Тілек шеңбері:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алдыменен бәріміз,
Амандасып алайық.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын,
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.
Сәлем! Сәлем! Сәлем! Ал енді бәріміз тілектер айтайық.
- Деніміз сау болсын.
- Ақылды болайық!
- Дос, тату болайық!
- Тосын сәт:
- Сергіту сәті:
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қыйығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Тіл үйрету жаттығулар:
Зе-зе-зе, зе-зе-зе,
Бұл шыны терезе.
За-за-за,за-за-за,
Үйдің іші тап-таза.
Зу-зу-зу, зу-зу-зу
Күрекпен жер қазу.
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау, бағалау, мадақтау.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Ақ сақалды атаны - ай,
Мінезінің шатағы - ай (Қыс)
2. Бес ін, бес іннің,
Аузы бір ін. (Қолғап)
3. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды. (боран)
4. Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды (қырау)
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 21.01.2015 жыл 11 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен олардың әріптері. Мал атасы.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйрету. Мал атасы туралы түсінік беру.
ә) оқу жылдамдықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларына молайту.
б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке үйрету.
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: ноутбук, Төрт түлік суреттері, жұмбақтар, тест тапсырмалары.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін пайдалану, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдері кеңейеді.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Ұйымдастыру
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу,олардың назарын сабаққа аудару.
«Джигсо» әдісімен топқа бөлу
(балалар 1, 2, 3 сандарын кезекпен айтып, сол сандар жеке – жеке топ құрады)
|
1-топ «Құлыншақ» 2-топ «Ботақан» 3-топ «Қошақан»
«Қоян» мәтінін талдау.
|
Топпен
|
|
АКТ
|
Қызығушылығын
ояту
|
5 мин.
|
Психологиялық дайындық.
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп - түзу боп тұрайық.
|
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа-нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр,
2 – қатар тез отыр,
3 – қатар сен де отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.
|
жеке
|
|
АКТ
|
Білу
|
5 мин.
|
«Ой шақыру» стратегиясы
«Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар»
- Бұл не?
- Қойдың төлі не?
«Екі айнасы бар, Екі найзасы бар»
- Ол не?
- Сиырдың төлі не?
«Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ».
- Бұл не?
- Жылқының төлі не?
«Маң - маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан».
- Бұл не?
- Түйенің төлі не?
-Біздің бүгінгі тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар. Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз.
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
- Бұл қой.
- Қойдың төлі – қозы
- Ол сиыр.
- Сиырдың төлі - бұзау.
- Бұл жылқы.
- Жылқының төлі - құлын.
- Бұл түйе.
- Түйенің төлі - бота.
|
жеке
|
|
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
Мәтінмен жұмыс. «Төрт түлік».
1.Мәтінді оқыңдар.
2.Мәтін мазмұнына байланысты сұрақ-жауап.
«Қояндар»
|
-Әңгімені түсініп оқу.
Бір-біріне сұрақ қою.
Қояндарым тұрыңдар,
Беті-қолды жуыңдар.
Айнаға қараңдар,
Тондарыңды тараңдар.
|
жұппен
|
|
СТО
|
Қолдану
|
15 мин.
|
Дәптермен жұмыс.
|
1.Дауыссыз дыбыс әріптерін жазу.
2.Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жазу.
3.Дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөз жазу.
4.Жалғастыр.
|
Жеке
|
мадақтау
|
ЖЕБО,
ОүБ
|
Талдау
|
10 мин.
|
Деңгейлік тапсырмалар
|
|
топпен
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
ОүБ
СТО
Басқару және көшбасшылық,
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
Мал атасын жазу.
|
Малдар туралы жұмбақтар шешу.
|
жеке
|
мадақтау
|
ТжДБЖ
|
Бағалау
|
1 мин
|
Бағалау парақтарын тарату
|
Бағалау парақтары арқылы өзін-өзі бағалау.
|
|
|
ОБ
ОЖТ
|
Үйге тапсырма : 21-22 бет17-18 жаттығу
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 22.01.2015 жыл 13 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен олардың әріптері. Төлді қалай шақырады?
Түйе. Ботақан.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсінік алады. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйренеді. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік алады. ә) Оқу жылдамдықтары артады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молаяды. б) Әдемі жазуға тәрбиелеу. Малды сүюге, күтуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: ноутбук, Төрт түлік суреттері, жұмбақтар, тест тапсырмалары, мазмұнды сурет, сөзтізбек, тірек сызбалар, төрт түліктің пірлері.
Әдіс-тәсілдері: топқа бөлу, ассоциялық аймақ құру, кубизм әдісі, ой шақыру, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдері кеңейеді.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Ұйымдастыру
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу,олардың назарын сабаққа аудару.
«Көңіл ашар» жаттығуы.
Сыныпты топқа бөлу.
Түрлі - түсті қағазбен топтастыру.(қызыл, көк, жасыл)
1 - топ - «Дауыстылар», 2 - топ - «Дауыссыздар»,
|
Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, күн!
Қарады маған да. Сәлеметсіз бе, жер!
Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, сіз!
Қарады саған да. Сәлеметпіз біз.
«Мал атасы» мәтінін.
23 бет 19-жаттығу
|
Топпен
|
|
АКТ
|
Қызығушылығынояту
|
5 мин.
|
Асосациялық аймақ құру.
Төрт түлік
↓
Жылқы, түйе, сиыр, ешкі, қой
|
Дыбыстар
↓
Дауысты
Дауыссыз
|
жеке
|
|
АКТ
|
Білу
|
5 мин.
|
Ой толғаныс.«Кубизм» әдісімен.
1. Қозыны қалай шақырады? 2. Лақты қалай шақырады? 3. Құлынды қалай шақырады? 4. Бұзауды қалай шақырады? 5. Ботаны қалай шақырады? 6. Төрт түліктің иелерін ата.
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
|
жеке
|
|
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
Мәтінмен жұмыс. «Төрт түлік».
1.Мәтінді оқыңдар.
2.Мәтін мазмұнына байланысты сұрақ-жауап.
«Қояндар»
|
-Әңгімені түсініп оқу.
Бір-біріне сұрақ қою.
Қояндарым тұрыңдар,
Беті-қолды жуыңдар.
Айнаға қараңдар,
Тондарыңды тараңдар.
|
жұппен
|
|
СТО
|
Қолдану
|
15 мин.
|
Дәптермен жұмыс.
|
1.Дауыссыз дыбыс әріптерін жазу.
2.Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз жазу.
3.Дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөз жазу.
4.Жалғастыр.
|
Жеке
|
мадақтау
|
ЖЕБО,
ОүБ
|
Талдау
|
10 мин.
|
Деңгейлік тапсырмалар
Логикалық тапсырма
Бұлардың қайсысы артық? Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?
Не артық? Неліктен?
|
(Түйе, ешкі, сиыр, мысық, жылқы, ит, аю)
(Лақ, құлыншақ,қозы, бұзау, түлкішек)
|
топпен
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
ОүБ
СТО
Басқару және көшбасшылық,
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
Мал атасын жазу.
|
Малдар туралы жұмбақтар шешу.
|
жеке
|
мадақтау
|
ТжДБЖ
|
Бағалау
|
1 мин
|
Бағалау парақтарын тарату
|
Бағалау парақтары арқылы өзін-өзі бағалау.
|
|
|
ОБ
ОЖТ
|
Үйге тапсырма : 25-24 бет оқу. 20-жаттығу
Жаңа сабақ:
-Балалар, кім айтады далада өсіп тұрған үлкен-үлкен ағаштар неден өседі.
-Үйде сендерді үлкен кісілер, ата-әжелерің қалай еркелетеді.
-Дұрыс айтасыңдар. Енді осыны жеке-жеке өз енелерімен қосып айтып көрейікші.(Дөңгелектің бір жағына енесін,екінші қарсы бетіне төл салынған суретті көрсету арқылы әңгімелейміз.)
-Ешкінің төлі-лақ. Бұл өзі жеңіл қозғалатын, бақырауық дауысы бар,шыдамсыз төзімі аздау мал.Осы туралы кім тақпақ біледі.
Жүнін жұлса бақырған
Ешкі атасын шақырған
Өрісте өскен жануар
-Қойдың төлі-қозы. Бұлар өте жуас, момын жануар екен.Сондықтан көбіне халық қой асыраған.
Қой баласы қоңырым
Ұя бұзбас момыным
Шопан ата түлегі
-Сиыр төлі-бұзау. Өте тойымсыз, қомағайлау мал.Тілі өте ұзын болады екен.Сонымен өзіне керекті тамағын тауып жейді.
Тілімен мұрын жалаған
Тілімен бойын тараған
Зеңгі баба өсірген
-Жылқы баласы-құлын. Бұл өте мықты мал. Қандай жүк брлсада көтере алады. Алыс жолға жүре алатын, көлік ретінде пайдаланған жануар.
Жолға шықсам көлігім
Жапанда жүрсем серігім
Қамбар ата өсірген
-Түйенің төлі-бота. Мұның басқа жануарлардан ерекшелігі арқасында екі өркеші болады. Шұбаты денсаулыққа шипалы.Бұл мал көбінесе құмды жерде жүреді. Олар өйткені суға шыдамды.Сондықтан мұны шөлді жерде көлік ретінде пайдаланады.
Айналайын ботам
Қандай күлте жотаң
Табаның жалпақ
Теріп жейсің жантақ
-Енді осылардың төлдерінің әрқайсысын әрқалай шақырады екен.
Мысалы: Ешкі шөре-шөре.
Қой пұшайт-пұшайт
Түйе кос-кос
Сиыр аухау-аухау
Жылқы құрау-құрау
Төлдердің бізге беретін өнімі туралы айту.
Жылқы (Ет, қымыз, қазы). Сиыр (сүт, жүн).Қой мен ешкі (ет,терісі,сүт,жүні).Түйе (шұбат,жүні).
2.Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер
1.Сиырдың сүті – тілінде. 2. Ат- адамның қанаты.
3.Қойдың сүті қорғасын, 4. Аттың бәрі сұңқар емес,
Қойды ұру болмасын. Құстың бәрі сұңқар емес.
5. Жалғыз шапқан ат жүйрік. 6. Түйе көп болса жүк сыймас.
7. Малды бақсаң, сиыр бақ, 8. Сиырды теппейді,
Сүт кетпейді шарадан. Сүтті төкпейді.
3.Төрт түлік туралы жырлар
Ақ бұзау
Ақ бұзауым ұнайды, Келеді өсіп күн санап,
«Мө- мө» деп сүт сұрайды. Қоямын ба тұмшалап.
Ақ бұзау жақсы фермада, Тұмсығын созып қарайды,
Апарамын көрмеге. Тілімен мұрнын жалайды.
Сиыр
Әукім, әукім, сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін жерге келгелі,
Шығып қапты бүйірің.
Қозы
Кіп- кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Бөрте лақ
Шөре- шөре лағым Марқа туған бөрте лақ,
Тентек болма, шырағым. Әңгімеме сал құлақ.
Секектеме деміңді ал, Ойнай көрме тым ұзап,
Селтеңдемей құлағың. Боп жүрмесін бөрі тап.
ҮІ. Ойлан тап:Көп нүктенің орнына жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды қойып көшіріп жазу.
1-топ.Жұмбақ
К...шк...не ғана б...йы бар
Айналдырып киг..н т..н.. бар. Қой
2-топ Жұмбақ
К...з..кт... бір ж...ну...р,
Үстінде ...кі т...уы бар. Түйе
ҮІІ .Тез ойла,сөз ойла
С Й М Ұ А Қ
Ү Р А Р Й У
Т А Й Т М Ы
А Н Қ Қ А З
Сүт,айран,май,құрт,қаймақ,уыз
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 23.01.2015 жыл 15 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Алфавит Жылқы.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға қазақ алфавиті туралы түсінік беру.Төрт түліктің бірі-жылқы туралы түсініктерін кеңейту.
ә) Сөйлеу тілдерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.Оқу жылдамдықтарын дамыту.
б) Әдемі жазуға,тазалыққа, тыңдай білуге үйрету.Төрт түлікті күте білуге рету.
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: ноутбук, жылқының суреттері, жұмбақтар, тест тапсырмалары, алфавит.
Әдіс-тәсілдері: топқа бөлу, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:Оқушылар қазақ алфавиті, төрт түліктің бірі-жылқы туралы түсініктері кеңейеді.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Ұйымдастыру
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу,олардың назарын сабаққа аудару.
«Көңіл ашар» жаттығуы.
Сыныпты топқа бөлу.
Түрлі - түсті қағазбен топтастыру.(қызыл,
көк) 1 - топ - «Дауыстылар», 2 - топ - «Дауыссыздар»,
|
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
«Ботақан» өлеңін
мәнерлеп оқыту.
|
Топпен
|
|
|
Қызығушылығынояту
|
5 мин.
|
«Иә-жоқ» ойыны.
А-дауыссыз дыбыс (жоқ)
Алфавиттегі әріптерді ретімен оқып жаттату..Қай таңбалардың оқылмайтынын сұрау.
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
|
жеке
|
|
|
Білу
|
5 мин.
|
Қазақ алфавитінде 42 әріп бар.Алфавитте әрбір әріптің аты аталып, орын реті белгіленген.
Табиғатта еркін жүрген аңдарды жануарлар дейміз.Адамдар ертеде сол жануарлардың етін жеп,сүтін ішу үшін және басқа да қажетіне жарату үшін қолға үйреткен.Қолға үйір болған жануарларды мал деп атаған.Түлік дегеніміз не?
«Қара» деген сөз түліктің денелі екенін білдіреді.Ұсақ денесінің кішкене екенін білдіреді.Қой мен ешкі ұсақ мал болып есептеледі.
Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі деп санаған.Ол киелі деп есептеліп,оған жыл қайыруға жетінші орын береді.Жылқының сорпа майы қыста қатпайды.Қымызы өкпе ауруына ем.
Жылқыға жылан жоламайды.Жылқыда өт жоқ.Дүние жүзінде қазір жылқының 250-ден астам тұқымы бар.
|
Түлік деген-адамдардың ерекше қамқорлықпен бағып күткен малдары.
Төрт түлік: Жылқы, Түйе, Сиыр, Қой мен ешкі.
Қазақ төрт түлікті екі топқа бөлген: 1.Ірі қара (жылқы,сиыр,түйе). 2.Ұсақ мал (қой,ешкі)
|
жеке
|
|
АКТ
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
Мәтінмен жұмыс. «Жылқы».
Мәтінді оқыңдар.
Сөздік жұмыс
«Қызыл өрік»
|
-Әңгімені түсініп оқу.
Жорға –жай жүреді Жүйрік – тез шабады.
|
жұппен
|
|
СТО
|
Қолдану
|
15 мин.
|
Дәптермен жұмыс.
|
Сөздерді алфавит ретімен жазу.
|
Жеке
|
мадақтау
|
ЖЕБО,
ОүБ
|
Талдау
|
10 мин.
|
Постермен жұмыс.
|
Сыныптағы оқушылардың атын алфавит ретімен желімдеп шығу
|
топпен
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
ОүБ
Басқару және көшбасшылық,
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
«Серпілген сауал»
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақ-жауап.
|
-Алфавит деген не?
-Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
-Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
-Жылқы туралы не білдік?
|
жеке
|
мадақтау
|
ТжДБЖ
ОЖТ
|
Бағалау
|
1 мин
|
Бағалау парақтарын тарату
|
Бағалау парақтары арқылы өзін-өзі бағалау.
|
|
|
ОБ
|
Үйге тапсырма : Алфавитті жаттау.28-29 бет Жылқы мәтінін оқу.
Жылқыны жасына қарай қалай атайды?Жылқыны түсіне қарай қалай атайды?
құлын
|
торы
|
жабағы
|
көк
|
тай
|
жирен
|
құнан
|
күрең
|
бесті
|
боз
|
Жылқыға байланысты ұлттық ойындар.
Жылқының пірі.
Бәйгеге шабатын баланы кім дейді? (шабандоз).
Жүйрік аттарды баптайтын адам? (бапкер)
Жылқыда не жоқ? (өт)
Жылқы қандай жануар? (сезімтал)
Жылқының сүтінің қандай пайдасы бар? (өкпе ауруына)
Жылқыға не жоламайды? (жылан)
V. 5 жолды өлең шығару.
Жылқы
Қара, жүйрік, жорға
Құлынына қымыз береді
Қымызын ішу үшін
Жылқы – жануа
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 24.01.2015 жыл 16 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Алфавит. Боз бие. Құлыншақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың Алфавит туралы, жылқы жайлы алған білімдері мен түсініктерін кеңейту, жылқының пайдасын жете түсіндіру, бие жайлы түсініктерін қалыптастыру, бие сүтінің атауларымен таныстыру.
2. Дамытушылық :Жылқы малының түсіне байланысты сөздермен таныса отырып, балалардың тілін, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін, қиялын дамыту;
3. Дағдылық: Балаларды сауатты, көркем, таза жазуға машықтандыру. Сұрақтарға толық, нақты жауап бере білуге дағдыландыру
4. Тәрбиелік: Балаларға қымыз бен саумалдың пайдасын ұғындыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: сюжетті суреттер, бие суреті, тесттер, оқулық, ноутбук, кестелер
Әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, ой қозғау, ассоциация, түртіп алу, болжау, БББ кестесі
Күтілетін нәтиже:Алфавит туралы, жылқы жайлы алған білімдері мен түсініктері кеңейеді.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Ұйымдастыру
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу,олардың назарын сабаққа аудару.
Сыныпты топқа бөлу.
|
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.
«Жылқы» мәтінін оқу.
|
Топпен
|
|
АКТ
|
Қызығушылығынояту
|
5 мин.
|
-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
- Қыста не жауады? Ендеше бізге «Сиқырлы қарлардан» бірнеше тапсырма келіпті, орындаймыз ба?
|
-Қыс.
-Қар.
|
жеке
|
|
АКТ
|
Білу
|
5 мин.
|
Алфавитте неше әріп бар?
2. Алфавиттегі әріптер қалай орналасқан?
3. Атқа керек құрал - жабдықтарды атаңдар?
4. Жылқы қандай жануар екен?
Осының ішінде құлындайтын түрінің не деп аталатынын білеміз бе?
- Бие туралы не білеміз, кәне, ойымызды ортаға салайық.
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
- Бие деп аталады.
|
жеке
|
|
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
«Боз бие» өлеңді оқып беріп таныстырамын.
Оқулықпен жұмыс - Хормен оқыту
- Балалар, оқып келе жатқанда сендерге түсініксіздеу сөздер кездесті ме?
- Өлеңде не жайында айтылды? Бие сүті – жаңа сауылған кездегі ашытылмаған сүтін саумал деп атайды екен. Ал ашытылып, күбіге пісілген сүті — қымыз деп аталатынын ұғындыру. Саумал да қымыз да 40 түрлі ауруға ем екен, оны ішкен адамның бойында күш қуаты артып, қаны көбейеді екен, денсаулығы жақсара түседі. - Шетелден келетін мына сусындарды ішіп ауырғанша, қымыз ішіп бойға қуат жинаған ың дұрыс екен.
«Қаңқалар биі»
|
-Әңгімені түсініп оқу.
Бір-біріне сұрақ қою.
Бие, биенің сүті, қымыз жайында айтылды.
|
жұппен
|
|
СТО
|
Қолдану
|
15 мин.
|
Дәптермен жұмыс.
27 - жаттығу Сөздерді алфавит ретімен оқу
|
Аударыспақ
Бәйге
Жарыс
Көкпар
Теңге ілу
|
Жеке
|
мадақтау
|
ЖЕБО,
ОүБ
|
Талдау
|
10 мин.
|
Деңгейлік тапсырмалар
Не артық? Неліктен?
|
Түйе, ешкі, сиыр, мысық, жылқы, ит, аю
Лақ, құлыншақ,қозы, бұзау, түлкішек
|
топпен
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
ОүБ
СТО
Басқару және көшбасшылық,
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
БББ кестесін толтыру
Білемін
Жылқы, бие де төрт түлік,, жүйрік, жорға болады. Биенің сүті қымыз, жылқының төлі құлын, үй жануарлары, жылқы ер қанаты.
Білгім келеді
Біздің ауылымызда қанша үйде жылқы барын, жылқының қандай түрлері барын,
|
Білдім
Жаңа сауылған жылқы сүті - саумал, ашытылғаны қымыз деп аталатынын. Ұлттық ойындар түрлерін білдім
|
жеке
|
мадақтау
|
ТжДБЖ
|
Бағалау
|
1 мин
|
Тест
|
Бағалау парақтары арқылы өзін-өзі бағалау.
|
|
|
ОБ
ОЖТ
|
Үйге тапсырма : 1.30-31 бет мәнерлеп оқу, 26-жаттығу
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 26.01.2015 жыл 17 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Жуан дауыстылар. Сиыр. Ақ бұзау.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау,сөз ішінде жуан дауысты дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру.
ә) Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру
б) Әдемі,таза,сауатты жазуға дағдыландыру.Үй жануарларының пайдасын түсіндіру.
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: ноутбук, үй жануарларының суреттері, жұмбақтар, тест тапсырмалары
Әдіс-тәсілдері: топқа бөлу, ассоциялық аймақ құру, кубизм әдісі, ой шақыру, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:сөз ішінде жуан дауысты дыбыстарды ажырата біледі.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Ұйымдастыру
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Оқушылармен амандасу.
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен.
Байытып жақсы оқысаң,
Негізгі менде білімнің,-дей келе ана тілі сабағымызды бастаймыз.
-Иә,балалар,ана тілді байытып оқысаңдар,ана тілі біздің тарихымыз,әдебиетіміз,мәдениетіміз.
Оларды терең білу міндетіміз
|
«Боз бие», «Құлыншақ» өлеңін тізбектеп,мәнерлеп оқыту.
|
Топпен
|
|
|
Қызығушылығынояту
|
5 мин.
|
-Балалар,құлыншақ туралы көп нәрсе білдік деп ойлаймын.Олай болса,енді сөзжұмбақ шешіп көрейік.
1.Сыңар өркешті түйе. (Нар)
2.Өзі қатты,тәтті,ақ. (Қант)
3.Түйенің төлі. (Бота)
4.Құстың үйі. (Ұя)
5.Қоянның сүйікті тамағы. (Сәбіз)
6.Тікен-тікен тік пісте,
қысы-жазы бір түсте. (Шырша)
7.Ертемен тұрамын,
беті-қолымды жуамын. (Су)
|
1.Құлыншақ ненің төлі?
2.Құлыншақтың енесін не деп атаймыз?
3.Биенің сүті қалай аталады?
4.Құлыншақты қалай шақырамыз?
5.Иесі не?
6.Құлын қалай дыбыстайды?
|
жеке
|
|
ЖЕБО
Басқару және көшбасшылық
|
Білу
|
5 мин.
|
Ой шақыру.
-Енді,балалар, сиыр,бұзауды сендер күнделікті өмірде көріп жүресіңдер.Кәне,кім айтады,
бұзау,сиыр туралы не білеміз?
Сиыр,бұзау
|
Аша тұяқты
|
Үй жануары
|
Төрт түлік
|
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
Дауысты дыбыстар
Жуан Жіңішке а , о , ұ , ы ә, е , ө , і , ү
|
жеке
|
|
СТО
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
Мәтінмен жұмыс. «Ақ бұзау», «Сыр».
1.Өлеңді оқыңдар.
2.Өлең мазмұнына байланысты сұрақ-жауап.
«Оң аяқ, сол аяқ»
|
-Өлеңді түсініп оқу.
Бір-біріне сұрақ қою.
.
|
жұппен
|
|
АКТ
|
Қолдану
|
15 мин.
|
Дәптермен жұмыс.
|
Жуан дауысты дыбыстарды жазу.
|
Жеке
|
мадақтау
|
ОүБ
|
Талдау
|
10 мин.
|
«Жадыны дамытуға арналған жаттығулар»
|
Бұзау, сиыр, сүт, айран сөздерін еске сақтап жазу.
|
топпен
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
ОүБ
ОЖТ
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
-Сүттің қандай пайдасы бар?
Балалар,бүгінгі сабақта не білдік? Не үйрендік? Сендерге сабақ ұнады ма? Өз ойларыңды айтыңдаршы
|
-Балалар,сүттің құрамында калий,кальций деген адамның денсаулығына,ағзасына пайдалы дәрумендер бар екен.
Сондықтан сүт ішіп жүру керек.Сүйектің дұрыс жетілуіне пайдасын тигізеді.
|
жеке
|
мадақтау
|
ТжДБЖ
|
Бағалау
|
1 мин
|
Бағалау парақтарын тарату
|
Бағалау парақтары арқылы өзін-өзі бағалау.
|
|
|
ОБ
ОЖТ
|
Үйге тапсырма : 34 бет Ақ бұзау мәнерлеп оқу, 31 -жаттығу.
СӨЗЖҰМБАҚ
А
Қ
Б
Ұ
З
У
А
1.Сыңар өркешті түйе.
2.Өзі қатты,тәтті,ақ.
3.Түйенің төлі.
4.Құстың үйі.
5.Қоянның сүйікті тамағы.
6.Тікен-тікен тік пісте,
қысы-жазы бір түсте.
7.Ертемен тұрамын,
беті-қолымды жуамын.
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 27.01.2015 жыл 18 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Жуан дауыстылар. Сиыр.
Сабақтың мақсаты: Жуан дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру.
Білімділігі: «Сиыр» өлеңінің мазмұнын таныстыру. Сиыр малы туралы түсініктерін кеңейту. Сиырдың ерекше қасиеттері мен пайдасын айту. Жаңылтпаш, мақалдар, ырым-тыйымдар айту, мағынасын ашу.
Дамытушылығы: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айтуға төселдіру. Оқушылардың сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Малды сүюге , малға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Әдемі, таза, сауатты жазуға баулу.
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: ноутбук, тірек сызба, суреттер
Әдіс-тәсілдері: топқа бөлу, ассоциялық аймақ құру, кубизм әдісі, ой шақыру, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:Жуан дыбыстар туралы білімдері кеңейді.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Ұйымдастыру
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу,олардың назарын сабаққа аудару.
-Бұзау қай түліктің төлі?
-Сиыр туралы не білеміз?
|
«Ақ бұзау» өлеңін оқу
23 бет 19-жаттығу
Бұзау сөзін тақтаға жазып, жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.
|
Топпен
|
|
АКТ
|
Қызығушылығынояту
|
5 мин.
|
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар
Бір желпуіш сияғы бар. Бұл не? (сиыр)
|
Дыбысынан таны»
ойынын ойнату.
Төрт түліктің дауыстарын ажырату./Үнтаспадан түлік дауыстарын тыңдау/
|
жеке
|
|
АКТ
|
Білу
|
5 мин.
|
Ой толғаныс.«Кубизм» әдісімен.
-Балалар, дауысты жуан дыбыстарды кім маған атап береді?
-Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
-Оның нешеуі жуан, нешеуі жіңішке?
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
|
жеке
|
|
ЖЕБО
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
Мәтінмен жұмыс. «Сиыр».
1.Мәтінді оқыңдар.
2.Мәтін мазмұнына байланысты сұрақ-жауап.
«Мен қазақпын»
|
Әукім,әукім сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүгін жерге келгелі
Шығып қапты бүйірің. Қ.Мырза Әли
|
жұппен
|
|
|
Қолдану
|
15 мин.
|
Дәптермен жұмыс.
30-жаттығу Жаңылтпашты көшіріп жазып, жуан дауыстылардың астын сызыңдар.
31-жаттығу Көп нүктенің орнына жуан дауыстыны қойып көшіріп жаз.
|
Қырда қырау
Қызыл ала бұзау
Тауда тарғақ
Тарғыл ала торпақ.
Жұмбақ
Қ..яды екен әр шаруа
Қазығ..на құт байлап
Қанша қ..йып алсаң да,
Сарқылм...йды сүт, қаймақ
|
Жеке
|
мадақтау
|
СТО
|
Талдау
|
10 мин.
|
Жаңылтпашты жаңылмай айт
Мақалдар
|
Әй,әй, Айдарбай
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
Сиырдың сүті-тілінде
Малды бақсаң,сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан
Сиырды теппейді
Сүтті төкпейді
|
жеке
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
ОүБ
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
Сөздік жұмысы
Шүйгін-құнарл,отты ,шөбі мол жер.
Шара-ағаштан жасалған сүт құятын ыдыс.
Мүйізі сүйір-деген жол кездесті .Осы жерде сиыр мүйізінің пайдасы туралы айту.Мүйізден жасалған бұйым - тарақ түрлерін слайдтан көрсету
Мамандық ойыны:«Сиырдың пайдасы»
|
1 топ Аспаз-сүттен жасалатын тағамдар туралы айтады.
2-топ Шебер-сиыр терісінің пайдасы туралы айтады.
3-топ Дәрігер-сүт пайдасы туралы кеңес береді.
|
топпен
|
Бағдаршам
|
ТжДБЖ
Басқару және көшбасшылық,
ОЖТ
|
Бағалау
|
1 мин
|
Бағалау парақтарын тарату
|
Бағалау парақтары арқылы өзін-өзі бағалау.
|
|
|
ОБ
|
Үйге тапсырма : 36 бет «Сиыр» өлеңін жаттау.33-жаттығу
Тексерілді___________________
Достарыңызбен бөлісу: |