№ 51-Ереженің талаптарына сэйкес автомобильдің сырт жағынан шығатын шудың мөлшері 80…88 дБ, ал ішкі жағындағы шу 78…82 дБ аспауға тиіс. Дыбыстың деңгейі автомобильдің шығу жылына жэне оның қуатына байланысты.
Санитарлық талаптарға сәйкес автомобильдерді жууға жұмсалатын судың тазалығы белгіленген нормадан аспауы керек.
Қозғалтқыштан жұмыс істеп шыққан газдың адам организміне жэне өсімдіктерге тигізетін зияны мол, СО газы оттегіден 240 есе тез қабылданады екен, сондықтан да оттегінің жетіспеушілігі пайда болады, ол организмнің улануына апарады.
Адам организміне зиянды әсер ету дәрежесі бойынша зиянды заттар төрт топқа бөлінеді:
1 — кездейсоқ қауіпті — 0,1 мг/м3;
2 — жоғары қауіпті — (0,1…1,0 мг/м3);
3 — бірқалыпты (1,1.„10 мг/м3);
4 — қауіптілігі аз (10 мг/м3 артық).
Бұл зиянды заттардың пайда болуы қозғалтқыштың техникалық жағдайына жэне жұмыс тэртібіне байланысты. Егер карбюратордың реттелуі бұзылса немесе шырақтың біреуі жұмыс істемесе, шығаратын газ құрамының нашарлауы артады.
Автопаркте қоршаған ортаны қорғау жэне оны атқару жұмыстары экологиялық заң аясында жүргізіліп, оның орындалуына басқарушы не- месе кэсіпорын иесі жауап береді.
Автопарктің негізгі кұжаттары:
Мемлекеттік табиғат қорғау комитетінің бекіткен жэне тіркелген экологиялық паспорты (атмосфераға жэне суға жіберуге рұқсат етілетін зиянды заттардың шекті мөлшерінің есебі):
— табиғи суды пайдалануға жэне оны жіберуге рұқсат беретін кұжат;
— мемлекеттік органның қоршаған ортаны сақтауға берген құжаты;
— автомобильдің шығарған газының зияндылық нормасы бойынша
мемлекеттік стандарт.
|