Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов Мен қалай оқуғы бардым Сабақтың мақсаты


Суреттер арқылы балаларға төрт түлік малдың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде  алатын орнын түсіндіру



бет3/3
Дата09.11.2016
өлшемі0,56 Mb.
#1344
түріСабақ
1   2   3

1.Суреттер арқылы балаларға төрт түлік малдың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде  алатын орнын түсіндіру.
 
Балалар,  «Малы бардың- жаны бар», « Елдің көркі- мал» деген халық нақыл сөздерінен- ақ  қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады.Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың өрісін,  тіршілік ету сырын, жай- күйін , қадір –қасиетін әбден зерттеп білген.  Қазақ халқының ұлттық  ойындарында да төрт түлік малға байланысты қызықты ойындар көптеп кездеседі.
Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге» және тағы басқалары.
Оның өнімдерін тіршілік құралы ретінде пайдаланып, малдың еті, еті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.
Мал шаруашылығы біздің еліміз үшін қазіргі таңда да маңызды саланың бірі болып келеді.Сондықтан біз ұлтымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдары мен бай тәжірбиесін ұмытпай, күнделікті тіршілігімізде ала беруіміз керек.
Ендеше балалар, төрт түлікке қандай түліктер жатады:
2.Енді осы төрт түлікті топтастырамыз.


Түйе жылқы сиыр қой ешкі

3.Төрт түліктің төлдерін ,мал пірлерін атау .
Жылқының төлі- құлын, пірі- Қамбар ата.
Түйенің төлі – бота, пірі – Ойсылқара.
Сиырдың төлі – бұзау, пірі – Қамбар ата.
Қойдың төлі – қозы, пірі – Шопан ата.
Ешкінің төлі – лақ, пірі – Сексек ата.


4. Төрт түлік туралы тақпақтар айту.
                                         Құлыншағым
Құлыншағым- құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
         Боз бие
Әжем жиі сауады,                             Құлыны да тояды.
Боз биені баяғы.                                Сабамыз да толады.
Сүті неткен көп еді,                          Қанады әбден қымызға


Суалмай- ақ келеді.                           Біздің үйдің қонағы.

            Ақ бұзау      


Ақ бұзауым ұнайды,                              Келеді өсіп күн санап,
«Мө- мө» деп сүт сұрайды.                   Қоямын ба тұмшалап.
Ақ бұзау жақсы фермада,                     Тұмсығын созып қарайды,
Апарамын көрмеге.                                Тілімен мұрнын жалайды.

                                             Сиыр


Әукім, әукім, сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін жерге келгелі,
Шығып қапты бүйірің.
                                             Қозы
Кіп- кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Бөрте лақ
Шөре- шөре лағым                             Марқа туған бөрте лақ,
Тентек болма, шырағым.                   Әңгімеме сал құлақ.
Секектеме деміңді ал,                        Ойнай көрме тым ұзап,
Селтеңдемей құлағың.                       Боп жүрмесін бөрі тап.


5. Төрт түліктің адамға пайдасын суреттер арқылы әңгімелеу.
6. Төрт түлік туралы мақал мәтелдер айту.
 
1.Сиырдың сүті – тілінде.              2.  Ат- адамның қанаты.


3.Қойдың сүті қорғасын,                4. Аттың бәрі сұңқар емес,
Қойды ұру болмасын.                      Құстың бәрі сұңқар емес.


5. Жалғыз шапқан ат жүйрік.         6. Түйе көп болса жүк сыймас.

7. Малды бақсаң, сиыр бақ,            8. Сиырды теппейді,
Сүт кетпейді шарадан.                     Сүтті төкпейді.


6. Жұмбақтардың шешімін табу.
 
Туа сап жүріп кеткен,
Енесін қуып кеткен
.(  құлын)

Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Егіз құлағы бар,
Иегінде сақалы бар.
( ешкі)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
( түйе )

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
. ( қозы )

Екі айнасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
( сиыр )

Сыныбы: 2 а Пәні:Қазақ тілі Күні:13.092013ж

Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы



Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

1.Білімділігі: Жаттығулар орындай отырып, «У» әрпінің жазылуын және айтылуын салыстыра білу, есте сақтау.

2.Дамытушылығы: Тілін , сөздік қорларын дамыту

3.Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, пысықтау, біріккен, панорамалық, зерттеу, бекіту,саяхат,семинар, қайталау, жарыс, ойын, жұмбақ, сахналау, сынақ, талқылау,конференция,талқылау _________________________________

Сабақтың типтері: кіріспе,жаңа білімді игері,бекіту,кешенді қолдану,жалпылау және жүйелеу,тексеру,бағалау,түзету сабақтары.

Сабақтың сатылары мен құрылымы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


26 жаттығу



ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру



Сергіту сәті



IV.Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау

V.Жаңа сабақ

Кіріспе

Оқулықпен жұмыс

29-жаттығу қоржындағы сөздерді салыстыру, айырмашылығын табу.30-жаттығу.Тоқуменен, шоқуменен,оқуменен сөздерінің қандай ерекшелігі бар? Авторы кім? Жатқа айт.




Сергіту сәті




Дәптермен жұмыс


3 -жаттығуды тақтаға орындайды.3 –жаттығуды өз беттерінше орындап,талдайды,дәлелдейді.

VI.Жаңа материалды бекіту

Дауыссыз «у» дыбысының алдынан ұ,ү дыбыстары естілгенімен,жазу кезінде олардың орнына дара «у» жазылатынын аңғарту.Ы,і әріптерінің «у» әріпінің алдында жазылмайтынын ескерту керек





VII.Қортынды

У дыбысы қай кезде дауыты қай кезде дауыссыз болады?



Рефлексия

Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған

Білім өнер бәрі де оқуменен табылған Осындағы у дыбысы қандай емлеге байланысты айтылған.



VIII.Үйге тапсырма

бағалау

3 жаттығу



Сыныбы: 2 а Пәні:Қазақ тілі Күні:14.092013ж

Сабақтың тақырыбы: әрпінің жазылуы



Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

1.Білімділігі: Жаттығулар орындай отырып, «У» әрпінің жазылуын және айтылуын салыстыра білу, есте сақтау.

2.Дамытушылығы: Тілін , сөздік қорларын дамыту

3.Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, пысықтау, біріккен, панорамалық, зерттеу, бекіту,саяхат,семинар, қайталау, жарыс, ойын, жұмбақ, сахналау, сынақ, талқылау,конференция,талқылау _________________________________

Сабақтың типтері: кіріспе,жаңа білімді игері,бекіту,кешенді қолдану,жалпылау және жүйелеу,тексеру,бағалау,түзету сабақтары.

Сабақтың сатылары мен құрылымы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


26 жаттығу



ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру



Сергіту сәті



IV.Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау

V.Жаңа сабақ

Кіріспе

Оқулықпен жұмыс

29-жаттығу қоржындағы сөздерді салыстыру, айырмашылығын табу.30-жаттығу.Тоқуменен, шоқуменен,оқуменен сөздерінің қандай ерекшелігі бар? Авторы кім? Жатқа айт.




Сергіту сәті




Дәптермен жұмыс


3 -жаттығуды тақтаға орындайды.3 –жаттығуды өз беттерінше орындап,талдайды,дәлелдейді.

VI.Жаңа материалды бекіту

Дауыссыз «у» дыбысының алдынан ұ,ү дыбыстары естілгенімен,жазу кезінде олардың орнына дара «у» жазылатынын аңғарту.Ы,і әріптерінің «у» әріпінің алдында жазылмайтынын ескерту керек





VII.Қортынды

У дыбысы қай кезде дауыты қай кезде дауыссыз болады?



Рефлексия

Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған

Білім өнер бәрі де оқуменен табылған Осындағы у дыбысы қандай емлеге байланысты айтылған.



VIII.Үйге тапсырма

бағалау

3 жаттығу



Сыныбы: 2 а Қазақ тілі 22.10.2013ж

26. Тақырыбы: Дауыссыз н мен ң 43-44 бет



Мақсаты:

1.Дауыссыз н мен ң әріптері туралы түсіндіру. Н мен ң әріптерін дұрыс шатастырмай жазуға үйрету.

2.Білімін, есте сақтауын дамыту.

3.Сауатты, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: н мен ң әріптері

Сабақтың барысы:І.

Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.128-жаттығу

ІІІ. Білімін тексеру. Сөздік диктант. Ла,ра әріптеріне байланысты сөздер.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Н мен ң әріптері

Ү. Жаңа сабақ:129-жаттығу.

Сөздерді көшіріп жазу. Н мен ң әріптерінің астын сызу.

Сөздерді салыстыру, мағыналарын түсіндіру.Өлеңді оқу, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру.Қон, қоң, кен, кең,

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:130-жаттығу Сөздерді көшіріп жазу, нғ, ңғ, нг әріптерін қатесін жазылуын тексеру.Шаңғы, әңгіме, жауынгер сөздеріне үш сөйлем құрау.

ҮІІ. Бекіту.Н ң әріптеріне сөз ойлау. 132 жаттығу.Жауынгер, таңғы,әңгіме қатыстырып сөйлем құр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 133 жаттығу,бағалау.

Сыныбы: 2 а Пәні:Қазақ тілі Күні:18.10.2013ж

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р



Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

1.Білімділігі: Л мен р әріптерінің жазылуы туралы алған білімдерін пысықтау.

2.Дамытушылығы: Тілін , сөздік қорларын дамыту

3.Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, пысықтау, біріккен, панорамалық, зерттеу, бекіту,саяхат,семинар, қайталау, жарыс, ойын, жұмбақ, сахналау, сынақ, талқылау,конференция,талқылау

Сабақтың типтері: кіріспе,жаңа білімді игері,бекіту,кешенді қолдану,жалпылау және жүйелеу,тексеру,бағалау,түзету сабақтары.

Сабақтың сатылары мен құрылымы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


121- жаттығу



ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру

Берілген сөздердің бірінші әрпін л әрпіне өзгертіп,жаңа сөздер жаса,мағынасын түсіндір.

Бақ,бас,жайық,тайым,кезде,жағыл,жақтыру,тай.


Сергіту сәті



IV.Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау

V.Жаңа сабақ

Кіріспе

Оқулықпен жұмыс


Л мен р әріптерінің алдында ы і дыбыстары естілгенімен олар жазылады ма?

127-жаттығу.Сөздерге дыбыстық талдау жаса.Ырыс,іле,ірге,раушан,лашын.

Сергіту сәті




Дәптермен жұмыс


Көркем жазу ла ра буындарын дұрыс жазу.

Сөздік диктант.Іле,ілгіш,ілгек,ілгері,ілесу,ылди,ылғал,ырыс,ірімшік,ірі,ылғи.


VI.Жаңа материалды бекіту

126-жаттығу.

Ілгері,ілесу,ылди,ылғал сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

Олар ілгері қарай қозғалды.Бастаушының соңынан ілесу әдетке айналды.Шанамен ылдидан төмен сырғанау қорқынышты болды.Раушан гүлі ылғалды жерде өседі.



VII.Қортынды

Қандай сөздердің алдына і ы дыбысы өзгеріссіз жазылады?


Рефлексия




VIII.Үйге тапсырма

бағалау

128 - жаттығу



Сыныбы: Пәні: Күні:

Сабақтың тақырыбы: _______________________________________



Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

1.Білімділігі:

2.Дамытушылығы:

3.Тәрбиелілігі:

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, пысықтау, біріккен, панорамалық, зерттеу, бекіту,саяхат,семинар, қайталау, жарыс, ойын, жұмбақ, сахналау, сынақ, талқылау,конференция,талқылау _________________________________

Сабақтың типтері: кіріспе,жаңа білімді игері,бекіту,кешенді қолдану,жалпылау және жүйелеу,тексеру,бағалау,түзету сабақтары.

Сабақтың сатылары мен құрылымы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау



ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру



Сергіту сәті



IV.Мақсат қою

Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау

V.Жаңа сабақ

Кіріспе

Оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті




Дәптермен жұмыс



VI.Жаңа материалды бекіту



VII.Қортынды


Рефлексия


VIII.Үйге тапсырма

бағалау





Төрт өгіз туралы ертегі

Төрт өгіз тағыланған тобын жазбай,


Жайлады бір орманды ала жаздай.
Бір жатып, бірге тұрып, бірге өріп,
Тату боп өмір сүрді азып-тозбай.
Суатқа су ішуге бірге барды,
Шаршаса, бірге жусап, бір демалды.
Өмірі тату сүрген төртеуінің
Теп-тегіс таңырқатты барлық аңды.
Жұп-жұмыр денелері – сойдауылдай,
Сүп-суйір мүйіздері сырғауылдай.
Басқа аңдар батып жақын бара алмады,
Өздері батыр туған бір қауымдай.
Ұқсайды нақ алыпқа сирақтары,
Темірдей тегеурінді тұяқтары.
Көтерген сегіз найза батыр дерсің,
Мүйіздің өткір, үшкір қияқтары.
Мұп-мұғал қыртыс-қыртыс мойындары,
Дермісің құйып қойған шойын бәрі.
Құлпырған құндыз сынды қылшықты жүн,
Секілді қызыл ішік бойындағы.
Төртеуі осылайша жүрді жайын,
Қалыңға кіре берді барған сайын.
Қызығып бір қасқырдың көзі түсіп:
«Не деген тамақ, – деді, – тұрған дайын!»
Қызығып Қасекеңнің көзі жайнап,
Құнығып, құмарланып, тісін қайрап.
Жарқын жүн жас өгізге тұра шапты,
«Тыңқиып бір тойсам, – деп, – ауыз майлап».
Арс етті қасқыр сонда аузын ашып,
Көзінен от ойнатып, жалын шашып,
Қасына «құдай» айдап қаңғып келген
Қапыда «қарасанды» қалмақ басып.
«Қарасан» шалдырмады, ыршып түсті,
Санынан бір-ақ уыс қылшық түсті.
Қайрылып, қайсарланып қасқырыңды,
Мүйізбен нұқып қалды өткір ұшты.
Қасқырға алам деген айласымен,
Төрт өгіз түгел тұрса, болар ма жем?!
Қасқырды қадай соғып қаңсылатты,
Төрт батыр сегіз семсер найзасымен.
Қаңсылап қасқыр қашты қан жалаған,
Төрт өгіз берді сыйын анталаған.
Аулаққа арам тер боп бара жатты,
Қызарып екі көзі қанталаған.
Сап етіп бір қу түлкі келе қалды,
Қасқырға келіп сәлем бере қалды.
– О, орманның патшасы, асыл арлан!
Мұншама қысылғандай не боп қалды?
– О, түлкім, әлім бітіп сасып тұрмын,
Жабығып, жайым кетіп жасып тұрмын,
Шабам деп төрт өгізге тауым қайтып,
Тістеніп аузымды басып тұрмын.
Не деген батыр еді өгіздерің!
Жанымды ала жаздады өгіз менің.
Жатырмын сорым қайнап жапа шегіп,
Өгізде кеткеннен соң өзім кегім...
Түлкі айтты:
– О, Қасеке, саспа, – деді, –
Қате іске қайта қадам баспа, – деді. –
Төрт өгізді төрт жаққа таратайын,
Сонан соң бірте-бірте бас сал, – деді.

– Ақылың мақұл екен, түлкі шырақ.


Абайла, жазатайым болма бірақ.
Тұрғанда төртеу түгел төбеңді ояр,
Темірдей тегеуріні қатты тым-ақ.

– Өгізді аңқау, аңғал алдай білем,


Қайыптан қара суға жалдай білем.
От салып ортасына, ойыншық қып,
Таратып тарамыстай талдай білем.
Қасеке-ау, қағынғанды қаға білем,
Әдісін әрбір істің таба білем,
Алыстан аңғарып тұр адымымды,
Ұлыққа қызмет істеп жаға білем.

Мұны айтып түлкі келді төрт өгізге:


– Орманның батырлары, сәлем сізге!
Өгіз деп, кім сендерді қорлап жүрген?
Жүре ме тағы болмай өгіз түзде?!

Секілді аң патшасы алыптарым,


Күшіңнің көрсет, көрсін халық барын.
Әрқайсың әр түбекті басқарыңдар,
Бір жерге шоғырланып тұрмай бәрің...

Жас өгіз түлкі сөзін дұрыс деді:


– Бұлайша жараспайды жүріс, – деді. –
Төртеуміз төрт түбекке төрелік қып,
Істейік таң қалатын жұмыс, – деді.

Жас өгіз осыны айтып кетті жалғыз,


Тіршілік өз алдына етті жалғыз.
Алыстан аңдып жүрген арлан қасқыр,
Жасырынып жар астынан жетті жалғыз.

Осылай көкжал қасқыр барып қалды,


Арс етіп алқымынан алып қалды.
Сақтанбай саяқ жүрген жас өгізді,
Жайратып жұқа шаптан жарып салды.

«Мө-ө-ө!» – деуге жалғыз ғана әлі келді,


(Қасқырдың қара ниеті мәлім еді).
Ішегін тартып жатыр түлкі шіркін,
Жас етке жаны құмар залым еді.
Үш өгіз есітті аулақ оның үнін,
Болғанын жазатайым білді мұның.
Қайдалап қас қаққанша жетіп барды,
Қорғауға қу қасқырдан «өгіз ұлын».
Үшеуі қорқып, бұғып, тартынбады,
Ойнады, алты найза жарқылдады.
Қасқырды қапылыста қамап алып,
Тепкенде темір тұяқ сартылдады.
Қасқырды іліп алып найзасына,
Түлкіні қуып жетіп сай басында.
Алданған жас өгіздің алды өшін,
Қулардың құрбан болған айласына.
Тырайып таяқ жеген түлкі жатты,
Ыржиған езуінде күлкі жатты.
Қаусаған қабырғасы қасқыр сұмырай
Аяғын ақырғы рет сілкіп жатты.
Не жетсін бірлік пенен ынтымаққа!
Барлық күш – біле білсек ынтымақта.
«Жалғыз боп жол тапқанша, көппен адас
Деп халық жай айтпаған, есте сақта!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет