Топтастыру стратегиясы: .
Қиял-ғажайып ертегілері шыншыл ертегілер
Хайуанаттар жайлы ертегілер
Суретпен жұмыс: Түрлі ертегінің суреттеріне қарай отырып,ертегілер құрастыру.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Ертегі дегеніміз не?
Ертегі нешеге бөлінеді?
Шыншыл ертегілеріне қандай ертегілер жатады?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ертегілер туралы түсінікті оқып,кез-келген ертегіні оқып,мазмұндап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ
Сабақтың мақсаты:
а) ауыз әдебиетінің түрлері оның ішіндегі жұмбақ туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жұмбақ—ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол-адамдардың бір нәрсенің белгілерінің екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал-мәтел сияқты тақпақтап,ұйқастырылып айтылады. Жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен,әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген.
Топпен жұмыс: . 1-қатардағылар жұмбақ айтады,2-қатарлардағылар шешуін табады.
Мысалы: Бес ін,
Бес іннің аузы бір ін. ( қолғап)
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты, (Адамның сәби,жігіт,қарт кезі.)
Шығармашылық жұмыс: Оқушылардың өздері әр түрлі тақырыпта жұмбақтар шығарады.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Жұмбақ дегеніміз не?
Жұмбақтың мақалдан айырмашылығы қандай?
Білімді бағалау:
. Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады
Үйге тапсырма: Жұмбақ туралы түсінікті оқып,жұмбақтар жаттап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Қиял-ғажайып ертегілері
Сабақтың мақсаты: а) Қиял-ғажайып ертегісі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) көркем мәтінге әдеби-теориялық талдау жасату арқылы баланың ой-қиялын дамыту;
б) елжандыллыққа, адами қасиеттерге, сұлулықты сақтауға, қайрымдылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ертегілердің бұл түрі халықтың сана-сезімінің табиғаттың дүлей күшінің ішкі сырын танып білмей тұрған сәбилік кезінде пайда болған. Олардың бәрі жанды, киелі деген түсініктен туған. Табиғат сырларын білсем екен деп армандаған халықтың ой-тілек түйінінен шыққан.
Ертедегі адамдар ауыр еңбекті жеңілдетсек, жақсы шат өмір сүрсек екен деп армандаған. Бұл арманға олар өздерінің қиялы арқылы ғана жеткен.
Мысалы, "Үш өнерпаз" деген ертегіде өнерлі үш жігіттің ғажайып істері әңгімеленеді. Оның біріншісі — көреген, екіншісі — мерген, үшіншісі — ұшқыш болады. Бұлар өздерінің өнерлерін сынатпақ болып бір елге келсе, қалың жұрттың абыржып отырған үстінен түседі. Мұның мәнісін сұрастырса, біреудің сұлу қызын алып қарақұс аспанға көтеріп әкеткен екен. Осыған елі-жұрты қайғылануда көрінеді. Мұны ести сала жаңағы үш өнерпаз іске кіріседі. Көреген алып қарақұстың қай жерде ұшып бара жатқанын айтады. Мерген көреген сілтеген жаққа садағын атып жібереді. Садақтың оғы алып қарақұсты қақ айырады, қыз аспаннан төмен құлдырап келе жатады. Осы сәтте үшінші өнерпаз аспанға ұшып көтеріліп, қызды жерге түсірмей қағып алады. Бұлар қызды аулына аман алып келеді. Жиналған жұрт зор қошамет көрсетеді, бірақ бас бәйгені үш өнерпаздың қайсысына беруді білмей аң-таң болады. "Бас бәйге менікі, — дейді көреген, — алып қарақұсты мен көрмесем, оның қайда кетіп бара жатқанын айтпасам, қызды ешкім де айырып ала алмаған болар еді". Сонда мерген тұрып былай дейді: "Көрегеннің сөзі дәлелді емес. Егер алып қарақұсты мен атып түсірмесем көрегеннің көргенінен не пайда? Мен болмасам, көреген көргенімен қарақұс қызды алып кете берер еді. Сондықтан бас бәйге маған тиісті". Үшінші өнерпаз айтады: "Кереген мен мергеннен де менің өнерім артық. Аспаннан құлап келе жатқан қызды ұшып барып қағып алып ажалдан құтқардым. Егер мен қызды қағып алмасам, онда қыз тау-тасқа кұлап, күл-паршасы шығатын еді. Қызды ажалдан алып қалған бас бәйге менікі". Ертегі "Бас бәйге менікі деп үш өнерпаз күні бүгінге дейін таласуда. Ал сіздер қайсысына ұйғарар едіңіздер?" - деп жұмбақтың шешуін тыңдаушы қауымға тастайды.
Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым еңбек адамдары, аңшы-мергендер, бақташы-малшылар болып келеді. Олар өздерінің күн көрісі жолында неше түрлі жыртқыш аңдармен немесе табиғаттың дүлей күшімен күресуіне тура келеді. Ал бұған қарама-қарсы қиял-ғажайып ертегілерінің нағыз жағымсыз кейіпкерлері ретінде жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, қорқау қасқыр, т. б. алынады. Сөйтіп, қиял-ғажайып ертегілерінде жанды-жансыз кейіпкерлер арасында орасан зор тартыс, күрес басталады. Жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Сөйтіп, қоршаған, күресетін жаулары қанша мықты болса да адам баласы өздерінің ақыл-парасатымен оларды жеңіп отырады. Жағымды кейіпкерлер өзінің мақсат-мұратына жетеді.
Кітаппен жұмыс: Қиял-ғажайып ертегілерін түсініп оқып шыққан соң бөлімдерге бөліп тақырып қояды.
Шығармашылық жұмыс: Еретегідегі кейіпкерлерге мінездеме береді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Қиял-ғажайып ертегілеріне тән ерекшеліктерді атап көрсетіңдер.
Ертегілер нешеге бөлінеді?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Ертегілер елінде» тақырыбында ертегі құрастырып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер
Сабақтың мақсаты:
а) Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып,оқушылардың ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу т.б
Сабақтың көрнекілігі:, «Шешендік сөздер» кітабы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы – аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына,іс-әрекетіне байланысты туады.
Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр,не ел басшысы немесе әділ би,ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс-әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып,сол істепті –міс. Сол айтыпты-мыс дегенәртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады.Оны әңгіме,жыр етіп, біреуден-біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған,ел басқарған адамдар,бірақ кейін олардың әрекеттері,сөздері біреуден біреуге ауызша айтыла-айтыла аңыз болып кеткен. Бұлармен бірге Қожанасыр, Алдаркөсе сияқты қарапайым, жай адамдар туралы да аңыздар көп.
Шығармашылық жұмыс: Өздері білетін аңыз әңгімелер туралы айтып, ондағы аңыздың бізге берер қандай қасиеттері бар екендігін айтады.
Топпен жұмыс: Өздері туған жерлеріңе байланысты қандай аңыздарды білетіндігі туралы айтады.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1.Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
2.Қандай аңыздарды білесіңдер?
3.Аңыздар өмірде болған уақиғаларға құрыла ма?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Аңыз әңгімелер оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
Сабақтың мақсаты:
а) Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып,оқушылардың ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу т.б
Сабақтың көрнекілігі:, «Шешендік сөздер» кітабы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1.Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
2.Қандай аңыздарды білесіңдер?
3.Аңыздар өмірде болған уақиғаларға құрыла ма?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу»
Жиренше шешен туралы қандай аңыз әңгімелер білесіңдер?
Қаракөз ханым өлген соң Жиренше үйленбей көп жүріпті. Кез келген қызды ұнатпайды екен.
Мазмұндау жоспары.
Жиренше шешеннің жолдасымен жолға шығуы.
Оларға бір топ қыздың кездесуі.
Бір топ қыздың ішінен Қарашаштың бөлінуі.
Жиренше Қарашаштың бөлініп қалуының мәнісін сұрауы.
Жиреншенің Қарашаштың үйіне қонуы.
Байдың Жиреншені шақыртуы.
Байдың сөзден тосылып,Жиреншеге Қарашашты алып беруі.
Топпен жұмыс: Осы әңгіме бойынша сахналық көрініс құрады.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Қарашаш қандай қасиеттерімен ұнады?
Не үшін Жиренше байдың үйіне қонбады?
Жиреншенің жанындағы жолдасы қандай адам еді?
Бай не себепті Жиреншеге Қарашашты алып берді?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» әңгімесін оқып, мазмұндап келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры
Сабақтың мақсаты:
а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елінің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.Батырлар елінсүйген,ата мекенін,намысын қорғау,елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған,көзсіз батырлық,ерлік көрсеткен.
Ең алдымен оның басты қаһарманы –батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді.
Батырлық дастандардағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты ерен ерлер бойынан осы қасиеттерді айқын танимыз.
Қазақтың батырлар жырының көбі Шоқанның айтуынша, "Алтынорда дәуірлерінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда XIV, XV—XVI ғасырларда жасалған сияқты".
Батырлық дастандарда батырлар тек ерен ерлігімен ғана емес, адамгершілік қасиеттерімен де, жан ізгілігімен де көрінген. Олардың ата-анасына, бауырларына деген мейірімінен, жарына деген адалдығынан мұны айқын аңғарамыз.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан батырлар жыры туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?
2. Қандай батырларды білесіңдер?
3. Батырлар жырының лиро-эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?
4. «Ер Тарғын» жырын оқығансыңдар ма?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Батырлар жырын оқып , кез-келген батырдың суретін салып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Ер Тарғын
Сабақтың мақсаты:
а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Ер Тарғын» жыры -өзінің идеялық –көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда елдік,ерлік,жақсылық пен жамандық ,кіршіксіз адал махаббат секілді өзекті мәселелер көтерілген. Басқа батырлар жыры сияқты ,»Ер Тарғын» жырының негізінде де тарихи оқиғалар ізі жатыр. Халқымыздың басынан кешкен тарихи-әлеуметтік оқиғалар,халықтың әдет-ғұрыпы,салт-санасы, рухани тіршілігі көрініс береді.
