Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті



бет8/15
Дата13.11.2016
өлшемі2,38 Mb.
#1677
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Вен диаграммасы: қыс пен жаз мезгілдерін салыстыру


Білімді бекіту: 1 «Тез тап» психологиялық тренингі

2. Шыққан сөйлем арқылы сабақты қорытындылау



Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау. Қыс туралы әңгіме жазу,сурет салу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Cабақтың тақырыбы: Қазақтың бас ақыны

Сабақтың мақсаты: 1) Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолын,Абай шығармаларының өзіндік ерекшелігі,пікірлерінің құндылығы,ондағы дәстүр мен жаңашылдық жайлы білімдерін қалыптастыру; 2) шығармашылықпен жұмыс істеуге,оқып-білуге ынталандыру,ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру; 3) ұлтжанды болуға,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке,табиғатты сүюге, адамгершілікке,өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: білімді тиянақтау.

Әдіс-тәсілдері: іздену,баяндау,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Абайдың суреті,әдеби кітаптар,қосымша материалдар,электронды оқулық,Абай туралы зерттеу еңбектер,Абайдың бабалары мен балаларына арналған кесте,әдістемелік оқулықтар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,география,музыка,тарих.

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын сұрау;

  3. Үй тапсырмасын қорыту;

  4. Жаңа сабақ.


Қазақтың бас ақыны
Абай Құнанбаев 1845-ші жылы Семей облыы,Абай ауданында дүниеге келген. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты,Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос,Қайдос,Жігітек есімді үш ұрпақ тарайды.Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір ру болып кеткен.Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай,Көтібақ,Топай,Торғай деген төрт ұл туады.Ырғызбайдан: Үркер,Мырзатай,Жортар,Өскенбай тарайды.Өскенбайдың әйелі Зереден: Құнанбай туады.Құнанбай төрт әйелі болған адам.Оның бәйбішесі Күңкеден: Құдайберді,інісі Құттымұхамбетке айттырылып,қалыңдық кезінде жесір қалған соң,өзі алған екінші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберген (Тәкежан),Ибрахим (Абай),Ысқақ,Оспан,үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла,Ысмағұл туады.

Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.Абайдың «Атадан алтау,анадан төртеу едім» дейтіні осыдан.Болашақ ақын сабырлы мінезімен,кеңпейілімен ел анасы атанған кәрі әжесі – зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп өсті.Абай әуелі Ғабитхан деген молдадан сауатын ашады.Он жасқа толған соң үш жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.Ол медреседе араб,парсы тілдеріне негізінен дін сабағы жүргізілетін еді.Ол енді дін оқуын місе тұтпай,білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады.Сөйтіп,көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен,араб,иран,шағатай тілінде жазылған ертегі,дастан,қиссалармен танысады.шығыстың Низами,Науаи,Сағди,Хафис,Сафи сияқты ұлы ғұлама ақындарына бауыр басады.

«Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы – заман тынысы,халық үні.Бүгін ол үн – біздің де үнге қосылып,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр». Мұхтар Әуезов.

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Ахмет Байтұрсынұлы.

Сәбит Мұқанов Абайды «Ақыл-ақын» деп биікке көтерді.
Абайдың бабалары мен балалары
Ырғызбай
Өскенбай
Зере


Құттымұхамбет Құнанбай Тайбала


Күңке Ұлжан Айғыз Нұрғаным
Құдайберді Тәңірберді Қалиулла
Абай Смағұл
Оспан
Ысқақ


Дәметкен Ділдә Еркежан Әйгерім
Омар Ақылбай Тұрагүл
Шәке Күлбадан Мекаил


Мұртаза Әкімбай Зекаил
Шәкәрім Әбдірахман Кенже
Гафур Мағауия Рахила


Бердеш Райхан

Зият Баязит Уәсила Әлімқұл Қалиман
Ахат Махфура Сағадат Зұбаир
Гүлнар Құтайба Рухия Ақыш
Жағыпар Пәкизат Жабрахил
Кәмилә Әубәкір Мекен

Исраил



Ғазел Бағыпұр Нәзипа

Ишан Айдар Кәсира

Данияр Күлзипа


Ал, А.Байтұрсынов болса,Абайды қазақтың бас ақыны етті.

Орыстың сыншысы Белинский: «Орыстың әдебиеті Пушкиннен басталады,орыстың қан тамыры соның поэзиясында ғана соғады», - деген.Ал біздің поэзиямыздың қан тамыры Абайдан бастау алады.



«Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас» - деп, өзге өнерден сөз өнерін жоғары қояды.Ұлттың тілі – сол ұлттың айнасы,құралы.Абай ұлттық тілдің сол ұлтқа жат, түсініксіз сөздерден таза болуын талап етіп былай дейді:

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол – ақынның білімсіз,бейшарасы.

Абайдың музыкалық мұрасын зерттеуде інісі Ысқақтың баласы Архамның үлесі зор.1935-ші жылы латиф Хамиди екеуі реттеп шығарады.1938-ші жылы Уәли Бекенов «Тор жорға», «Май түні» күйлерін нотаға түсіреді.1957-жылы «Желдірмені» Хамза демесіновтың орындауымен қағазға түсіреді.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен,80-жылдары орыс демократтары Н.И.Долгополовпен,А.А.Леонтьевпен танысады.Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигені сөзсіз.Бірақ А.Құнанбаев орыс мәдениетімен,демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы танылды деу ағат айтқандық болар еді.Бұл тұста,М.Әуезов: «Орыстың тілін біліп,орыстың ұлы мәдениетін мол,терең тани бастаған Абай озық ойды бұлардан үйренбейді.Пушкиннің өзінен,Белинский,герцен,Чернышевский,Салтыков-Щедрин,Некрасовтардың өз мұраларын оқып,кең,терең,тәрбие алды», - деп тұжырымдайды.

