бірлігің,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің. Таси берсін ырысың
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.
7.Үй тапсырмасы.
1. Келесі сабақ:
8.Соңғы тыныштық сәті:
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.
№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: . 05.19 ж. № 31- сабақ Сабақтың тақырыбы: Болашақты жасаймыз Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: өз-өзіне сенімді болу, басқалар туралы жамандық ойламау, уәдеде тұру. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: Адам боп өмір сүру шынайылықты қажет ететіндігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға түсініктерін қалыптастыру;
Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау;
2-тапсырма: «Болашағым - өз қолымда» тақырыбында эссе жазу.
3-тапсырма:«Ұжымдық дәстүр» мәтінін оқып, алған әсерлеріңді айтыңдар.
Қоғамның болашағы адамдардың рухани және жандық сау- лығына байланысты.Бүкіл адамзат тағдыры әр адамның өз қолын да. Ал адам өз өмірінің сәулеткері. Адамның даму сатыларына назар аударсақ, оның әртүрлі жетілу деңгейлерінен өтетінін көреміз. Мысалы: «ақылды адам», «зерделі адам», «кемел адам», ғарыштық адам», болып дамып жетіледі. Өз ортасынан озық туған даналардың болғаны тарихтан белгілі. Олар табиғатты аялап, қоғамдағы қайшылықтарды ізгілікпен шешу арқылы дүние- нің үйлесімділігін сақтай білген. Қоғамның игілігіне қызмет еткен. Олардың көңіліне түйген ойлары жоғары шоғырлану арқылы нақтыланып, айтқандары келіп отырған.
6. Топпен ән айту
Өміріңе немқұрайлы қарама Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама, Дәулетіңмен тұрсаң - дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан кисең де жақұттан, Өміріңе немқұрайлы қарама , Шақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
( Қанша азап көрсеңдағы бауырым )
Өміріңе немқұрайлы қарама. 2-рет:
Тұсау салып, бастатқызбай көш дара, Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама. Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың, Өміріңе немқұрайлы қарама. Айдын көлге айналса да көз жасың.
7.Үй тапсырмасы.
Келесі сабақ: «Өміріме ризамын» тақырыбында эссе жазу.
8.Соңғы тыныштық сәті:
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.
№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: . 05.19 ж. № 32- сабақ Сабақтың тақырыбы: Болашақты жасаймызҚұндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: қарапайым өмір, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, жағымды ойла. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»
Сабақтың мақсаты: жағымды ойлап қарапайым өмір сүру туралы түсінік беру.
Міндеттері: Білімділік: - өзіне-өзі сенімділікпен қарапайым өмір сүруді үйрету; Дамытушылық: - өзін-өзі құрметтеу;
Жамандық көрсең біреуден, мен қандаймын? - деп ойла».
4. Әңгімелеу:
Бала Қасым Берекет Кәрібаев
Бала Қасымның жастайында алған тәлімі оның келешекте қолбасшы, хан болуына қалайша септігін тигізеді?
«Болашақ – бүгіннен басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамның игі істері неліктен болашақтың іргетасы болып табылады?
Өздерің келешекте қандай мақсат-мұрат, жоспар құрып, оның іске асуына қалай әрекеттеніп жүрсіңдер?
5.Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: Қанатты сөздердегі негізгі ойды анықтап, өз ойларыңды түйіндеңдер.
«Кітап - өмір ұстазы» Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруы керек. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес» .і құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғығлғм
«Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым»
«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі».- ұзақ ғұмырдың сыйлайтын олжасы».
«Даналық, тәжірибе, білім - ұзақ ғұмырдың сыйлайтын олжасы».
2-тапсырма: Кестеге қазіргі таңдағы игі істерің мен болашақтағы нәтижесі туралы жазыңдар.
Менің игі істерім
Болашақтағы нәтижесі
3-тапсырма: «Бақша ағаштары» мәтінін оқып, одан түйінді ойларды дәптерлеріңе жазыңдар.
«Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір», - дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби білімне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қоюы керек.
Адам – өз өміріне өзі қожа. Өйткені, ол өз тұрмыс қажетті -лігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті. Ол өзінің осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ған дегеніне жете алады. Бұл адамның ар-ұжданына байланысты. Ар-ұждан басқармаған жағдайда адамды жат нәрселер жаулап алады. Ар-ұжданнан аттап кетпей , өзінің барлық іс-әрекеттерін осы қағидамен бағамдай алғанда, өзін-өзі әдептілік тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл өмірдегі, тіршіліктегі діттеген арманына жете алмақ.
6. Топпен ән айту
«Сен маған сүюді үйреттің» Әні-Ербол Байырбеков,
Сен маған сүюді үйреттің,
Ұмытып кеткен едім.
Басымды июді үйреттің,
Тәкаппар өктем едім ...
Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім.
Өмірді сүруді үйреттің,
Ұстазсыз мектеп едім.
Қ-сы: Сен маған ұшқанды үйреттің,
Тордағы бұлбұл едім.
Сезіммен құшқанды үйреттің,
Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)
Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,
Уайымшыл бір мұң едім.
Иіскеп қысқанды үйреттің,
Құшақсыз бір гүл едім.
Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім.
Өмірді сүруді үйреттің,
Ұстазсыз мектеп едім.
7.Үй тапсырмасы.
1. Биылғы оқу жылы барысындағы қоғамға жасаған қызметтеріңді презентация жасау.
8.Соңғы тыныштық сәті:
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар
Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде,
Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіл әлемде.