Жырдағы кейіпкерлер: Ақжүніс,Қартқожақ,Ер Тарғын,Ақша хан т.б
Кітаппен жұмыс: Кітаптан «Ер Тарғын» жырын оқу,ойларын жеткізу.
Венн диаграммасы: Қартқожақ пен Ер Тарғынға сипатттама береді.
Ер Тарғын Қартқожақ
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?
2. Қандай батырларды білесіңдер?
3. Батырлар жырының лиро- эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Ер Тарғын» жырын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы : Жырдағы Қартқожа, Ақжүніс бейнелері
Сабақтың мақсаты : а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
"Ақжүністей аруым!" Эпостық жырлардағы әйелдер образының ішінде шебер мүсінделген образдардың бірі - Ақжүніс образы. Ол жырда өзіндік ерекше мінезімен, кескін-келбетімен көрінген. Ақжүніс бойындағы қадір-қасиет жырдың өн бойында нанымды да шынайы өрнектелген.
Жыршы эпоста Ақжүніс бейнесін әр қырынан ашқан. Ақын оның сыртқы көрік-пішінін, көз тартар сұлу сымбатын тамаша сипаттаған. Ақжүністің жан лүпілдетер, адамды еріксіз өзіне тартар, әркімді ынтызар етер осы әсем пішінімен жыршы қалай бейнелеген, соған қандай өрнек тапқан? Жыршы Ақжүністің бет ажарын, тән сұлулығын: "Қара жерге қар тамар, қарды көр де, етім көр, қар үстіне қан тамар, қанды көр де, бетім көр"— деп шендестіру тәсілі арқылы біздің көз алдымызға елестетеді. Оның жіпке тартқандай қиылған қас сұлулығын бірден туралап қаламқас деп айтпай "Қиюлы жатқан қалам бар, қаламды көр де қасым көр"—деп бейнелейді, қалам мен қас екеуін шендестіріп, өрнек жасайды. Сол сияқты Ақжүністің бас бітімінің сұлулығын: "Зергер болсаң қасында, алтыннан соққан түйме бар, түймені көр де басым көр"—деп өрнектейді.
Ақжүніс жырда өзінің көз сүріндірер сұлулығымен ғана емес, ақыл-парасатымен де, қайрат-жігерімен де көрінген.
"Ай, Қартқожақ, Қартқожақ". Жырдағы Қартқожақ бейнесі де шынайы сомдалған. Ол — тек батыр ғана емес, үлкен парасат иесі жан. Көпті көрген, талай өмірді басынан кешірген, ерлік-батырлығымен елге танылған жан. Қартқожақ бес жасында-ақ "жас шыбықтан жай" тартып, "жалғыз шиден оқ" атып машықтанған, "жиырма бес жасында, қарт бурадай қомданып, қас батырдай шамданып" ерге тән мінез байқатқан, ал отыз бесінде "қоңыраулы найза қолға алып, "жеңсіз берен" киініп, "көк серек атты борбайлап", "қамалды бұзған айқайлап", ал қырқында "мың кісіге бір өзі" шошынбай барған батыр болған. Ол осы батырлығымен қоса елу беске келгенде "топқа барып бой түзеп", "дауға барған тіл безеп" билік айтқан парасат иесі адам болған.
Қартқожақ — ер. Оның бойына жыршы-ақын шынайы батырға тән мінез-қасиет дарытқан. Ерді ер таниды. Кішілік жасап, Қартқожақты жауым демей, Тарғынның иіліп берген сәлемін "жақсы құптап алады". Тарғынның бұл мінезі батырға ұнаған болса керек. Батыр Ер Тарғынның қас батырға тән ерлігін бірден танып, іштей сүйсінген. "Қайнаған қара бұлттай, қайнап біткен болаттай" шүйіле келген мұнан именбей, "атсаң ат" деп қарсы қарап қасқая тұрып алған, жасы үлкен ағасы деп кезегін берген Тарғынның "айнымай туған ер" екенін байқайды. Тарғынның осы мінезіне риза Қартқожақ оны өлімге қимайды: "мен алпыс беске келген, сақалым қуарған қарт шалмын, бұл ғой, жас болса да қасындағы Ақжүністей сұлуды қиып әм өзінің жанын қиып, маған қарсы тұрды. Бұл аса батыр екен. Мұның өзін де атпайын, атын да атпайын, тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын атып уатайын. Сонымен оны аяп атпағанымды білдірейін, сонан соң бұл ақылы болса, ойлай білер де, қызды маған тастар да жүре берер" — деп, бір жалғыз доғал оқпен салып қалғанда, Тарғынның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын күлпарша қылып уатып кетті. Бұл сияқты қылық тек шынайы ердің ғана қолынан келеді
Шығармашылық жұмыс: Ақжүніс пен Қартқожаққа мінездеме жазады.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Жырды құрылысына қарай талдап келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Лиро-эпостық жырлар
Сабақтың мақсаты:
а) лиро-эпостық жырлар туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |