Басы
|
Ұйымдастыру сәті Жаңа сабақты түсіндіру Монотипия жасаймыз Қызығушылықты ояту
Мұғалім монотипия тәсілімен жасалған бірнеше
жұмысты көрсетіп, сурет салудың бұл түрімен қаншалықты таныс екенін сұрайды.
|
Балалар пікірлерін ортаға салады.
|
Бағалау критерийі: монотипия тәсілі туралы біледі; бір дақтан бірнеше сурет салады.
|
Оқулық, 96–97-беттер. Әртүрлі тақырыпқа арналған монотипиялар, фотосуреттер.
2-сыныпқа арналған CD-диск.
|
Ортасы
|
Тақырыпты түсіндіру
Мұғалім монотипияның басқа сурет түрлерінен несімен ерекшеленетінін сұрайды. Содан кейін монотипия терминімен танысады.
Жаңа ұғымды түсіндіру
Монотипия – шыны немесе қатырғықағаздың бетіне салынатын түсті дақтардың таңбалары. Монотипия жасау жолын көрсетеді. Одан кейін оқушыларға тапсырма беріп, оның дұрыс орындалуын қадағалайды.
Шығармашылық жұмыс Монотипия жасаймыз Жұмыстың жасалу реті:
Қатты қағазға гуашь бояуларымен негізгі суретті сал.
Оның бетін жұқа қағазбен жауып, қозғалтпай ұста.
Қағазды ақырын көтер. Қозғалтпауға тырыс.
Таңбаны қосымша суреттермен толықтыр.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау
|
Суреттерінен ненің бейнесін көргендерін айтып береді.
Суреттерін қылқаламмен бояп, толықтырады. Бір-бірінің суретін қарап шығып, өз ойларымен бөліседі.
№ 2 жұмыс дәптерінің 24–25- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.
|
(ҚБ) Мұғалім әдісті өзі таңдайды.
(ҚБ) Бас бармақ.
Дескриптор:
дақтардан әртүрлі суреттерді көреді;
монотипия тәсілімен бейнелерді жасайды;
жұмысты мұқият орындайды.
|
Оқулық, 96–97-беттер.
Қалың қағаз, гуашь бояулары, қылқалам.
№2 жұмыс дәптері, 24–25-беттер.
|