Қосымша мәлімет:Тиіндер (лат. Sciurus) — тиінтәрізділер тұқымдасының бір туысы. Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың ормандарын мекендейтін 40-тан астам түрі белгілі. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарағайлы ормандарын мекендейтін 1 түрі – кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) бар. Оның тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін). Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады. Тиін – тұрғылықты аң, бірақ қорегі (шырша, т.б. қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы) тапшы болса, кейбір жылдары жаппай қоныс аударуы мүмкін. Қысқа қарай қор жинайды. Жылына 2 рет (әр жолы 3 – 10) балалайды. Тиіндер терісі үшін ауланады.[1]
4. Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің мәтінді оқуы.
2. Оқушылардың кезекпен оқуы.
3. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар:
4.Сөздік жұмысы.
5.Тауып оқу.
5. Сергіту сәті:
Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
«Тиін» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Дәптермен жұмыс. «Ана тілі» №1 жұмыс дәптері. 17- бет
6. Сергіту сәті.
7. Шығармашылық жұмыс.
қатарға: «Жоғалған әріптер тап» ойны
Қ....с, ....шақ, бөр...к, бор...н, к..гершін, т....лкі, ...ліппе, кем...
2 - қатарға «Баспалдақ» ойыны
3-қатарға «Бір сөзден көп сөз» ойыны. « Жолбарыс » сөзі
ІІІ. Рефлексиялық- бағалау кезеңі.
«Сөз тапқанға...» ойыны
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін « Сөз тапқанға» берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Оларды енді жарыстырып қөрелік.
Әріптерді таңдату .
1. Қазір жылдың қай мезгілі? Қ
2. Қай пәнді ұнатасың? М
3. Бос уақытыңда не істейсің? К
4.Оқушы бала кандай болу керек? Ә
5. Болашақта қім боласың? А
6.Осы отырған көпшілікке не тілейсің? Д
Сабақты қорыту.
-Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Біз ойнай отырып не істедік?
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма: мәтіннің мазмұнын дайындау, сурет салу,
47- жаттығу,35- бет.
Ахметова Меруерт Айтымқызы
Павлодар облысы Ақсу қаласының
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |