Үйге тапсырма : 48 бет Әже өлеңді оқу.
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 11.02.2015 жыл 25 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Не тәтті?
Сабақтың мақсаты:а) Шешендік сөздер мен Жиренше шешен туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, сөздік қорын молайту.
б) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау, бекіту.
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: ноутбук, оқулық, суреттер, тірек сызба, карточкалар.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:Шешендік сөздер мен Жиренше шешен туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, сөздік қорын молаяды.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Мотивация
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келді. «Қош келдіңіздер» дей отырып, мен бәріңізге жақсы көңіл - күй тілеймін. Ал сендер бір - біріңе не тілейсіңдер? (Оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айтады
|
Қатар қатар тізіліп
Оқушыға лайық
Түп түзу боп тұрайық
Ана тілі сабағын
Жанымыздай сүйеміз
Сауатты әрі әдемі,
Жазуларды түзейміз.
|
|
|
|
Қызығушылығынояту
|
5 мин.
|
Оқулықпен жұмыс
«Не тәтті?» мәтінін оқып беру.
|
Ассоциация
- Шешен деген сөзді естігенде кімдерді елестетесіңдер?
|
жеке
|
|
АКТ
|
Білу
|
5 мин.
|
- Балалар, қандай шешен, билерді білеміз?
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
|
жеке
|
|
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
- Балалар, сендердің ойларыңша
А) Дүниеде не тәтті?
Ә) Не қатты?
Б) Не жұмсақ?
|
Әр топқа тапсырма беріледі, ақ қағаздар таратылады, олар ойларын жазады.
|
топтық
|
|
СТО
Басқару және көшбасшылық,
|
Қолдану
|
15 мин.
|
«Кім жылдам, кім тапқыр?» ойыны
|
ТасМамықҚол
жүрек жұмсақ
Араның балы
Атаның жүрегі
Ананың сүті
Дүкендегі шербет тәтті
|
Жеке
|
мадақтау
|
ЖЕБО,
ОүБ
|
Талдау
|
10 мин.
|
Деңгейлік тапсырмалар:
I - деңгей.Сөздерге синонимдер табыңдар.
II – деңгей Екі баланың жауабын талдаңдар.
III – деңгейАта - ананың қадірі. Ой толғау.
|
Тәтті -
Қатты -
Биік -
Терең -
Алыс -
|
жүптық
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
43-жаттығу Мәтінді мәнерлеп оқу, көшіріп жазу
|
Ана тақырыбыны өлең құрастыру.
|
жеке
|
мадақтау
|
ТжДБЖ
|
Бағалау
|
1 мин
|
Күннің шуақтарын тарату.
|
Аналарына арнап тілек жазу.
|
|
|
ОБ
ОЖТ
|
Үйге тапсырма : 49-50 бет әңгімені түсініп оқу.Жиренше туралы қосымша аңыздар оқып келу.
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 12.02.2015 жыл 26 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Бесік жыры. Әдептілік әліппесі.
Сабақтың мақсаты:1. Ақын өмірі және шығармасымен таныстыра отырып, өлең туралы кең түсінік беру. 2.Оқушылардың ауызша сөйлеуін, түсініп оқуын, өз ойларын еркін жүйелі жеткізе алу қабілеттерін дамыту. 3. Сөздік қорларын молайту. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға жетелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: ноутбук, оқулық
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:Оқушылардың ауызша сөйлеуі, түсініп оқуы, өз ойларын еркін жүйелі жеткізе алу қабілеттері дамиды.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Мотивация
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу,олардың назарын сабаққа аудару.
|
Топқа бөліну
«Мен саған, сен маған» ойын
|
|
|
|
Қызығушылығынояту
|
5 мин.
|
-Мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін. Сендер бұл өлең кім туралы айтылғанын табыңдар.
-Ендеше балалар бұл өлеңнің авторы Ы.Алтынсарин екен? Ы. Алтынсарин туралы не білеміз?
|
Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)
|
жеке
|
|
АКТ
|
Білу
|
5 мин.
|
Ой қозғау:
Балалар осы өлеңнің мына жолдарына назар аударайықшы.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған - деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?
Бесікке кімді жатқызамыз?
Сәби немесе бөпелерімізді ұйықтату үшін аналарымыз не істейді?
Олай болса, балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі.
Өлеңмен таныспас бұрын бесік туралы бейнебаянға назар салайық.
Мағжан Жұмабаевтың өмірімен таныстыру.
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
Жұмбақ шешу.
Сәбиге сәнді үй
Анаға ән – күй. (Бесік)
|
жеке
|
|
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
Оқулықпен жұмыс45-жаттығу
Терме диктант. Өлеңнен балаға арналған жылы сөздерді теріп жазу. Әр оқушы слайдтан өзін-өзі тексеру.
|
Өлеңді оқып, үшінші шумағын көшіріп жазу.Жуан айтылатын сөздердің астын-бір рет, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сызыңдар.
|
жеке
|
|
|
Қолдану
|
15 мин.
|
Ырым- тыйым сөздер:
Бос бесікті тербетпе.
Бесікті бір қолмен көтерме
Бесікті ашық қалдырма
|
Сөздердің мағынасын ашу.
|
Жеке
|
мадақтау
|
ЖЕБО,
ОүБ
|
Талдау
|
10 мин.
|
Постер қорғау.
- Бесік- бабамыздан қалған киелі мүлік. Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша , қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді.
|
1-топ: Ребус шешу , бесік жыры туралы айту.
2-топ: бесік туралы айту.
3-топ: Суретпен жұмыс.
|
топтық
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
СТО
Басқару және көшбасшылық,
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
Ойын «иә, жоқ»
-Бесік жыры өлеңінің авторы Мағжан Жұмабаев.
- Бесік жырын қуыршақтарға арнайды.
-Сәбиді бесікке жатқызады.
- Мағжан Жұмабаев әнші.
- Ана баласына жылы сөздер айтады.
|
иә-шапалақтау,жоқ-үндемеу.
|
жеке
|
мадақтау
|
ТжДБЖ
|
Бағалау
|
1 мин
|
-Менің анам қандай? сұрағына жауап беру
|
Аналарына арнап тілек жазу.
|
|
|
ОБ
ОЖТ
|
Үйге тапсырма : 52-53 бет өлеңді мәнерлеп оқу.
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 12.02.2015 жыл 27 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Ақсақалдың ақ батасы
Сабақтың мақсаты:1. Ақын өмірі және шығармасымен таныстыра отырып, өлең туралы кең түсінік беру. 2.Оқушылардың ауызша сөйлеуін, түсініп оқуын, өз ойларын еркін жүйелі жеткізе алу қабілеттерін дамыту. 3. Сөздік қорларын молайту. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға жетелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: ноутбук, оқулық
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:Оқушылардың ауызша сөйлеуі, түсініп оқуы, өз ойларын еркін жүйелі жеткізе алу қабілеттері дамиды.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Мотивация
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу,олардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, көңіл – күйлерің қалай? Егер жақсы болса қол шапалақтаймыз.
- Сабаққа дайындығымыз қалай? Егер сабаққа дайын болсақ, қол көтереміз.
Міне, осындай әдемі де, әдепті екенімізді бүгінгі сабағымызда көрсете білейік.
Міне, бүгінгі «Әдептілік әліппесі» өлеңі арқылы бізде атаның ақыл сөздерін ойға түйіп, үнемі есімізде сақтауымыз керек. Күнделікті өмірде де, үлкендеріміз тек ақыл айтып қоймай, жақсы нәрсе істегенімізде мақтап, мадақтап бата беріпжатады.
|
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
|
|
|
|
Қызығушылығынояту
|
5 мин.
|
«Паровоз» ойынын ойнату.
Пойыз жүру үшін вагондарды тіркейміз.
Сөздер бір – біріне ұқсас бірі жуан, бірі жіңішке дыбысталған.
- Сөз мағынасы өзгерді ме?
- Өзгерді.( Сөз мағыналарын түсіндіріп өту)
|
Жуан дауыстылар: сан – нан – боз – от – ыс – тыс – ұн – тұс;
Жіңішке дауыстылар: сән - нән – бөз – өт – іс – тіс – үн – түс;
|
жеке
|
|
АКТ
|
Білу
|
5 мин.
|
Дауысты дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?- Дауыссыз дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
|
жеке
|
|
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
Оқулықпен жұмыс45-жаттығу
46-жаттығу Сөздерді салыстырып оқыңдар -Берілген сөздердегі а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау.
ЕРЕЖЕ 47-жаттығу жаңылтпашты тездетіп, дұрыс оқыңдар.Жаңылтпаш
-Сөздердің ә дыбысының жіңішке естілуін байқау. 48-жаттығу 1. Сөйлемдерді көшіріп жазу.Ауа, әуе сөздеріндегі а,ә дыбыстарын салыстырыңдар.Қайсысы жуан , қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылған?
|
сан-сән от-өт ыс-іс ұн-үннан-нән боз-бөз тыс-тіс тұс-түс
Дән-дәулет.
Дәулет-дән
Сән-сәулет
Сәулет-сән
Біз ауамен дем аламыз.Адамға таза ауа өте қажет.Әуе ашық, таза.
|
жеке
|
|
СТО
Басқару және көшбасшылық,
|
Қолдану
|
15 мин.
|
Мәтінмен жұмыс
«Ақсақалдың ақ батасы» өлеңі
|
1. Іштей оқу
2. Тізбектеп оқу
3. Мәнерлеп дауыстап оқу
|
Жеке
|
мадақтау
|
ЖЕБО,
ОүБ
|
Талдау
|
10 мин.
|
«Қай дыбысты жоғалттым» ойыны.
Ақ- ...к тыс-т...с
Т...у-дәу с..з- сыз
Ұн-...н қ...з- к..з
Ор- ...р қол- к...л
Ережені шығару. Оқыту.
|
«Сыңарым қайда?» ойыны бойынша жұп дауыстыларды ұяшықтарына орналастыру.
|
топтық
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
-Міне, адам өмірге келген соң бәрін білу керек. Ол үшін көп оқып, көп білу керек. Ал бүгін біз не білдік, не үйрендік?
|
Жаңылтпаштар айту.
Тау дәу Жол бар, жолда ор бар, Ақ доп,
Дәу тау Оңға барма,өрге бар. Соқ дөп.
|
жеке
|
мадақтау
|
ТжДБЖ
|
Бағалау
|
1 мин
|
Кубизм ойынын ойнау;
Сұрақтары: 1. Атаның баласы қандай болуы керек? Айтыңыз, түсіндіріңіз
2. Ата сөзі неше буынды сөз? Неліктен, түсіндіріңіз
3. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.
4. Әже, әке сөздері қалай дыбысталып тұр? Түсіндіріңіз, дәлелдеңіз.
|
Балалардың тілегі.
|
|
|
ОБ
ОЖТ
|
Үйге тапсырма : 55 бет жаттау 48-жаттығу
Сабақтың тақырыбы: Мұзафар Әлімбай. «Ақсақалдың ақбатасы»
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. 46 - 48 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ақынның өлеңі арқылы үлкеннің ұлағатты батасының маңыздылығын ұғындыру; Жуан және жіңішке жұп дауыстылардың өзара ұқсас дыбысталуын, сөздердің жуан және жіңішке айтылуынан дауысты дыбыстардың әсерін түсіндіру;
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқуға дағдыландыру, дұрыс сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілігі: Үлкенді құрметтеуге, оларды тыңдай білуге тәрбиелеу және саналылыққа, зерделілікке және шығармашылыққа баулу;
ІV. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда үлкеннің ұлағатты сөздерінің бірі – батамен таныс боламыз. М. Әлімбай «Ақсақалдың ақбатасы» өлеңі.
1. М. Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т. б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. «Менің Қазақстаным», «Құрыш қазақ», атты лирикалық поэмаларында Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікті жырлайды.
2. Қазір, Мұзафар атаның «Ақсақалдың ақбатасы» өлеңің тыңдайық. Өлеңді мәнерлеп айта отырып, түсіндіру.
3. Тізбектей оқыту.
4. Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.
Ойлауға даңғыл бол – бұл жерде: ойың кең, ұшқыр болсын деген мағынаны білдіреді.
Ақылға кемел бол - ақылды, зерек бол дегенді ұғындырады.
Атаның ақылын естіп, баталы сөздерін тыңдап өскен әр бала жаман іс – әрекеттен аулақ жүрері сөзсіз. Осы турасында берілген мақалдарды оқимыз.(мақалдарды оқушыларға оқытып, түсінгендерін сұрау, және оларды толықтыру)
Әрине, үлкен бізге әрдайым сілтеу беріп, жақсы жолмен жүруімізге үнемі көмегін беріп отырады.
Осы ретте жанұя мүшелерін атап өтейікші.
Ата, әже, әке, ана, бала.
Ата, әже, әке, анна сөздері қалай дыбысталып тұр?
Ата, ана – жуан, әже – әке сөздері – жіңішке айтылады. Себебі, дауысты дыбыстар жуан (жіңішке) болса, сөз жуан, жіңішке естіледі.
Бүгінгі сабақта, осы жуан және жіңішке дыбыстардың ұқсас дыбысталатынына назар аударамыз.
Тексерілді___________________
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Сынып: 1 сынып
Күні: 13.02.2015 жыл 28 сабақ
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Жұп дауыстылар. Әке мен бала.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға сахналық көрініс арқылы мәтінді таныстыра отырып, көргені бойынша әңгімелеуге, дұрыс сөз тауып, орынды қолдануға үйрету. Тапқырлыққа баулу, көргенін түйіп айту.
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлықтарын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сын тұрғысынан ойлай білуін, танымдық қабілеттерін дамыту. Оқу және жазу дағдыларын жетілдіру.
3. Бала бойына әкені сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жаман әдеттен аулақ болуға, қанағатшылдыққа, ақылды, тіл алғыш болуғатәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Құрал жабдықтар: ноутбук, оқулық, вагондар суреті, кубик, алма ағашы суреті, қима қағаздар, домино корточкалар;
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтық жұмыс
Күтілетін нәтиже:Оқушылар мәтінмен таныса отырып, көргені бойынша әңгімелеуге, дұрыс сөз тауып, орынды қолдануға үйренеді.
Жұмыс кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру түрі
|
Бағалау
|
Қолданылатын модуль
|
Мотивация
Топқа бөліну
Үй тапсырмасын сұрау
|
1 мин.
|
Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу,олардың назарын сабаққа аудару.
«Ақсақалдың ақ батасынан» өлеңі жатқа сұралады.
2) Ойын: «Жалғасын тап!»
|
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, қасиетті Жер-Ана!
Амансың ба, достарым!
Мақалдарды жалғастырып айту.
|
|
|
|
Қызығушылығынояту
|
5 мин.
|
Ойын: «Жұбын тап!»
Жұп дауысты дыбыстарды тапқызу.
|
Қолғаптардың бір сыңарлары тақтада ілулі тұрады, екінші сыңарын дұрыс тапқызып орналастыру.
|
жеке
|
|
АКТ
|
Білу
|
5 мин.
|
Ребус арқылы жаңа тақырыптың атауын тапқызу.
-Ы.Алтынсарин кім?
|
Тақырыбын, мақсатын қояды. Сұраққа жауап береді.
|
жеке
|
|
|
Түсіну
Сергіту сәті
|
5 мин.
|
Оқулықпен жұмыс
«Әке мен бала» мәтінін оқып беру.
Суреттер мазмұнына байланысты дұрыс орналастыру.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
|
1-көрініс: «Әке мен баланың егіс басынан қайтып, ескі тағаны көруі»
2-көрініс: Әкесінің әрекеті
3-көрініс: Баланың шиені жерден алып жеуі.
4-көрініс: Әке ақылы.
|
жұптық
|
бағдаршам
|
СТО
Басқару және көшбасшылық,
|
Қолдану
|
15 мин.
|
«Серпілген сауал» ойыны
-Әкесі мен баласы қайдан қайтты?
-Олар жолда нені көрді?
-Әкесі баласына не деді?
-Бала әкесіне қалай жауап қайтарды?
-Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
-Әкесі шиені неғылды?
-Баланың іс-әрекеті туралы не деуге болады?
-Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
|
Дәптермен жұмыс.
49-жаттығу
(Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар. Жұп дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар)
|
жеке
|
мадақтау
|
ЖЕБО,
ОүБ
|
Талдау
|
10 мин.
|
Ой толғаныс.
І топ: Дискуссия
-Әкесі қандай адам?
-Әкесіне ұқсағыларың келе ме?
ІІ топ: Пікір.
- Сендерге бала ұнады ма?
-Неге ұнамады?
ІІІ топ: Ситуация.
-Егер сендер баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
|
І-топ:
Венн диаграммасын құру.
ІІ-топ: 1. Әке деген кім? Ол туралы не ойлайсыңдар?
ІІІ топ:
Мәтіннен әкесінің баласына айтқан ақыл сөзін тауып оқыңдар.
|
топтық
|
Бас бармақты жоғары көтеру
|
|
Жинақтау
|
3 мин.
|
- Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
|
(Еріншек болмай, әкенің айтқанын орындау керек еді)
|
жеке
|
мадақтау
|
ТжДБЖ
|
Бағалау
|
1 мин
|
Тест .
|
Бағалау критерийлеріне қарап бағалау.
|
|
|
ОБ
ОЖТ
|
Үйге тапсырма : 57-58 бет әңгімені түсініп оқу. Еріншектік туралы мақал-мәтелдер жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |