Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.
Жаттығумен жұмыс.
VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
1.Шешендік өнер дегеніміз не?
2.Шешендік өнер кімдерден басталады?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
VIII Үйге тапсырма : Қазақ шешендері, батырлары туралы еңбектер жинақтау.
Тексерілді: 15.10.18 ж.
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: 1930-1960 жылдардағы әдебиет
Сабақтың мақсаты:
а)оқушыларға 1930-1960 жылдардағы әдебиет туралы түсіндіру;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. М.Жұмабаевтың шығармашылығы.
III Сабақты бекіту кезеңі.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.М.Жұмабаев кім?
2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер?
3.Мағжан поэмасының тақырыбы неде? IVМақсат қою кезеңі.
V Материалды түсіндіру:Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. Оқушыларды топқа бөлу.
Отызыншы жылдар ішінде біздің елімізде іске асқан қоғамдық-экономикалық өзгерістер қазақ поэзиясының дамуында жаңа дәуір туғызды. Поэзияның тақырыптары да, қаһармандары да жаңарып, жанрдың ішкі мүмкіншіліктері кеңейіп өсті. Сөйтіп, поэзия жаңа көркемдік-стильдік ерекшеліктерге ие бола бастады. Мұның өзі поэзияның өмірге батыл араласып, қоғамдық өзгерістерге жедел үн қосып отыруымен байланысты еді. Бұл жылдардағы поэзияның ең көрнекті тақырыптарының бірі – индустрияландыру тақырыбы болды. Ел ішінде салынып жатқан өндіріс орындары, темір жол құрылыстары, осы жолдағы табыстар мен қызу еңбек – алдымен ұшқыр өлеңнің назарына ілікті. Қазақ ақындары бұл тақырыпқа арнап көптеген өлең, поэмалар жазды. Өндіріс тақырыбына жазылған алғашқы өлеңдердің идеялық мәні бесжылдық жоспарды төрт жылда орындауға шақырып, қалың бұқараны творчестволық еңбекке жігерлендіруге үгіттеумен байланысты болды. C.Сейфулиннің «Қалаушылар жыры», «Тоқу фабригінде», І.Жансүгіровтің «Алтын қазан», «Екпін күйі», С.Мұқановтың «Қарағанды», «Конвейер», Қ.Әбдіқадыровтың «Екпін», А.Тоқмағамбетовтың «Түрксиб түйіскенде», Т.Жароковтың «Бесжылдықтың бағасы», Ғ.Ормановтың «Шеңбер», «Мыс қала», Ә.Тәжібаевтың «Айнабұлақ», Ө.Тұрманжановтың «Байғыз» тағы басқа өлеңдері бүкіл одақтық социалистік өндірістің екпінді қарқынына үн қосу мақсатымен ғана жазылған емес, Қазақстанның индустрияландыру саласындағы жаңалықтарын нақты суреттермен бейнелеу тұрғысында да пайдалы қызмет еткен шығармалар болып табылады. І.Жансүгіров Қазақстанның кен байлығын алтын қазанға балап, соны пайдаға асырып жатқан халық күшін мадақтаса, С.Мұқанов өлеңдері ақынның Қарағандыда болған кездегі ой-сезіміне, әсерлеріне құрылады. Осындай әсер Ғ.Орманов пен Ө.Тұрманжановтың Балқаш жайлы өлеңдерінде де байқалады. А.Тоқмағамбетов пен Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаевтардың қуатты өлеңдері Түркістан – Сибирь темір жолының іске қосылуына арналған. Бұл тақырыпты әр ақын өзінше шешті. Қазақ поэзиясының отызыншы жылдар ішінде көр жырлаған тақырыптарының бірі – ауыл шаруашылығын коллективтендіру, колхоз құрылысының нығаюы, шаруалар санасындағы өзгерістерді бейнелеу болды. Сол кездегі негізгі кәсібі ауыл шаруашылығымен байланысты болған қазақ шаруаларын жаңа социалистік құрылыс жолына үндеу, жер игеру мен мал шаруашылығы саласында үздік табыстарға жетуге шақыру сияқты үгіт өлеңдер жиырмасыншы жылдардағы осы тақырыптас лириканың дәстүрін жалғастыра түсті. Сонымен бірге бірқатар ақындар ескі үгіт сарынымен кете бермей, ауыл еңбекшілерінің өміріндегі өзгерістерді, оның жан-сезімін көңіл-күйін көрсетер жаңа лирика жасады. С.Сейфулиннің «Даладағы жаңа күй», «Тракторшы», Б.Майлиннің «Коллективтің жырын айт», «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз», І.Жансүгіровтің «Егінші», «Қойшының ойы», С.Мұқановтың «Малшының мақтанышы», Ғ.Ормановтың «Темір ат», Ә.Тәжібаевтың «Қарлығаш» сияқты өлеңдері осы саладағы бірсыпыра жақсы ізденістерді танытады. Бұларда ауыл адамдарының ойлары мен істері, техниканы игеруі мен жаңа мамандыққа ие бола бастауы лирикалық жылылықпен, көркем образдармен бейнеленеді.
Қазақ тарихының әр дәуірдегі әр қилы шындығын бейнелеуде І.Жансүгіровтың атқарған қызметі ерекше. 1930 жылы жазған «Дала» поэмасында ол қазақ тарихының революциядан бұрынғы ауыр кезеңдерін оқушыға таныстыра келіп, даладағы өзгерістерді мақтанышпен жырлайды. Ұзақ тарихи оқиғаларды нақты да жинақы етіп көркем елестете алуымен, бүгінгі жаңалықтарды реалистік шабытпен суреттеуімен, рухани қуатының молдығымен «Дала» – отызыншы жылдардағы қазақ поэмаларының бір сала үлгісі. Мұнда ақын тарихты шолып қана қоймай, қоғамдық дамудың заңдылығы жайлы философиялық түйіндер жасайды.
Отызыншы жылдар ішіндегі қазақ әдебиетінің елеулі табысы – үлкен прозаның өрістеуі. Көркем әңгіме, повестермен қатар үлкен прозаның үлгісі – роман туды. Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч», І.Жансүгіровтің «Жолдастар», С.Мұқановтың «Теміртас», «Ботакөз», М.Дәулетбаевтың «Қызылжар», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім» романдары халқымыздың өткен тарихи жолы мен бүгінгі өмірін эпикалық кең суреттеп беруімен, жанрдың ішкі ерекшеліктерін меңгеріп, типтік құбылыстарды бейнелей алуымен аз уақыттың ішінде-ақ бұл жанрдың зор болашағын танытты. Отызыншы жылдардың бас кезінде туған қазақ романдары Б.Майлиннің «Азамат Азаматычы» (1934) мен С.Мұқановтың «Теміртасы» (1935) – революциядан кейінгі қазақ халқы өміріндегі жаңару процесін, ауылдағы әлеуметтік өзгерістерді көрсетуге арналған шығармалар. «Азамат Азаматыч» арқылы Бейімбет Қазақстандағы социалистік құрылыстың жеңістері жолындағы күрестің қиыншылығын, тап жаулармен қақтығыстарды, сол жолда өсіп шыққан ұлттық интеллегенция өкілдерін бейнеледі. Роман сюжетін кейіпкерлердің қақтығысына негіздей отырып, автор олардың әрқайсысын-ақ әрекет үстінде көрсетуге тырысады. Ал «Теміртас» шығармасы болса, тақырыптық жағынан «Азамат Азаматычқа» жақын болғанмен, қазақ халқы өмірінің өзгеше бір ақиқатты ашуға тырысады. Отызыншы жылдар қазақ әдебиетінде әңгіме жанрының қаулап өскен, бірталай идеялық-көркемдік табыстарға ие болған дәуірі болды. Бұл жылдары әңгіме жанрында Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Ерубаевтар өнімді еңбек етті. Қазақ прозасының бағыты, оның өмір шындығын терең де жан-жақты қамтуға талабы, жазушыларымыздың тынымсыз ізденістері отызыншы жылдар әдебиетінің үлкен табысы болып саналады.
VI Материалды түсінгендерін тексеру. Кітапппен жұмыс. Коспект жасау,мінерлеп оқу. Топтық жұмыс. І топ.1917 жылғы Ресейдегі Ақпан төңкерісі тұсында патшаның тақтан құлауы... ІІ топ. Қазақ әдебиетінің Кеңес дәуіріндегі тәжірбиесі... ІІІ топ. Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі жылдар..... аяғына дейін.
«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалау
Жеке жұмыс. Шығармашылық жұмыс
Батырлық,ерлік,соғыс туралы мақал-мәтелдер
Өлең шығару
«Соғыс – күйретуші күш!» тақырыбында эссе жазу
VII Бекіту кезеңі. Оқылған тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Бұл кезеңде әдебиетіміз қандай бағыт алды?
2.Қандай ақын-жазушылардың еңбектері шықты?
3.Қандай газет-журналдар жарық көрді?
VIII Үйге тапсырма. Оқу,мазмұндау.
Тексерілді:
Күні: 22.10.18 ж. Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы : Диктант
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.
IV Мақсат қою кезеңі. Сабақтың мақсатын хабарлау.
V Cабақты түсіндіру: Мәтінді мәнерлеп оқып беремін, мазмұнымен таныстырамын.
Ағайындар
Құнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын малды. Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр. Осының бәрі өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын. Бірақ, Құнанбайдың мықты жері тобықты іші болса,әлсіз жері де осы тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып,құйрығымен қонады». Сол қанаты мен құйрығы-ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер.
Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық-жарқын емес. Іштей Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. Оны Құнанбай біледі. Бірақ, осындай қын қосарына ілестірсе болғаны. Түбі ,бәрінің де бағатын таразысы –ел. Сол елдің алдында байлауды Құнанбаймен бірге байласқан. Осылар болған соң жетті. Күйсе Құнанабайлармен бірге күйеді. Ал, ішінде не жатыр, оны білмейді. Олай болса, Құнанбайдың да сырты бұлардың ішін білмеген,елемеген кісі тәрізді болатын.
Бөжей-қалың жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу,мықты биі шыққан ел. Бертінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы ,жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар жігітек. Байсал да сондай мол ру көтібақтың тұрғысы. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын,көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша ағайынды елдер ішінде ең азы-бөкеншінің кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы-борсақ. Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар-сол борсақ болатын.
Құнанбай болса ырғызбай руынан. Бұл бас жағына келгенде жігітектен де,көтібақтан да аз. Бірақ әрі малды,әрі көптен бері тобықтыны билеп –төстеп келе жатқан ауылдар.
Мұхтар Әуезов (207 сөз)
Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.
VIII Үйге тапсырма: қайталау
Тексерілді: 22.10.18 ж
Қазақ тілі
Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздің тектері мен түрлері (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: а) Шешендік сөздің мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнекілігі жөнінде білім беру;
ә) Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: саралап деңгейлеп оқыту, іздендіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, кестелер, шешендік сөздер
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру сыныптың тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту.
Көп нүктенің орнына тиісті шешендік толғауды толықтыр
Жиырма бестен артық жас...?!
Ұйқыдан жаман... бар ма?!
Еріншектен жаман... бар ма?!
Ойлаңдаршы, ағалар,
Шын жарыңнан артық дос...?!
Шын жолдасың ондайда
Жауға сені... ма?!
Айта салған бір сырым,
Бірге жүрген достарға
(М. Мөңкеұлы)
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Туған тіліміздің маңызы мен мәйегі неде?
2. Ол өзге тілге аударылады ма?
3. Туған тіліміздің тума сұлулығын танытатын шешендік сазын ата.
4. Көркемдегіш құралдарды ата.
5. Естіге айтқан сөз – шыңға тіккен ту,
Ессізге айтқан сөз – құмға сіңген су
Би деген – бұлақ
Қандай көркемдегіш құрал қолданған?
6. Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады. (Майқы би)
Бүркіт бол, заманың түлкі болса. (Әйтеке би)
7. Асқар тау сенде бір мін бар,
Асуға жол бермейсің.
Тасқан су сенде бір мін бар,
Өтерге өткел бермейсің.
Уа, билер сендерде бір мін бар,
Басқаға сөз бермейсің. (Әйтеке би)
8. Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қалмаса?
Хандықтан не пайда?
Қарашасын жалмаса.
9. Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағың.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың
Екінші – жиғаның
Үшінші – ырықсыз тұрағы.
ІІІ. Жаңа сабақ. “Көкпар” ойыны арқылы миға шабуыл
1. Кеше сөздің екінші буынын алыңдар.
2. Пішен сөздің екінші буынын алыңдар.
3. Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.
4. Сөзге сөзінің түбірін алыңдар.
5. Діңгек сөзінің түбірін алыңдар.
6. Қалған сөздерді сол күйінде оқы. Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
Ой толғаныс.
Алдарыңа берілген мәтінді оқып, талдап шешендік сөздің түрлері мен тектерімен танысамыз.
1. Тура сөз темірді тесер
Жұмсақ сөз қылышты кесер. (Халақ даналығы)
2. Күрескер сөз – азулы, қарымды сөз,
Өткір, дана, уытты дарынды сөз.
Аристотель - Цицерон, Әл Фараби
Желтоқсанда теңселткен жалынды сөз. (Г. Жарылғапов)
ІV. Сабақты бекіту.
Ой түрткі. Жаттығулармен жұмыс.
І топ. 59 - жаттығу
ІІ топ. 60 - жаттығу
ІІІ топ. 61 - жаттығу
V. Сабақты қорыту.
Бет бұру
І топ. Екінші әңгіме. (142 - бет)
ІІ топ. Үшінші әңгіме. (142 - бет)
ІІІ топ. Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім (143 - бет)
Орфоэпиялық заңдылықтарға сүйенгенде ғана шешендік сөзіміздің сазы әуезді болып шығады. Ендеше орфоэпиялық заңдылыққа сүйене отырып, шешендік сөзден үзінді жазайық.
Уа, көсіле шабар өнерің бар,
Ту көтерер ерің бар.
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған жолың бар.
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорың бар.
Уа, гөсүлө шабар жерің бар,
Ту гөтөрөр еріңбар
Қол боларлығ елің бар,
Атадаң ғалған жолұл бар.
Құлдұғ ұрсаң дұшпаңға,
Арылмайтын сорұң бар.
VІ. Оқушыларды бағалау.
Шешендік талаптарды ескере отырып “ Игі тілек иірімдері” тақырыбында ой толғап көрелік.
1. Жаңа қоныстанып жатқандармен қалай жөн сұрасу керек? Оларға не деп айту керек?
2. Жол жүріп бара жатқан жолаушыға не деу керек және ол деп жауап беру керек?
3. Зат, бұйым сатып алғандарға не деу керек?
4. Соғым сойған үйге не деу керек?
5. Жаңа туған айды көргенде не деу керек?
6. Нәресте дүниеге келгенде қандай тілек айту керек?
7. Асарға барғанда не деу керек?
8. Жайсыз жайлар болғанда (өрт болғанда, мал жоғалып табылғанда, т. б.)
не деу керек?
Тест сұрақтары
1. Әл – Фарабидің сөз өнері туралы еңбегі:
А). “Риторика”
В). “Құтадғу білік”
С). “Қабуснама”
Д). “Диуани хикмет”
Е). “Тауарих хамса”
2. Сөз мәдениетінің шыңы:
А). Сөзшеңдік
В). Шешендік
С). Сөзқұмарлық
Д). Сөзшілдік
Е). Ойшылдық
3. Шешендіктанудың отаны:
А). Қазақстан
В). Ресей
С). Грекия
Д). Франция
Е). Германия
4. Шешендік өнер:
А). Сендіру құралы
В). Көндіру құралы
С). Ән айту құралы
Д). Сөйлем құрау құралы
Е). Бас айналдыру құралы
5. Риториканы сынаған ресейлік ғалым
А). А. Ф. Кони
В). М. В. Ломоносов
С). В. Г. Белинский
Д). П. С. Прохорщиков
Е). А. С. Пушкин
6. Ұлттық шешендік танудың іргетасын қалаушы
А). Аристотель
В). Асан қайғы
С). Ы. Алтынсарин
Д). Әл - Фараби
Е). Жиренше шешен
7. Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді.
А). Үш кезеңге
В). Бес сөзге
С). Төрт кезеңге
Д). Екі кезеңге
Е). Алты кезеңге
Үйге тапсырма:
2. “Данадан қалған асыл сөз” эссе.
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы : Әлеуметтік саяси шешендік сөздер.
Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;
ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырманы сұраймын .
III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Қазақ тілі қандай тіл?
2.Қандай шешендерді білесіңдер?
3.Шешендік өнер дегеніміз не?
IV Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
V Материалды сабақты түсіндіру.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз "тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.
"Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.
Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.
Би-дау-жанжалға билік айтушы.
Шешен-сөзге шебер,тілге жүйрік адам.
Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ертегі, батырлар жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер т.б. ойыңды өрістетіп, тапқырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының таным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.
Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тап-қыр логикаға қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.
Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше.
Шешендік өнердің қайнар көзі
Төл әдебиетіміз ХУ ғасырдан басталады. Ендеше ақын-жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т.б. осы шешендік сөздердің алғаш-қы баспалдақтары. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б. билер мен шешендер туралы өңгіме-лер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә жоқ.
Ой толғаныс
Жігіттер:Ассалаумалейкум,биаға!
Шешен:Уалейкумассалам!Жолболсын,жігіттер!
Жігіттер: Би аға,сізге сәлем беруге,өзімізді сынатуға келдік.
Шешен:Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.
-Тәттіде не тәтті?
-Қаттыда не қатты?
-Жұмсақта не жұмсақ?
1-жігіт:Тәттіде бал тәтті.
Қаттыда тас қатты.
Жұмсақта мамық жаұмсақ
Шешен;Ай,балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.
2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті.
Қаттыда атаның жүрегі қатты.
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.
Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!
Жарайсың, балам.Мұратыа жет, қатарыңның алды бол.
Міне,балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би талай сыңнан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен.
Ой түрткі Ауыл ақсақалы
Ру басы
Отағасы
Биағасы
Ел билеу ісінің тұтқасы
-Шешендік сөздің мәнін қалай түсінеміз:
Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.
Жаттығумен жұмыс.
VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
1.Шешендік өнер дегеніміз не?
2.Шешендік өнер кімдерден басталады?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
VIII Үйге тапсырма : Қазақ шешендері, батырлары туралы еңбектер жинақтау.
Тексерілді: 06.11.17ж.
|
Әдебиет
|
11 сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Сәкен Сейфуллин«Жайлауға көшу», «Сыр сандық» өлеңдері
|
Жалпы мақсаты:
|
С. Сейфуллин өмірі, шығармашылығымен танысу, өлеңдерін талдау,тіл шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру.
|
Сілтеме:
|
қазақ әдебиеті оқулығы, интернет көздері
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
|
С.Сейфуллин өмірі мен шығармаларын біледі, «Жайлауға көшу», «Сыр сандық» өлеңдерінің идеясын түсінеді,ой-пікірлерін еркін жетуізеді.
|
Негізгі идеялар:
|
Ақын ойының тереңдігі. Халықтың алдындағы парыз, міндет.
|
Дерек көздері:
|
Оқулық, АКТ, ақын суреті,интербелсенді тақта.
|
Оқыту әдістері:
|
Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар, ғаламтордан алынған бейнематериалдар, оза оқыту технологиясы.
|
Сабақтың түрі:
|
Топтық ізденіс сабақ
|
Тапсырмалар
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Білу
Ұйымдастыру,үй тапсырмасын тексеру.
Түсіну
Жоба қорғау
Қолдану
Талдау
Жинақтау(синтез)
Бағалау
Үйге тапсырма
|
Сынып оқушыларын 2топқа бөлемін. Әуен қосамын. Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерінің бірін төртке бөліп қоямын.
1920-1950 жылдардағы әдебиет, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті.
1-топ С. Сейфуллин өмірі мен күрес мектебі
2-топ С.Сейфуллин шығармашылығы
1- топ « Сыр сандық» өлеңі
2-топ «Жайлауға көшу» өлеңі
Салыстыру, сәйкестендіру
Венн диаграммасын толтыру
А,В,С деңгейлі тапсырма беріледі.
1.Сәкен жаңа заманнан не күтеді? 2.Досқа жазылған хат.
3.Кездессе маған сол бейне...
Оқушылардың сабақ соңындағы түйін сөзі
«Сыр сандық», «Жайлауға көшу»
|
Оқушылар өлеңді құрастыру арқылы топқа бөлінеді, өлең шумағын мәнерлеп оқиды.
2 топ кезекпен бір-біріне 1920-1950 жылдардағы әдебиет, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туралы сұрақтарға жауап алады.
Топпен қорғайды,
Әр топ өзіне берілген өлеңді оқиды, мазмұндайды, өлең құрылысына талдайды, троп түріне талдау жасайды.
С.Сейфуллин Б.Майлин
өлеңі
Үзінді
|
Жеке батыр
|
Сыр сандық
|
Көкшетау
|
Қалмақ қызы
|
Оқжетпес
|
Тау ішінде
|
Ақсақ киік
|
Ауасы дертке дауа жұпар иісті,
Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?
|
|
|
|
|
|
|
|
Сақалы төсін жапқан қыр мұрынды,
Киюлі баста жатыр дулығасы.
|
|
|
|
|
|
|
|
Шіркін тауық, шырқ айналар,
Жемің болса қолыңда
|
|
|
|
|
|
|
|
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсер тұрған киіп.
|
|
|
|
|
|
|
|
Мініп ап Керкөжекке қайран сұлу,
Бұралып қош айтысып, жөнеп берді.
|
|
|
|
|
|
|
|
Астымда ақ боз атым сылаң сағым
|
|
|
|
|
|
|
|
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл ойлы-қырлы панасы бар.
|
|
|
|
|
|
|
| |
Достарыңызбен бөлісу: |