§ 12. Географиялық деректер базасы
Мақсаты:Оқушылар ГАЖ-технологияларының ресурстық негізін түсінеді.
Қысқаша конспект
Жетекші ұғымдар:ресурстық ГАЖ, деректер базасы, картографиялық мәліметтер, атрибуттық мәліметтер,кеңістіктік үлгілер
Сөздердің мағынасын түсіну:ДБ,полигон
Жер туралы ғылымдар үшін ресурстық ГАЖ-дың маңызы өте зор. Ресурстық ГАЖ қалыптастыру үшін бір тақырыптық карталарды негіз етіп алады. Одан кейін бұл карталардың мазмұны сандық негізге көшіріледі. Олардығы ақпараттар жеке қабаттар түрінде деректер базасына (ДБ) енгізіледі. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) көмегімен қажетті ақпаратты тауып алып,оны әрі қарай өңдеуге,толықтыруға, тасымалдауға толық мүмкіндік беріледі.бұл мәліметтер таратылатын мәліметтер базасы деп аталады.
ГАЖ деректер базасындағы мәліметтердің екі басты түрі бар.
1.Картографиялық мәліметтер-бұл сандық формада сақталатын мәліметтер жиынтығы. Ол картадағы географиялық нысандарды сипаттайды. Олар ерекшеліктеріне қарай жіктеледі: а)нүкте,б)сызық,в)полигон. (12-сурет).
Картографиялық мәліметтер
|
Нүкте
|
Сызық
|
Полигон
|
Сипаты
|
Ендік, бойлық
|
Жол,құбыр,шекара
|
Көл,орман,топырақтың бір түрінің ауданы т.б
|
ГАЖ-ды құрастыруда географиялық негіз болатын базалық картаны дұрыс таңдай білу керек. Барлық мәліметтер мемлекеттік стандарт талаптарына сай,жіктемелік кодтар түрінде берілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |