Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты



Дата04.11.2016
өлшемі88,18 Kb.
#213
түріСабақ
Мирзалиева Қундузой Мирзалиевна

№94 жалпы орта мектебінің Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімі

ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы


Сабақтың  мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға  қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбаев туралы мәлімет  беру, ақынның  өмірбаянына  тоқталу,  ақынды  әр қырынан  аша  білу, бұрынғы  Абай  туралы білімдерін  тереңдету;

ә) дамытушылық оқушылардың  сөздік  қорын, сөз  байлығын  дамыта отырып, сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын  арттыру;

б) тәрбиелік: қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, туған жерді сүюге, отбасын   қадірлеуге  тәрбиелеу, әнге сүйіспеншілікті  ояту.

Сабақтың  түрі: аралас сабақ

Пәнаралық  байланыс: орыс әдебиеті, шетел әдебиеті

Көрнекілік: интерактивті  тақта, слайдтар, үлестірмелі  карточкалар, Абай-дың  «Қара  сөздері», М. Әуезовтың  «Абай  жолы» кітаптары

Сабақтың әдіс- тәсілі:

Сұрақ- жауап,баяндау,түсіндіру,өлең оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

а) Оқушылардан өткен сабақты сұрау;

ә) Ы.Алтынсарин әңгімелерінен үзінді сұрау;

б) Қосымша сұрақтар қою.

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Миға шабуыл» әдісі

Абай мұрасын шартты түрде 3 топқа бөліп оқушыларды да соған сай 3 топқа жіктеп,1-топқа ақынның өмірбаянын,2-топқа шығармашылығын,3-топқа хронологиялық кесте арқылы жұмыс істеу керектігі туралы бөліп беремін.Сабақта үш топ та бір бірімен пікір алмасып,білімдерін әрі қарай кеңейтеді.

Алаштың айтулы ақыны Мағжан Жұмабаев  Абайға «Шын хакім сөзің асыл баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деп баға берген. Біздің бүгінгі сабағымыз қазақтың бас ақыны А.Құнанбаев атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы.

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамыз күні  Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр  балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан  арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе  араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Физули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.

Абай алғаш өлеңдерін досы Көкпай ақынның атымен жарялап жүрген, 1886 жылдан ғана бастап өз атынан шығара бастаған. Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі 40 жасынан. Өз айналасындағы рулықтан, ескіліктен, надандықтан жирене бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайта соның жолын іздейді.

«Әрбір ғалым хакім есем, әрбір хәкім ғалым» дейді Абай. Абайдың хакімдігі оның әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді.

1- өз жанынан шығарған төл өлеңдері, 2- шісі қара сөздері, 3-сі  өзге тілдерден әсіресе орысшадан аударған шығармалары. Абай шығармашылығынан орын алатын тақырыптарының бірі – оқу білім іздеу, өнер үйрену мәселесі. Ақын ғылымды қазақ жұртшылығын мешеуліктен құтқару, тығырықтан  жол табу мақсатында уағыздады. Абай ғылымды рухани дамудың баспалдығы деп  те қараған, қараңғылыққа жаны күйген Абай жұртты надандықтан, сауаттсыздықтан құтқарудың жолы ғылым, өнер деп біледі.

Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай «атымды адам қойған сой қайтып надан болайын, халқым надан болған соң қайда барым оңайын» деп күйінішін білдіреді. Абай қазақтағы еріншіектік, дарақылық, өсекшілдік, мақтаншақтық жағымпаздық сияқты жаман қылықтарды сынап «Біріңді қазақ, бірің дос. Көрмесең істің бәрі бос» деген сөздермен түйіндеп отырады. Ақын шырқы бұзылған халықтың бейнесін суреттеген «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген өлеңінде.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Қазақтың жоғын жоқтай отырып қоғамның диагнозын білді.

Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Оның  «Желсіз түнде жарық ай» «Жаз», «Күз», «Қыс» деген өлеңдерін оқығанда табиғаттың әр түрлі құбылысы елестейді.

Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қана қойған жоқ, өмір шындығымен нық байланыстыра білді. Абай қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» деген оброз сөздермен өрнектейді. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде Абайдан басқаларда кездеспейді.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,

Үсті - басы — ақ қырау, тусі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Данышпан Абай «Мынау жалған дүниеде бес күндік тірлік үшін айтысып — тартыспа, бір-біріңнің қадіріңді біл, Алланы сүй, Алла жаратқан адамды сүй» деп анық айтады. «Махаббатсыз дүние бос. Айуанға оны қосыңдар» бұл жолдар Абай поэзиясының  өзегі, жазба әдебиетіміздің  тарихына көз салсақ, сүйіспеншлік, махаббат мәселесінде  биіке көтере жыр етекен  бірінші ақын Абай екеніндігін көреміз. Абайдың махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінің ішінде оның эстетикалық идеалын айқындайтын өлеңдерінде жиі кездеседі.

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.» А.Байтұрсынов.

Абай өмірінің кейінгі тұсында қазақ қауымына сырттан келген аңыздар  негізінде «» поэмаларын жазды, хакім Абайдың аса көңіл бөлген мәселелерінің бірі музыка, ең алдымен ақын  әнге музыка өз көзқарасын білдіріп:

«Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.» деген ақын «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Татьянаның әні», «Айтым сәлем Қаламқас» сияқты әндер шығарып музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.








1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан өледі, одан кейін 1895 жылы үлкен үміт күткен баласы Абдрахман мен 1904 жылы дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болады. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауяның қазасынан кейін  40 күнінен соң өзіде дүние салды. «Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, өлмей тұғын артында сөз қалдырған» деген хакім Абайдың  өз сөзіне жүгінсек Абай мәңгі тірі, оның мұрасы қашанда халықпен бірге жасамақ», «Абай қазақтың бары, рухани нәрі».

Абай өмірі (хронологиялық кесте)



1855-1857ж

Ауыл молдасынан сауат ашты. 9 жасында «Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.

1857-1859ж

Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды.

3 ай«Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. 13 жасынан — аға сұлтан Құнанбай әкесінің көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты.



1870ж

Семей кітапханасында Е.П.Михаэлиспен танысады

1880ж

Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады.

1880ж

Е.П.Михаэлис арқылы Н.И. Далгополов, С.С. Гросс, П.Д.

Лобановский, Н. Кончин секілді орыстың озық ойлы

демократтарымен танысады.


1889ж

25-ке жуық өлең шығарды. «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен жарияланды.

1890-1898ж

Қара сөздерін жазды.

 1891ж

Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұң араласа бастайды.

1895ж

Талантты ұлы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады

1904ж 14 мамыр

баласы Мағауия қайтыс болды.

1904ж 23 маусымда

40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді. Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленеді

1909ж.

Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай Ысқақұлы басып шығарды. Абайдың баласы Тұрағұл да атсалысты.

1922ж

Абай өлеңдерінің жинағы Ташкентте жарық көреді

1933ж

Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды.

1940ж

Абайдың туғанына 95 жыл Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде Абайдың мемориалдық- музейі ашылды

 1945ж

Абайдың 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Алматы опера және балет театры Абай атымен аталды.

1949ж

М.Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды.

1959ж

Лениндік сыйлық алды

1960ж

Алматы қаласында Абай ескерткіші орнатылды.

1995ж .

А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

«Абай туралы даналық ой пікірлер»

Өлеңдері:

«Шәріпке»,«Абралыға»,«Жақсылыққа»,«Жаз»,«Көкбайға»,«Көжекбайға»,

«Өлең сөздің – патшасы,сөз сарасы»,«Күз»,«Қыс»,«Күлембайға»,«Сегіз аяқ»,

«Жазғытұрым»,«Оспанға»,«Баймағамбетке»,«Әсемпаз болма әрнеге»,

«Ескілік киімі»,«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында». т.б

Абайдың жұмбақтары: «Тапқыр болсаң, шешіп көр»

Алла мықты жаратқан сегіз батыр

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім шығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі: (қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық)

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Абай сынаған 7 мақал (29 сөзінде)

«Жарлы болсаң, арлы болма»

«Қалауын тапса, қар жанады»

«Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ»

«Атың шықпаса, жер өрте»

«Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол»

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

«Ата-анадан мал тәтті»

IV. Жаңа сабақты бекіту:

3топтың да білімін тиянақтау мақсатында постермен жұмыс жасайды. Қорғалған жұмыстарды топ басшылары бағалап отырады.

Жаңа сабақты талдау, сұрақтарға жауап беру.

Абай шығармашылығына  байланысты сұрақтар.

1. Абайдың шын аты кім?

(Ибраһим).

2.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.

( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі»).

3. Абайдың аяқталмаған поэмасы.

(«Әзім әңгімесі».)

4. Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?

(Жиырма жеті шығарма аударған).

15. Абайдың неше қара сөзі бар?

V. Сабақты қорытындылау:

Абай Құнанбаевтың бізге қалдырған асыл мұралары, өлеңдерінің негізгі тақырыбы.

Қазақтың өз баласын тәрбиелей алмайтынын өткір сынға алады. Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға бағыттап, жөнсіз мінезге баулитынын айтады. Баланы тәрбиелеуде ерінбеуге, жалықпай ұстаздық етуге шақырады.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға - деп, ең тамаша да, жауапты, абыройлы іс- ұстаздық етіп тәрбиелі де білімді шәкірт қалыптастыру әр ұстаздың бақыты деп тапсырады.

VI. Бағалау.



Оқушылардың сабақ барысында жинаған стикерлердің санына қарай бағалаймын.

VII. Үйге тапсырма беру. «Абай-ұлы тұлға» тақырыбында эссе жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет