Сабақтың тақырыбы : М. Дулатов: «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян,қазақ» өлеңдері Сабақтың мақсаты



бет3/9
Дата03.11.2019
өлшемі330,59 Kb.
#51040
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
11-сын2017


IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:

Біз «Кім жазықты?» романымен толық танысып, мазмұнын меңгердік. Кейіпкерлермен жақын танысып, олардың іс – әрекеті арқылы мінез – құлқын аша білдік. Романның негізгі тақырыбы – әйел теңсіздігі, өз заманының әлеуметтік мәселесіРоманның мазмұны бойынша негізгі кейіпкер Әжібайдың іс – әрекеті әділетсіздік, жағымсыз іс деп танимын. Бұған романдағы дәйектерді айғақ ете аламын.

1.Әжібай жасынан бұзық жолмен өсті, ол тым еркелікті перде етіп ұстап, айтқанын орындата білді.


2.Қалаға оқуға барды, бірақ оқуы ұзаққа бармады, еркелік өтіп кетті.
3.Ол әйелдерін тастап, ел кезіп, кезбе атанды.
4.Байлықты арқа сүйеп, мағынасыз өмір сүрді.
5.Туған ата – анасына қарсы шығып, тіл тигізген, қол жұмсаған кездері болды.
6.Үй шаруашылығына қарамай, жұтқа ұрынды. Себебі, ол отбасының қамын ойламады.
7.Қала тұрғынына еліктеп, бой – басын жасанды түзеп, Аппақайды өзіне қаратпақшы болды. Аппақай мен фельдшер жігіттің арасына түсіп, шынайы махаббаттың жауына айналды.
8.Жұттан кейін ұры ұстап, ауылдың малын ұрлатты, істі болды.
9.Әжібай халқына пайдалы еңбек ету мақсатын білмеді. Керісінше, зорлық, үстемдік көрсетті.
Сонымен бірге, романда осы Әжібайды толықтыра түсетін кейіпкер – әкесі Тасболат. Тасболат кім?
1.Тасболат - ескі ауылдың байы. Ол байлығын жанынан үстем ұстайды.
2.Ел ішіне өзгеріс ене бастаған кезде ел билеу ісінен айырылып қалу кезеңін сезіп, дереу өз басының қамына кіріседі.
3.Әжібайды оқудан шығарып алады.
4.Ескі салт – дәстүрді берік ұстап, балаларына бесіктен бастап ауқатты, беделділермен құда түседі.
5.Әжібайды зорлықпен Жаңылға үйлендіреді.
6.Өз балаларына дұрыс тәрбие бере алмайды.

Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер,


Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер.
Басшысы жоқ, биі жоқ, елім қайтіп күн көрер, -
Асан қайғы айтқандай ол заманда басшысы да, биі де байлар жағында болды. Ал қазақ қыздары үшін қазылған ор - қалыңмал еді. Әжібай әйелдерінің өмірінің қорлықта өтуіне бас себепкер де қоғам, сол қоғамда тәрбиеленген Әжібай деп білемін. Әжібай айрандай ұйып тұрған ата – баба салтымызды бұза алмады. Оны бұзу жолы есіңе де келмеді. Себебі, халық әлі оянбаған, тек алдыңғылар соның ізімен жүрді. Сол себепті мен де Әжібай, Тасболат, Қабыш жазықты емес, қоғам жазықты, - деп білемін.

VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс: Мәнерлеп оқу керекті жерлерін жазу.Өлеңдерінің тақырыбын ашу.
VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?


VIII Үйге тапсырма. Өлеңдерін оқу,талдау.
Тексерілді:

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың өмір жолы шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.С.Торайғыров кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:



Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”).


VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс

VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай өлеңдері бар?



VIII Үйге тапсырма. Өмір жолын оқу

Тексерілді:

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Жазғы таң», «Туған жер», «Сен сұлу» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:білімділік – Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту; дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу; тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мағжан Жұмабаевтың портреті,ақын туралы жинақталған материал бүктемесі,үлестірмелі кестелер.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы. Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,зерттеу. Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгенде.Сабаққа әзірлік жұмысын ұйымдастыру,мақсатын түсіндіру,оқушыларды топқа бөлу

Мағжанның, Абайдың, Сұлтанмахмұттың суреттерін арқылы топқа бөлу.

Шеңбер құрып, сәттілік тілеу.

Бүгінгі жаңа сабақтан не күтетіндіктерін жазып,стикерлерді «Күту ағашына » жабыстыру.

ІІ. үй жұмысын тексеру.

1 – топ: С.Торайғыров өмірі.

2-топ: С.Торайғыров шығармашылығы.

3-топ: «Туған еліме» жатқа айту. Постер қорғау түрінде.



ІІІ.Жаңа сабақ. Мағжан – культурасы зор ақын. Заманнан басып озып, ілгерілеп  кеткен  ақын  болады.Сондықтан  бүгінгі  күннің  бар  ақын- жазушыларының ішінен  келешекке  бой  ұрып,  артқы  күнге  анық  қалуға  жарайтын  сөз - Мағжанның сөзі . М. Әуезов

                                         Біз білетін Мағжан кім? Топтастыру.



1.Ақын                            2. Зерттеуші     3. Аудармашы

өлеңдері              

поэмасы

 

 

«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»



«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»



«Ақбозат»

«Большевик баласы»



Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да қуғын – сүргінге ұшырайды. Олардың айыбы біреу ғана – олар Мағжанның іні - қарындастары болғандары үшін.
Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар. Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1 - 2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
- Мағжан Шығыс поэзиясы, Батыс, орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.
- Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр енгізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын – Мағжан.
Ол 8 - 9 буынды жаңа өлшеу енгізді. 

Өмірдерек кестесі
Тарихи күн Болған оқиғалар
1893ж. 25. 06. Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.
1909 ж. Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.
1910 - 1913жж. Уфада Ғалия медресесінде оқиды.
1913 - 1917жж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.
1917 - 1923жж. "Бостандық туы", "Ақжол","Шолпан" газет - журналдарында жұмыс жасай жүріп, халық ағарту ісіне белсене араласады.
1923 - 1926жж. Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.
1927 - 1929жж. Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.
1912ж. Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.
1922ж. Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.
1922 - 1923жж. "Педагогика"
1925 ж. "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.
1927 ж. Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.
1929 ж. Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.
1935 ж. М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.
1937ж. 18. 03 С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ
1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі. Сөйтіп аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.

Кестеден соң Мағжан туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар бейнероликтен қысқаша өмірбаянымен танысады. Топтан бір оқушы түсінігін айтып береді.



ІV. Сергіту сәті. «Мағжан ілімі кімге бұйырады?» ойыны арқылы оқушылар сабақта меңгерілген тақырыптардан құралған сұрақтарға жауап береді.

Өлеңдерін талдау.

Суреткер шығармашылығы-оның автопортреті.Ақынның өлеңінен айна-қатесіз оның өзі танылады.Мағжан поэзиясындағы лирикалық кейіпкер – ақынның өзі.

«Ізденіс тенденциясы» сәті.

Ақынның үш өлеңі 3 топқа беріледі:

1-топ «Жазғы таң» өлеңі;

2-топ «Туған жер» өлеңі;

3-топ «сен сұлу» өлеңі.

І тапсырма. Берілген өлеңдерін мәнерлеп оқу.

ІІ тапсырма: Өлең құрылысын сатылай кешенді талдау.

Өлең құрылысына талдау жаса

 

1.Тақырыбы _____________________________



2.Авторы_________________________________

3.Идеясы ________________________________

4.Кейіпкерлері____________________________

5.Жанр түрі ______________________________



6.Шумақ _________________________________

7.Тармақ _________________________________

8.Буын саны ______________________________

9.Бунақ саны ______________________________

10.Ұйқас түрлері ___________________________

ІІІ тапсырма: Өлеңдегі оқиға желісін суреттеу. ( Постер түрінде.)



Бекіту. Мағжан туралы слайдпен өзім қысқаша қорытамын.

VI.Үйге тапсырма. Берілген үш өлеңнің бірін жаттау.

VII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларға ет, картоп, рожкидің суреті бар қағаздар беріледі. Сабақты толық түсінсе тақтадағы қазанға етті, дұрыс түсінбесе картопты, мүлдем түсінбесе рожкиды салып сабақты бағалайды.

VIII.Бағалау. белсенді қатысқандарын бағалаймын.
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы : Шешенге қойылатын талаптар.

Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

I Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы сұраймын .



III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

1 1. Шешендік өнер грекше қалай аталады?


2. Шешендік өнердің теориясын жасаған кім?
3. Қазақ шешендік өнерін зерттеген кім?
4. Ұлттық шешендік өнердің өкілдері кімдер?
5. Шешендік түрлерін ата?

IV Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.



V Материалды сабақты түсіндіру.

Шешенге қойылатын талаптар үш түрлі бөліктен тұрады. 


1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.
2. Білімін көтеру.
3. Сөйлеу мәдениетін көтеру
Кез-келген адам ортаға шығып сөйлерде қатты толқиды, өзіне – өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін:
 Қатты ойланбау керек
 Өзіне-өзі сену керек
 Психологиялық дайындық керек
 Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек
Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді. 
Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың. 
Сөйлеу мәдениетін көтеру.  Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу керек. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады.  
   Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады.  Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Сөйлеу мәдениетің жоғары болса, жақсы өмір сүресің және шешендікке қол жеткізесің. Сол себепті шешендік - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады.

Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.

Жаттығумен жұмыс.
Шешендік сөз тектері Шешендік сөз түрлері Стильдері 
1 Әлеуметтік-саяси шешендік Баяндама, үгіт-насихат Публисцистикалық, ресми, ғылыми 
2 Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік Мерейтойдағы тілек, көңіл айту, естірту т.б. Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу 
3 Академиялық шешендік Ғылыми баяндама, дәріс Публисцистикалық, ресми, ғылыми
4 Сот ісінде қолданылатын шешендік Айыптаушы мен қорғаушының сөзі Публисцистикалық, ресми
5 Діни шешендік Уағыздар мен иман сөздер Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу 


VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

1.Шешендік өнер дегеніміз не?

2.Шешендік өнер кімдерден басталады?

Шешендік сөздің сапаларын кім атап береді?


                                                              Тілдің тазалығы
                                                              Ой жүйелілігі
                                                              Сөздің мазмұндылығы
                                                              Сөз қысқалығы
                                                              Сөз түсініктілігі
                                                              Сөз әуезділігі
                                                              Сөз байлығы
                                                              Сөз анықтылығы
                                                              Сөз дұрыстығы
                                                              Сөз дәлдігі

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

VIII Үйге тапсырма : Ритрикалық сұрақтар дайындау.
Тексерілді:

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев: Қойлыбайдың қобызы
Сабақтың мақсаты:

а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.М.Жұмабаев кім?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер?

3.Ақынның қандай өлеңдері бар? IVМақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Мағжан поэмалары

Жұмабайұлы қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Жұмабайұлы поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.

Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).

Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.

Жұмабайұлы қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Жұмабайұлы поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән. Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» поэмасын мәнермен оқу.

Жоспар құру.



VII Сабақты бекіту.

1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?

3.Қандай өлеңдері бар?

4.Поэмасының басты тақырыбы неде?

VIII Үйге тапсырма. Поэманың мазмұны,талдау.
Тексерілді:

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы : Қазақ шешендіктің көріктеуіш құралдары.

Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

I Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы сұраймын .



III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ тілі қандай тіл?

2.Қандай шешендерді білесіңдер?

3.Шешендік өнер дегеніміз не?



IV Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.



V Материалды сабақты түсіндіру.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз "тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.  
"Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.  
Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.  
Би-дау-жанжалға билік айтушы.  
Шешен-сөзге шебер,тілге жүйрік адам.  
Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ертегі, батырлар жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер т.б. ойыңды өрістетіп, тапқырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының таным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.  
Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тап-қыр логикаға қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.  
Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше.  
Шешендік өнердің қайнар көзі  
Төл әдебиетіміз ХУ ғасырдан басталады. Ендеше ақын-жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т.б. осы шешендік сөздердің алғаш-қы баспалдақтары. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б. билер мен шешендер туралы өңгіме-лер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә жоқ.  
Ой толғаныс  
Жігіттер:Ассалаумалейкум,биаға!  
Шешен:Уалейкумассалам!Жолболсын,жігіттер!  
Жігіттер: Би аға,сізге сәлем беруге,өзімізді сынатуға келдік.  
Шешен:Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.  
-Тәттіде не тәтті?  
-Қаттыда не қатты?  
-Жұмсақта не жұмсақ?  
1-жігіт:Тәттіде бал тәтті.  
Қаттыда тас қатты.  
Жұмсақта мамық жаұмсақ  
Шешен;Ай,балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.  
2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті.  
Қаттыда атаның жүрегі қатты.  
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.  
Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!  
Жарайсың, балам.Мұратыа жет, қатарыңның алды бол.  
Міне,балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би талай сыңнан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен.  
Ой түрткі Ауыл ақсақалы  
Ру басы  
Отағасы  
Биағасы  
Ел билеу ісінің тұтқасы  
-Шешендік сөздің мәнін қалай түсінеміз:  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет