Үй тапсырмасын қорыту
Білу "Кір жаятын жіп" әдісі
1 - сұрақ - Біздің Отанымыз қалай аталады?
2 - сұрақ -" Конституция" деген нені білдіреді?
3 - сұрақ - Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
4 - сұрақ - Біздің еліміздің Конституция күні қашан мерекелейді?
5 - сұрақ - Мемлекеттік рәмізге не жатады?
6 - сұрақ - ҚР астанасы қалай аталады?
Формативті бағалау
Оқушылар өздерін бағдаршамның түстері арқылы бағалау;
Түсіну " Негізгі ойды анықта,
түйін". "Ой дамыту"
1. Бейнеролик көрсету
Айқындық сұрақтар
- Балалар осы видеоның бүгінгі сабаққа қатысы бар ма деп ойлайсыңдар?
- Видеодан нені тамашаладыңыздар?
- Бұл видеоны көріп, өздеріңізге не түйіп отырсыңдар?
Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыз Қасым Аманжолов-тың "Туған жер" өлеңімен танысамыз.
Қолдану "Артық болмас білгенің"
Талантты оқушымен жұмыс.
Автор туралы дайындап әкелген мәліметтермен бөлісу.
"Мағынаны тану"
1. Визуалды айғақтар (көзбен көретін айғақтар)
- Туған жердің суреттерін анимациялық түрде көрсету.
2. Оқушының мәнерлеп оқуы
"Серпілген сауал"
(ашық және жабық сұрақтар)
1. Өлеңнің қай шумағы саған ерекше әсер қалдырды.
2. Ақынның өлеңі неше шумақтан және тармақтан тұрады?
3. Лирика дегеніміз не?
4. Ақынның туған жерге деген құрметі, ризашылық сезімі өлеңнің қайталауында берілген.
Талдау "Ойлан, топтас, талқыла"
1- топ "Ауылды сипатта"
2- топ "Қаланы сипатта"
Өлеңннің шумағындағы ұйқасты фигуралар арқылы немесе әріптер арқылы көрсет.
І топ - 1 ші, 2 ші шумақ
ІІ топ - 3 ші, 4 ші шумақ
Жинақтау.
"Жұппен жұмыс"
1. Отан туралы мақал - мәтелді есіңе түсір
2. Өзің өз ауылыңнан алыстап кеткенде қандай сезімде боласың?
3. Қазақстандағы қалаларды ата.
4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
5. Қазақстандағы өзен мен көлдер.
"Ұжымдық жұмыс"
Туған жеріміз, туған ауылымыз жөнінде шағын эссе жазу.
Бағалау
Бүгінгі "Туған жер" өлеңінде автор нені бейнеген?
- Сен қайда тудың?
- Қазақстанда нелер бар?
- Қазақстан табиғаты қандай?
- Ормандарда нелер бар?
- Сендер нені құрмет, мақтаныш тұтасыңдар?
- Өлең қандай шығарма түріне жатады?
Сынып оқушылары түстер арқылы бағаланады?
"Қызыл" - өте жақсы
"Сары" - жақсы
"Жасыл" - орта
Рефлексия
Ет тартқыш, чемодан, қоқыс жәшігі ілінеді. /Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, үш заттың біріне іледі.
Үй тапсырма: Отан туралы мақал - мәтел
1. т
|