Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев" Қыс". 4-сынып Сабақтың мақсаты



Дата25.01.2017
өлшемі24,3 Kb.
#7952
түріСабақ
Алматы облысы Талғар ауданы Төңкеріс ауылы

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №23 жалпы білім беретін орта мектебі”



мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Наурызова Набираның

әдебиеттік оқу пәні бойынша өткізілген ашық сабақ жоспары.

Пәні: Әдебиеттік оқу.



Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев”Қыс”. 4-сынып

Сабақтың мақсаты:

1.Абай Құнанбаевтың өмірі,оның шығармалары туралы білімін кеңейту,”Қыс”туралы мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтау.

2.Оқушылардың сөздік қорын,ойын,көз алдына елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елдің табиғатын

сүйе білуге баулу.



Көрнекіліктер:Абай суреті,слайд,қыс мезгілі слайд.

Сабақтың түрі:кіріктірілген,жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері:сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау,стратегиялар

Сабақтың брысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып ,тыныштық сәтін құру.

-Балалар,кәне,бәріміз көзімізді бір уақыт жұмып,елестетіп көрейікші.

-Қазір қыс мезгілі

-Қардың түсі қандай? –Қар аппақ,жылтырап тұрады.-Дұрыс айтасыңдар,айнала аппақ,

Ақ көрпе жамылғандай?Осы қар сияқты көңіліміз аппақ қар сияқты,бір-бірімізге жамандық жасамай,өтірік айтпай,қолымыздан келгенше көмектесеміз деп уәде береміз және сабағымызды бастаймыз.



ІІ.Өткен тарауларға шолу жасау.Сұрақтар қою арқылы білімдерін тексеру.

Сендермен,балалар,қандай тарауды өттік?

-“Туған елім,туған жерім” және”Өткен өмірден “тарауларын өттік.

“Туған жер”,”Көкшенің кеудесінде”,”Туған жердің тасы да танымал”,”Алакөл”,

“Батырлар жыры” ,”Бала Тұрар,”

ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспе әңгіме жүргізу:

-Қыс мезгілі Қандай?

-Қыста қандай мерекелер бар?

-Қыс туралы өлең,жыр жазған қандай ақын,жазушыларды білесіңдер?

-Абайдың табиғат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңде

-Қыс. -Жазғытұры. -Жаз. -Күз.

Бүгін біз, Абай Құнанбаевтың “Қыс”туралы өлеңімен танысып,қыс туралы ұғымымызды кеңейтейік.

Абай туралы слайд,өмірімен таныстырып өту,түсінік беру.



ІV.Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Өлеңді оқыту

2.Өлеңнің шығу тарихына шолу жасау,тоқталу.

-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған,мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айына бір-ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған.

Сондықтан ақын қысты “ Ақ киімді,денелі,ақ сақалды”зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.

3.Іштей оқу: Оқу барысында қиын сөздерді белгілеп отыру.

4.Сөздік жұмыс:

Домбығып-суықтан ісіп,қызарып.

Шидем-қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.

5.Өлеңнің мазмұнын ашу: Сұрақ-жауап:

1.Автор қысты кімге теңейді?

2.Қыстағы адамдардың өмірін қалай сипаттаған?

Тауып оқу

-Ақынның қысты суреттеген тұсын кім тауып оқиды?

-Балалар және малшы туралы айтылған тұсты кім тауып оқиды?

Сергіту сәті

6.Топтық жұмыс.

І-топ: Қыс суретін салу.

ІІ-топ: Қысқа байланысты мақал-мәтелдер,жұмбақтар жазу.

ІІІ-топ: “Қыс қызығы” тақырыбына әңгіме жазу.

ІV-топ: Абайдың өлеңдерін жатқа айту.

V.Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақтан не білдік? Не үйрендік?



VІІІ.Үйге тапсырма беру: Қыс өлеңін жаттау,мазмұнын әңгімелеу

Оқушыларды бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет