|
Шығармашылық тапсырма
«Мен жер бетіндегі миллиондаған адамның бірімін» немесе «Мен ерекшемін, өзгелерге ұқсамаймын» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.
Адам және оның көңіл күйі Оқулықтың 7-бетіндегі суреттерге назар аударады.
Балалардың көңіл күйін қалай байқадың?
Суретші әртүрлі көңіл күйді көрсету үшін қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланған?
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау Сергіту сәті
Жаңа ұғымдарды түсіндіру
Сабақтың тақырыбы: Түс және көңіл күй
Түс үйлесімі (түс гаммасы) ұғымын түсіндіру. Тапсырма: әрбір шеңбердің көңіл күйін анықтау.
Қай түстер үйлесімі көңілді деп ойлайсың? Ал көңілсізі мен ашулысы қайсы?
Сенің күнделікті көңіл күйіңе қандай түс үйлесімі сәйкес келеді?
Материалды бекіту
Г. Ысмайылованың «Қазақ вальсі» және
«Ақтоқты рөліндегі Ш. Жандарбекова» картиналарын көрсету.
Түс арқылы көңіл күйді анықтай алдың ба?
Суретші пайдаланған түстерді ата.
|
Өз бет әлпеттеріне ерекше мән бере отырып, әңгіме құрастырады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
№1 жұмыс дәптерінің 3–4- беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Мұғалімнің сұрағына жауап береді.
Толық жауап береді. Картиналарда пайдаланылған түстерді атайды.
№1 жұмыс дәптерінің 5-бетіндегі тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор:
(ҚБ) Бас бармақ
Дескриптор:
адамның сырт келбетін бейнелейді;
қыз бала мен ұлдың сырты келбетін ажырата алады;
құралдарды пайдаланады;
адамдардың ұқсастығын анықтайды;
түрлі түсті фломастерлер мен қарындаштарды қолданады.
(ҚБ) «Қос шапалақ» тәсілі. Мұғалім дұрыс жауапқа екі рет, дұрыс емес жауапқа бір рет шапалақ ұрады.
Дескриптор:
әрбір түс композициясының көңіл күйін анықтайды;
палитрада көңіл күйіне сәйкес бояуларды шығарады;
жұмыс дәптеріндегі түстік композицияны
салады.
|
Оқулық, 7-бет.
№1 жұмыс дәптерінің 3–4- беттері.
Оқулық, 8–9- беттер.
№1 жұмыс дәптері.
|