Сабақтың тақырыбы: 1837 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс



Дата31.12.2019
өлшемі110,23 Kb.
#55287
түріСабақ
Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 8сынып

Сабақтың тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1. Отаршылдыққа қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсінеді, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашады.

2. Құжаттармен жұмыс жасау қабілеттері артады, тарихи оқиғаға баға беруге ұмтылады, топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады, өзіндік ой-пікірін білдіре алады.

3. Отан тарихының аса маңызды оқиғаларын терең мәнін түсінеді,тарихтан тағылым алуды үйренеді. Ұлтжандылық қасиеттері артады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, картамен жұмыс, деректерге талдау,венн диаграммасы

Көрнекілігі: карта, слайд, электрондық оқулық, мәтін

Жоспар:


1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері

2. Көтерілістің барысы

3. Кенесарының хандық билігі

4. Көтерілістің маңызы және жеңілу себептері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.

II. Жаңа сабақ: 1.Слаидтағы кімнің суреті екендігін анықтаңыз?

2. Кенесарының Қасымұлы кім?





Мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі, Қасым ханның ұлы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










1топ

2топ


3топ

Құжаттармен жұмыс:(өзіндік талдау жасайды)

1.«Біздің ата-бабамыз, — деп жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

2.Орынбор генерал-губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық-татулық қатынаста болуға шақырады: «Біз достық пен ынтымақта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», — дейді.

3.Кенесары Қасымұлы патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патшаның өкімет орындарына жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды он бес рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан-таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсек те тыныштық бермеді. Сол себепті де мен - Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», -дейді.

Мәтінмен жұмыс.(оқулық бойынша)

1 -топ (Көтеріліс себептерін нақты көрсету,қозғаушы күштерін анықтау) 2- топ (Көтерілістің хронологиялық кестесін жасау.Кенесары ханның жүргізген саясатын ашып көрсету.

3. топ Көтерілісшілердің Қоқан,Қырғыз жеріндегі соғыс қимылдарының барысын анықтау. Көтеріліс маңызы мен жеңіліс себептерін ашу.

Постер қорғау.

Сұрақтар: Кенесарыға тарихи тұрғыдан қандай баға бересіздер?



  • Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс аумағын картадан көрсетіңіз?

  • Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ жерінде болған қандай көтерілістермен байланысты?

  • Қазіргі күнде К.Қасымұлына қандай құрмет көрсетілуде?




  • Кенесары Қасымұлы
    Венн диаграммасы:

С.Датұлы

М.Өтемісұлы

И.Тайманов




Автор орындығы: Мен Кенесары Қасымұлы.......

VII. Үйге тапсырма:



  • «Тәуелсіздік тірегім» эссе жазып келу «Кенесары-Наурызбай» поэмасын оқып,қызықты жерлерін түртіп алу.

  • Кенесары Қасымұлы туралы дерек көздеріне анализдер жасау.

  • «Ерлерім бар осындай»тақырыбында эссе жазу

Каталог: uploads -> doc -> 0292
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0292 -> Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов Сабақтың мақсаты
0292 -> Сабақ: Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс Жалпы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет