Сабақтың мазмұны Ресустар



бет7/9
Дата20.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#56147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ


№75 мектеп - гимназиясы Мерзімі: .03.19 ж. № 25-сабақ Сабақтың тақырыбы: Даналықтан қанып іш Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету. Пән мұғалімі: Сейденова А. Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: қоршаған орта табиғатқа қиянат жасамау керектігін түсіндіру.

Міндеттері:



Білімділік: - кешірімшіл болуға үйрету;

Дамытушылық: - адамдарға риясыз қызмет етуге ықпал ету;

Тәрбиелік: - шынайылық тәрбиелеу.

Сәлемдесу,

түгел


деу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: Су патшалығына ойша саяхат
2. Үй тапсырмасын тексеру.

Қазақтай ел қайда?

Көңілі көлдей шалқыған, Тілегін Тәңір берген,

Қазақтай ел қайда. Қасиет қонған елден.

Даласы жусан аңқыған, Елі үшін туған ерден,

Өзіңдей жер қайда. Киелім! Айналайын!
Таусылмас саған айтарым, Болмасаң өзің, айбарым,

Ардақтап өтейін, Мұратқа жетер ме ем?!

Бабадан қалған байтағым, Түспесін төмен байрағың,

Садағаң кетейін, Киелім! Төбеңе көтерген, Киелім!


Күлімдеп жатқан көлден Ғасырлап күткен, армандап,

Көкорай шалғын белден Теңдігім асқақ ән,

Құбыла соққан желден, Ұлыңа Алла жар болғай,

Айналайын! Елімді бастаған, Киелім!



Музык қойыла

ды

Тынш



тық сәті

3.Дәйексөз

Өмірдегі игіліктің ең кішісі – байлық,

Ең үлкені – даналық.

Сұрақ -жауап

4. Әңгімелеу:

Төле бидің аталы сөзі

  • Әйтеке бидің баласы неліктен аталы өсиетті тыңдауға құмартты деп ойлайсыңдар?

  • «Аталы сөз» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Бидің айтқан даналығынан қандай ой түйдіңдер?

  • Бабалар даналығын күнделікті өмірде қалай қолданып жүрсіңдер?

Сұрақ –жауап

(пікірталас)





5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Өлеңді оқып, онда айтылған үш «жұтқа» кері үш «құтты» тауып жаз. Жүсіп Баласағұни

Үш нәрсе бар, жер қылатын адамды, Боқты терген сасық қоңыз сияқты,

Үш күнә бар, оттай қарыр табанды. Сараңдықтан асқан не бар, ұятты.

Біріншіден – арсыз, мақтан, жамандық Сараң жайлы недейді ілім біліп ал.

Екіншіден – алдау, арбау, арамдық. «Ей аш көзді, қолы жұмық, іші тар!

Үшіншісі – алыпсатар, сараңдық. Алтын жидың, бірақ жеуді білмедің,

Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық! Алтын жиып елге неге бермедің?

Пейілі –тар, жаман адам жұғысса , Дүние жиып, жемейтұғын жарандар,

Қырсық шалып кері кетер жұмыс та! Жейтіндер бар, асты әзірлеп, қараңдар!

Аты шықса кімнің өсек, жалғанмен, Бұл үш түрлі қасиеттің жолы – құт,

Құтыла алмас ел ішінде танғанмен! Бұл үш түрлі надандықтың жолы – жұт.
2-тапсырма: Мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңдер.


  • Адамның парасаттылығын неден білуге болады?


Халық даналығы – атадан балаға мұра болып қалатын ізгілікті іс-әрекеттің де тәлімдік үлгісі. Ұрпағына өшпес мұра қалдырған білімдар, зиялы, ақылгөй адамды данышпан дейді. Халық даналығ ын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – үлкен міндет. Егер осы алтын қазыналар атадан балаға мұра болып жалғаса берсе, оны мұндай халықтың келешегі жарқын болмақ. Халықта: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады. Ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», - деп бекер айтпаған. Сондықтан әрбір жеткіншек бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымды лық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп өсуі керек.

пікірталасады.

6.Топпен ән айту

Туған ел С: Мәдеш Ниязбеков

Туған жер қандай көркем мөлдіреген,

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,

Тынышымай ет-жүрегім елжіреген.

Ыстық-ақ бүлдіргенді өзендерің,

Саяңда сайрап өскен өрендерің.

Мен едім соның бірі – қарыздармын,

Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.

Қашанда қарыздармын, елім, саған,

Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.

Жүректің арнап ыстық махаббатын,

Туған ел, берерім көп менің саған.



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Дананың сөзі – ақылдың көзі» тақырыбына эссе жазу.






№75 мектеп - гимназиясы Мерзімі: .04.19 ж. № 26-сабақ Сабақтың тақырыбы: Даналықтан қанып іш Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі; барлығынан жақсылықты көру; отаншылдық Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Табиғатпен үндестікте ақиқатпен өмір сүру керектігін түсіндіру.

Міндеттері:



Білімділік: - өмір сүруде ойдың, сөздің , істің бірлігін ұстануға үйрету;

Дамытушылық: - барлығынан жақсылықты көре білуге баулу;

Тәрбиелік: - Отаншылдыққа , кеңпейілділікке тәрбиелеу.

Сәлемдесутүгелдеу, сабақтың мақсаты, міндетін таныстыру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Жайлауға, ата-әжемізге барамыз»

2.Үй тапсырмасын тексеру.



«Дананың сөзі – ақылдың көзі» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.

Музыка қойылады
Үй тапсыр масын тексеру.

3.Дәйексөз Шыңғыс Айтматов

«Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану

арқылы қалыптастырды да өзін жалпы

жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне білді»

  • Адамның рухани дүниесі дегеніміз не?

  • Табиғаттың құбылыстарына нені жатқызамыз?

  • Пұшпақ деген не?

  • Сен өзіңді табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінесің бе?

Дәйексөз

мағынасытүсіндіру.

Сұрақ –жауап


4. Әңгімелеу: Талатбек Әкімов

Жанашырлықтың жарқын үлгісі

  • Неліктен Мұхтар атамыз газетті барша халықтың оқығанын қалады?

  • Кемеңгер жазушының бұл әрекетінен қандай өнеге алдыңдар?

  • Қандай әрекеттер адамды даналыққа жеткізеді?

  • Бабалар даналығынан алған үлгі өнегелеріңді сөздеріңмен және істеріңмен қалай насихаттап жүрсіңдер?

Сұрақ –жауап


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі сөздерді пайдаланып, «дана адамға» мінездеме беріп портретін жасаңдар.

  • Парасатты, қарапайым, шыншыл, ізгі, адал, қайырымды, ізденімпаз, батыл, сабырлы, шешен, қамқор, ұяң, ұстамды, өжет, жомарт, ақылды, ұқыпты, сыпайы, жанашыр, кешірімді.

3-тапсырма: «Шоқанның Саққұлақ шешенмен кездесуі» мәтінін оқып ойларыңмен бөлісіңдер.




6.топпен ән айту

Қазақы дастарханым С:Ж.Боранбаев

Бүгінгі ел ішінде Анаға ақ пейілді

Дәстүрді жалғастырған Иілсе, келін балаң
Татулық белгісі ме Ықылас ізет еткен
Жағалай молдас құрған? Сыйластық елін табам
Ей, менің асқар тауым Дәм татар талай ғасыр
Қазақы дастарханым? Ұрпақтар абайласын
Өзінсің бақ-берекем Кірлетпей таза ұстасын
Ақ қайнар бастауларым Халықтың шар айнасын


(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындай ды



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің қалауларымның шегі» деген тақырыпқа эссе жазып келу.





8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.





№-75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.19 ж. № 27 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қалаулар шегі Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау; отбасындағы, мектептегі парызын орындау; қанағатшыл болу.


Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Адам ішкі әлемінің тазалығын сақтау туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындай білуге ықпал жасау ;

Тәрбиелік: - қанағатшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Сәлемдесутүгелдеу,



2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің өмірімнің мәні неде?» деген тақырыпқа эссе жазып келу.


3.Дәйексөз Абай

«Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.»

  • Жүрегіңнің түбіне сүңгу дегеніміз не?

  • Асылға нені теңеп тұр?

Сұрақ –жауап

4. Әңгімелеу:

Шалдың үш баласы Лев Толстой

  • Неліктен үлкен ұл мен ортаншы ұл әке үмітін ақтай алмады?

  • «Қалаулар шегі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Баянды өмір сүрудің сыры неде?

  • Қанағатшылдық адам бойында қандай асыл қасиеттерді дамытады?

  • Өзің күнделікті өмірде қаншалықты қанағатшылық танытады?

Сұрақ –жауап



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Қанатты сөздердегі негізгі ойды анықтаңдар, бүгінгі өмірмен байланыстырып ойларыңды түйіндеңдер.

  • «Шүкіршілік еткенге шыр бітер»

  • «Арғымағыңды жамандап – тұлпар қайдан табарсың,

Тұйғыныңды жамандап– сұңқар қайдан табарсың»

Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды»

  • «Ғұмырыңды ұзартқың келсе, тамақты тарта іш»

  • «Ақша қымбат, адамның өмірі одан қымбат, ал уақыт бәрінен қымбат»

2-тапсырма: «Өз пәтерін кейуанаға берген» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап бер.

  • Қанағатшылдық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Бауыржан атамыз өзінің тілек қалауына қалайша шек қоя білді?


Қанағатшылық – адамның барға риза болуын, місе тұтуын, нәпсіге ермеуін білдіретін ұғым. Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, сабырмен өзін-өзі тежеу. Қанағат – ізгілер ұстанған жол. Бұл баршаның бойы -на жарасатын көркем сипат, ешқашан ортаймайтын қазына.

Қанағат – әдептіліктің басты белгісі. Қанағатты әдетке айналдырған адам өмір бақи игілігін көреді. Өйткені ол адамшы- лық жолдан тайдырмайды. Ашкөздікке жібермейді.Сұғанақтық, сұқтану оған жат нәрсе. Сондықтан, қанағатшыл адам жұмсақ кішіпейіл де қарапайым болып, көптің құрметіне ие болады.

Пікір талас

6.топпен ән айту

Ән -аға Шәмшімен сырласу С: Қ.Құрманәлиев

Жетті ғой осы күнге ән болып есімің де


Тербеттің ғашықтарды махаббат бесігіңде
Аққулар арасында әнің жүр барасың ба
Бір сұлу мұңаяды Арыстың жағасыңда
Ән аға жан аға
Сені аңсап шарқ ұрды шағала
Каспийдің толқыны 
Соғады жағаға
Жағаға жан аға, ән аға
Каспийдің толқыны
Соғады жағаға
Жағаға жан аға, ән аға
Еліңе мәңгі ұнатқан нәр бердің ән бұлақтан
Жетеді іңкәр әнің Теріскей Тамды жақтан
Ән болып ұшарыңда аққуға ұқсадың ба
Гүл болып үлбіредің бақыттың құшағыңда
Шалқыған жалын жастар Тойларда әнің бастар
Толқиды әуеніңменен Ақ маңдай қарындастар
Тұрса да дала гүл деп Өксиды дала бірге
Ескегін қайығыңның Қалдырдың аға кімге


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Уақыттың қадірі» Алмас Темірбай өлең жолдарын жаттап келу.






8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.





№-75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.19 ж. № 28 сабақ Сабақтың тақырыбы: Қалаулар шегі Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету.


Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы:8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Адам жан дүниесін шынайылықпен қалағанда ған рухы биік болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуді үйрету;

Дамытушылық: - кешірімшіл болу кісілікке жетелейтіндігін ұқтыру; Тәрбиелік: - шынайылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу түгел деу,


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру.



«Уақыттың қадірі» Алмас Темірбай

Күндерім қайран, күндерім, Неге біз осы, неге біз,

Кетті екен қайда, білмедім? Ұмытып кете береміз?!

Жоғалған жастық шағымды Денсаулық пенен уақыттың,

Қайтарып берер кім менің?! Қадірін білмей келеміз.

Қыдырдық, жүрдік, тойладық, Уақытың, ақшаң, табысың,

Қызыққа ешбір тоймадық. Жұмсалар бәрі тән үшін.

«Уақытым қайда кетті?» деп, Ішесің, жейсің, кетесің,

Отырмын енді ойланып. Барлығы қарын қамы үшін.

Уақыттан бәрі жеңілер, Барлығы қарын қамы үшін

Жолда жоқ артқа шегінер Не істедің сонда жан үшін?!

Осы күн, осы сәт бізге, Жаныңа бір сәт уақыт бөл.

Бір-ақ рет қана берілер. Бойыңа иман дарысын.


  • Уақыттың қадірін қаншалықты бағалап жүрсің?




3. Дәйексөз

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

- Жақсы адам деген кім?

- Өзің жақсы адам болғың келе ме?Неліктен?

- Дәйексөз қандай қасиеттерге жетелейді?

- Мақтаншақ болып кетпейсің бе? (мақтау мақтаншақтық емес.)





4. Әңгімелеу:

Аққуды атпас болар

  • Аңшы баласына қандай өсиет үйретті?

  • Қоршаған табиғатқа ұқыптылықпен қараудың мәні неде?

  • Адамның өз қалау-тілектерін басқара алуының маңызы қандай?

  • Өздерің қалау-тілектеріңнің шегін қаншалықты анықтай аласыңдар?



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады» деген қанатты сөзді талқылаймыз.

  • Олар кімдер?

  • Ұқсастығы мен айырмашылығын айтыңдар?


Адамның таусылмайтын тілек-қалаулары оны әрекет етуге итермелейді және оның өмірдегі амал-әрекетіне себепші болады. Тілек-қалаулардың шектен асып кетуі адамды тыныш- тығынан айырып, ойын еліктіріп, дұрыс емес әрекетке жетелей ді. Сондықтан адам өз қалауларының шегін белгілеп алуы керек. Сондай-ақ азықты орынды пайдалануды, ақшаны жөнсіз шашпауды, күш-қуатын пайдасыз нәрселерге жұмсамауды, уақытын барынша үнемдеуді үйренуі қажет.




6. Топпен ән Құрманай Бақтиярқызы

Шүкір

Пендесің жаратқан жарық берген, Шаттанып күлген күніме,

Шүкірлік етші барыңа. Үмітпен жатқан түніме

Қымбат өмірдің қадірін білген, Жүрекке жеткен үніме,

Жақсылар жүрсін жаныңда. Шүкір!

Аман боп жүрген күніме шүкір, шүкір,

Бақытты құшқан екенмін шүкір, шүкір.

Иманды серік етермін шүкір, шүкір,

Бейбіт күн сүйген мекенім шүкір, шүкір.

Арың мен намысты қатар қойып,

Құндылық болсын бағаң да.

Бойыңнан жаманның бәрін жойып

Жақсылық жаса адамға.



7. Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: «Ауылым» Жабайыл Бейсенов өлең жолдарын жаттап келу.






8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет