Сұрақ:Натурализм дегеніміз не?
Натурализм XVIII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған.Натурализм – талдау,анализ жасау деген сөз,мұнда адамның өмірін сынақтан,эксперименттен өткізу арқылы оның мінез-құлқындағы,ой-санасындағы қайшылықтарды шешу,қалтарыстарын таныту ниеті байқалады.Бұл бағыттың негізін салған – белгілі жазушы Эмиль Золя Натурализмнің ерекшеліктері
Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді.Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің бойында болатын психологиялық өзгерістерді бақылау идеясы.
Өмір мен өлімнің күресі немесе тіршілік үшін күрес.
Табиғат аңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын қатар суреттеу.
«Ақбілек» романын ашқан кезде тамаша табиғатымен Алтай туы ққарсы алады (кітаптан үзінді ...)
Біз осылай табиғатты тамашалап,мамыражай отырғанымызда ойламаған жерден оқыс оқиға,Ақбілектің әкесі Мамырбайдың аулына кіріа кеттік.
а) Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?
ә) Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?
б) Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?
2.Ақбілек шұңқырда жатыр.Ақтар іздеп жүр.Анасының өлімі.Романда кездескен бірнеше қайғылы оқиғалар Ақбілектің көз алдынан өтті.
а) Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінеді?
ә) Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?
б) «Қызын бүркітше бүріп жатқан 2 орысты анасы екпінмен келіп итеріп тастап,балапанын басқан ана құстай аласын бас салды» деген көріністің аяғы немен тынды?
в) Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған?
3.Ақбілек ақтардың қолында.Ақбілекке таласып,жас жігіт мерт болады.Ақбілектің денесі түршігіп кетті.Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып,екінші өлімге кездестік.
4.Қарамұрт офицер 14 жасар Ақбілектің өміріне дақ түсірді.
а) Ақбілектің көрген зәбірін,арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?
ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы,Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?
5.Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр.Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр.
Сұрақ : а) Өлім – суық сөз. Шығармада ол қандай образбен шендестіріледі?
ә) Ақбілектің өлімге қарсы әрекеті.
б) Оқиға барысында Қарамұрт офицер қай қырынан байқалады?
Ақбілектің азаппен өткізген түні.Табиғат көрінісі мен адам әрекетінің,көңіл-күйінің қатар суреттелуі,хикаяның психологиялық саралаумен берілуі.(Магнитофоннан үзінді)
«Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойрандап кеткен озбыр омырау,өксікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты.
6. Ақбілек тауда жалғыз.Елестетіп көріңіздерші.қою қараңғылық.Түн.Су арқырап ағып жатыр.Жел гуілдеп тұр.Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда.Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді.Олар бірте-бірте жақындап,Ақбілекті қоршап алды.
Қасқыр ненің елгісі?
Ақбілекті озбырлардың,қатыгездердің тобы қоршап алды.Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек.Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді.Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе.
Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?
Шоқ ненің рәмізі деп ойлайсыз?
Ақбілек жолға шығады.оған диуана Ескендір кездеседі.Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?
Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр.Ақбілек неге мұңаяды? Қуану керек емес пе? ОЛ неге өз-өзіне ажал тілеп,өлім шақырып келе жатыр?Ақбілектің басындағы «бұлт» енді қоюлана түсті.
«. . . . бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді.Осы арам денеммен,арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын?Ойбай-ау! Менің күйеім ше?» деген жолдардағы қазақ қыздарының ар-ұжданы туралы не айтасыз?
Ақбілектің басына түскен қайғының мәні неде?
10. Ақбілек ауылға барды.Әкесі арасындағы қарым-қатынас.Медеуі – Бенкболат,Ұрқия.
Әкесінің өзгерісі мен салқындығы арқылы нені аңғартпақ?
Автор Ұрқия мен Ақбілектің жасырын сырын қандай мақсатта пайдаланған?
11.Өгей шеше.
Өгей шешенің тепкісін қандай суреттер арқылы сипаттаған?
12.Түс көру.
13.Азапты күндер.Жүкті екенін сезу.
14.Әкесінің қуып шығуы.
15.Босану сәті.
16.Қалаға келу.
17.Семей,Омбы,Ақмоладағы оқу.
18.Ақбала – Ақбілек – Балташ.
Ақбілектің Ақбаламен махаббаты.Оның сәтсіздікке ұшырау себебі неде?
Ақбілек ауылда.
Ақбілектің елге оралуы,ағасы мен жеңгесінің қарсы алуы қалай суреттеледі?
Ақбілектің Бекболат ауылына соғуы,Бекболатты пішіні Ақбілек арқылы сипатталуы неліктен?
Ақбілектің жеңісі, «тазару,жаңару» кезеңі.
Автор әке аузына «Ақбілек жат,өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес,көптіңбаласы.Енді ақсақал именеді» деген сөз салу арқылы нені айтқысы келіп тұр?
« Ақбілек» натурализм үлгісінде жазылған роман
Өмір мен өлім
Сынақ
Жазушы көздеген мақсатты дәл табу үшін осындай алгоритмдеу амалын қолдану,ойландыру әрекетін дұрыс ұйымдастыру,өз пайымдау-түсінігін қалыптастырып,оны айтқызу көп нәтиже берері сөзсіз.Оқушы мәтінді тек жай ғана оқып қоюмен шектелмей,оған өз дүниетанымы,көзқарасы тұрғысынан баға беру арқылы материалды игеруді жетілдіре түседі,әрі өзін-өзі зияткерлік жағынан дамыту,белгілі бір құбылысқа деген субьективті қарым-қатынасын қалыптастыруды жүзеге асырады.Осындай жазушы стилін меңгергеннен соң оқушылардың танымдарын дамыту үшін пікір жарыстырып,ой-түйіндерін ұйымдатырып,жауаптарын жинақтау орынды.
Табиғат пен адам
Ақбілек трагедиясы Ақбілек көңілінің тазаруы
Анасынан айрылуы Ақбілек ауылда
Ақтар қолында Балташқа қосылу
Қасқырлар қамауында Ақмолада
Әке ызғары Омбыда
Өгей шеше Семейде
Жүкті болуы Қалаға кетуі
Бекболаттан күдер үзуі
Босануы
Міне,балалар,романды оқып аяқтадық.Шығрманың шарықтау шегі қай жерде биігіне жетеді деп ойлайсыз? Қай тұстры сіздерді әр түрлі күйге салды: қуантты,ренжітті,күлдірді,жылатты,толғандырды,ойландырды.
Роман несімен ұнады немесе неге ұнамады? Бұл – қиын сауал.Алдымен осы сауалға жауап берер оқырманның әдеби сауаты қандай дәрежеде,сұлулық сезімі қандай,эстетикалық талғамы қандай,эстетикалық талғамы қандай? Әлгі оқиғаның байыбына бара ала ма? Ол үшін мына 5 түрлі сұраққа жауап іздеп табу керек.
1.Қандай оқиға болды? (Тақырыбы,идеясы)
2.Қалай өрбіді? (Сюжеті мен композициясы)
3.Кімдердің басындағы хикая? (Шығармадағы тип,характер)
4.Оқиғаның баяндалуы қалай? (Жазушы тілі,стилі)
5.Оқиға автордың жеке көзқарасы? (Суреткердің дүниетанымы).
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев
Сабақтың мақсаты:
а) Мағжан Жұмабаевтың өмір жолын, өлеңінің негізгі идеясын таныту;
ә) оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
б) өршіл де өжет,жігерлі болуды талап ету,үйрету;
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалын меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , салыстыру т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, деңгейлік тапсырмалар жазылған жайма қағаз т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының. жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
Омбыдан елге қайтып келіп, айналасында болып жатқан қоғамдық жұмыстарға араласады. 1917 жылдың көктемінде Ақмола облыстық халық ағарту бөліміне қызметке кіреді. Алаш партиясының жұмысына араласады. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде жұмыс істейді. 1922 жылы Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол" газетінің редакциясына кіреді.
1923-1926 жылдары Мәскеудегі әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. 1927 жылы елге оралып, оқытушылықпен айналысады. Бірақ көп ұзамай Мәскеуде оқып жүргенде "Алқа" ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1936 жылы тұтқыннан босап, еңбек жолына қайта оралысымен, 1937 жылдың аяғында ұсталып, 1938 жылы "халық жауы" деген жаламен ату жазасына кесіледі.
Топтастыру стратегиясы:
өлеңдері поэмалары
аудармалары ғылыми жұмыстары
мақаласы әңгімесі
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: «Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев»
Сабақтың мақсаты : білімділік – оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге,өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету; дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасай білу,оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру;
тәрбиелік – оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,өз ұлтын,елін жерін,отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: магнитофон таспасы,кітап көрмесі,плакат-таблицалар.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен таныстыру;оқушыларды топтарға бөлу;топ жетекшілерін сайлау.
Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен,асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді.Бұл тек шабыты өте жоғары,өлең шығару дарыны бр үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді.Сондай таланттардың бірі,поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев.
Мұқағали аға - өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген,қазақтың қара өлеңінің құдіретіне,терең сырына қаныққан ақын.Сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп,сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын кемде-кем.
Балалар,сендерге сабақтың тақырыбын қалай деп ойластырып алсақ жөн болады деген едім.қане,сол туралы айтып,онан соң дайындаған леңдерді талдаңдар.
1-топ жетекшісі: Бүгінгі сабақтың тақырыбын «Менің Мұқағалиым» деп алуды жөн көрдік.Себебі біз Мұқағали ақынның өлеңдеріне оқығанда өзімізге керектісін алып,сүйсініп жатамыз.Осыған дәлелге Жұмаш Сомжүрекұлының «Мұқағали» атты өлеңі жатқа айтылады ...
Келесі топты оқушысы: Біз бұл сабақтың тақырыбын «Бізде поэзия дәуірі басталды» деп алдық.Бұл сөз бділда ағамыздікі ғой.Ол кісі «Мұқағали – құдіретті ақын.Оның поэзиясы – даналықтың көзі.Бізде поэзия дәуірі басталды» дейді.Ия,Мұқағали ағаның кез-келген өлеңін оқысаң Гауһар айтып кеткендей:
Бір өлең жоқ қайығы қалтылдаған,
Төрт тұяғы тайпалған жорға кілең,
Астарына тысы сай алтынданған.
«Поэзия» атты өлңі оқылып,поэзия - өмірдің көркем бейнесі екені,поэзияның өзі адамның өмірімен тұтасып жатқандығын айтып,мұнда ақынның сөз қолданысында эпифоралар басым екендігі талданады.
3-топ жетекшісі: Сабақтың тақырыбын «Мұқағали – қайта туған ақын» деуді ұйғарып отырмыз.Мұқағали поэзиясы – тірі поэзия.Оның өлеңдерін білмейтіндер,әнмен орындамайтындар кемде-кем шығар.Бұл туралы Роза Қунақова «Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев бүгінде ән болып,аспанда қалықтап,жыр болып жұлдыздармен сырласып,сонау аспан әлемінде шырқап барады» дейді.
Мұғалім: 3-топтың да тақырып таңдағндарына риза болып,дұрыс деп бағаладым.
Ары қарай топ-топтағы оқушылар өлеңдерін оқыды.
1-топ: Мұқағалидың атаанаға,туған жерге,Отанына деген сүйіспеншілігі шексіз еді,сондықтан «Көзің нұрсыз дейсің сен», «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген», Сағынып аңсап барғанда» өлеңдері оқылып,оның айрықша сүйіспеншіліктерін жыр өрнегінде әсем кестелей білгендігі талданады ...
2-топтың оқушылары сөз алып,лоар махаббат,достық тақырыбындағы жазған өлеңдерін оқып,талдады.
«Ғашықпын! Шын ғашықпын,сол адамға», «О, махаббат, сен әлі тірі ме едің», «Дариға,домбырамды берші маған», «Бала едік, ә», «Сәби болғым келеді», «Арулар», «Армысыңдар,адамдар» өлеңдерінің қалай өмірге келгендері айтылады.
1-топ оқушыларды 2-топ оқушыларына сұрақтар қойды.
Оқушы: Жастар,қазіргі кезде шынайы махаббат бар деп ойлайсыңдар ма?
Оқушылар: Әрине,бар деп ойлаймыз.Әрбір адамның өмірінде махаббат сезімі кездеседі ...
Махаббат – мәңгілік,ешқашан өлмейтін сезім деп ұғатындарын айтты.
Оқушы: Тойға шақыру билеттерінде қос аққу салынады.Неге деп ойлайсыдар?
Жауаптар: Аққу – махаббаттың рәмізі ...
Әсет дұрыс айтады.Аққулар бір-бірінен айырылмайды.Біреуі өлсе,екіншісіде өледі.Жастардың махаббатын осы аққулардың махаббатына теңеген ғой.
Оқушы: «Арулар» атты өлеңін оқиды.Бұл өлеңде арулардың қоғамдағы рөлі,әйел есімі,ең алдымен адамды жаратушы ,отау иесі,бала тәрбиешісі, аруларға деген махаббат сүйіспеншілігі талданып,өлеңнің көркемдігіне ерекше мән берілді.
Поэзияның асқар шыңы
сыршыл ақын
қайта туған ақын
лирик ақын
қара өлеңнің шебері
патриот ақын
Келесі 3-топ Мұқағалидың әр түрлі тақырыптағы өлеңдерін оқыды. «Сіздер», «Солдат сөзі», «Шындық туралы» өлеңдері оқылып талданады.Өлеңдер талданып болған соң «Топтастыру» әдісі бойынша «Мұқағали қандай?» екендігі толтырылды.
Мұқағали поэзиясынан нені білемін?
|
Нені білгім келеді? Өлеңдерінде сүйсіну,
рахаттану сезімі байқалды ма?
|
Нелерді білдім? Қай өлеңдерінде қандай көркемдік құралдары қолданылған?
|
|
|
|
Мұалім : Мұқағали өмірде көп қиыншылықтарды басынан кешірген,өмірінің рахаты аз болған ақын.Бірақ,шындап ұққан адамға ол өмірдің шын рахатын сезініп кеткен жұмбақ ақын.Балалар,Мұқағали ағаларыңның барлық өлеңдерін жаттап алсаңдар да сендерге артық болмайды.Ағамыздың рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ ғасырдың жастары – сендерсіңдер.
Кітаптар көрмесіне тоқталып,оның «Аманат» атты өлеңдер жинағы жарық көргендігі,ғасыр ауысқан кезде «Ғасыр ақыны» атағы берілгендігі айтылды.
Үйге: «Ғасыр ақыны – Мұқағали» атты шығарма жазу тапсырылады,баға қойылады.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Cабақтың тақырыбы : «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»
(Х сынып,Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйел-ана тақырыбы)
Сабақтың мақсаты: білім беру – романдағы әйелдер бейнесін ашу;танымдық – Абайдың әйел-ана,қыз-тағдыр,махаббаттағы ізгілік идеясын үлгі ету; тәрбиелік – оқушыға Абайдың адамгершілік,имандылық қағидаларын өмірлік ұстаным етуге бағыт беру.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ,СТО технологиясы.
Көрнекілік:Абайдың портреті,иллюстративті түрлі түсті таблицалар,техникалық деректі суреттемелер.
Пайдаланылатын оқулық,көмекші құрал: М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы; «Жарқ етпес қара көңілім ...»
(Абайдың өлеңдер жинағы); Светқали Нұржанов «Таң қауызын жарғанда» өлеңдер жинағы. «Қазақтың би-шешендері» жинағы.
Сабақтың өту кезеңдері.
І.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасамын.Көңіл күйлеріне,кабинеттің бүгінгі сабаққа дайындығына көңіл аударамын.Оқушыларды түгендеймін.
Светқали ақынның жаңа жыр жинағындағы Абай ұлылығын паш ететін тұстарын атап көрсетемін.
ІІ.Өткен сабақ тапсырмаларын тексеру үшін бірнеше оқушыға кеспе карточкалар таратып,сабақ барысында жауап алатынымды ескертемін.Ал бүгінгі талдау сабағы күрделі болатындықтан бірден жаңа сабақ материалына кіріспе жасаймын.
ІІІ.Бүгінгі сабақ тақырыбын тақтаға жазып көрсетемін.
Бұл тақырып ұлтымыздың әр заман талқысынан өтіп,қазір әйел-аналарымыз қоғамдық дамуда өз биік орын алып отырғанын естеріне сала кетемін.Ауыз әдебиетінің де небір үлгілері бұған соқпай өтпейді.
Бірде Орта жүздегі аржас Шорман төренің баласы Мұса бір топ кісімен атақты Саққұлақ бимен амандасқалы келе жатып,жанындағыларды сынау үшін мынадай бір сұрақ қойыпты:
Ағат деген немене?
Сағат деген немене?
Қанат деген немене?
Жанат деген немене?
Ханым деген немене?
Қасындағылар ананы айтып,мынаны айтып,бидің көңілін таба алмапты.Олардың жауаптарына көңілі толмай келе жатқан Мұса осының мәнісін өздері амандаса келген атақты би Саққұлақтан сұрапты Сонда «Арғынның ағасы» атанған қарт би былай деген екен:
Екі кісі ұрысса –
Ағат емей немене?! Тоқтышақтың терісі
Екі жақсы сөйлессе – Тоңдырмаса суыққа -
Сағат емей немене?! Жанат емей немене?!
Мінген атың болдырмай, Адал болса алған жар -
Мәре жерге жеткізсе – Ханым емей немене?!
Қанат емей немене?! Жайлы болса мінезі -
Жаның емей немене?!
Жесір дауында Ақтайлақ би қорлық көрген қыз баланың тағдырына ара түсіп,оның бас бостандығын былай қорғаған екен:
Жақсы туған қыз бала
Батыр туған ұлмен тең ...
Сатылса малға қарындас –
Есікте жүрген күңмен тең.
Жабырқап көңілі ашылмай,
Қараңғы болар түнмен тең.
Көз жасын көрер пенде жоқ,
Қайғының дерті умен тең.
Еркі өзінде болса,
Мына отырған қарындас
Болар енді кіммен тең?!
Осылайша шындыққа жұрттың бәрінің еріксіз басын игізіп мойындатқан бидің айтқыштығынан қыз бала басына азаттық алған екен.
Қазақ халқы қыз сұлулығын әуелден-ақ жырға қосқан.
Бет ажарын қарасаң –
Жазғы түскен сағымдай.
Ет ажарын қарасаң –
Терісінен айырған
Арпа- бидай ақ ұндай ...
«Қалқатай отыр ма екен,жатыр ма екен
Аққудай көл шайқаған аппақ болып!..»
«Жақсы қыз – жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз».
Осылайша өткенге оралып,ұлтымыздың Әйел-Ана тақырыбына әуелден-ақ бей-жай қарамағанын дәлел етемін.
IV. Хрестоматиядағы Абайдың Тоғжанмен ең алғаш Сүйіндікті мекені – Түйеөркеш жеріндегі кездесуі туралы баяндайтын тұстарын тапқызып,оқытамын(245249-беттер).Тоғжан портретін өзім мәнерлеп оқып беремін. «Портрет», «мінездеме», «пейзаж» ұғымдары бойынша сұрақтарға жауап алып,теориялық білімдерін пысықтаймын.
V. Оқушыларға берілген кеспе карточкаларға жауаптар алынады.
- Абайдың Абай болуына әсер еткен өмірлік үш «көзі» қандай еді?
- Абайдың өз әкесі құнанбайға деген көзқарасы қандай болды?
- Абай үлкендер алдында әдепті болуды кімнен үйренді?
(Әжесі мен анасы Ұлжан тағлымы.)
- Абай өз өлеңдерінде көп сынаған қазақтың бойына сіңген мінездері.
«Абай жолы» романы бойынша өткен сабақтарды еске ала отырып,тақтаға Венн диаграммасы бойнша талдау жасатамын. (Ескерту.Төмендегі жауаптарды оқушылар жетекші сұрқтарға жауап бере отырып,өздері тауып талдайды.)
Осыдан барып Абайдың мәңгілік махаббат тақырыбы өзінің қолы жетпей кеткен ғашығы – Тоғжанға арналу себебі ашылмақ.Ғашығы мен әке таңдауымен алған жарына деген қарым-қатынас сыры Абай көзімен,жазушы шеберлігімен ашылады. (Бүгінгі сабақ тақырыбына айналып отырған Абайдың осы аттас өлеңін өзім әнмен орындап беремін.)
Романдағы басқа да әйелдер бейнесін ашу үшін әр тұстан түрлі іс-әрекеттерінен үзінділер оқылады.Содан барып дәптерге әр оқушы кейіпкер әйел-аналарға қысқаша сипаттама жазу тапсырмасы беріледі.Мысалға оқушылар тапсырманы мынадай үлгіде жазып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |