Күні: 23.02.2017 жыл Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы : §44 Архимед күші
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға Архимед күшінің бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп , оның табиғаттағы пайдасы туралы түсінік беру .
дамытушылық: Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігін формула жүзінде жазып ,формуласын практикада қолдана білуді үйрету ,сабақты өмірмен байланыстыра отырып ,шығармашылыққа баулу
тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылыққа,жауапкершілікке,ізденімпаздыққа ,еңбексүйгіштікке,өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, демонстрациялық, есептеу
Пәнаралық байланыс: математика , тарих,шет тілі
Сабақтың көрнекілігі:АҚТ,бейнебаян,Архимед портреті,қима қағаздар, топ аттары, цилиндр , динамометр , штатив , суы бар ыдыс,доп, қант, бағалау жетондары, шығу парағы, плакат, Архимед туралы нақыл сөздер
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа әзірліктерін тексеру.
Психологиялық дайындық
Оқушылар бір-біріне физикалық шамаларды қатыстыру арқылы тілек айтады.
Топқа бөлу
Физикалық құралдардың суреті арқылы топтасады
І топ «Манометр»
ІІ топ «Барометр»
ІІІ топ «Сорғылар»
Сабақтың түйінді сөзі
«Естігенімді ұмытамын,көргенімді есте сақтаймын,өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін»
дей келе бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді өмірде қолдана алады деген сенімдемін.
II. Тарсия әдісімен өткен сабақты бекіту:
Білмейтіндер ұғынсын, ал білетіндер тағы да есіне түсірсін.
«Тарсия» әдісі
Қағаз қиындыларындағы сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып, фигура құрастырады
ІІІ.Ой қозғау
Біз күнделікті тұрмыста жүзіп жүретін денелерді көп кездестіреміз. Мысалы, кемелердің, қайықтардың .Сонда денелердің сұйықтықта жүзу себеі неде?
Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.
Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?
Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.
Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.
Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?
Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.
Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің көрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар?
Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.
Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Жауап: Суға салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.
Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?
Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған
IV. Жаңа сабақ
Тұңғыш рет осы күштің бар екенін көрсеткен және оның мәнін анықтаған ертедегі грек ғалымы Архимед. Архимедтің құрметіне бұл күш Архимед күші деп аталады. FA деп белгілейміз.
Архимед - ежелгі Грецияның ұлы ғалымы математигі, механигі.Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында туып өмір сүрген.. Сонымен бірге, аспан денелерінің моделін жасап шығарған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінде қисық сызықтың ұзындығын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттің ауданын есептеуде ерекше орын алған, ол рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпалардың құрамын анықтау тәсілін тағайындаған.
Ертедегі аңызға қарағанда Сиракуз патшасы Герон таза алтыннан тәж кимекші болып, атақты зергерге көп ақы төлеп, қажетті алтынды өз қолымен өлшеп береді. Зергер көп кешікпей патшаға тәжді табыс еткенде, ол патшаға аса қатты ұнайды және тәждің салмағы берілген алтынның салмағындай болып шығады. Әйтсе де зергердің біраз алтынды өзіне қымқырып қалып, оның орнына күміс қосқаны туралы сыбыс патшаға жетеді. Өзінің алданғанына ыза болған патша зергердің айласын әшкерелеп берудің амалын таба алмайды да, Архимедті шақырып алып, оған істің мәнін баяндайды. Тәжді тексеріп беруді бұйырады.Архимедті бұл мәселе қатты ойландырады. Көп күн әуреленген ғалым бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде ойына әлгі сұрақтың шешуі келген дейді.
Бейнебаян
Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.Сірә,жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.
Нәтижесінде: ернеуіне дейін су құйылған ыдыстың ішіне күміс кесегін салып, ығыстырылып шыққан судың мөлшерін анықтайды. Содан соң, күміс кесегін алып тастап, орталанған ыдысқа қайтадан толтыра су құйып, алтын кесегін батырып, ығысып шыққан судың мөлшерін тағы да өлшеп алған. Бұл тәжірибеден, ол күмістің көлемі алтыннан қанша есе артық болса, оның ығыстырып шығарған суының көлемі де сонша есе көп екенін көрген. Демек, тәж таза алтын болмағаны, оған жеңіл зат қосылған. Сөйтіп, Архимед зергердің қылмысын ашқан.
Сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүйене отырып,осы сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әрекет ететінін қарастырайық.Дененің бүйір жақтарына әрекет ететін күштер тең және олар бірін –бірі тегеріп тұрады.Бұл күштердің әрекетінен тек дене сығылады.Дененің үстіңгі жағын биіктігі Һ1 су бағаны Ғ1 күшпен , ал төменгі жағын биіктігі Һ2 су бағаны Ғ2 күшпен қысады. Мұндағы Һ2 су бағанының биіктігі Һ1 биіктіктен көп, сондықтан Ғ2 күші де Ғ1 күштен көп болады. Демек, денені сұйықтан ығыстыратын күш Ғ1 жәнеҒ2 күштерінің айырмасына тең, яғни Ғы═Ғ1-Ғ2.
Сонымен, сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |