Сабақтың мазмұны Ресустар



бет3/9
Дата20.01.2020
өлшемі0,62 Mb.
#56147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ


№75 мектеп гимназиясы Мерзімі: 5.11.18ж. № 9-сабақ Сабақтың тақырыбы: Қайырымдылық көкжиектері Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Жаратылыстағының барлығын өзіңдей жақсы көріп сүйіспеншілігімізді арнағанда үйлесімді қарым-қатынас болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет ету керектігін үйрету;

Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста шынайылықта болуға шақыру; Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру.



«Қоғамға қызмет ету» жобасын аяқтап, альбомдарын толықтырып қорғайды.

Музыка қойылады
Үй тапсыр масын тексеру.

3. Дәйексөз

Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.

  • Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.




4. Әңгімелеу Қалмақан Әбдіқадыров

Қазықұрттың баурайында

  • Әлем палуаны Қажымұқанның бұл сапарының сыры неде?

  • Қажымұқан Отан қорғау комисарына не деп жазғызды?

  • Қажымұқан өзі соқтырған самолеттің ұшқышын қалай қарсы алды?

  • Жауынгер жігітке берілген тапсырмада не туралы айтылды?

  • Қажымұқан әлем тарихында қандай тұлғалық қасиеттеріне байланысты өшпес із қалдырды?

  • Қажымұқанның бұндай қасиеттері қандай құндылықтардың көрінісі болып табылады?

  • Қажымұқанның қандай қасиеттерінен үлгі алғыларың келеді?

  • Өзіңнің риясыз жақсылық жасаған кезің болды ма?

Сұрақ –жауап(пікірталас)





5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Мейірім тамшысы» тақырыбы бойынша қайырымдылыққа негізделген іс-шара жоспарын түзіңдер.

2-тапсырма: Ұлы адамдардың ой-тұжырымдарын оқып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.

  • «Жақсылыққа үлгі көрсетумен жетпесе, уағыз айтумен жету қиын» Сенека

  • «Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл. Өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле»

Ахмед Йүгнеки

  • «Ақ көңілі сәбидей, сенгіш келер ұлы адам»

Махмуд Қашқари

  • «Жақсының өзі кішік, бойы биік» Жамбыл Жабаев

  • «Қуанышқа ғана емес, қайғыға, қасіретке, бақытсыздық қа да ортақтаса біл» В.А.Сухомлинский


Қайырымдылық – адамдардың қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсетуі, қолдан келгенше көмектесуі, тек өзіне ғана емес алыс пен жақынға, үлкен мен кішіге, жас пен кәріге, бір-біріне мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасауы. Қайырымдылықтың астарында жүрек жылуы мен шынайы сезім жатады.




6. Топпен ән айту

«Сен маған сүюді үйреттің» Әні-Ербол Байырбеков,

Сөзі-Ақмарал Леубаева)

 Сен маған сүюді үйреттің,



Ұмытып кеткен едім.

Басымды июді үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ...

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.

 Қ-сы: Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)

 Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,



Уайымшыл бір мұң едім.

Иіскеп қысқанды үйреттің,

Құшақсыз бір гүл едім.




7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Мейірімді болайықшы ағайын» Серік Қалиевтің сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.






8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік әрекет бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.


Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліс кені үшін алғыс айту.

75 мектеп гимназиясы Мерзімі: № 10-сабақ Сабақтың тақырыбы: Қайырымдылық көкжиектері Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық (кеңпейілділік), ақжарқындылық. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Ар-ұжданмен өмір сүру, өмірде күресе білу абройын сақтаған адам, айналасына қиянат жасамайтынды ғын түсіндіру

Міндеттері:

Білімділік: - қоғам меншігін қамқорлауға үйрету;

Дамытушылық: - қоршаған ортаны қорғауды міндетім деп түсінуге баулу;

Тәрбиелік: - толеранттылыққа (кеңпейілділікке), ақжарқын -дылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу, Саб ақтың мақсат міндеті таныстырылад

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Мейірімді болайықшы ағайын» Серік Қалиев

Көктем етіп көркейтсе де маңайын Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын. Кішіпейіл болайықшы халайық!

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы ағайын! Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек

Көк нөсерін көл етседе жауындар Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Көк пен жерді сел етседе дауылдар Тілейікші өзгеге де болса деп.

Пейілдерді пенделікпен тарлтпай

Мейірімді,болайықшы бауырлар Ұлттың қамын жүректермен ұғынып

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Болашаққа қол ұстасып барайық, Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық. Таратайық адамзатқа жылылық!


Музыка қойы лады

Үй тапсыр масын тексеру



4. Әңгімелеу Өтебай Тұрманжанов

Бір қайырымдылық – көпір салу

  • Мінсіз Мүсін не себептен балаларға өсиет айтады?

  • Неге көпір салуды бір қайырымдылық деп атады?

  • «Адамның пейілі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Сенің басқаларға қайырымды іс жасаған кезің болды ма?

Сұрақ –жауап(пікірталас)





5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Жәрдем камитеті» мәтінін оқып, жалпы- адамзаттық құндылықтар тұрғысында талдау;
2-тапсырма: «Бір қайырымдылық – ағаш өсіру» мәтінін оқып, өз өмірлеріңнен қайырымдылыққа бағытталған оқиғаларың туралы ой-толғау жазу.
3-тапсырма: «Бір қайырымдылық – шөлге су шығару» мәтінін оқып, өздерің атқаратын қайырымдылық істеріңді ортаға салып айтып беріңдер.

..... Жанашырлық – адамгершілік қасиеттердің ең ізгі бастауы, қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болу, жылы сөзін айтып, жүрек жылуын ұсыну, ізгілік нұрын шашып, сый-сиапат көрсету. Нәсіліне, тілі, діліне қарамастан қиналған жанға жанашырлық таныту, қазақ халқына тән ұлттық қасиет болып табылады. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі болып табылады. Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын адамның іс-әрекетінде ізгіліктің негізі жатады. Ондай адамдар әр істе көрегендік танытады. Қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін, рахатын көреді.




6. Топпен ән айту

Жан әке



Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.

Осынау дөңгеленген дүниеде,

Жан әке кім бар сендей қымбат маған.

Қайырмасы

Пейілің егіз даламмен,

Мейірім ыстық жаныңнан.

Неліктен түстім саған мен,

Еліктей балғын шағымнан.

Шыңның да шырқау көңіл құшадәмін,

Шыңға да кейсәттер де түсседарын.

Сүрініп кетпес үшін әкесонда ,

Сенің өзболмысыңнан күшаламын

Қайырмасы

Көңілің көрік сыйлап гүлбағына,

Өмірдің қанықтырдың сырларына.

Мен әке қуанамын бар жаныммен,

Өзіңнің перзентің боп туғаныма.

Қайырмасы

Алтынға балап тұлғаңды,

Артыңда қалар ізіңмін.

Қызығын көріп жүр мәңгі,

Өсірген ұл мен қызыңның.




7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің - жан досым» тақырыбына эссе жазып келу.






Өзін – өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .11.18ж №11 сабақ Сабақтың тақырыбы: Достық айнасы Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, отбасындағы, мектептегі парызын орындау, ұқыптылық. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Әрбір сөзінде, ісінде жауапкершілікті сезіне білуді дұрыс әрекет құндылығымен жасағанда нәтижелі болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өміріне жауапкершілікпен қарай отырып басқа- лар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындау әрбір оқушы міндетім деп тануға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - ұқыптылық пен жауапкершілік егіз деп танып, тәрбиелеу.

Сәлемдесутүгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тәртіп ,Талап

Тыныштық,Тазалық, Татулық



Тыныштық сәті: «Су патшалығына ойша саяхат»
2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің – жан досым» тақырыбына эссе жазып оқу

Музыка қойылады

Үй тапсыр масын тексеру.



3. Дәйексөз

«Адам баласына адам баласының бәрі – дос»

Абай

Дәйексөз- ге пікірле рін білді реді.

4. Әңгімелеу Қыдырбек Ырысбеков

Достықтың алтын жүлдесі

  • Төлеуғазының жаны неге тыныштық таппады?

  • Кәріімжан нені армандаған еді?

  • Кәрімжан «КСРО чемпионы» алтын белгісін не себептен досының омырауына қадады?

  • Достық деген не, ол туралы не білесің?

  • Төлеуғазының бойынан шынайы достықтың қандай қасиеттерін байқадыңдар?

  • Шынайы достың бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  • Өзің қиналған кезде көмектескен достарың болды ма?

Сұрақ –жауап(пікірталас)





5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі сұрақтарға пікірталас жүргізу.

  • Достасу неден басталады?

  • Нағыз досты қалай табуға болады?

  • Шынайы достың қандай қасиеттері болу керек?

2-тапсырма: Жағдаяттарды шешу.

  • Сенің ең жақын досың емтиханға дайындалып жатыр. Сен қалай көмектескен болар едің?




  • Өзара достықтың көрінісі ізгі, сыйлы қарым-қатынас болып табылады. Сенің адал досың бар. Досыңа лайық екеніңді қалай көрсеткен болар едің?


3-тапсырма: Даналардың ой-тұжырымдарын оқып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.

  • «Шыншылдық адалдықпен ағзалас» Әл-Фараби

  • «Дос емес дос сыртынан жамандаған» М.Дулатов

  • «Дос таппаған ер азар, басшы бақпаған ел азар» М.Ә

..... Нағыз дос сенің басыңа түскен қасіретті бөлісіп алып, қайғыңды екі есе азайтады да, ал қуанышыңды екі есе көбей- тіп жібереді. Оның үстіне шынайы дос, сенің кемшіліктеріңді кешіріп, осалдығыңды байқамайды. Достықтың басты шарты – теңдік. Мұнда құл да, қожа да болмауы керек. Сонымен адам неге ұдайы біреумен достасқысы келіп тұрады. Шынай достық екі жағдайда қажет. Адам өз бойындағы зиянды заттарды ағза-дан сыртқа шығарып жіберуі үшін алуан түрлі дәрі-дәрмектер ішеді. Ал, адамның жан-жүрегіне жиналып қалған зіл батпан қасірет-қайғысын ол тек сенімді достары мен сырласу арқылы ған сыртқа шығарып, көптен бері арқалап жүрген ауыр жүгінен жеңілдей алады екен. Әрбір адамның мұңын шағатын, қуанышын бөлісетін кемінде бір шынайы досы болуы керектігі хақ.



6. Топпен ән айту сөзі :М.Шаханов

Кешікпей келем деп ең әні: Ш.Қалдаяқов,

Аңсаған бақытым сияқтанып,

Ай туып келеді қияқтанып.

Жол жаққа қараймын,

Сен жоқсың , арайлым.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет
Қайтемін кінәләп бұған сені,

Сағатың алдаған шығар сені.

Нұр ойнап көзіңде

Уәделі кезіңде.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет

Көшеде сырласып, шалқып басып.

Құрбылар барады қолтықтасып.

Тағатым таусылды,

Аңсадым даусыңды.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет



бейнеклипМұғалім әнді оқушы лармен бірге орын дайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Қайдасыңдар, достарым» Қабдікәрім Ыдырысов өлең жолдарын жаттап келу.



Күнделіктеріне белгі леп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.








Өзін – өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: 26.11.18ж №12 сабақ Сабақтың тақырыбы: Достық айнасы Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, жақсыдан жаманды ажырата білу, отаншылдық, шыншылдық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Жауапкершілікті сезініп ақиқатпен өмір сүру керектігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі жауаптылықты нығайтатындығын ұқтыру;

Дамытушылық: - жақсыдан жаманды ажырата білу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: - Шыншылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын тексеру.

Қайдасыңдар достарым

Бірге тойлап, бірге өткізген Бәрімізде таптық бүгін

Жалындаған жас шағын. Бақыт жолын іздеген.

Талай қызық күнді өткізген Дос үміті – достық сенім

Қайдасыңдар, достарым ? Әрқашанда біізбенен.

Қайырмасы:

Достар, достар жүрсің қайда? Жүрсек-дағы қиыр шетте,

Бірге еді ғой жанымыз. Досты ұмытқың келмейді.

Еске алысып осындайда Достық жалын бір жүректе

Кел, шырқайық бәріміз. Суымайды, сөнбейді.



Музыка қойылады



3. Дәйексөз

«Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының,

бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам

өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және

айналасына зиянын тигізеді.» Альфред Адлер

  • Жан дүниесіне үңілу дегенді қалай түсінесің?

Дәйексөз

мағынасын ашу,оқушы өз пікірін білдіреді.



4. Әңгімелеу

Бабалар аманаты Зейнеп Ахметова

  • Үш дос нені армандады?

  • Бүкіл ел олардың достығын неге аңыз етіп айтты?

  • Үш достың ұрпақтары олардың армандарын қалай жалғастырды?

  • Мәтіннен үш дос пен олардың ұрпақтарының арасындағы шынайы достықтың қандай қасиеттерін байқадыңдар?

  • Осы үш дос сияқты шынайы достарың бар ма?


5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Жүрек жылуы» ойыны, оқушылар орындарынан тұрып достыққа қатысты қасиеттерді айтып бір-біріне ұсынады.
2-тапсырма: Мәтінді оқып, жалпыадамзаттық тұрғысынан талдау.

... «Ардақты ағалар, біз – Кеңес, Бақытжан, мен үшеуміз әкелеріміздің достық шарапатының арқасында кішкене кезімізден дос, бауыр болып өстік. Біріміздің әкемізді «әке» деп, анамызды «ана» деп, аражіксіз бұл күнге жеттік. Әкелеріміздің өсиет-дәстүрін жалғастырып, балаларымызды достастырып жатырмыз. Бүгін мен алғаш рет немерелі болдым. Бауыржан папамның тұңғыш шөбересі өмірге келді. Сол нәрестенің атын қойып, баата беріңіздер, - деп толқып көзіне жас алды»



3-тапсырма: Досымызға хат жазамыз.

Ала жіп аттамау С.Кенжеахметұлы

Қазақ ұғымында ала жіп туралы әр түрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде, әдет-ғұрып қағидаларында «ала жіп» бейнесі қолданылады. Соның бірі – «ала жіп аттамау» деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір саласы десе де болады. Бұл теңеу «ешкімге қиянат жасама, біреудің мал-мүлкін ұрлама» дегентерең мағынаны білдіреді. Біреудің «мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын» деген сөзі оның адалдығын біілдіреді.



Жағдаяттарды сахналау

6. Топпен ән айту «Қайдасыңдар, достарым»

Бірге тойлап, бірге өткізген Бәрімізде таптық бүгін

Жалындаған жас шағын. Бақыт жолын іздеген.

Талай қызық күнді өткізген Дос үміті – достық сенім

Қайдасыңдар, достарым ? Әрқашанда біізбенен.


Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Бақыт қайда барасың?» Асанұлы Қабанның сөзіне жазылған жырауды оқып келу, жаттауға болады.



күнделікке белгілеп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.



Бүгінгі сабаққа белсене қатысып,сыр бөліскені үшін алғыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет