Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. М.Дулатовтың шығармашылығы.
III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.М.Дулатов кім?
2. Мыржақыптың қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).
«Шернияз» туындысы бұл ерекше бір туынды болып табылады. Өйткені,,,,
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс: Мәнерлеп оқу керекті жерлерін жазу.Шығарманың тақырыбын ашу.
Тадау:
VII Сабақты бекіту.
1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?
2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?
3.Қандай шығармалары бар?
4. «Шернияз» пьесасының басты тақырыбы неде?
VIII Үйге тапсырма. Шығарманың мазмұны.
Тексерілді:
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы : Қазақ шешендік өнерінің тархы.
Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырманы сұраймын .
III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Қазақ тілі қандай тіл?
2.Қазақ тілі қоғамда қандай рөл атқарады?
3.Шешендік өнер дегеніміз не?
IV Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
V Материалды сабақты түсіндіру.
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Асан Қайғы Сәбитұлы Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді".
Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:
- Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді.
Аяз би Жаманұлы — қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. Оның есімі бүгінгі ұрпаққа "Аяз би" ертегісі мен "Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл" дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі дерек бар. Майқы би Ман баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің "Түп-түқияннан өзіме дейін" ("Жалын", 1993 ж.) дейтін кітабында Аяз биді және оның серігі Құмырсқа батырды "Майқы би дәуірінде өмір сүрген, Майқы Манұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді", — деп жазады. Сонда бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Манұлыныңзамандасы, тұстас боп шығады. Ал зерттеуші Балтабай Адамбайұлының"Алтын Сандық" атты (1989 ж.) кітабындағы шағын мөліметте Аяз би — Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХӀ-ХӀӀ ғасырға жатқызады. Бұл - әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе. Аяз бидің қандай би болғаны, адамгершілік қадір-қасиеті жөнінде қазақ энңиклопедиясында былай жазылған: "Бұрынғы қойшы, кедей Аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Ол Мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. Оған шөп жаманы — қоға, құс жаманы — сауысқан екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп, бай қызы Меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен қүтқарады. Аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін Мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді".Майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, балгер, көріпкел өулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. Майқының Әндір, Мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. Олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал-шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. Ал Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырска деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық кұрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен
Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.
Жаттығумен жұмыс
VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
1.Шешендік өнер дегеніміз не?
2.Шешендік өнер кімдерден басталады?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
VIII Үйге тапсырма : Қазақ шешендері туралы еңбектер жинақтау.
Тексерілді:
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы : Қазақ шешендік өнерінің тархы.Билер,жеті жарғы
Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырманы сұраймын .
III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Қазақ тілі қандай тіл?
2.Қазақ тілі қоғамда қандай рөл атқарады?
3.Шешендік өнер дегеніміз не?
IV Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
V Материалды сабақты түсіндіру.
Билер кеңесі — дәстүрлі қазақ қоғамында өкілетті негізде қызмет атқарған ең жоғарғы кеңесші орган.
Билер кеңесі жылдың бір мезгілінде, әдетте, ел жайлауға көшіп болған соң өткізілген. Көбінесе, Сайрам маңындағы Мартөбеге, Сырдариядағы Күлтөбеге не Түркістан жанындағы Битөбеге шақырылған. Оған хан, сұлтандар, үш жүздің елге сыйлы, “қара қылды қақ жаратын” әділдігімен даңқы шыққан билері, батырлары қатысқан. Осындай кеңестің бірінде “қырық рудың өкілі” — қырық би қазіргі Сырдария облысы (Өзбекстан) Ангрен өзенінің сол жағасындағы “Ханабат” (Күлтөбе) деген жердегі Тәуке хан (1680 — 1718) ордасына жиналып, қазақ халқының заң кодексі — “Жеті Жарғыны” қабылдаған. Рулық алауыздықты жойып, қазақ ұлтын біріктіру, мемлекеттік тәртіпті нығайту мұратын көздеген Тәуке хан ел ішінде беделді билерге сүйене билік жүргізді. Ұлттық тұтастыққа іріткі саларлық ірі жанжалдар — руаралық “жер дауы, жесір дауы” өршігенде, ел шетіне жау тиіп, соғыс қаупі төнген кезде, көрші елдермен байланыс жасап, түрлі қарым-қатынас орнатар шақта билер кеңесін шақырып, негізгі мәселелерді бұқара өкілдері — билермен ақылдаса отырып шешкен. Билер кеңесінің шешімдерін ешкім бұза алмаған, хан да, қара да оны орындауға міндетті болған. Тәуке хан қалыптастырған осы демократиялық-құқықтық қағиданы қазақ даласын билеген кейінгі хандар да қатаң ұстанған. Билер кеңесінің шешімдері хан беделінен жоғары қойылғанымен, орталықтандырылған билік пен басқару ісіне қайшы келмеген. Ханның ұсынуымен мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылаған кезде “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген моральдік принципке сүйенген. Қара бастың, ағайын-туыс пен аталастың ғана намысын қорғап, ру мүддесін ұлт мұратынан жоғары қоятын қылығы байқалған билер ел сенімінен, хан құрметінен айырылған. Ондай әділетсіздікпен, пайдакүнемдікпен аты шыққан адамдар билер кеңесіне шақырылмаған. Тәуке хан тұсында билер кеңесіне Ұлы жүзден үйсін Төле би Әлібекұлы, Орта жүзден арғын Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден алшын Әйтеке би қатысқан. Сондай-ақ Едіге би, Тайкелтір би, Байдалы би, Шақшақ Жәнібек (би әрі батыр), Шеген би, Сасық би, Сәмеке би, т.б. көрнекті өкілдер болған.[
Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.
Жаттығумен жұмыс.
VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
1.Шешендік өнер дегеніміз не?
2.Шешендік өнер кімдерден басталады?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
VIII Үйге тапсырма : Қазақ шешендері туралы еңбектер жинақтау.
Тексерілді:
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров: Жазушының өмір жолы
Сабақтың мақсаты:
а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Ж.Аймауытов шығармашылығы.
III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Ж.Аймауытов кім?
2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:
Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында
“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”]], т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын көптеген өлеңдер жазды.
1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, 1916 – 17 жылдардың қысында орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.
1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,
1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып,
“Шал мен қызға”,
“А, дүние”,
“Жас жүрек”,
“Сарыарқаның жаңбыры”,
“Адасқан өмір”,
“Кедей”,
“Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды.
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс: Мәнерлеп оқу керекті жерлерін жазу.Өлеңдерінің тақырыбын ашу.
VII Сабақты бекіту.
1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?
2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?
VIII Үйге тапсырма. Өлеңдерін оқу,талдау.
Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
Сабақтың мақсаты: С. Торайғыровтың шығармашылығының идеялық - эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Романның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;
Кейіпкерлердің іс - әрекеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана - сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.
Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, талдау,, тұжырым кестесі, проблемалық сұрақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындығына назар аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау. С. Торайғыров. «Қамар сұлу» романының кейіпкерлерінің бейнесін ашу.
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Сұрақ - жауап кезеңі:
• Ақын өмір сүрген жылдар?
• Ақынның біліммен сусындаған Білім Ордалары туралы баянда.
• Ақынның қандай жинақтары жоғалып кеткен?
• Ақын поэмаларын атаңдар.
• Алаш ардагерлері туралы не білесің, оның ақын өмірінде қандай орны болды?
• «Таныстыру» поэмасы арқылы ақын кімдерді таныстырады?
• «Айқап» деген сөз қандай ойға жетелейді және Сұлтанмахмұттың қандай мақалаларын білесіңдер?
• Сұлтанмахмұттың қандай романдарын білесіңдер?
• «Қамар сұлу» романы көтерген әлеуметтік мәселе қандай?
• Шығарма неліктен «Қамар сұлу» деп аталған?
3. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының мазмұны жағынан талдау жұмысын орындалады.
Әр бөлімге қысқаша сипаттама беру тапсырылады.
1 - бөлім. «Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған...»
2 - бөлім. Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары
3 - бөлім. Күндестік оты жанғанда
4 - бөлім. Жорға Нұрым. Омбы асқан Ахмет
5 - бөлім. Қырын келген құдалық
6 - бөлім. От ортасында ойрандалған Омар
7 - бөлім. Қайғыдан қан жұтқан Қамар
8 - бөлім. Зұлымдық - надандықтың басты белгісі
9 - бөлім. Құрбандыққа шалынған жастар
4. Үй тапсырмасын қорыту мақсатында « Романнан алған әсерім» оқушылар ой бөліседі.
5. Жаңа сабақ.
- Міне, балалар, біз роман мазмұнымен таныстық. Енді романдағы кейіпкерлердің
іс - әрекетіне қарап, жан - жақты ой саралап көрейікші.
6. Жаңа сабақты бекіту мақсатында шығарманы кейіпкерлер әлеміне талдау жүргіземін.
1. Шығармадағы адамдардың тұрмыстық жай - күйлері қалай берілген? Әңгімеле
2. Роман кейіпкерлеріне талдау жаса
3. Нұрым - қандай адам?
4. Қамар мен Ахметтің қосылмау себебі неде?
5. Сол замандағы бақсы - балгерлердің іс - әрекеті романда қалай берілген?
7. Проблемалық сұрақ. Романда кездесетін қарама - қайшылықтар осы заманда кездесе ме? Кездессе, қандай түрде? Неліктен «қатігездік - надандық белгісіне» саналады?
Қазіргі заман туралы (ауызша) ой толға.
8. Тапсырмалар. Көркем шығарма мәтінімен жұмыс.
9. Жаңа сабақты пысықтау мақсатында «Тұжырым кестесін» толтыртамын.
Кейіпкерлері ------------------ Адами қасиеттері ------------- Іс - әрекеттері
Қамар Ахмет Омар Жорға Нұрым Оспан би Қалтан қажы
10. Кейіпкерлер портретін қалай береді? • Қамар • Ахмет • Нұрым
11. Модельдеу әдістемесі
І. Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, әйел теңсіздігі
ІІ. Шығарма идеясы: Қазақ жастарының бас бостандығы, қыздарды қалың малға сатуды әшкерелеу
ІІІ. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қамар, Ахмет, Омар, Нұрым
ІҮ. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер: Қалтан, Оспан, Қасен, Жәуке, Жұмабай, Бәтек молда
Ү. Шығарма жазылған әдеби бағыт: сыншыл реализм, жанры - проза, поэзия+проза
ҮІ. Шығармадағы монологтарды тапқызу.
Ахметті сүйемін - ақ, сүйгенім үшін күйемін - ақ,
Ал енді шыдамадым... қараландым...
Ойдағым келді ме, жылы жауап берді ме,
Қамар мені сүйді ме, сүйгендіктен күйді ме?...
- Монолог кімдікі, қандай жағдайда айтылған?
ҮІІ. Шығарманың көркемдік ерекшелігі
ҮІІІ. Шығармадағы суреттелетін салт - дәстүр: Атастыру, қызды қалың малға сату, жар - жар, үшкіру, кәде беру
ІХ. Қолданылған мақал - мәтелдер:
«Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Таң атпайын десе де, күн қоймайды», «Кәріліктің алды жігіттіктің соңы», «арсызға алты күн мейрам», «Суға кеткен тал қармайды», «Теңі келсе, тегін бер», «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді», «Бір тойған – шала байығандық», «Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас», «Соқырдың қолына, саңыраудың жолына түспе», «Жақсыдан жаман туса, емі болмас, жаманнан жақсы туса, теңі болмас», «Ит үрді, керуен көшті», «Бастан құлақ садақа».
ХІІ. Шығарма құрылысы:
1. Басталуы: Қамарды суреттеуі, Қамар мен Ахметтің кездесуі;
2. Дамуы: Ғашықтық сезім, хаттарға берілген жауап;
3. Шиеленісуі: Олардың әлеуметтік жағынан сәйкес келмеуі, күндестікке толы ауылдағы өсек, қудаланған Ахметтің оқуға кетуі
4. Оқиғаның байланысы. Нұрымның әйелі қайтыс болуы, Нұрымның Қамарға кісі жіберуі
5. Шарықтау шегі: Қамардың зорлықпен ұзатылуы, науқастануы
6. Шешімі: Ахметпен кездесуі, өлімі
Қорытынды. Барлық ойды түйіндеу, оқушыларға ой тастау
Бағалау. Үйге тапсырма: Ойтолғау жазып келу.
Тексерілді:
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Кім жазықты?»
Сабақтың мақсаты:
а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Ж.Аймауытов шығармашылығы.
III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Троицк қаласында қай жылы, қандай медреседе білім алды? (Ахун Рахманқұлы
татар медресесі 1912 ж)
2. Білім тақырыбына жазған өлеңдерін ата. ( «Оқып жүрген жастарға», «Оқуда
мақсат не?», «Талиптерге» )
3. Троицкіде қандай журналда қызмет істеді? ( «Айқап» )
4. «Айқап» редакциясынан жұмыстан шығуының себебі не? ( әлеуметтік
теңсіздік, тартыс, ел ішіндегі қайшылық)
5. Баянауылда қандай ұйым құруды ойлады? ( «Шоң серіктестігі»)
6. Алтайда қай жылдары болды? Немен шұғылданды? ( 1914 – 16 ж.
Ағартушылық, жазушылық жұмыспен)
7. Семейде не себепті оқуға қабылданбады? ( қаражаты, жатар орны болмады,
төменгі сыныпқа жасы келмеді, жоғары сыныпқа білімі болмады)
8. « ... Жұмасына екі рет ет жеймін. Құр шай, нан жеймін. Киім алғаным жоқ.
Кино, кештерге барғаным жоқ. Айналдырғаным ала қағаз беті. Бір тиыным қалғанша оқимын...» сөзін қай жылы, қайда оқып жүргенде жазды? (1916 – 17ж Томск )
9. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне арнаған қандай өлеңін білесіз? (
«Алаш ұраны», «Таныстыру» )
10. «Таныстыру» өлеңі кімдерге арналған, оларды неге теңейді? (А.Байтұрсынов,
Ә. Бөкей, М.Дулатов, Абай, Шәкәрім. Оларды айға, күнге, Шолпанға)
11. 1918 ж қандай поэмалары жарық көрді? ( «Айтыс» аяқталмаған, «Кедей»,
«Адасқан өмір»)
Достарыңызбен бөлісу: |