Абай осылайша Еуропаның гете,Байрон сияқты ақындарын,Спенсер,Спиноза,Льюис,дарвин,Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды.Сөйтіп,М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, «1884-жылдары өзінің қырыққа таянғанында ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды».



5.сабақты бекіту.

1. Ақынның қарасөздері,аудармалары (Ақын поэзиясынан үзінді оқу,мазмұнын ашу)

2. «Ғалым өлмес – қағазда аты қалар».Ақынның мақал-мәтелге,нақылға айналып кеткен сөздерін жатқа айту.

3. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді оқу және морфологиялық,синтаксистік,фонетикалық және сөздердің байланысу түрлеріне талдау.



6
Аудармашы

Ақын

Ағартушы

Суреткер

Азамат-қайраткер

күйші

сазгер

Қарасөздің шебері

Сыншыл реалист
. Сабақты қорыту.
Топтастыру әдісін қолдану арқылы сабақты қорытындылаймын.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, сызба-нұсқаулар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Балалар, біз қазақ әдебиетін нешеге бөлеміз?Мына сызбаға қарап ойларыңды жеткізіңдер.


Қазақ әдебиеті



Ауыз әдебиеті

Жазба әдебиеті

Әлем әдебиеті

Әдебиет теориясы бойынша жұмыс жүргізу:

Кез-келген шығармаларды оқып,оны композициялық құрылысына қарай талдап,ондағы метафора,эпитет,теңеулерді табады.
Шығармашылық тапсырма: Өткен тақырыптардан өздеріңе ұнаған тақырып бойынша ойтолғау жазыңдар. Неге ұнады?

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  2. Жазба әдебиетінің ауыз әдебиетінен қандай айырмашылығы ба?

  3. Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?

  4. Әлем әдебиеті дегеніміз не?


Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ақын-жазушылардың әңгімелерін,романдарын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ

Сабақтың мақсаты : Ж.Аймауытов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;

дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.

1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

1.Ж.Аймауытов жайлы не білесіңдер?

2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3. Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп семей қаласында қандай журнал шығарды?


Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов өмірбаянын оқып келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Ж.Аймауытовтың шығармашылық мұрасы

Сабақтың мақсаты : Ж.Аймауытов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;

дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.

Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, "Көшу" өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, "Ұршық" өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.

"Нұр күйі" поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.

Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан "Қартқожа", "Ақбілек" романдары туды.

Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.

Семантикалық картаны толтырады.

романдары

әңгімелері

повесі

пьесалары











Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

1. «Ж үсіпбек Аймауытов –аудармашы» деген тақырыпта не ойларың бар?

2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3. Егемен ел әдебиеті үшін Жүсіпбектің қалдырған мұрасының құндылығы қандай?



Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов шығармаларын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбектің «Ақбілек» романы.

Сабақтың мақсаты:Ақбілек образының қайшылықты тағдырының психологиялық образ дәрежесіне көтерілуін,сондай-ақ бейнеттен,қорлықтан құтылған,»күнәдән» тазарған Ақбілектің психологиялық жан сезімін ұғындыру;адам мен табиғат,өмір мен өлім арасындағы табиғи заңдылықты басты кейіпкер басына түскен ауыртпалықпен байланыстыра түсіндіру (психологиялық параллелизм(.

Әдістмелік мақсаты: көркем шығарманы талдауды үйрету,сол арқылы талдауды үйрету,сол арқылы өмірді таныту;өмірге көзқарасын қалыптастыру,мінез-құлқына ықпал ету.

Сабақ көрнекілігі: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы,романнан үзіндіні магнитофоннан тыңдату,тірек схемасы.

Сабақ барысы.

І. «Ақбілек» романын бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша шегініс жасап көрейік.Бұл романды талдау барысында қажет болады.



Сұрақ:Жүсіпбек Аймауытов кім?Мағжан,Ахмет,Сәкен,Міржақыптар кім? Олардың қызметінің қай жағы басым?

Біз бұл тұлғаларды әдебиет саласына қатысы болғандықтан шығармашылықтары тұрғысынан қарастырамыз,олар ақын,жазушы ретінде танылумен қатар,көрнекті қоғам қайраткерлері,саясаткерлер,өз уақыттарындағы үкімет басында қызмет еткендер.



Сұрақ: 1. Ж.Аймауытовтың саяси көзқарасы қалай қалыптасты? Репрессияға ұшыраған Жүсіпбекке қандай айып тағылған еді?

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына,жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем,бастан-аяқ салиқалы,сабырлы,ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман.Қазақ әдебиетінде реалистік роман ұстанымдарын алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек.

«Ақбілек» романы Аймауытов шығармашылығының шыққан биігі деуге болады.жазылғанына 60 жылдан асқан осы роман бүгін ғана жазылып,әлі сиясы да кеуіп үлгермегендей әсер қалдыратындығына қайран қаласың.Сыңғырлаған күмістей тап-таза шебер тіл бірден үйіріп әкетіп,еріксіз тәнті етеді.Ол стиль,композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді.Еуропа,орыс әдебиетіндегі бейне жасау,мінездерді даралау дәстүрлерін еркін пайдаланды.Жазушының бар таланты биік қырынан көрінеді.

Жазушы бұрын сыры жұртқа айтылған тақырып емес,соны,мүлде тың,тіпті сирек оқиғаларады романға арқау еткен.Тақырыбы - әлеуметтік тартыстар,тап күресі,ел мойнына түскен салмақ және адамдардың тағдыры.Бұл – психологиялық роман,мұнда түрлі адамдардың психологиялық ерекшеліктерін көрсететін мінез-құлық,болмыс-бітім кеңістігі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет