Сабақтың мазмұны Ресустар


Өзін-өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .01.19 ж. № 17 –сабақ Сабақтың тақырыбы



бет5/9
Дата20.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#56147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ



Өзін-өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .01.19 ж. № 17 –сабақ Сабақтың тақырыбы: Отбасын қадірле Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: білім іздеу, өз өзіне адал болу, бәрін жақсы көру. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның отбасы алдындағы азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрете отырып ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - отбасы ұғымдары туралы түсінік беріп өзіне адал болуға үйрету;

Дамытушылық: - отбасының бәрін жақсы көруге баулу;

Тәрбиелік: - отбасымен саналы қарым- қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Сәлемдесу

түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстыр

ылады.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтау, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену.

«Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру



Музыка қойылады
Тыныштық сәті


3. Дәйексөз

Ата-ананың қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас,

Ел қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.ересін

Бауыржан Момышұлы



Дәйексөз талқылау.

Сұрақ -жауап



4. Әңгімелесу

Қала және қыз бала Марат Қабанбай

  • Әжесі мен немересінің бір-біріне деген ризашылықтарын қандай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?

  • Әжесі мен немересінің қарым-қатынастары қандай құндылықтарға негізделген деп ойлайсыңдар? Қалайша?

  • Отбасын қадірлеудің маңызын қалай түсінесіңдер?

  • Өз отбасындағы ізгі қарым-қатынас көріністерінен мысал келтіріп, айтыңдар.

Сұрақ –жауап


5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:

«Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес» Қорқыт ата.

«Ата-анадан ұрпақ өсіп тараған, Жақсы, жаман болса, бала – солардан» Жүсіп Баласағұни.

«Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең»

«Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» Б.Момышұлы.

«Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп , өмір сүретін орны» А.С.Макаренко.

«Елін сүйер, сеніңіз, өз семьясын сүйе алған»

2-тапсырма: Суреттегі отбасы үндестігін тауып, әңгімелеп беріңдер.

3-тапсырма: Өлең жолдарын оқып, өз аналарыңмен сүйіспеншілік қарым-қатынас туралы айтып беріңдер.

Шешенің балаларын сүюі Міржақып Дулатов

Кім сендерді, балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?

Бетін жуған жасымен сорлы анаңа

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді ,келгеніңше

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келсеңдер адам болып,

Еш арманым болмас еді өлгенімше.




6.Топпен ән айту

Ата – Әже Нұржан Төлендиев

Қалмасын деп қатардан Қанша көрдім дегенмен,

Ойлайтынын сезем мен. Көрмегенім көп менің

Айналайын әжемнен Қанша білдім дегенмен,

Айналайын атамнан. Білмегенім көп менің

Мақтанбаймын бекер мен, Мен дегенде ештеңе

Өшпейсіңдер санамнан Аямайтын осылар

Айналайын әкемнен Таңертең де кешке де

Айналайын анамнан. Аялайтын осылар

Күн сияқты ашылар Қалай жаман боламын

Қамқоршымда осылар. Мен бақытты баламын

Қ-сы: Атаааааааа Әжеееееее

Мен сіздерді сүйіп өтемін

Анааааааа Әкеееееееее

Сыилаймынғой бәріңді

Мен сіздерге қарап өсермін


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Ана мен сәби» өлеңін жаттап келу.



Күнделік теріне белгілеу.

Өзін-өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .01.19 ж. № 18 –сабақ Сабақтың тақырыбы: Отбасын қадірле Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Кешірімшіл болу, татулық, отбасындағы сүйіспеншілік Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Отбасы ынтымағы, бірлігі, оның отбасындағы жақсы қасиеттерден екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірдің мәні кешірімді болуда екендігін үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы сүйіспеншілікті айналаңдағы қарым-қатынаста көрсете білуге ықпал ету;

Тәрбиелік: - татулыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сәлем

десу,түгелдеу.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ана мен сәби

Өмірге сәби келді, Аттама адалдықтың,

Ақ періште іңгәләған. Ақ жолынан балапаным.

Иіскеп еміренер , Деп анаң кірпік қақпай,

Мейірленген туған анаң. Атқызатын ана таңын.

Періште сәби құлыным

Мен үшін бүгін ұлы күн!

Қабылдап ана жылуын, аман бол!

Тағдырдың көрме тарлығын,

Алдыңда нелер бар күнің,

Мойныңа алып бар жүгін, адам бол!


Музыка қойыладТыныштық сәті (топқа бөліну)

3. Дәйексөз

«Атаңа не істесең алдыңа сол келер»

Сұрақ -жауап



4. Әңгімелесу

Қайдасың қасқа құлыным Оралхан Бөкей

  • Баласы әкесі туралы қалай толғанды?

  • Ол ержеткен сайын әкесіне неге жақындай түсті?

  • Баласының әкесі туралы көзқарасынан қандай тәлімалуға болады?

  • Сендер осы үзіндіден қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?

  • Өздерің әкелерің туралы қалай толғанар едіңдер?

Сұрақ –жауап

(пікірталас)


5.Шығармашылық ж ұмыс

1-тапсырма: Төмендегі пікірлерге өз ойларыңды айтыңдар?

«Әкеме ерсем ғана адам боламын, әкеме ерсем ғана адас- паймын. Әкем ғана мені оятып, таңғажайып таңды жұрттан бұрын көрсете алар. Тек әкем ғана арайлы шақта аялап оята алады».

2-тапсырма: Мақал-мәтелдерді жалғастырып жазыңдар

1.Ата - асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала - ...... (жағадағы құрақ)

2. ..................................................

3.Атаңның баласы болма, ......... (адамның баласы бол)

4.Әке көрген оқ жонар, .......... (шеше көрген тон пішер)

5.Жақсыдан үйрен, ............. (жаманнан жирен)

6.Баланың ұяты әкеге, .......... (қыздың ұяты шешеге)

7.Балапан ұяда не көрсе, .......... (ұшқанда соны жасар)

8.Ата – бәйтерек, ............ (ана – мәуелі ағаш)





6. Топпен ән айту Біздің ескі үй

Осы үйде бәріміз өскенбіз

Осы үйден ер жетіп кеткенбіз

Шаңырағы киелі

Шағын ғана үй еді,

Талай жыл өтіпті-ау арадан.

Тарыдай шашылдық қалаға.

Қайырмасы: Ескі үйім-ай қалыпсың –ау қартайып.

Кәрі шалдай бір жаныңа жантайып.

Еніп тұрмын есігіңе еңкейіп,

Келіп тұрмын қара басым қалқайып.

Сенде өткен бақытты, балалық, Есігі бұзылған, біздің ескі үй, Сенде өсіп жан-жаққа тарадық. Неістейінменсаған,не істейін

Атам қайда, атам-ау Көп екен-ғой қатеміз

Апам қайда, апам-ау Айтушы еді әкеміз

Ештеңе естімейді құлағым, Осы үйге болар деп кім ие,

Ешкімге көрсетпей жыладым. Осыныопасыздықдемейнедейін



Біздің ескі үй(2), қайтейін саған, қайтейін




7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің отбасым» тақырыбына эссе жазып келу.




Күнделікке белгі леп алу.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік,сүйіспеншілік,сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік,сүйіспеншілік,сүйіспеншілік бүкіл әлемде.


Сабаққа белсене қатысып,сыр бөліс кені үшін алғыс айту.

8-701-593-65-11 Шадияр Өзін-өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .01.19 ж. № 19 –сабақ Сабақтың тақырыбы: Менің сыныптасым Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, командада (топпен) жұмыс істеу, бірлік . Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: жымда дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат жасамау өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: - командада (топпен) жұмыс істеуді үйрету;

Дамытушылық: - ешкімді ренжітпеуге, үнемі көмекке келе білуге ықпал жасау;

Тәрбиелік: - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу, түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Су патшалығына ойша саяхат

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сыныбым, менің мақтанышым» тақырыбында жазып келген эсселерін оқиды.

Музыка қойылады

Үй тапсыр масын оқу



3. Дәйексөз Авраам Линкольн

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы.

  • Қарым-қатынастағы ең жақсы қасиет қайсы?

Дәйексөзді талқылау.

Сұрақ -жауап



4. Әңгімелеу: Танаш Дәуренбеков

Шекісу мен бекісу

  • Жұбаныш Рәзиямен арада болған жағдайдан қандай сабақ алды деп ойлайсыңдар?

  • Адамның өзгелерді сыйлауының мәні неде?

  • Сыныптағы ұлдар мен қыздардың арасындағы сыйластық қандай қасиеттерді арттырады?

  • Бірлігі жарасқан сыныпты қандай мінездемелермен сипаттар едіңдер?

  • Өздерің сыныпта қаншалықты сыйласып жүрсіңдер?



5.Шығармашылық ж ұмыс

1-тапсырма: Төмендегі сөздерді пайдаланып ұлдар мен қыздардың бойындағы қасиеттерді теріп жаз.

Ұл бала бойындағы қасиет:

Қыз бала бойын-ғы қасиет:

Алғыр, ер мінезді, айбатты, батыл, сабырлы, қамқор, ұяң, өжет, жомарт, ақылды, ұқыпты, ақкөңіл, жайдарлы, парасатты, шыншыл, адал, қайырымды, сыпайы, жанашыр, кешірімді.

Алғыр, сабырлы, қамқор, ұяң, ақылды, ұқыпты, ақкөңіл, жайдарлы, инабатты, парасатты, шыншыл, адал, қайырымды, нәзік, сыпайы, сезімтал, жанашыр, кешірімді.


2-тапсырма: «Өзіңді жұрт сыйласын десең, алдымен өз-өзіңді сыйла» деген сөзді талқылап, түсіндір.

- Көзқарас

- Себеп

- Мысал


- Қорытындылау




6. Топпен ән айту Біздің ескі үй

Осы үйде бәріміз өскенбіз

Осы үйден ер жетіп кеткенбіз

Шаңырағы киелі

Шағын ғана үй еді,

Талай жыл өтіпті-ау арадан.

Тарыдай шашылдық қалаға.

Қайырмасы: Ескі үйім-ай қалыпсың –ау қартайып.

Кәрі шалдай бір жаныңа жантайып.

Еніп тұрмын есігіңе еңкейіп,

Келіп тұрмын қара басым қалқайып.

Сенде өткен бақытты, балалық, Есігі бұзылған, біздің ескі үй, Сенде өсіп жан-жаққа тарадық. Неістейінменсаған,не істейін

Атам қайда, атам-ау Көп екен-ғой қатеміз

Апам қайда, апам-ау Айтушы еді әкеміз

Ештеңе естімейді құлағым, Осы үйге болар деп кім ие,

Ешкімге көрсетпей жыладым. Осыныопасыздықдемейнедейін



Біздің ескі үй(2), қайтейін саған, қайтейін




7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің сыныбым, менің мақтанышым» тақырыбына эссе жазып келу.



Тапсырма ны күнде лікке белгі леп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.



Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліскені үшін алғыс айту.

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .02.19 ж № 20-сабақ Сабақтың тақырыбы: Менің сыныптасым Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мақсаты: Жарасымды ұжым негізі сүйіспеншілік- те екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: сыныптастарға риясыз қызмет етуге баулу;

Дамытушылық: - досқа кешірімді көзқараспен қарауға ықпал ету;

Тәрбиелік: - жанашырлыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық, бейнефильм, дәптер т.б.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Жағымды күйге ену, «Ата-әжеміздің жайлауына барамыз»


2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сыныбым, менің мақтанышым» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.

  • Сыныбыңның қандай қасиеттері басым деп ойлайсың? Неге?

  • Жағымсыз қасиеттері болса өзгерткің келеме? Қалай өзгертер едің?

Музыка қойылады
Тыныштық сәті (топқа бөліну)


3.Дәйексөз

«Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады».


Дәйексөзді талқылау.

4.Әңгімелеу:

Жексен Бердібек Соқпақбаев

  • Жексеннің ұжымға кіруіне не себеп болды?

  • Сыныптастардың арасын бірлік неліктен мектеп қабырғасымен шектелмеуі тиіс?

  • Бірлікшіл ұжымдағы қарым-қатынас адам бойында қандай қасиеттерді тәрбиелейді?

  • Өздерің сыныптастарыңмен қаншалықты татусыңдар?

Ролик көру

Сұрақ –жауап

(пікірталас)



5.Шығармашылық ж ұмыс

1-тапсырма: Қанатты сөздердегі негізгі ойларды анықта, бүгінгі өмірмен байланыстырып түйінде.

«Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ» Цицерон

«Достық – бұл екі денеде өмір сүретін бір жан» Аристотель

«Мінсіз дос іздеген – доссыз қалады» Әль-Фараби

«Шын дос сыртыңнан мақтайды» Б.Момышұлы

«Достық – асықпай өсетін өсімдік секілді, ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек»

2-тапсырма: Жағдаяттарды шешімін тауып, жалғастыр.

1-жағдаят: Бүгін сыныпта партада бірге отыратын ұл екеуің кезекшісіңдер. Сабақ аяқталғаннан кейін сыныптың терезелерін ашып, желдетіп, орындықтарды партаның үсті -не шығарып, еденді, тақтаны мұнтаздай етіп сүртіп, терезе алдындағы гүлдерге су құюларың керек. Соңғы сабақтың алдын да қасыңда отыратын ұлға бүгінгі кезекшілікті ескертсең де, ол кезекшілікке қалмапты. Барлық жұмысты өзің атқаруыңа тура келді.Қатты шаршадың.Ертесіне сыныпқа кіресала сен...

2-жағдаят: Бүгін алгебра сабағынан қорытынды бақылау жұмысы болды. Барлық сабақтарға үзбей қатысып, сабақ мазмұнын толық меңгергендіктен саған бақылау жұмысының есептерін шығару көп қиындық туғызбады. Есесіне, есеп шығаруға қиналып отырған сыныптастарың сенен есеп жауабын өтініп сұрады. Мұғалімге білдірмей сұрағандардың барлығына таратып бердің. Келесі күні мұғалім жұмыстың бағалары қойылған парақшаларды таратып берді. Сыныптағы барлық оқушыларға «бес» деген баға қойылып, саған ғана екілік бағасы қойылыпты. Мұғалімнің мұндай шешімін ішің сезе қойды. Уәж айтуға батылың бармады. Сенің әрекетің қандай?.......

3-тапсырма: «Достық» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. (85 бет)

  • Досы көп адамдар қандай қасиеттерімен сипатталады?

  • Адал дос болу үшін өзіңді-өзің қалай тәрбиелейсің?




6.Топпен ән айту Бір досың керек екен Жабығып қалғаныңда, Көңілге нұр беретін Таусылып талғамым да. Өмірге бір келетін Арылып ауыр мұңнан, Не көрсе бір көретін Бір сәтке алдануға. Бір досың керек екен.

Қасымда бір болатын Жалғыздық батқанында Жасысам сынға алатын Атпай бір ақ таңымда Жапанда жаяу қалсам Көңілім тұманданып Аямас мінген атын. Құлазып жатқанында.

Шаттығым кернегенде Елге дес бермегенде. Шарықтап сөйлегенде, Қолыңды сермегенде.





7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Асыл арман» Бәкір Тәжібаев өлең жолдарын жаттап келу.



Күнделікте ріне белгі леп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет