Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Жазу ойы-талпынысы, шығармашылыққа баулу.
Анам деген сөзбен пайдаланып өз бетінше акро өлеңі шығару.
А- ана деген асыл жан!
Н- нәзік сезім білдіреді
А- ақылды адам бол!-деп,
М- мені жақсы көреді.
Ұнаған өлеңін жаттау
|
.
Тексерілді:
Қазақ тілі пәні 11 сынып
Сабақтың тақырыбы : Қазіргі шешендіктің түрлері
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға қазіргі шешендіктің түрлерін таныстыру, білім дағдысын қалыптастыру, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып шешендіктің мазмұнын ұғындыру ;
ә) Тақырыпты түсіндіре отырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеуді қалыптастыру;
б) Мәдени асыл қазыналарымызды құрметтеуге, шешендік сөздерді орнымен қолдана білуге, саналылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі : Білімді жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі : Интерактивті тақта, буклеттер,слайд, суреттер, тапсырмалар, тірек –сызбалар.
Пәнаралық байланыс : Әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушыларды топпен отырғызып, зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген жаттығуды тексеру.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Эпиграф: «Шешендік сөз дегеніміз – белгілі бір мәселені баяндау, сипаттау, белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсіндіру, сөйтіп, ақылға қону жағын көздеу.Одан әрі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру»
Ахмет Байтұрсынұлы
Бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру және кезеңдеріне тоқталу.
І. Қайталау - оқу анасы. (сұрақ-жауап)
ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой. (қосымша дайындалып келген шығармашылық жұмыстарын тыңдау)
ІІІ. Кешенді талдау - кемел білім.(сөйлем талдау бөлімі)
ІV.Көркем сөзім - көрікті ойым. (оқулықтағы жаттығулармен жұмыс)
V. Даналық сөзден дән ізде .( сұрақ-тапсырмаларға жауап алу
VI. Пысықтау, бағалау,қорытынды. (топтастыру әдісі)
Кіріспе сөз:
Қазіргі шешендіктің түрлері тақырыбы мен мазмұнына қарай бөлінеді.Шешендік сөздердің, шаршы топтың сипаты өзгерді: шешендер білім-ғылым, оқу-ағарту, тәлім-төрбие, мэдениет-өнер тақырыптарын қозғаған көркем сөз иелері- ақындар мен жазушылар, ғалымдар, журналистер болса, тындаушы топ-білім-ғылым, оқу-ағарту, мәдениет саласындағы көпшілік. Кейінгі қоғамда шешендік өнердің көрінетін орындары-жоғарыдағы тақырыптарға арналған жиналыс, конференция, съезд, семинар, диспуттар еді. Шешендік сөздің сипатына қарай яғни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл мәдениетін келтіретін шарттардың бастысына айналды. Шешендік сөз енді өлең түрімен емес, таза қара сөзбен айтылатын болды.Соңғы жылдары, яғни еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғаннан бастап шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Елдін тәуелсіздігі өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы тәуелсіздікті, тіл тәуелсіздігін қоса алып келді. Демократиялық қоғам өмірдің барлық саласында сөйлеу еркіндігін камтамасыз етті, әр түрлі саяси көзқарастағы топтар қалыптасты, дін тақырыбында шешіліп сөйлеуге мүмкіндік туды. Еліміздің Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылдануына байланысты сот істері қазақ тілінде жүргізіле бастады.
Республикадағы телеарналар мен радиохабарлар қазақ тілінде жүргізілуде, қазак баспасөз басылымдарының тілі өткірлене түсті. Осының бәрі қазақ тілінде шешен сөйлеу талабын күшейте түсері сөзсіз. Қазіргі шешендік сөздер мазмұны мен айтылуы жағынан алуан түрлі.
Түрлері:
1)білім-ғылымдық мазмұнды;
2) әлеуметтік –саяси мазмұнды;
3) әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды;
4) діни мазмұнды;
5) сотта қолданылатын сөздер.
Барлық шешендік сөздердің түрлеріне ортақ сипаттар: ақыл-ойды қозғау, ұғым-түсінігін кеңейту, білім беру, сезімге әсер ету, шындыққа иландыру.
Қайталау-білім анасы (сұрақтарға жауап алу)
Қызыл түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнер деген сөздің мағынасы неде?
2. Шешен болу үшін не қажет?
3. Шешендік өнер тарихы қай кезеңнен басталды?
Жасыл түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнер жайлы бір қанатты сөз оқы?
2. Шешендік өнердің 1-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
3. Шешендік сөз дегеніміз не?
Сары түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнердің 2-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
2. Шешендік сөз иелерін ата?
3. Шешендік өнердің теориясын жасаған кім?
Көк түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнердің 3-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
2. Шешендік сөздерден бір шумақ үзінді оқыңыз.
3. Шешендік өнерді зерттеушілер кімдер?
Қоңыр түстегі үлестірменің сұрақтары:
1. Шешендік өнердің 4-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
2. Шешендік өнердің 5-ші кезеңі қай ғасыр аралығы?
3. Қазіргі шешендіктің түрлерін ата?
ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой. (қосымша дайындалып келген шығармашылық жұмыстарын тыңдау)
Қосымша: слайд арқылы көрсету
1)білім-ғылымдық мазмұнды шешендік сөзінен «ғылыми шолу».
2) әлеуметтік –саяси мазмұнды шешендіктен «саяси шолу».
3) әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды сөздерден «құттықтау сөз».
4) діни мазмұнды шешендіктен «тілек сөз».
5) сот ісі шешендігіне қатысты « Елбасының сөзі».
1.білім-ғылымдық мазмұнды шешендік сөзінен «ғылыми шолу»
*Елбасы жолдауынан: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің әр елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі қажет».
*2013 жылдың қазан айында Жамбыл облысында Төле би Әлібекұлының 350 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланды.Тараз қаласында Төле би ескерткіші ашылды.Ол 30 тонналық граниттік тұғырға орнатылған биіктігі 5 метр, салмағы 5 тоннадан тұратын қола мүсін ескерткіш. Авторлары: Аманат Назарқұлов пен Тимур Ерленов
2.әлеуметтік –саяси мазмұнды шешендіктен «саяси шолу».
Бүгінгі жастарымызды патриоттыққа тәрбиелейтін мектеп қабырғасында «Жас қыран» , «Жас ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымы бастауыш және орта буындарда жақсы ,үздік оқитын оқушыларды қабылдауда.Арнайы бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіп,бала тәрбиесінде түрлі іс-шаралар атқаруда.Жас бүлдіршіндеріміз, ертеңгі жастар.Еліміздің жастары «Жас Отан» Жастар қанаты 2008 жылы құрылып, содан бері көптеген жұмыстарын көрсетті. 2009 жылы «Жастар жалыны –Отанға, жомарт жүрегі-жастарға!» ұранымен марафон өткізді. 2010 жылы «Есірткісіз өмір сүр» нашақорлыққа қарсы акция, 2013 жылы тамыз айында «Жастар –Ауылға!» жобасын жүзеге асырды. Жастарымыз саналы да білімді болып өсіп келеді. Жоғарғы сатымыз «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиямыз 18 қазан күні Астанада Тәуелсіздік сарайында кезектен тыс ХY съезін өткізді. Халқымыздың мүддесін қорғайтын ,ел игілігі үшін еңбек етіп келе жатқан саяси партия.
3) әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды сөздерден «құттықтау сөз»
Целиноград ауданының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында онкүндік мерекелік іс – шаралар өтілуде. Ақмол ауылында орналасқан “Алжир” мемориалдық мұражай кешеніне жақында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан делегация келді.Біздің мектебіміздің кітапханасында “Ауыл тарихы” тақырыбында арнайы бұрыш әзірленді.Аудан, ауыл тарихын ұрпаққа үлгі етіп, сынып сағаттарында аудан тарихымен танысып, ауылымыздың көркеюі жолында мерекелік шаралар өткізудеміз. Алдағы уақытта өтетін дүбірлі тойымыз құтты болсын!
4) діни мазмұнды шешендіктен «тілек сөз»
2013 жылы 19 ақпанда Қазақстан мұсылмандары VII құрылтайында Елбасы имамдармен кездесті. Бүгінгі күні мұсылмандардың басын біріктіріп, ел игілігі мен бірлігі тәрізді ортақ мақсатқа жұмылдыру басты назарда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Ержан қажы Малғажұлының тілегі: « Алла тағала Қасиетті Құранда дінді көркем тілде даналақпен жеткізуді бұйырған. Ықылас , ниетіміз түзу болсын! Дінімізді, тілімізді құрметтейік! Пайғамбарымыз ұрпақ тәрбиесі жайлы хадисінде: “Ата-ана өз бала –шағасына жақсы тәрбиеден артық ештеңе қалдырған емес” деген екен. Әл-Фараби бабамыз: “Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы” деген ұлағатты сөз қалдырған. Жастарымыз жай ағымдағы теріс уағыздардан аулақ болуы керек, адастырушы ағымдардан сақтанайық! Ислам бейбітшілікке шақыратын дін. Біздің мақсатымыз - даналық жолмен жүру» .
5) сот ісі шешендігіне қатысты « Елбасының сөзі»
2013 жылы Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы судьяларының ҮІ съезі болып өтті. Оның жұмысына Елбасы қатысты. сөзінен үзінді: “Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық баяндамасында біздің елдің сот жүйесі алдыңғы қатарда болуы керектігін нақты көрсеттім. Барлық құқық қорғау органдары ішінде ең жоғарғы тұрғаны Сот болып табылады.Әділқазылық ету әрбір соттың қасиетті парызы болып табылады. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз, ең бастысы би адал, әділ болу керек. «Қазы – халықтың ожданы» деген сөз бар”.
ІІІ. Кешенді талдау - кемел білім (сөйлем талдау бөлімі)
1.Шешендік сөздер – шебер тілмен айтылған халықтың шығармасы. (сөйлемге синтаксистік және морфологиялық талдау жаса)
2.Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз. (сан есімнің жасалуын түсіндір, қандай құрмалас сөйлем?)
3. Білімді оқушы көркем әдебиетті, ғылыми кітаптарды көп оқиды. (синтаксистік талдау жаса, сөздердің байланысуын көрсет)
4. Шешендік сөз тайға таңба басқандай айқын көрініп тұр. (тұрақты сөз тіркесін табыңыз, буын түрлерін анықта))
5.От ауызды, орақ тілді билер сөзді тауып айтқан.(синтаксистік талдау және билер сөзіне фонетикалық талдау жаса)
ІV.Көркем сөзім - көрікті ойым. (оқулықтағы жаттығулармен жұмыс)
1-ші топ: 35- жаттығумен жұмыс жүргізеді.Шешен тілінің көркемдігін білдіретін жолдарды табу.
2-ші топ: 36- жаттығу. Мәтіннен кекесінді, жағымсыз көзқарасты білдіретін сөздерді табу.
3-ші топ: 37-жаттығу Шешендіктегі негізгі ойды анықта.
4-ші топ: 38-жаттығу Қазіргі шешендіктің қай түріне жатады?
5-шә топ: 39- жаттығу Мазмұнын әңгімелеп бер.
V. Даналық сөзден дән ізде .( сұрақ-тапсырмаларға жауап алу)
1.Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)
2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)
3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)
4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)
5. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі )
«Топтастыру әдісі» бойынша шешендік өнер болуы үшін не қажет?
Тақтаға сөздерді жаздыру, сабақты қорытындылау
VI.Үй тапсырмасы, пысықтау, бағалау,қорытынды. (топтастыру әдісі)
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.
III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.М.Жұмабаев кім?
2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер?
3.Ақынның қандай өлеңдері бар? IVМақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:
І. Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын ,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсіреді. Біраз уақыт Қарағаш деген жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.
«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі мен қызметіне шолу жасау.
1894 1905-1911 1912
І.Жансүгіров
1938 1915
1934-1936 1925-1928 1920-1921
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» поэмасын мәнермен оқу.
Жоспар құру. VII Сабақты бекіту.
1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?
2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?
3.Қандай өлеңдері бар?
4.Поэмасының басты тақырыбы неде?
VIII Үйге тапсырма. Жазушының өмірі мен шығармашылығын оқу.
Тексерілді:
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы : Әлеуметтік саяси шешендік сөздер.
Сабақтың мақсаты : а) қазақтың шешендік өнері туралы сапалы білім беру,қазақтың шешендері мен билері туралы түсіндіру;
ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;
б) сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа,инабатылыққа, шешендікке баулу,
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырманы сұраймын .
III Білімді бекіту.Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Қазақ тілі қандай тіл?
2.Қандай шешендерді білесіңдер?
3.Шешендік өнер дегеніміз не?
IV Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
V Материалды сабақты түсіндіру.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз "тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.
"Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.
Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.
Би-дау-жанжалға билік айтушы.
Шешен-сөзге шебер,тілге жүйрік адам.
Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ертегі, батырлар жырлары, мақал-мөтелдер, жүмбақ, жаңылт-паштар, қара өлең, термелер т.б. ойыңды өрістетіп, тапқырлыққа баулып, үлгі-насихат арқылы тыңдаушының таным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар, қазақ дала-сында олеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дара-ланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті «шешендік өнер» деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.
Шешендік сөз парасатты ойға, үшқыр шешімге, тап-қыр логикаға қүрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі жедел жауап қайтару. Яғни, шешендіктің басты қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.
Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше.
Шешендік өнердің қайнар көзі
Төл әдебиетіміз ХУ ғасырдан басталады. Ендеше ақын-жыраулардың толғау, термелері, айтыстары т.б. осы шешендік сөздердің алғаш-қы баспалдақтары. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетес би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б. билер мен шешендер туралы өңгіме-лер, насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә жоқ.
Ой толғаныс
Жігіттер:Ассалаумалейкум,биаға!
Шешен:Уалейкумассалам!Жолболсын,жігіттер!
Жігіттер: Би аға,сізге сәлем беруге,өзімізді сынатуға келдік.
Шешен:Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.
-Тәттіде не тәтті?
-Қаттыда не қатты?
-Жұмсақта не жұмсақ?
1-жігіт:Тәттіде бал тәтті.
Қаттыда тас қатты.
Жұмсақта мамық жаұмсақ
Шешен;Ай,балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.
2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті.
Қаттыда атаның жүрегі қатты.
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.
Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!
Жарайсың, балам.Мұратыа жет, қатарыңның алды бол.
Міне,балалар, үш жүзге аты мәлім Төле би талай сыңнан сүрінбей өтіп бата алған, халқына қалаулы жан болған екен.
Ой түрткі Ауыл ақсақалы
Ру басы
Отағасы
Биағасы
Ел билеу ісінің тұтқасы
-Шешендік сөздің мәнін қалай түсінеміз:
Кітаппен жұмыс: Жаттығулармен жұмыс.
Жаттығумен жұмыс.
VII Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.
1.Шешендік өнер дегеніміз не?
2.Шешендік өнер кімдерден басталады?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
VIII Үйге тапсырма : Қазақ шешендері, батырлары туралы еңбектер жинақтау.
Тексерілді: 08.11.17ж.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. С.Торайғыровтың шығармашылығы.
III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.М.Жұмабаев кім?
2. Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер?
3.Ақынның қандай өлеңдері бар? IVМақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:
І. Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын ,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсіреді. Біраз уақыт Қарағаш деген жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.
«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі мен қызметіне шолу жасау.
1894 1905-1911 1912
І.Жансүгіров
1938 1915
1934-1936 1925-1928 1920-1921
VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру.Кітаппен жұмыс.
І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын мәнерлеп оқу.
Поэмаға жоспар құру.
Поэма кейіпкерлеріне мінездеме беру.
«Ер қанаты-ат» Ойтолғау.
VII Сабақты бекіту.
1.Жазушы қай жерде дүниеге келді?
2. Жазушының қандай шығармаларын оқыдыңдар?
3.Қандай өлеңдері бар?
4.Поэмасының басты тақырыбы неде?
VIII Үйге тапсырма. Жазушының өмірі мен шығармашылығын оқу.
Тексерілді: 09.11.17.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасының көркемдік ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
а)ақынның, жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы жазушыны жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,ақиқаттылыққа тәрбиелеу
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
а) «Осындай ас боп жатты Арқада бір» (Ас суреті)
ә) Балуан күресі
Сұрақтар: (акт-дау)
1. «Ас» тарауында қандай түйінді ой жатыр?
2. Асқа келген қонақтарды ақын қалай бейнелейді?
3. Аста қазақтың қандай салт-дәстүрлері көрінеді?
4. Ақын мен Батыраштың алғашқы кездесуінен не байқадыңдар?
5. Батыраш Ақанға неге ызалы?
6. Ақан қалың қауым арасында қалай бағаланады?
7. Ақан аса қандай дайындықпен келіп еді?
III Сабақты бекіту кезеңі. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
IVМақсат қою кезеңі.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. V Материалды түсіндіру:
Құлагер бейнесі. Иә, біз бүгін сол «Құлагер» әні болатын. Ақан мен Құлагер даңқын бүкіл қазақ даласына жеткізген де осы ән еді. Әйтсе де, ақын Ілияс Ақанның басқа да ән өлеңдерін пайдаланған, оның орындаушылық шеберлігі мен әншілік өнерінің құдіретін танытқан.
Ақ отау топырлады Ақан түскен
Қалың жұрт кетті сырттан іштен
Шығады Ақан даусы әнге талып,
Безілген ғашық жармен, қыран құспен
Көкшеден құйылғандай бір бал бұлақ
Тәтті әнге халық қанды ел сусындап.
Сол себепті, осылай жұртты серпілткен Ақан кім еді? Соған тоқталайық
Осы Ақан бейнесін аша түскен Құлагер бейнесі. Құлагер-шындық өмірде де, Ілияс поэмасын да Ақанның жан серігі. Ақан жанын жаралап, жалғыздыққа ұшыратты.
Ақанда қызық та жоқ, сауық та жоқ
Оларды іздеп жұртпен жауықпақ жоқ
Қапыда қатты тиген сол соққыдан
Қираған жан қанатын сауықпақ жоқ
Жар да жоқ, жалын да жоқ, жақсы ат та жоқ.
Оларды енді көксер мақсатта жоқ
Күңіренген күні-түні «Құлагерге»
Асқақ ән, әсем үнді зар жоқ та жоқ.
Асан мен Құлагер бірін бірі толықтыратын, бөліп алуға болмайтын бейнелер.
Достарыңызбен бөлісу: |