Сабақтың мазмұны Ресустар


мектеп-гимназиясы Мерзімі: 01.10.18ж № 5 сабақ Сабақтың тақырыбы



бет2/9
Дата20.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#56147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ


75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: 01.10.18ж № 5 сабақ Сабақтың тақырыбы: Шынайы білімнің нұры Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, зиянды әдеттерден аулақ болу, әділеттілік. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Өмірде дұрыс әрекет жасау адамның басты қағидасы болып табылатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірде басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету ;

Дамытушылық: - зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу;

Тәрбиелік: - әділеттілікке тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстыру.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің ұстазым» тақырыбына эссе жазып, оқу.




3. Дәйексөз

«Білімдінің сөзі – ем, Мейірімі көп, өзі кең»


Өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Ұядан ұлы жолға Сапарғали Бегалин

  • Айғаным әже ауыл ақсақалдарын тоқым қағарға не үшін шақырды?

  • Дабашинский Шыңғыс ауылына қандай мақсатпен келді?

  • Шыңғыстың «Шоқанжан енді артыңа емес алдыңа қара. Өмірдің өрі алдыңда» деген сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Шынайы білімді адамның қасиеттері қандай болады?

  • Өз өміріңде білімнің пайдаға асқан кезі болды ма? Айтып бер.




5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Төмендегі ұлы тұлғалардың ой-тұжырымдар- ын оқып ортақ түйінді ойыңды айтып бер.

«Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң,

Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң» Ж.Айтмауытов
« ..... Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспайды жалтырай да жарқырайда береді» Қаныш Сәтпайев
«Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі. Егер талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса , тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – прогресс те болмас еді»

Әлкей Марғұлан



..... Жанды білім жүрек үшін болады. Жанды білімнің мақсаты – әрбір оқушының жүрегіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен қасиеттерінің мәнін ашып, жарыққа шығару арқылы өзін-өзі тануға, өмірдің мәнін іздеуге және өмірдегі өз орнын табуға жағдай туғызу.

Ізгі педагог Ш.А Амонашвили «Жанды білім – ол адамды рухтандырады, ғылымның көкжиегіне бастайды, өм ді жаңаша құруға жетелейді, іздену үшін ойларды шабыттандырады, нұрландырады, дамытады,жанды білім қанат бітіреді.Жанды білім білім беру мәдениетін құрайды»



6. Топпен ән айту

Ұстазым Аманжол Шамкенов

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын Зердемді сен ашпасаң не етер едім,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Есімде әліппені жаттатқызып Ғажайып дүниенің сырын жайып

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым. Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Қалдырған ізің мәңгілік Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Жадымда тұрар жаңғырып Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Ұстазым, менің ұстазым! Келеді жана бергім, жана бергім!





7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Әйгілі ғалым Қаныш Сәтпаев жайлы материал жинақтап, мақала әзірлеу.






8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.



Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.

75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: 8.10.18ж № 6 сабақ Сабақтың тақырыбы: Шынайы білімнің нұры Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: барлығынан жақсыны көру, жақсыдан жаманды ажырата білу, өз-өзіне адал болу, шыншылдық, қарапайымдылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Өмірдің кірпішін ақиқатпен қаласаң алынбайтын қамал болатындығын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - барлығынан жақсыны көріп, жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету ;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға ықпал ету;

Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру.

Қаныш Сәтпаев жайлы жинақтаған материалдарын қорғайды






3. Дәйексөз

«Адамның бар өмірі өзін-өзі жұбату, өзін-өзі алдау»

Қадыр Мырза Әли



  • Адам өмірде өзін-өзі қандай жағдайларда жұбатуы мүмкін, ол оған пайда бере ме? Неліктен?

  • Қандай жағдайда өзін-өзі алдауы мүмкін?

  • Жұбату мен алдаудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

  • Өзіңізді алдап, жұбатқан кезіңіз болды ма?

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.



4. Әңгімелеу

Тапсырма Құрманбай Толыбаев

  • Мұғалім балаларға жазғы демалысқа қандай тапсырма берді?

  • Қаныштың білімге деген құштарлығы қандай іс-әрекетінен көрінді?

  • Мұғалім Қанышқа неліктен риза болды?

  • Білімге ұмтылу не үшін қажет?

  • Қаныштың бойындағы қандай қасиетті өзіңе үлгі тұтасың?

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап



5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Қаныш Сәтпаевтің өмірін үлгі етіп, өз арманыңды жетелеу мақсатында эссе жазу.

2-тапсырма: Шоқан Уалиханов, Қаныш Сәтпаевтің қандай қасиеттері елдің мақтанышы болуларына демеу болды.

Шынайы білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Ал біздің сезім мүшелеріміз рухани болмысты көруге арналмаған, тек сыртқы әлемнің құбылыстарын ғана байқай алады. Табиғаттың барлық сырларын білу үшін, адамның жан дүниесі таза болуы керек. Сондықтан білім алуда тек физикалық және интеллектуалдық жақтарыңды ғана дамытып қоймай, ең алдымен өздеріңнің жоғары рухани-адамгершілік табиғатыңды ашу маңызды. Рухани табиғатыңды ашуға бағытталған білім шынайы білім болып табылады.



6. Топпен ән айту

Ұстазым Аманжол Шамкенов

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын Зердемді сен ашпасаң не етер едім,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Есімде әліппені жаттатқызып Ғажайып дүниенің сырын жайып

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым. Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Қалдырған ізің мәңгілік Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Жадымда тұрар жаңғырып Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Ұстазым, менің ұстазым! Келеді жана бергім, жана бергім!


(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды



7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Ыбырай Алтынсарин жайлы ізденіп мақала жазып келу.






8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.



Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.

75 мектеп гимназиясы Мерзімі: 15.10.18ж № 7-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларғдың бақыт жолындағы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - өмір бақытының кілті Кішіпейіл, кешірімдіде екндігін үйрету;

Дамытушылық: - өмірде риясыз қызмет етуге, бақыт сыйлай білуге баулу;

Тәрбиелік: - жанашырлыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Су астына саяхат» шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Ыбырай Алтынсарин жайлы жазып келген мақалаларын қорғайды.

Музыка қойылады
Үй тапсырма сын тексеру

3. Дәйексөз Клод Андриан Гельвеций

Махаббат – іс-әрекеттің қуатты көзі

  • Махаббат деген не?

Оқушылар

пікірлерін білдіреді.



4. Әңгімелеу

Хаттар

  • Ыбырай Алтынсарин халқының игілігі үшін алдына қандай мақсат қойды?

  • Оның Николай Ивановичке жазған хатындағы көтерілген мәселелер қаншалықты маңызды?

  • Ұлы ұстаз кітаптың мазмұнына не себепті аса мән берді?

  • Оның еліне деген сүйіспеншілігі қандай іс-әрекеттерінен көрінеді?

  • Өзің халқыңның болашағы жарқын болуы үшін қандай мақсат қойған болар едің?

Сұрақ –жауап(пікірталас)





5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: 30 бет. Ыбырай Алтынсариннің хатын оқып, білім саласына сіңірген еееңбегін үлгі тұтайық.

2-тапсырма: Жағдаятты оқып , сұраққа жауап беру.

Бірде дәруіш сапарға шығып, жолда кездескен кез-келген жолаушыны «Жүрегің бар ма?» деген сөзбен қарсы алыпты. Адамдар айтылған сөздің мағынасына мәніне бірден көңіл бөлмесе де , жолаушылардың бірі, сен «Жүрегің бар ма?» дегенің орнына, неге қайырымдылық, махабббат, сенім, жақсылық , тіпті рақымдылық туралы айтпайсың ба? – деген сауал қойыпты. Сонда дәруіш: «Тек жүректі ұмытпауың керек, сонда қалғанының бәрі болады» - деп жауап беріпті.




  • Дәруіштің ойымен келісесің бе? Неліктен?




6. Топпен ән айту Ә:Ш.Қалдаяқов

Бақыт құшағында С: Т.Молдағалиев

Көзіңнен бір ұшқын Көктемнің бұлбұлы


Ұшты ма білмедім Кеудеме қонады
Әйтеуір нұр құштым Құшаққа қыр гүлі
Әйтеуір гүлдедім Толғандай болады
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауын, жаңа жауып басылған
Әнбісің төгілген Жанарың ұшқыны
Жырмысың армандай Жүректе жанады
Бір бақыт көрінген Қолыңның ыстығы
Жақындап қалғандай Қолымда қалады

Мен бүгін бұлақпын Сүйемін мен күнді


Ілгері жүгірген Көңілді жалынды
Бір нәзік шуақпын Сен биле еркімді
Жаныңа үнілген Әлдиле жанымды

Мұғалім әнді оқушылар мен бірге орындайды



7. Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: «Сүйіспеншілік елінде» тақырыбына эссе жазу, коллаж, сурет салуға да болады.






8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.


Бүгінгі саба ққа белсене қатысып,сыр бөліскені үшін алғыс

75 мектеп гимназиясы Мерзімі: 22.10.18ж. № 8-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық Пән мұғалімі: Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Жаратылыстағының барлығын өзіңдей жақсы көріп сүйіспеншілігімізді арнағанда үйлесімді қарым-қатынас болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет ету керектігін үйрету;

Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста шынайылықта болуға шақыру;

Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Су астына саяхат» шығамыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сүйіспеншілік елінде» тақырыбына эссе жазып, коллаж, салған суреттерін қорғайды.

Музыка қойылады
Үй тапсыр масын

тексеру


3. Дәйексөз И.Байзақов

«Бар ма екен махаббаттай нәзік нәрсе,

Тоймайтын адам жаны көре білсе»

  • Сүйіспеншіліктің түрлерін ата?




Оқушылар

пікірлерін білдіреді.



4. Әңгімелеу

Балапан торғай Бердібек Соқпақпаев

  • Қожаның торғайға қамқорлығынан қандай қасиеттерді көруге болады?

  • Қамқорлық көрсету, жанашырлық таныту, басқаның қамын ойлау қандай құндылықтың көрінісі болып табылады?

  • «Сүйіспеншілік – жүректе» дегенді қалай түсінесің?

  • Басқаларға сүйіспеншілік танытқанда қандай әсерге бөленесің?

Сұрақ –жауап(пікірталас)

5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Адамдар мен жануарлар арасындағы сүйіспеншілік туралы өмірлеріңнен мысал келтіріп әңгіме жазу.

2-тапсырма: 35- бет, «Күн» мәтінін оқып, Күннің әлемге риясыз сүйіспеншілікпен атқаратын қызметін адамдардың іс-әрекетімен салыстыру.



6. Топпен ән айту

Сағындым Алматымды

Қосамын әнге атыңды, Қалайды жаным жырды,

Тосамын әр хатыңды. Болмайды әнім мұңды.

Сағындым алма бағын, Пәк көңіл, ақ жүректі

Арайлы Алматымды. Достарым сағындырды.

Ағындым аққу үнді, Аспанын астананың

Сағындым ақ гүліңді Сағындым жастар әнін

Алматым сыйладың сен Сағындым шыңдарыңды

Шабытты шаттығымды Алатау асқаралы.
Еске алсам көктөбені Талпынған тау ұлына

Жаныма от береді Ғашықпын жауынына

Алғашқы махаббатқа Сағынып жетем саған

Куәгер көктерегі. Бас мені бауырыңа.


Мұғалім әнді оқушылар мен бірге орындайды



7. Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: 1-кезең «Қоғамға қызмет ету» жобасын аяқтап, альбомдарын толықтыру.






8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.


Бүгін сабақ қа белсене қатысып,

сыр бөліскені үшін алғыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет